2 «бта-ипотека» компаниясының ипотекалық несие түрлерінің ерешеліктері


«Қазақстанның халықтық банкі» АҚ ипотекалық несиелендіруді талдау



бет2/3
Дата03.07.2016
өлшемі459.22 Kb.
#174421
1   2   3

2.3. «Қазақстанның халықтық банкі» АҚ ипотекалық несиелендіруді талдау
Несиелік операциялар ХБ АҚ қызметінің негізгі құрамдас бөлігіне жатады. Банк Азиялық Даму Банкі, Еуропаның Қайта құру және даму банкі, Әлемдік банк секілді халықаралық қаржы институттарының несиелік желілерін ойдағыдай игеріп келеді.

Ақшалай түрде несиелер беру ҚХБ АҚ операцияларының негізгі ауқымы келетін қызмет түрінің біріне жатады. Ішкі несиелік саясатына сәйкес банк қарыздарды қарыз алушылардың қаржылық жағдайын егжей-тегжейлі зерттеу негізінде жүргізеді. ҚХБ АҚ әзірлеген несиелік саясаттың негізгі шарттарына қарыз беру операцияларын жүзеге асыру кезінде тәуекелді төмендету, ссудалық қоржынды оңтайлы бақару және банктің несиелендіру саласындағы қызметінің сттратегиялық бағыттарын белгілеп, оларды кейін практикада қолдану болып табылады. Банктің несиелік саясатымен несиелік қызметтің процедуралары мен аспаптары, сондай-ақ несиелендіру жүзеге асырылатын объективті параметрлер мен стандарттар белгіленді.

Банк заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді (1 жылға дейін уақытқа) және ұзақ мерзімді (1 жылдан астам уақытқа) несиелер береді. Несилік саясатты одан әрі іске асыру шараларын жетілдіру мақсатында, сондай-ақ клиенттік базасын кеңейту мақсатында ҚХБ АҚ қолданыстағы бағдарламаларын дамытып, жаңаларын енгізуді жоспарлауда.

Заңды тұлғаларды несиелендірудің дәстүрлі түрлерімен қатар 2000 жылдан бастап банк тұтынушылық мақсаттарға жеке тұлғаларды несиелендіру жөнінде белсенді жұмыс жүргізеді.

Ссудалық қоржын банктің бүкіл берілген қарыздары – факторинг ретінде берілген ссудалар, лизингтер, несиелер, вексельдерді немесе өзге борышкерлік міндеттемелерді есепке алу, аккредитив шығару және сыныптау жүргізу сәтіне олар бойынша берешек өтелмеген өзге де несиелендіру түрлерімен сыныпталады. Сыныптау ҚХБ АҚ 2005 жылғы 23 мамырдағы № 218 Активтерді сыныптау ережесіне, шартты міндеттемелер мен оларды күмәнді және сенімсіздер қатарына жатқызумен, оларға қарсы провизия (резевтер) құру ережесіне (толықтырулары мен өзгерістері бар) сәйкес жүргізіледі. Берілген қарыздар олардың сапасы бойынша, қарыз алушының заем бойынша төлемдер енгізу мерзімдерін сақтауына, оның қаржылық жағдайына, банктің қарыз алушымен қарым-қатынастарына , несие тарихы, қарыздың қамсыздандырылуы және оның сенімділігі мен өтімділігіне қарай жүргізіледі. Берілетін қарыздар бойынша қамсыздандыру ретінде банк өтімді жылжитын және жылжымайьын мүлік қабылдайды.

Қарызды пайдалану үшін сыйақының шамасы банктік қарыз келісім-шартымен төмендегідей жағдайларды ескере отырып белгіленеді:

1 ) қаржы рыногының коньюнктурасы;

2) банктік қарыздар рыногындағы бәсекелестік деңгейі;

3) тартылған ресурстардың құны;

4) несиелік тәуекелді өтеу үшін және қажетті табыс алу үшін Банк қарызға қызмет көрсету барысында жұмсаған шығындарын,

5) Қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігі.

ҚХБ АҚ әзірленген Несиелік саясатына сәйкес клиенттердің сұранысын барынша қанағаттандыратын саналуан несиелік өнімдер кешенін ұсыну жөніндегі жұмысты жүргізеді.

Банктің аумақтық филиалдық желісін одан әрі дамыту несиелік рыноктің географиясын кеңейтуге, жаңа клиенттерді тартуға мүмкіндік береді.

ҚХБ АҚ жеке тұлғаларды тұтынушылық мақсаттарға несиелендіруін сипаттайтын көрсеткіштерді 1-кестеден көруге болады.

1-кесте. Ипотекалық несиелендіруді сипаттайтын көрсеткіштер.


Тұтынушылық несиелердің түрлері

АҚШ долларындағы несие сомасы

Несиенің айлардағы мерзімі

Орташа есептелген проценттік мөлшерлеме

Қамсыздандыру-дың түрі

Ипотека

100000 дейін

240 дейін

11 %

Жылжымайтын мүлік

2-кестеге қарағанда, тұтынушылық несиелердің басым бөлігі ипотекалық несиелендіруге келеді.

2-кесте. 2001-2004 жылдары аралығында берілген несиелдердің көлемі, мың теңгеде.

Көрсеткіштер

2001

2002

2003

2004
















Берілген несиелердің жалпы сомасы

336116

896034

3570254

5673483

Тұтынушылық несиелердің сомасы, барлығы

128893

306559

3077446

4825179

Оның ішінде:













Ипотекалық несиелендіру

118250

220564

2856414

4563215

Ипотекалық несие тұтынушылық ссудалар көлемінде үлкен орын алады, оны 1 суретте көрсетілген динамика арқылы байқауға болады.




1 сурет – АҚ «ҚХБ» - тің 2001 – 2004 жылғы ипотекалық несиелендіру.

Несиені «Қазақстанның халықтық банкі» АҚ салынып жатқан пәтерді кепілге алу арқылы береді.

Ең төмен бастапқы жарнаның сомасы – 15 %.

Несиелендірудің мерзімі – 7-ден 15 жылға дейін

Пайыздық мөлшерлемесі – жылдық 11 %-тен бастап (бастапқы жарнасына қарай).

Қарыз алушы Халық банктің депозитына бастапқы жарнасын аударады, одан кейін барып банк пәтердің 100 проценттік құнына несие береді. Осы сомаға несие бойынша проценттер есептелінеді.

Оның өтінішін қарау үшін және несиені рәсімдеу үшін жеке тұлға табыс етуі тиіс құжаттардың тізбесі төмендегідей:

-үлестік қатысу келісімі;

-қарыз алушының жеке бас куәлігі (төлқұжаты);

-қарыз алушының СТН туралы куәлігі;

Мұндай шарттарды бүгінгі таңда қазақстандық рынокта басқа ешбір

қаржы институты ұсынбайды. Несиені беру туралы шешімді қабылдау үшін банкте 3 күн ғана кетеді. Барлық қажетті құжаттарды (СТН, жеке бас куәлігі және жұбайының мүлікті кепілге қоюға келісімі) жинауға небәрі 3-4 күн керектігін ескерсе, несиені алу үшін сол небәрі ең көп дегенде 4 күн кетеді.

Осыменен жаңа өнімнің керемет сипаттамалары тиылмайды.

Қарыз алушының қалауы бойынша несие табысты растаусыз және жылдық

7 % , яғни нарықтық пайыздан екі есе төмен болып, тұрғын үйдің 100 % сомасында беріледі. Ол үшін банктегі депозитке сатып алынатын пәтер құнының 50 % салып қою қажет. Қарыз алушы өз несиесінің жартысын қайтарған сәттен екінші жартысы автоматты түрде осы депозиттің қаражаты есебінен өтеледі. Және де, мерзімінен бұрын өтеу үшін ешбір айыппұлдар салынбайды.

Банкте несиелендірудің бүкіл мерзіміне әрбір клиентке оның жеке менеджері қызмет көрсетеді деген ереже орнатылған.

Бұл бағдарлама өзіндігінен оңтайлы болғанымен, сондай-ақ ол ипотекалық несиелер рыногындағы несие беру шарттарының либерализациялануының көрсеткіші болып келеді. 2003 жылдың өзінде Елбасы Қаржыгерлер конгресінде банкирлерге тұрғын үй сатып алуға бөлінетін несиелердің шарттарын жеңілдетуге

мүмкіндіктер іздестіру жөнінде тапсырма берген болатын. Осы жөнінде тағы бір мәрте Елбасының 2004 жылғы Жолдауында да айтылды.

Халық банкінде несиені шапшан рәсімдеу мәселесі ең бірінші орынға қойылған. Азаматтарда қажетті қаражатты алу үшін уақытқа байланысты қиныдықтар туындамауы тиіс. Осы бағытта атқарылған жұмыстың арқасында қазіргі кезде 100 мың долларға дейн баратын несиелер бойынша шешім үш күн ішінде, ал 100 мыңнна астам долларлық қарыз беру туралы шешім – 5 күн ішінде шешіледі.

Банк ипотекаға ақшаны 7 және 11 жылдық процентпен 15 жылға дейін береді. Тұтынушылар осы ұсыныстың артықшылықтарына көзі жетіп, осы бағдарламаны іске асырудың бірінші айының өзінде халыққа 30 миллион доллардан астам несие берілді. Айтпақшы, «Ипотека Lights» несиесін алған азаматтар несиені мерзімінен бұрын, айыппұлдық санкциялар қолданусыз жаба алады.

2002 жылдың қорытындылары бойынша «Қазақстанның халықтық банкі» АҚ ипотекалық операциялардан түскен табыс көлемі банктің жалпы проценттік табысының 7,7 % құраса, 2004 жылдың қорытындылары бойынша олар 21,8 % дейін жетті.

Осыған орай, жоғарыда айтылғанға мынадай қорытындылар жасауға болады:

- филиалдың 2004 жылы атқарған қызметінің негізгі көрсеткіштері бөлімше халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру үшін үнемі жұмыс істегенін, даму жолында клиенттерді тарту үшін жаңа бағыттар іздестіргенін көрсетеді;

- банктік ұзақ мерзімді перспективаға жасаған коэффициенттік талдауына қарағанда және банктің таратылу жағдайында, банктің міндеттемелері банктің өтімді активтерімен қамтамасыз етілген. Жалпы алғанда, банк, жылдан жылға даму қарқының жеделтдетіп, тұтынушылардың жоғары сенімділігіне, жоғары дәрежелі өтімділікке қол жеткізіп, қаржы рыногында тұрақты және сенімді қызмет атқарып келеді, мұнда жақын және алыз шетелге төлемдер аударумен байланысты кез келген операцияларды атқаруға болады деген қорытынды жасауға болады.

3-кесте. «Қазақстанның халықтық банкі» АҚ 2002-2004 жылдары алған табысының қарқыны

Табыс

баптары


2002

2003

2004

2003 жылдан 2002 жылға қарағанда ауытқу

2004 жылдан 2003 жылға қарағанда ауытқу

Проценттік табыстар

214387

2835900

3140935

690513

32.2

305035

10,8

Ипотекалық операциялардан түсетін табыс

165845

263542

684463

97697

58,9

421921

160,1

Ипотекалық операциялардан

Проценттік несиелердің сомасындағы үлес салмағы, %



7,7

9,3

21,8













Бүгінгі таңда ипотекалық несиелер банкке тұрақты табыс әкелетін неғұрлым пайдалы операциялардың біріне жатады.



ІІІ.ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.

3.1. Ипотекалық несиенің даму перспективасы
Ипотекалық неселеу нарықтық экономикада кеңінен таралған несиелеудің формасы болып табылады. Ол қозғалмайтын мүліктік кепілзат арқылы, сонымен қоса жер меншігі арқылы беріледі. Жер меншігі нарықтық несиелік қатынастар жүйесіне кәсіпорындарды, ұйымдарды, фирмаларды, халықты тартады.

Ипотекалық несиелеу кәсіпорындардың, фирмалардың және құрылыстың қажеттіліктерін мемлекеттік қаржы көздерінің орнын басуында үлкен рөлін атқарады. Ипотекалық несиелеудің дамуы инфляцияның жоғары қарқынды жағдайында және ұзақ мерзімдік несие ресурстарының тапшылығы жағдайында шаруашылық жүргізетін субъектердің инвестициялық белсенділігін үлкейтуге мүмкіндік береді.

Ипотекалық несиелеудің ерекшеліктері:

• Берілуінің ұзақ мерзімділігі (5 жылдан аса)

• Кепілзаттың қарыз алушысының қолында қалуы.

Ипотекалық несиелеу екі бағыттан тұрады:

•Шаруашылық жүргізетін субъетілерге және халыққа тікелей ипотекалық несие беру;

• Ипоткелақ несиелердің қайталама нарығында сату. Бұл несиелеу үшін қосымша ресурстарды тартуды қамтамасыз етеді.

Бірінші ипотекалық несиелеудің бағытымен көбінесе ипотекалық банктер айналысады, ал екінші бағытпен қаржылық компаниялар, ипотекалық банктердің активтерін сатып алатын, кепілзат мүлігімен қамтамасыз етілген және өзінің атынан бағалы қағаздарды шығаратын қорлар айналысады. Бағалы қағаздар кепілзат мүлігімен қамтамасыз етілгені және инвестициялар арқасында ұзақ мерзімді кіріс алуға мүмкіндігі болғаны үшін ликвидті болып келеді. Кейбір шетел қаржылық компаниялардың міндеттері бойынша кепілгер мемлекет болады және бұл сенімді болып келеді.

Тұрғын үйге ипотекалық несиелеу қайталама нарығының жұмыс істеуі ипотекалық банктердің капиталдарының ликвидтілігін қамтамасыз етеді, айналымдағы ақша массасын байланыстырады, елдің аймауқтарына және экономикалық сфераларға капиталды қайта бөлуге көмектеседі, несиенің пайыздық ставкаларды тұрақтандырады.

Ипотекалық несиелеумен айналысатын банктер аталған шарттарда несиелік ресурстармен шектелген болмайды. өйткені қайталама нарықта операцияларды жүзеге асыру арқылы керекті қаражаттарды қосымша мобилизациялауға мүмкіндіктері бар. Осы ақшаны жаңа несиеге беру арқылы ақшаны қайта айналымға түсіреді.

Қазақстан банктеріндегі ипотекалық несиелеудің проблемалары келесіге байланысты: банктердің ресурстық базаларының жетіспеуі; қозғалмайтын мүлікке төлем қабілеті төменгі сұраныс.

Ипотекалық банктердің ірі облигациялық тұрмыстық заемдарды шығару ипотекалық несиелеу үшін ресурстарды тарту проблемасының шешімі болды.

Несиелеу субъектісіне байланысты тұрғын үй құрылысына берілетін ипотекалық ссудалары тікелей оның иесіне берілетін және мердігерге берілетін болып бөлінеді.

Тұрғын үй құрылысын несиелеу салушыға белгіленген тізімде жер учаскесін беру шартымен және тұрғын үй салуға рұқсат еткен шешімнің болу шартымен жүзеге асады.

Тұрғын үй салуға несие көзделген жобаға, келісім шартқа, мерзімдеріне және құрылыстың бағасына байланысты беріледі.

Ипотекалық несиелеу объектілері болатындар:

- Тұрғын үй салуға арналған жерді сатып алу және жабдықтау;

- Ғимараттың салынуы;

- Тұрғын үйді сатып алу.

Несиелеу объектісіне байланысты банктер тұрғын үй несиесін үш түрге бөледі:

- Жер несиесі;

- Құрылыс несиесі;

- Тұрғын үйді сатып алуға арналған несие.

Құрылыс несиесін беру жөніндегі шешім қарыз алушының өтініші бойынша банк-кредитормен қабылданады.

Несие беруші банк өтінішті қарастырған уақытта қарыз алушының несиені қайтару қабілетілігіне, қаржылық тұрақтылығына комплекстік анализ жасайды; құрылыс бюджетін бағалайды; ғимараттың салынған жерінің нарыққа қажеттілігі.

Банк пен қараз алушының қарым-қатынастарын анықтайтын негізгі құжаттары ретінде несиелік келісім шарт пен кепілзат жөніндегі келісім шарт болады.

Несиелік келісім шартта ссуданы алу мақсаты, мерзімі мен несие мөлшері, несиені беру және өтеу тізімі, пайыздық ставка және оның өзгеруінің шарттары, қарыз алушының несиелік міндеттемелерін қамтамасыз етілуі, ссуданы сақтандыру шарттары, несиені мақсатты пайдалануының және қамтамасыз етілгендігінің тексеру әдістері мен формалары, мақсатты емес пайдаланудың және уақытылы өтілмеуі жағдайындағы қолданылатын санкциялары, айыптарды төлейдің мөлшері мен тізімі, келісім шартты бұзу тізімі қарастырылады.

Негізгі қарыздың соммасын және пайыздарын толық өтеуге дейін қарыз алушы банктің келісімінсіз үшінші тұлғаға қозғалмайтын мүлікті бере немесе сата алмайды. Қарыз алушының несиені қайтара алмай қалған жағдайда банктің шығындарын өтеу үшін мүлікке қолданылатын өндіріп алу айналысы жүзеге асады.

Тұрғын үй сатып алу үшін берілетін несиенің беру шарттары мен схемасы банк пен қарыз алушының келісімі арқылы жүреді. Несиелеу инструменті ретінде ауыспалы пайыздық ставкасының қолданылуы, негізгі қарыздық сомасын индекстеу, қарыз алушының төлемінің мерзімін ұзарту болады. Несиенің түріне байланысты кепілзат жөніндегі келісім шартта несиенің формасы, мөлшері және несиенің кепілзатпен қамтамасыз етілгені қарастырылады.



3.2. АҚ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясының қаржы нарығына шығуы.

Көптеген қазақстандықтар өздерінің тұрғын үй мәселелерін ипотекалық несиелердің қолайлылығының артуы арқасында шешуде. Ипотекалық бизнестің Қазақстандағы қарқынды дамуы төрт жыл бұрын басталды, ал мұның алғы шарты болып қаржы нарығында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Акционерлік қоғамының пайда болуы табылады. Оны 2000 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚР- дағы тұрғын үй құрылысына ұзақ мерзімді несие беру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту концепциясын жүзеге асыру мақсатында құрған.

Ел экономикасының өсуінің жалпы тұрақтылығы, ішкі инвестициялық базаны кеңейту, сондай-ақ ипотекалық облигацияларды шығару нәтижесінде ипотекалық несие беруді дамыту үшін тартылатын инвестициялардың құнын азайтуға қол жеткізілді. Өз кезегінде бұл ипотекалық несиелер бойынша сыйақы ставкаларын біршама азайтуға және ҚИК бағдарламасы бойынша халыққа несиелердің қолайлы болуын көтеруге жол берді.

«ҚИК» АҚ қызметі банктердің арасындағы бәсекелестіктің өсуіне ықпал етті, ал бұл өз кезегінде несиелерді беру жағдайларын жақсартуға ықпал етіп, Қазақстан халқының көп бөлігінің несиелерді пайдалануына мүмкіндік берді.Мысалы, 2001 жылдың басында несиелер 3 жылдан аспайтын мерзімге ғана берілді, ал несиелер бойынша жылдық 28% жетті. «ҚИК» АҚ құрылған күннен бастап сыйақы ставкасы жылдық 18-19%, ал несие беру мерзімі 10 жылға өзгерді. Бүгінгі таңда несие беру мерзімі 20 жылға дейін ұзартылды, ал ставкалары жылдық 13,5% төмендеді.

«ҚИК» АҚ Арнайы бағдарламаның шеңберінде 146100 млн. теңге; 2005 жылы -34,9 млрд. Теңге, 2006-2007 жылдарда -111,2 млрд. Теңге шамасындағы сомаға ипотекалық облигацияларды шығаруды және таратуды жоспарлайды. 2005-2007 жылдарда ҚИК облигациялары нарықтағы бүгінгі ақуалды түбегейлі өзгертеді деп пайымдауға болады.


3.3. Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарлама бойынша ұсынылатын бағасы төмен тұрғын үй

Қаржы жүйесінің дамуы, қаржы нарығындағы жағдайдың жақсаруы, ипотекалық несиелендіру көлемдерінің көбеюі несие бойынша төленетін сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне әкелді. Осы жүйені енгізіп дамыту арқылы халық ұзақ мерзімді ипотекалық несие түрінде берілген қаржыға бастапқы, сондай-ақ екінші нарықта да дайын тұрғын үй сатып алу, сонымен қатар үй салу және жөндеу мүмкіндігіне ие болады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұл бағыттағы жұмысының бірінші сатысы 2000 жылдың 21 тамызында шыққан 1290 Қаулысы арқылы Қазақстан Республикасында Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімге қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту концепциясын қабылдау болып табылады. Концепцияны іс жүзіне асыру Қазақстанда негізгі әрекеті талап ету құқықтарын сатып алу арқылы екінші деңгейлі банктерді қайта қаржыландыру болып табылатын

«Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Акционерлік қоғамын құру қажеттілігін айқындады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, арнайы тәсілмен қалыптастырылған орны толтырылған ипотекалық құнды қағаздар тұрғын үй нарығына инвестор тартудың тиімді құралдарының бірі. 2005 жылдың басындағы жағдай бойынша «ҚИК» АҚ-ның ипотекалық агенттік облигациялар нарығындағы үлесі 91%-ды құрайды. Нарықтың 8% -ы «БТА-Ипотека» АҚ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Астана-Финанс»АҚ тәрізді қаржы ұйымдарына келеді.

2004 жылдың 19 наурызында Президент өзінің Қазақстан халқына жлдауында бүгінгі таңның негізгі мәселелерінің бірі – тұрғын үй мәселесін көтерді.

ҚР Президентінің 2004 жылдың 11 маусымындағы Жарлығын орындау үшін 2005-2007 жылдары тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іс жүзіне асыру басталды, бұл жерде «ҚИК» АҚ қаржы операторының рөлін атқарды.

Сөйтіп арнайы бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстанның әлеуметтік дамуында да, сонымен қатар оның эконгомикалық дамуында да маңызды рөл атқарады. Аталған бағдарлама арқылы азаматтар жаңа, арзан тұрғын үй алу мүмкіндігіне ие болады, бұл орайда мұндай мүмкіндікке халықтың шынымен де осыған мұқтаж бөлігі ие болады, яғни жылжымайтын мүлік нарығында қызмет жасайтын делдалдардың қатысуы болмайды.



ҚОРЫТЫНДЫ

Несиелендіру субъектісіне қарай, тұрғын үй құрылысына берілетін ипотекалық ссудаларды оның болашақ иесіне берілетін және мердігерлерге берілетін несиелерге бөлуге болады. Несиелерді берудің сұлбасы мен шарттарын банк қарыз алушымен келісіп белгілейді. Несилендіру құралы ретінде ауыспалы проценттік мөлшерлеме, негізгі қарыз сомасын индекстеу, қарыз алушының төлем енгізу мерзімдерін ұзарту қолданылады. Несиенің түріне қарай, кепілзат (ипотека) туралы келісімде несиені кепілдік қамсыздандырудың нысаны, көлемі және тәртібі көрсетіледі.

Әрбір ипотекалық банк ипотекалық несиелердің өзіндік сұлбасын қолданады. Олар несиелендірудің объектілер мен субъектілері, ресурстарды шоғырландыру, негізгі қарыз бен проценттерді өндіріп алу әдістері бойынша ажыратылады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі өткен жылдың тамыз айында ұзақ мерзімді тұрғын үй құрылысын және ипотекалық несиелендіру жүйесін дамыту концепциясын мақұлдаған болатын. Концепция әзірлеу жөніндегі жұмыс Ұлттық бактің бастамасы бойынша жүргізілді. Тұрғын үй құрылысын қаржыландырудың жаңа жүйесін дамыту үшін әжептәуір тұрақты алғы-шарттар баршылық. Әрине, ең алдымен ол - тұрғын үйге мұқтаж азаматтар санының көптігінде, бұған бір жағынан тозған тұрғын үйлердің көптігі де себеп болуда. Сонымен қатар, Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде еңбекке қабілетті халықтың тұрақты табыс табуға мүмкіндіктері мол өңірлерге, мысалы мұнай өндірілетін аумақтарға қоныс аудару үрдісі пайда болды. Ал, бұл жағдай өз кезегінде тұрғын үйге деген сұраныстың өсуіне әкеп соқты.

Ипотекалық несиелендірудің дамуы екінші деңгейдегі «Қазақстанның халықтық банкі» АҚ үлгісінде зерттелді.

Тұтынушылық мақсатқа алынған несиелердің басым бөлігі ипотекалық несиеге келеді.

Куртсық жұмыста ипотекалық несиені «Қазақстанның халық банкі» АҚ алудың сұлбасы қаралды. «Қазақстаның Халық банкі» АҚ салынып жатқан пәтерді кепліге қою арқылы беріледі. Ең төмен бастапқы жарна – 15 %. Несиелендіру мерзімі – 7-ден 15 жылға дейін. Проценттік мөлшерлемесі – жылдық 11%. Қарыз алушы бастапқы жарнаы Халықтық банктің депозитына аударады, одан кейін банк пәтердің 100 % құнына несие береді. Осы сомаға кейін несие бойынша проценттер есептеледі.

Курстық жұмыстың шеңберінде жүргізілген зерттеудің нәтижелері бойынша Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің болашағы зор деп айтуға болады. Бұл үшін елде тұрақты қаржы жүйесі, дамыған нарықтық инфрақұрылым қалыптасқан, сондай-ақ халық тарапынан мол сұраныста орын алып отыр. Алайда, тиісті құқықтық қамсыздандырусыз қойылған мақсаттарға толығымен қол жеткізуге мүмкін емес. Сондықтан, нақ қазірдің өзінде қолға түсіп тұрған мүмкіншіліктерден айырмау үшін жұмысты барынша белсендеткен жөн.

Қаржы мекемелерінің шапшаң дамуы және біржола қайта реттелуі салдарынан тұрғын үй және өзге де жылжымайтын мүлік сатып алушылар қазіргі уақытта бірқатар баламалы қаржыландыру көздерін пайдалана алады.

Екінші рынок тұрғын үй сатып алушыларды қаражатпен қамтамасыз етуде маңызды роль атқарады және оның маңыздылығы күннен күнге артуда.

Тағы бір атап өтетін жайт Ипотекалық бизнестің Қазақстандағы қарқынды дамуы төрт жыл бұрын басталды, ал мұның алғы шарты болып қаржы нарығында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Акционерлік қоғамының пайда болуы табылады. Оны 2000 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚР- дағы тұрғын үй құрылысына ұзақ мерзімді несие беру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту концепциясын жүзеге асыру мақсатында құрған.

Ел экономикасының өсуінің жалпы тұрақтылығы, ішкі инвестициялық базаны кеңейту, сондай-ақ ипотекалық облигацияларды шығару нәтижесінде ипотекалық несие беруді дамыту үшін тартылатын инвестициялардың құнын азайтуға қол жеткізілді. Өз кезегінде бұл ипотекалық несиелер бойынша сыйақы ставкаларын біршама азайтуға және ҚИК бағдарламасы бойынша халыққа несиелердің қолайлы болуын көтеруге жол берді.

«ҚИК» АҚ қызметі банктердің арасындағы бәсекелестіктің өсуіне ықпал етті, ал бұл өз кезегінде несиелерді беру жағдайларын жақсартуға ықпал етіп, Қазақстан халқының көп бөлігінің несиелерді пайдалануына мүмкіндік берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет