2-билет Абайдың бірінші қара сөзі



бет6/25
Дата19.09.2022
өлшемі92.62 Kb.
#460926
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
ӘДЕБИЕТ-билет-1

7-билет


1. Абай поэмалары «Масғұт» поэмасы
«Масғұт» - Абайдың 1887 ж. жазған дастаны.
Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ деген хакім Абайдың сөзіне бұл поэмасы дәлме-дәл дәйекті ғибрат мысал ретінде берілген.
Ежелгі Харуан-Рашид халифа заманыны кезінде, Бағдат шаһарында Масғұт атты жігіт көше бойын аяңдап келе жатып, сұмақы ұрының дәрменсіз шалды тонап жатқанын көзі шалып қалады. Ойланбастан ұрыға тап беріп, өзі ауыр жарақат алғанына қарамастан шалды бір ажалдан аман алып қалады. Дән риза болған шал Масғұтты тау басындағы бір ағашқа ертіп барып, ондағы өсіп тұрған үш түрлі жемісті нұсқайды да :"Ағын жесең-ақылыңнан, сарысын жесең-байлығыңнан, қызылын жесеңәйеліңнен асып түсер пенде болмас, қалауыңды алғайсың балам"-деп бір тілегін орындамаққа бекінеді.
Масғұт ұзақ ойланып, жалғыз өзім ақылды болғаннан не пайда? Егер дүйім халық надан болса, бәрі бір мені түсінбес. Егер бай болсам, қызғаныштан дұшпаным артып, күндестерім көбейері хақ. Одан да ашу шақырғанда басу айтып, өзгелермен ынтымағымды жарастыратын әйелім болғаны дұрыс деген байламға келеді. "Бәрекелді шырағым,ақыл мен дәулет өзіңде онсызда бар екен!"деп манадан өз атын жасырып тұрған Қыдыр ата ақ батасын беріп кетеді.
(Түйіні: Дүние дөңгелек, кез-келген істің өз қайыры бар.)
Күндердің бір күні Масғұт уәзір атанған шағында, түсіне Қыдыр кіріп:"Пәлен күні жауын жауады, жеті күнге ұласатын сол жауын суынан кесапат келер, алдын алып, қамын жегейсің шырағым"деп аян берді.Ояна салысымен хабарды тізгін ұшымен ханға хабарлайды. Мұнан соң хан ордасы жетерліктей етіп таза судан қорға сақтап қояды.
Айтқанындай көп ұзамай жауын жауып, әр тамшысы тиген өзен-көлді лайлап жатты.Судан ауыз тиіп, бір күннің ішінде ақылынан алжасқан жұрт тамақ ішу мен ұйқыны ұмытып, хан ордасына басып кіреді. Халықты сабырға шақырып ақыл айтпақ болған ханды есірген жұрт жындыға балап, ісшара қолдануды ойластырады. Сөйтіп,"Ханымыз жынданды,оны өлтіруіміз керек"деп хан ордасына екінші мәрте басып кіреді, мұны көріп қатты сасқан хан мен уәзір ақыл таппай, не істерін білмей, ақырында өздері де жынды суды ішіп, жынданып кетеді. Мұны көріп жынданған халықтың жаны жәй тауып, қателескен екенбіз деп сабасына түсіп хан ордасынан тарасады.
(Түйін: Көп есер бір естіні жынды қылды, дәл осы мысал сияқты көптің сөзіне еріп, хақтың жолынан таятындар қаншама?)


2. Ж.Әбдірашев. «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі
Өзінің туған жері туралы өлең жазбаған ақын кемде-кем. Қай ақынның да өзі туып-өскен жері - Жер-Ананың жерұйығындай қасиетті. "Дала, сенің ұлыңмын!" атты шығармасында да Жарасқан ақынның атамекенге, елге деген "махаббаты, сүйіспеншілігі көркем айшықталаған. Туындыда "Туған дала" сөзі жиі қайталана отырып, айтылар ойдың темірқазығына айналған. Поэма "Туған дала... Сенсің биік тұғырым!... Сенсің менің абыройым, мақтаным!..." деген асқақ пафоспен басталып, қазақ даласының поэтикалық портретін жасайды. Шығармадағы лирикалық қаһарман - автордың өзі. Тебіріне жырлаған ақынның шығармасында дала ұғымы тек бір аймақтың аумағын білдіретін географиялық мекен емес, ол - Отан, атамекен, ұлт, дәстүр секілді ұлы ұғымдарды айқындаушы образ. Ақын туған өлкесінің тарихын зерделеп, оның алдындағы перзенттік парызын, жауапкершілігін терең сезінеді. Ақындық жолының басты шығармашылық нысанасына айналатынын ашық айтады сезіндіреді. Дала – поэтикалық образ. Ақын дала дегенде, ең алдымен, туған халқын, оның жомарт мінезі мен батырлығын, әр алуан психологиясын ұғынады.
Туған дала,
Талайлардың от қанын,
Лапылдатты тентек күйің,
текті әнің. Сөз сөйлесем –
Сенсің биік тұғырым!...
Сенсің менің абыройым,
Мақтаным!....
деп келетін өлең жолдарында, немесе
Туған дала,
Көп үніңнің бірі едім,
Өмірімнің,
Көңілімнің нұры едің...
Өзің жайлы өлеңімді бірақ та
Әлі күнге оқи алмай жүр елім.
дейтін тармақтарында ақын даланы мақтан тұта отырып, өзін оның бір бөлшегі, ажырамас үні екенін білдіреді. Сондықтан да Ж.Әбдіраш мың қайғырған, мың қуанған сәттерінде де туған даласымен ашық, емін еркін сыр бөлісуге ұмтылады. Ақын өлеңде осы еліме "Мен не бердім?", "Қандай жақсылық жасадым?" деген сауалға жауап іздейді. Ол қазақ халқының аяулы перзенттерінің жасаған істерін үлгі ете отырып, халқын сүйген әр перзенттің ұлт болшағы үшін аянбай еңбек етуін, қажет болса, жанын қиюға да дайын болуы керек екендігіне тоқталады. Қазақ баласының асыл мұраты ұлты үшін мағыналы ғұмырын арнаған ардақты перзенттерінің есімін қастерлеп, істеген істерін жалғастырса ғана баянды. Сонда ғана қазақ халқы өзге жұртпен терезесі тең, озық мемлекеттедің қатарында болады. Бұл тұлғалар - ұлттың идеалдары. Міне, ақынның негізгі айтар ойы, жеткізер арман-қуаты - осы. Шығармада ақынның азаматтық үні, өмірлік ұстанымы қалың бояусыз, әдемі өлең өрнегімен биікке көтерілген. Ақын ғасырдан-ғасырға жеткен дала философиясын, салт-дәстүр мен мәдениетті келер ұрпаққа берілген аманат ретінде пайымдайды. Қазақтың дарқан даласы - мақтаныш қана емес, ән мен күйдің қазынасы, биік рухы.


3. Лира Қоныстың «Тиын» әңгімесі
Оқиға желісі оқушыны өзіне баурап алады. Үзіндідегі суреттеулердің барлығы шынайы көрініс тапқан. Шынымен де қабір басында күрек қолға берілмейді. Шамасы бұл да бір ырым болса керек… Көкесінен айырылған бала бұл өлімге сенбейді. Сәби санасы көкесінің қайтып оралуын тілейді. Орындалмайтын тілек болса да, кішкентай бала шын жүрегімен көкесінің оралуын тілеп, қайтып келеріне іштей сеніп жүреді. Жазушы осы жайттарды өте-мөте нанымды суреттеген. Осы жағынан алғанда жазушының қалам сілтеуі маған ұнады. Тағы да шығармадағы суреттеуге, атасы мен кішкентай немересінің арасындағы диалогқа кезек берейік.

« – Ата, көкемді сағындым…


Мені сағынбады дейсің-ау, жарығым!


– Ата..

Кішкене ұл сүйретпесінің темір ілгегін алып, сақадай сай күйі күтіп тұр. Шал немересін алдарқатпақ болды:

– Құлыным, біз көк дөненмен ол жаққа бара алмаймыз. Ортада үлкен теңіз бар…


– Ал, көкемді о дүниеге кім өткізді?


– Қайықшы да…» (Л.Қоныс, «Мәңгілік сағыныш», «Жалын» баспасы, 2009 жыл, 49-бет).


Атасы немересіне шарасыздықтан өтірік айтуға мәжбүр болады. Сәбидің үлпілдеген үмітін сөндіргісі келмейді. Ал бес жастағы бала болса сол күннен бастап тиын жинауға кіріседі. Тиын жинауының себебі де жоқ емес. Өзеннен әрі-бері өткізетін қайықшыға ақша төлеп, көкесімен қауышуды аңсайды. Атасының балмұздаққа деп беретін тиындарын да, сағызға берген ұсақ тиындарын да шашауын шығармай құтыға салып жинай береді. Жол бойында түсіп қалған тиындарды да алады. Атасының «жерден тауып алған нәрсені алма» деген өсиетін де өмірінде бірінші рет бұзады. Баланың істеп жүрген тірлігінің бәрі де көкесі үшін еді. Ол бала көкесімен қауышатынына риясыз сенді. Әңгімені оқып отырып, әр сөзіне мән беріп, кейіпкерлеріне жан кіргізген жазушыға еріксіз сүйсінесің…


« – Жылан көрген жерің бар ма?


– Оны кәйтпексің?


Екіншісі аң-таң.


– Терісі сағат бауға қатып тұр. Жылан көрсең есіңде болсын. Тегін емес. Сатып аламын.


Сол күні бала көкесінің асына сақталынған тұл дөненнің маңынан жылан көріп қалды. Терісі шахмат тақтасы тәріздес жылан ысылдап, жөнеп барады. Жадына құдық басындағы бозбаланың сөзі оралған. Мұның терісін сыпырып алып барса, ол көп тиын берсе… көкесіне баруға жетіп қалатын шығар-ау…» (Л.Қоныс, «Мәңгілік сағыныш», «Жалын» баспасы, 2009 жыл, 51-бет).


Сөз етіп отырған баламыз енді жылан ұстауға кіріседі. Жыланды ұстаймын дегенде баланы жылан шағып алады. Ет-қызуымен сезбеген баланың бойын жыланның уы жайлайды. Атасы мен молданың әңгімесін естіп қойған бала жазылмайтындығын біледі. Сәби түйсігінде өмірді қимау секілді ұғым жоқ. Қайта көкесімен көрісетіндігін ойлап жатып, бала мәңгілік ұйқыға кете барады.


« Баланың басы оң жаққа сылқ бұрылды. Дем тоқтады. Шал есінен танып, соңғы тұяғының кеудесіне құлай берді. Қари күбірлеп дұға оқыды. Түнгі тыныштықтың әптер-тәптерін шығарып, күллі әйел жоқтау айтып жатты. Бала мұның бірін де сезген жоқ.


Ол бұл кезде қалың кірпіктері көзін жапқан, қаба сақалды, жүндес білектері ескекті берік ұстаған ажал-ақсақалдың қайығына отырып, бұ дүние мен о дүниенің арасын жалғап тұрған теңіздің айдынында жүзіп бара жатыр еді…






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет