2 ДӘріс дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет9/22
Дата26.03.2023
өлшемі387 Kb.
#471117
түріНұсқаулар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
карым катынас психологиясы

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Тұлғааралық қарым-қатынас этикасы деген не ?
2. Субординация дегеніміз не?
3. Қарым-қатынас технологиясы деген не?
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер:

  1. Морозов А.В. Управленческая психология. – Москва, 2008.

  2. Немов Р.С. Психология.Т.1.-Москва, 2003.

  3. Горянина В.А. Психология общения. Москва, 2007.

  4. Панфилова А.П. Тренинг педагогического общения. – Москва, 2008.

  5. Бороздина Г.В. Психология делового общения. – М., 2001.

  6. Кузин Ф.А. Культура делового общения. М., 2000.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998.

  2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994.

  3. Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. –М., 1995.

  4. Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. –М., 1994.

  5. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.,1996.

  6. Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997.

Тақырып 9. Тұлғааралық қарым – қатынас мәдениеті
Жоспар:
Әңгімелесу барысындағы сөйлеу мәдениеті. Іс барысындағы әңгімелесуге қойылатын негізгі талаптар. Сөйлеу этикеті. Әңгімелесу барысындағы логикалық мәдениет. Әңгімелесу барысындағы психологиялық мәдениет. Әңгіме барысында жағымды психологиялық климатты қалыптастыру.
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады. Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізгі, яғни генотипті оның анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі – адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып – барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым- қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Әрбір дара адам өзінің қлғамдағы өмірлік әдептерін ретттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет.
Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігімен ерекшелігіне ие. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғарға психикалық сапасы – рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі – бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен – шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеуметтік шеңберінде қалып қоймай өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтіктопқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адмның жоғарға деңгейде кемелденгенінің дәлелі
Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз «мені» негізінде қатынас түзеді. Ғылымда «жеке адамдық рефлекция» деп аталған бұл «мен» ұғымы өз ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағасының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады. Қалай десек те тұлға туралы әркім әр түрлі түсінік берген. Қ.Жарықбаевтың айтуынша, жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс – әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман – жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар, жауыз, керітартпа, бұзық, қаскөй т.б. толып жатқан өкілдері бар болады. Адам - әлеуметтік тұлға. Ол өмірге келгеннен бастап әр түрлі әлеуметтік әрекеттестіктерге кіргізіледі. Адам тілі шықпастан бұрын ол әлеуметтік қатынасқа ие болады. Әлеуметтік үрдіс адамдардың қатынасы және бірлескен қызметтерімен тығыз байланысты, психологиялық көзқараспен қарағанда әлеуметтану механикалық бейнелеу сықылды қаралмайды.
Шетел психологиясында тұлғаның есеюін «өзіндік аяқталу» терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Тұлға мен әлеуметтік орта қатынасын түсінуде бұған тұлғаның жеке бас ерекшеліктерінің зор екендігі атап өту керек. Қоғам дамуды оңды болуы үшін адам бойында оңды қасиеттердің дамуы зор мәнге ие. Жалпы индивидтің қоғамдық қатынастарда активті субеъект ретінде функциялануына мүмкіндік беретін әлеуметтік топқа немесе қоғамға тән, мәдениет ұғымына енетін белгілі бір білімдер жүйесін, игеруі әлеуметтену үрдісі ретінде қарастырылады. Индивидтің қоғамдық қатынастар жүйесіне еніп, бұл үрдіс негізінде қалыптасатын интегралды әлеуметтік қасиетін, яғни тұлғаның дамуын әлеметтенуден тыс қарастыру мүмкін емес. Тұлғаның әлеуметтенуін индивидпен қоғамдық тәжірибені жаңғырту және меңгеру үрдісі ретінде анықтауға болады, соның қорытындысы ретінде индивид тұлғаға айналып, өмір үшін қажетті психологиялық қасиеттерді, білімдерді, дағдыларды игереді. Тұлғаның «Мен концепциясы» адамның өмір үрдісіндегі өз психологиялық қоршағанының өзара әрекеттестігі негізінде пайда болған.
Американ психологы У.Джемс «Психология принциптері» кітабында алғашқы болып «Мен Концепциясы» идеясын ұсынып, оның дамуына үлес қосқан. У.Джемс бойынша «Ауқымды Мен» құрамында екі аспект бар: эмпирикалық объект және танымдық субъективті бағалаушы сана. «Мен» объект ретінде 4 аспектіден тұрады: - рухани «Мен» - материалды «Мен» - әлеуметтік «Мен» - денелік «Мен». Жалпы феноменологиялық тұрғы шеңберінде құрастырылған «Мен концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді. Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады, ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез-құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нәтижесі. Индивидтің орталық, интеграциялайтын феноменалды жазықтығының нүктесі - «Мен – Концепция. «Мен Концепциясы» бір мезгілде қабылдау жемісі болып, және де, әлеуметтік мәдени ортадан алынған құндылықтары бар ұғымдар жиынтығы болып табылады. «Мен - Концепциясы» құрылуымен мінез-құлық оған толығымен бағына бастайды. «Мен - Концепциясы» уақытпен және жағдайлық контекспен санасады, бұл оның прогностикалық құндылығы болып табылады. Басқа адамдардың оңды қатынасын қажетсіну «Мен Концепциясының» құрылуымен параллельді жүреді. Өзіне деген оңды көзқарасты қажетсіну басқа адамдардың өзін оңды бағалай тәжірибесін игеру арқылы қалыптасады. Нақты өтіп жатқан өмір тәжірибесі мен «Мен - Концепциясы» арасындағы қайшылықтарға қарсы түрлі қорғаныс стратегиялары қолданылады. Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі - өзіндік актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің «Мен - Концепцияларының» құндылықтарын жоғарылату және жоғалтпау. Көптеген зерттеулерде адекватты өзін-өзі бағалаудың тұлғаның өзін қоғам үшін құндылығын және оның алдында өз міндеттерін саналы қабылдауын, толыққанды әлеуметтік активті дамуын белгілеуде мәнді орынға ие.
Өзін-өзі бағалаудың құрылуын екі факторға анықтайды: 1. Сыртқы фактор - әлеуметтік орта, қоршаған аймақ, іс-әрекеттегі сәттіліктер мен сәтсіздіктер; 2. Ішкі - адамның индивидуалды - психологиялык ерекшеліктері. Осы ішкі және сыртқы факторлардың адам дамуы үшін қолайсыз қатынас негізінен адекватты емес өзін-өзі бағалау қалыптасып, адамның қарым-қатынас жасау барысына, іс-әрекеттегі сәттілігін, қоғамдағы орнын анықтауда өз септігін тигізді. «Мен» құрылымы өмір барысында қоршағандармен өзара әрекеттесу арқылы дамиды. Былайша айтқанда, бала әлеуметтік сезімтал және оның когнитивті және перцивтивті қабілеттері даму мөлшеріне байланысты «Мен - концепциясының мазмұны» көп дәрежеде әлеуметтену үрдісінің жемісі болып табылады. «Мен — Концепциясына» сүйенетін К. Роджерс оны былай деп мінезделейді: «Мен - Концепциясы» ұйымдасқан, бір ізді концептуалды гештальт, ол «Мен» қасиеттерін қабылдаудан, «Менің» өзара қатынасын қабылдаудан тұрады, сонымен қоса, осы қабылдауларға байланысты кұндылықтар, өмірдің әр түрлі жақтарын қабылдау».
К.Роджерс, З.Фрейд, А.Адлер, Э.Эриксон т.б. ғалымдар сияқты «Мен - Концепциясының» құрылу үрдісіне байланысты белгілі бір арнайы кезеңдер кестесін көрсетпеген. К.Рождерс бойынша адам өміріндегі басқарушы мотив - актуализация тенденциясы, яғни өзін сақтап дамыту, өзінің жақсы жақтарын ашу, осы фундаменталды тенденция негізгі мотивациялық тенденция болып табылады. Мәнді сыртқы шектеулер немесе антагонистік әсерлер жоқ болса, онда актуализация тенденциясы әр түрлі мінез-құлық формалары арқылы көрінісін береді. Сонда тұлғаның дамуы, оның мінез-құлқы қоршаған орта әсері арқылы белгіленеді. Тұлға үшін актуализация тенденциясының негізгі қажетті аспектісі болып, адамның өзіндік актуализациялануға ұмтылысы болып табылады. К.Роджерс теориясының контекстінде өзіндік актуализация тенденциясы - адамның толыққанды функцияланатын тұлға болу мақсатындағы өмір бойы өз потенционалын іске қосу үрдісі. Осыған жету мақсатында адам өмірі мәнге, ізденіске, толқуға толы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет