Физикаға оқыту процесінде оқушыларды кәсіпке (мамандыққа) бағдарлау
Мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттері бірі – еңбек қызметіне белсенді қатысуға өсіп келе жатқан ұрпақты дайындау болып табылады. Сондықтан да жалпы білім беретін мектеп оқушыларға терең білімдерді беріп, оларды тәрбиелеп және дамытып қана қоймай, сонымен қатар, оларды кәсіпке бағдарлау дайындығын жүзеге асыру қажет. Кәсіпке бағдарлау – бұл оқушыларды болашақ мамандыққа дайындаудың және оларға мамандық таңдауда көмек көрсету бағытында арнайы ұйымдастырылған жұмыс. Болашақ мамандығын таңдау үшін мектеп оқушыларының біздің еліміздегі халық шаруашылығы, оның дамуының негізгі перспективалары жөнінде жалпы түсінік- тері болуы қажет. Сонымен бірге орта мектептердің түлектері қандай да болмасын өндірістің бір саласында қолданылатын техника мен технология, нақты бір мамандықтар мен кәсіптер, таңдаған мамандықтың жұмыс жағдайлары мен мүмкіндіктері туралы түсініктерге ие болулары қажет.
Мектептің кәсіпке бағдарлау жұмысының құрылымы әртүрлі және көбіне пікірталасты. Кәсіпке бағдарлаудың ең мәнді компо- ненттеріне (құрамдас бөліктеріне) келесілер жатады: 1) оқушылар- ды халық шаруашылығының салаларымен және негізгі көп кезде- сетін мамандықтармен таныстыру; 2) мамандықты саналы түрде таңдауға дайындау бойынша мектеп оқушыларының мақсатты іс- әрекеттерін ұйымдастыру; 3) мамандық таңдау мен жұмысқа орналасу сұрақтары бойынша оқушыларға кеңестер беру.
Кәсіпке бағдарлау материалдарын таңдау ұстанымдарының бірі – қоғамның кадрларға деген сұраныстарын ескеру. Оқушы- лар назарын нақты бір аймақ, қала немесе ауылда ерекше жетіспей жатқан, мұқтаж мамандықтарға аудару керек.
Кәсіпке бағдарлау материалдарын таңдаудың басқа бір ма- ңызды ұстанымдарының бірі – оқушылардың өздерінің қызығу- шылықтары мен ниеттерін ескеру. Мамандықты дұрыс таңдау – қызығушылықтардың, бейімділіктердің, кәсіптік ниеттердің қа- лыптасуы мен дамуына байланысты ұзақ процесс. Физиканы оқу оқушыларда ең алдымен техника мен физикаға байланысты қызығушылықтардың қалыпытасуына үлкен мүмкіндіктер аша- ды. Бұл тек әлеуметтік мәні бар педагогикалық маңызды міндет емес, сонымен қатар техника мен өндіріс технологиясының дамуының қажетті шарты.
Кәсіпке бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыруда мектептік оқу бағдарламасының аясынан шығатын қосымша материал- дарды қолдану мүмкіндігі бар. Осы мақсатта физика мұғалімі мектеп орналасқан аймақпен алдын-ала танысып, мектептің бағытталған мамандығы бойынша кәсіби оқытудың типтік бағдарламаларын мұқият талдауы керек. Материал таңдаудағы негізгі критерий – бұл қазіргі заманғы өндіріске тән еңбек процестері мен мамандықтардың, мектептік бағдарлама материалдарымен байланысы бар ақпараттың болуы. Одан әрі физика мұғалімі тақырыптық жоспар құрып, мазмұнын, оқылып жатқан физикалық материалға сәйкес кәсіпке бағдарлау материалдардың формасы мен көлемін анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |