2 ДӘріс дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар



бет3/22
Дата26.03.2023
өлшемі387 Kb.
#471117
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
карым катынас психологиясы

Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, қарым-қатынас түрлері
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Қарым-қатынастың түрлері ?
2. Қарым-қатынастың қазіргі формалары қандай?
3. Қарым-қатынастағы манипуляция деген не?
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.

  2. Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.

  3. Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.

  4. Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.

  5. Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.

  6. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.

  2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

  3. Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.

  4. Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.

  5. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.

  6. Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.

Тақырып 3. Тұлғааралық қарым – қатынастың құрылымы
Жоспар:
Қарым – қатынастың перцептивті жағынан сипаттамасы.Әлеуметтік перцепция түсінігі әлеуметтік перцепцияның кезеңдері. Әлеуметтік перцепцияның психологиялық механизмдері: идентификация, эмпатия, рефлексия және аттракция. Қарым – қатынастың коммуникативті жағының сипаттамасы. Коммуникативті қарым – қатынастың құралдары. Қарым – қатынастың интерактивті жағының сипаттамасы.
1. Қарым – қатынастың перцептивті жағынан сипаттамасы.Әлеуметтік перцепция түсінігі әлеуметтік перцепцияның кезеңдері. Әлеуметтік перцепцияның психологиялық механизмдері: идентификация, эмпатия, рефлексия және аттракция.
Қарым – қатынасты екі негізгі аспект ретінде қарастыруға болады, біріншісі, адамдармен қарым – қатынасқа түсе отырып, түрлі қасиеттерге ие болу, екіншісі, өзін тыңдау. Адамдар арасындағы қарым – қатынастар бірнеше қызмет атқарады:

  1. Қарым – қатынас адамның ұжымдық іс - әрекеттерінде байланыстырушы қызметін атқарады. Адамдарды кез – келген іс - әрекетте біріктіруге жағдай жасайды.

  2. Қалыптастырушы адамның психикасының өзгеруі мен қалыптасуының негізгі жағдайы ретінде көрінеді.

  3. Бекітуші адам басқа адамдармен қарым – қатынас процесінде өзін бекітеді және оған мүмкіндік алады.

  4. Жеке өзара қарым – қатынастарды қолдау және ұйымдастыру. Бұл адамның бір – бірін ұнату және ұнатпауы.

  5. Адамның ішкі өзіне деген қатынасы. Бұл адамның диалог арқылы өзі - өзімен (ішкі, сыртқы) қарым – қатынасы. (2 - сызба)

Б.Ф.Ломов қарым – қатынас қызметін мынадай топтарға жіктеді:
- Ақпаратты – коммуникативтік;
-Тұрақтандырушы - коммуникативтік;
-Аффектті - коммуникативтік;
Әрбір адам әртүрлі қызмет атқарады: қызметтік (бастық, бағынушы, оқушы, дәрігер, педагог және т.б.) жанұялық (шеше, әке, күйеу, әйел, апай, бауыр және т.б.), бұлар қарым – қатынастың әртүрлі түріне байланысты.
Әлеуметтік қызметке негізделген қарым – қатынастар формалды деп аталады. Қарым – қатынастың формалды емес түрі серіктер арасында қалыптасқан жеке тұлғаның субъективті ойына толы. Формалды емес қарым – қатынастың жоғарғы формасы – махаббат және достық.
Қарым – қатынастың құрылымы:
- коммуникативтік,
- интерактивті;
- перцептивтік.
Манипуляция –қарым-қатынас партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен , достық, жолдастық, сүіспеншілік саласында орынсыз. Императивті және манипулятивті қарым-қатынасты біріктіріп, монологтық қарым-қатынас деп сипаттауға болады.
А.А.Ухтомскийдің айтуынша, адам өз маңайындағыларды басқа адам емес, өзінің «сыңарлары» деп қабылдайды. Өзіне деген бағдардан басқа адамға деген бағдарға көшетін қарым-қатынас түрі – диалогты қарым-қатынас.
Диалог – тең құқылық, субъективті қарым-қатынас, оның мақсаты: өзара танып-түсіну, партнерлер арасында өзін түсіну, өзіндік даму.
Қарым-қатынас қарым-қатынас психологиясының негізгі ұғымы. Қарым-қатынассыз жеке адамның тұлғалық қалыптасуы үрдісін, жалпы қоғам дамуын түсініп талдауға болмайды. Қарым-қатынас, Г. М. Андрееваның пікірі бойынша, адамдарды біріктіру және дамыту тәсілі.
Қарым-қатынас формалары: Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы. Жанама қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сейлеу т.с. адами қарым-қатынасды күрделеңдіріп жіберді. Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
2. Қарым – қатынастың коммуникативті жағының сипаттамасы. Коммуникативті қарым – қатынастың құралдары. Қарым – қатынастың интерактивті жағының сипаттамасы.
I. Коммуникативтік қарым – қатынас – бұл субъектінің хабарлармен алмасуы. Коммуникация – қатынас, жол. Вербальды және вербальды емес құралдар арқылы жүзеге асады. Қарым – қатынас барысында адамдар әр түрлі ойлармен, қызығушылықтармен, көңіл – күйлермен, сезімдермен және т.с.с. алмасады. Мұның барлығы әркелкі ақпарат ретінде қарастырылады. Адамдар арасындағы коммуникативтік процесс техникалық құралдармен ақпарат алмасудан айрықша ерекшеленеді. Тұлға аралық коммуникация өзінің маңызы бойынша да, формасы бойынша да маңызды арнайы белгілерге ие. Тұлға аралық коммуникацияның ерекшелігі төмендегі процестер мен феномендерден көрінеді:

  1. кері байланыс процесі

  2. коммуникативтік тосқауылдың болуы (барьер)

  3. коммуникативтік ықпал ету феномені және ақпарат берудің әр түрлі деңгейінің болуы (вербальды және вербальды емес)

Қарым – қатынаста адам ақпарат береді, ол қалыптасады, нақтыланады, дамиды. Қарым – қатынас кезінде коммуникативтік тосқауыл болуы мүмкін. Ол әлеуметтік немесе психологиялық сипатта болады. Бұл әңгімелесушілердің арасындағы әлеуметтік, саяси, діни, кәсіби айырмашылықтың болуынан.
II. Интерактивті қарым – қатынас - өзара бірлескен әрекетті ұйымдастыруы. Бұл шартты термин адам мен өзара әрекеттесу олармен бірлескен әрекет ұйымдастырумен байланысты қарым – қатынастың компоненті. Яғни адамның бір – бірімен қарым – қатынас процесінде өзара әрекет етуді ұйымдастыру. Қарым – қатынас барысында оның қатысушыларына ақпарат алмасып, өзара түсіністікті орнату ғана жеткіліксіз, сонымен бірге әрекет алмасуды ұйымдастыру ортақ іс - әрекет жоспарлау, бірлескен әрекеттің формасы мен өлшемін жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет