2-деңгей Амбулаториялық жағдайда пациентті бастапқы қабылдау кезінде жалпы тәжірибе дәрігерінің әрекетінің алгоритмін жазыңыз


Аудиологиялық скринингтің екінші кезеңі МСАК медициналық ұйымдарының балаларды дамыту кабинеттерінде 3 ай, 1 жыл, 2 жыл, 3 жыл, 6 жасты қоса алғанда жүргізіледі



бет30/61
Дата30.01.2024
өлшемі157.72 Kb.
#490247
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61
ВОП 2

68. Аудиологиялық скринингтің екінші кезеңі МСАК медициналық ұйымдарының балаларды дамыту кабинеттерінде 3 ай, 1 жыл, 2 жыл, 3 жыл, 6 жасты қоса алғанда жүргізіледі.
69. Учаскелік қызметтің орта медицина қызметкері тіркелген халықты белгіленген мерзімде аудиологиялық скрининг жүргізу қажеттігі туралы алдын ала хабардар етеді (оның ішінде жеке және жазбаша шақыру, жадынамалар, парақшалар, телефон байланысы, хабарламалар арқылы немесе қолда бар мобильді медициналық қосымшалар арқылы).
70. Екінші кезеңде балаларға аудиологиялық скрининг жүргізудің міндетті шарты зерттеу кезінде жіті респираторлық және инфекциялық аурулардың болмауы болып табылады.
71. Аудиологиялық скринингтің екінші кезеңіндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:
анамнез жинау, балаларда құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторларын анықтау; дені сау бала кабинетінде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес сауалнама-саулдарды толтыру;
жаңа туған нәрестенің ата-анасын немесе басқа заңды өкілін аудиологиялық скринингтің мақсаты мен рәсімі, тексеруден бас тартудың ықтимал салдары туралы хабардар ету. Аудиологиялық скрининг жүргізуге ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту медициналық құжаттамаға енгізіледі;
ТОАЭ әдісімен зерттеп - қарау жүргізу;
ҚЛЕШП әдісімен зерттеп - қарау жүргізу;
Зерттеп – қарау нәтижелерін медициналық құжаттамаға, медициналық ақпараттық жүйеге енгізу.
72. ТОАЭ және ҚЛЕШП әдісімен екі құлағына "Өтті" деген нәтиже алған кезде баланы "Педиатрия", "Жалпы дәрігерлік практика" немесе "Отбасылық медицина" мамандығы бойынша учаскелік дәрігер МСАК медициналық ұйымдарының баланы дамыту кабинетіне 1 жас, 2 жас, 3 жас, 6 жасты қоса алғанда келесі аудиологиялық скринингке жібереді.
73. ТОАЭ және ҚЛЕШП әдісімен бір немесе екі құлағына "Өткен жоқ" деген нәтижені алған кезде баланы "Педиатрия", "Жалпы дәрігерлік практика" немесе "Отбасылық медицина" мамандығы бойынша учаскелік дәрігер сурдологиялық кабинетке (орталыққа, бөлімшеге) жібереді.
74. Бірінші және екінші кезеңдерде жүргізілген ТОАЭ және ҚЛЕШП зерттеулерінің, сондай-ақ сурдологиялық кабинетте зерттеп - қарау нәтижелерін "Педиатрия", "Жалпы дәрігерлік практика" немесе "Отбасылық медицина" мамандығы бойынша учаскелік дәрігер медициналық құжаттамаға (МАЖ) енгізеді.


75. Сурдологиялық кабинетте (орталықта, бөлімшеде) тереңдетілген аудиологиялық зерттеп - қарау нәтижелері бойынша естудің қайтымсыз төмендеуі анықталған жағдайда, бала "Медициналық генетика" мамандығы бойынша дәрігердің консультациясына жіберіледі, сондай-ақ динамикалық байқауға жатады және одан әрі аудиологиялық скринингке жіберілмейді.
76. Есту функциясының кез келген дәрежедегі (құлақ мүкістігінің халықаралық сыныптамасына сәйкес) қайтымсыз (созылмалы) бұзылуы бар баланы сурдологиялық кабинет дәрігерінің қорытындысы бойынша "Педиатрия", "Жалпы дәрігерлік практика" немесе "Отбасылық медицина" мамандығы бойынша учаскелік дәрігер түзеу-дамыта оқыту жағдайларын айқындау үшін аумақтық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияға жібереді.
77. Аудиологиялық скринингтің бірінші және екінші деңгейлеріндегі медициналық ұйымдардың басшылары скринингтің ұйымдастырылуын және жүргізілу сапасын, аудиологиялық скринингке арналған жабдықты жыл сайын тексеруді және калибрлеуді бақылайды.
78. Босандыру, МСАК ұйымдары, сурдологиялық кабинеттер (орталықтар, бөлімшелер) ай сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына және аумақтық ПМПК-ға есепті айдан кейінгі айдың 1-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес аудиологиялық скрининг жүргізу және есту қабілеті бұзылған балалар туралы ақпарат береді, тоқсан сайын жіберілген балалар туралы ПМПК-мен салыстырып тексеру жүргізеді.
79. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде жетекшілік ететін республикалық орталықтарға аудиологиялық скрининг жүргізу туралы ақпаратты және есту қабілеті бұзылған балаларды жібереді, олар есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде жиынтық және талдамалық ақпаратты уәкілетті органға ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет