Кез-келген мемлекеттің алға дамуы (прогресі) көбінесе болашақта ғылымның, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуын қамтамасыз ететін өсіп келе жатқан ұрпақтың ғылыми және еңбек дайындығымен анықталады. Мектеп бітірген барлық мектеп оқушылары қажетті теориялық және қолданбалы білім- дерге ие болуы керек, қазіргі заманғы өндіріс жөнінде түсінктері болуы тиіс. Бұл арада физика курсы маңызды роль атқарады.
Қазіргі Әлемде ғылыми-техникалық революция жағдайында, өнеркәсіптің барлық салаларында жоғарғы квалификациялы
жұмыскерлер керек. Олар қазіргі заманғы күрделі машиналарды, компьютерлерді, робот-автоматтарды, бағдарламалармен басқа- рылатын станоктарды, т.б. жеңіл меңгере алатындай болу керек. Сондықтан мектептің алдында оқушыларды тиянақты жалпы білімдік дайындықпен қамтамасыз ету және оқуға дағдылан- дыруды қалыптастыру, қысқа мерзімде жаңа мамандақ алуға немесе өндіріс өзгергенде басқа мамандыққа тез ауысуға үйрету міндеті тұр.
Политехниялық білім идеясы алғаш рет өткен ғасырдың (XIXғ.) аяғында ұсынылған еді. Әрқашанда әлеуметтік тапсырыс- ты орындаған мектеп Батыс Еуропа жағдайында қоғамның басталған урбандалуын (қалаға шоғырлануын), өнеркәсіптік өндірістің тез өсуін ескеруі қажет еді. Өсіп келе жатқан ұрпақты өндірістік қызметке араластыруға дайындау қажеттілігі туын- дайды. Политехниялық білім идеясынна ғылыми негіздеме К.Маркс еңбектерінде көрініс тапты. Советтер Одағында поли- техниялық мектептердің қалыптасуына Н.К.Крупская үлкен роль атқарды. Политехниялық білім мен политехниялық ұстаным мәнін бүгінгі таңдағы ұғыну (пайымдамасы) нақ сол Н.Круп- скаяға тиесілі. Ол былай деді: «Политехнизм сабақ берудің ерекше бір пәні емес, ол барлық пәндерге енуі керек, ол физикада да, химияда да, табиғаттануда да, қоғамтануда да материал таңдауда бейнеленуі қажет. Осы пәндердің өзара үйлесімділігі және олардың практикалық қызметпен, әсіресе олардың еңбекке баулуымен байланысы қажет». Н.К.Крупскаяның бұл пікірінде политехникалық білім беруді жүзеге асырудың жолдары айқындалған.
Политехникалық білімге бүкіл дүние жүзінде болып жатқан ғылыми-техникалық революция үлкен әсер етеді.
Қазіргі кезеңдегі политехникалық білім берудің негізгі мақсаттарына жататындар:
оқушыларды ғылыми-техниканың даму бағыттарымен таныстыру
оқушыларды кейбір техникалық қондырғылардың жұмыс істеу принципінің негізінде жатқан физикалық біліммен таныстыру.
Осы негізгі мақсаттардан басқа политехникалық оқыту мақсаттарына оқушылардың шығармашылық техникалық қабілеттерін дамыту; оқушылардың танымдылық белсенді іс
әрекеттерін қалыптастырып дамыту; оқушылардың шығар- машылық ойлау қабілеттерін дамыту және т.б. айтуға болады.
Физика сабақтарында қарастырылатын оқу материалындағы политехникалық білімнің мазмұнына енуге тиісті:
Физика мен техниканың байланысы
Ғылыми-техниканың дамуының негізгі бағыттары 3.Қазіргі кезеңдегі өндірістің негізгі салалары
Нақты техникалық объектілері мен технологиялық процестер
Әлеуметтік-экономикалық білімдер 6.Экологиялық білім
Политехникалық білім беру нәтижесінде оқушылар физика мен техниканың арасындағы қос байланысты көреді. Бір жағынан физика техниканың фундаменті болса, екінші жағынан техника физикалық зерттеулер мен эксперименттер жүргізуге жаңа техникалық құралдар береді және ғылыми зерттеулерге түрткі болады. Мысалы уран ядросының ыдырауын зерделеу ядролық энергериканың, ал арнайы салыстырмалы теорияның пайда болуы лазер мен үдеткіштерді конструкциялаудың негізін салды.
Физика – ғылыми-техникалық төңкерістің басталуы мен дамуын анықтап берген ғылымдардың бірі болып саналады. Өндірістің және өндіріс күштерінің өсуі көбіне физика ғылымы- ның прогресіне байланысты.; физика қоғамның тікелей өндіруші күшіне айналды. Физика саласындағы жетістіктер материалдық өндірістің барлық саласына ықпал етуде, олардың ішінде, машина жасау, энергетика, электроника, электротехника бар. Нақ осы салалар, ғылыми негіз ретіндегі физикаға сүйене отырып, бірінші кезекте ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз етіп отыр. Осыған байланысты политехниялық білім беру оқушыларға ғылыми-техникалық прогрестің аса маңызды бағыттарының (механикаландыру, автоматтандыру, энергетика, электр аспап жасау, жаңа материалдар жасау) ғылыми негіздерімен, қазіргі заманғы өндірістің негізгі салаларымен таныстыруды талап етеді. Өсіп келе жатқан ұрпаққа экологиялық білім беру – бүгінде мектеп алдында тұрған өзекті проблемалардың бірі. Техниканың қарқынды дамуы, табиғи байлықтардың жедел түрде игерілуі қоғам мен табиғаттың, адам мен қоршаған ортаның өзарақа- тынасы проблемасын алға қояды. Оқушылардың экологиялық сауаттылығы – бұл политехниялық білім берудің құрамдас
бөлігі, өйткені ғылым жетістіктерін пайдалану табиғаттағы тепе- теңділікті бұзбау негізінде құрылуы керек. Шын мәнісінде, электрлендіру проблемасын талқылау жылу, су және әсіресе атом электр станцияларының құрылыстарына байланысты олардың экологиялық зардаптарын талдамай мүмкін емес. Политехниялық шеберлікті қалыптастыру – физика сабақтарында политехниялық оқытудың маңызды міндеті. Физика сабақтарында политехника- лық іскерліктерді қалыптастыру политехникалық білім берудің басты мақсаты. Политехникалық іскерліктерге мыналыр жатады:
өлшеу құралдарын қолдану және өлшеулерді орындау;
таблицаларды пайдалану;
графиктарды оқу және салу;
электр сұлбаларын сызу және солар бойынша электр тізбектерін жинау;
өлшеудегі қателіктерді бағалау.
Соңғы онжылдықта қолданбалы политехниялық материал сипатына көзқарас түбегейлі өзгерді. Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттарының бөлініп шығуы ҒТП өзектік идеялары айналасындағы оқу политехникалық материалдарды жүйелендіруге мүмкіндік береді. Физика сабақтарында оқушы- ларда политехникалық білімдер мен шеберліктердің қалыптасуы барлық оқу процесі бойында біртіндеп қалыптасады. Сондықтан физика курсының тарауларында өзара байланысқан, техникалық прогресс бағыттары, қолданбалы физика мен техниканың байланысы бар белгілі бір жүйенің болғандығы маңызды.
Мектеп жұмыстарының тәжірибесінде физиканы оқыту процесінде политехникалық оқытудың келесі формалары мен әдістері қалыптасқан: физикалық заңдар мен құбылыстардың практикалық қолдануларын мұғалімнің түсіндіруі; машиналар мен техникалық қондырғыларының қызметінің жұмыс істеу принциптерін көрсету; физико-техникалық мазмұны бар кино-, теле- және бейнефильмдерді көрсету; техникалық-өндірістік мәліметтері бар есептерді шығарту; техникалық объектілер және аспаптармен танысып, меңгеруді көздейтін зертханалық және фронтальды практикалық жұмыстарды орындату, өндіріс орындарына экскурсия жасау; өзбетімен бақылауларды жүргізу, (сыныпта және үйде), физико-техникалық үйірмелер жұмыста- рына оқушыларды қатыстыру; танымдық ғылыми-техникалық әдебиеттерді сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру; қолданбалы физиканың факультативтік курстары.
Достарыңызбен бөлісу: |