2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуының скринингін ұйымдастырутәртібін түсіндіріңіз



бет31/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61
ВОП 2

15. Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуының скринингін ұйымдастырутәртібін түсіндіріңіз.
5 - тарау. Ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуының скринингін ұйымдастыру
80. Ерте жастағы балалардың психофизикалық даму скринингі туғаннан бастап 5 жасқа дейінгі балалардың психофизикалық дамуын скринингтік тестілеу, көру және есту функцияларын бағалау арқылы бұзылуларды ерте анықтауға бағытталған.
81. Ерте жастағы балалардың нейропсихикалық дамуын бағалау баланың физикалық, ақыл-ой, әлеуметтік дамуын анықтау және бейінді мамандардың балаға уақтылы медициналық көмек көрсетуі үшін жүргізіледі.
82. Психофизикалық даму скринингінің міндеттері:
1) барлық жаңа туған нәрестелерді, 5 жасқа дейінгі балаларды қамту;
2) одан әрі зерттеп - қарау, уақтылы араласу және оңалту үшін психофизикалық дамуының бұзылу қаупі бар балаларды ерте анықтау болып табылады;
3) психофизикалық дамуының бұзылу қаупі бар балаларды тереңдетілген педагогикалық зерттеп - қарау және түзету-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберу;
4) анықталған психофизикалық дамуы бұзылған балалар туралы деректерді медициналық құжаттамаға, есепке алуды жүргізу үшін ақпараттық жүйеге енгізуді қамтиды.
5) психофизикалық дамуы бұзылған балаларды зерттеп - қарау, емдеу, оңалту мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық көмек көрсету болып табылады.
83. Ерте жастағы балалардың психофизикалық даму скринингінің бағыты үш кезеңнен тұрады:
бірінші кезең туғаннан кейін босандыру ұйымдарында (перинаталдық орталықтар, босандыру үйлері, босандыру бөлімшелері) жүргізіледі;
екінші кезеңді МСАК ұйымдарында учаскелік қызмет жүргізеді;
үшінші кезең 5 жасқа дейінгі ерте жастағы балалардың психофизикалық дамуына қайта зерттеп – қарау мен мониторингті қамтиды, МСАК ұйымдарында баланы дамыту кабинеті (орталығы) жағдайында жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет