№2 Дәріс Жануарлар биотехнологиясының жалпы биологиялық негіздері


Жануарлардың ұрғашыларының репродукциялық жүйесі



бет2/2
Дата15.10.2022
өлшемі0.96 Mb.
#462771
1   2
2 Дәріс ЖБ

Жануарлардың ұрғашыларының репродукциялық жүйесі
Ұрғашы жануарлардың жыныс жүйесінің биологиялық маңызы – ана безін жаратып жеткізу, жыныс жағдайымен сперматазоидтерді алу, гаметаларды ұрықтандыруға жағдайлар тұдыру, ұрықты жатырдың ішінде дамыту және оны туып сүтімен емізу.
Ұрғашының жыныс мүшелерін сыртқыға және ішкіге бөледі. Сыртқы жыныс мүшелері – сарпай, клитор, қынаптың сырты. Сарпай екі жыныс еріндерден тұрады, сол еріндердің арасында жыныс жарығы болады. Клитор еркек жыныс мүшесіне ұқсаған, жыныс жарықтың үстінгі жағында болады.Қынаптың сырты – қысқа бұлшық етті түтік, жыныс жарықтан басталып зәр шығатын тесіктің қасында бітеді. Ішкі жыныс мүшелері – қынап, жатыр, фаллопий түтіктері және аналық бездері. Қынап – жыныс мүшесі және іштегі төлдің шығатын жері. Ол өте ұзын түтік, төқ ішектін астында, жанбастың ортасында орналасады. Қынаптың іші кілегейлі қабыршықпен жабылған. Жатыр – төлді алып жүретін мүше, үш бөлектен тұрады: бас жақтан, денесінен, оң және соң екі мүйізшеден. Бас жағы үш қабыршықтардан тұрады - кілегейлі, бұлшық етті, сірі. Кілегейлі қабыршық кілегей шығаратын муциндерден тұрады. Осы кілегейдің биологиялық маңызды қасиеттері бар: сіңдіріп алу, бактериоциттік және бактериостаттық. Жыныс қоздырылу уақыты басталғанда кілегей сұйықталып, мөлдір болып көп мөлшерде ағып шыға бастайды, ал жүктілік уақытта кілегей қоюланып, кілегейлі тығын түрінде жатырдың ауызын жауып, дамып жатқан ұрықты микробтардан сақтайды.
Фолликулогенез және овуляция
Оогенездың биологиялық ерекшелігі – ооциттердің дамуы фолликуланың ішінде өтеді. Фолликулогенезде даму үш кезеңі болады: алғашқы (преантралдық даму), екінші (антралдық даму), үшінші (Граафов дамуы) Преантралдық даму. Преантралдық дамуда бұрынғы, орташа, кейінгі кезеңдерді айырады: Бұрынғы дамуда (примордиалдық фолликул). Ооцит профазаның І мейоз кезенінде фолликулярлық жасушалармен байланыс құрады.
Орташа даму кезенінде ооцит бидайға ұқсаған жасушалармен қапталып, куб қалыпты болады.Ооциттерді айланып фолликулярлық жасушаның бірінші қабаты жаратылғанда, мөлдір жасуша қабыршығы – zone pellicud (ZP) жаратылады. 0,4 мм көлемінде фолликул ақырын өседі, 0,7 мм жеткенде өсүі тездетіледі.
Фолликулометрия: фолликулдарды және овуляцияның басталуын бақылайтын әдістерінің бірі
Кейінгі даму кезенінде ооцит бидайға ұқсаған жасушалармен екі қабат қапталады. Антралдық даму (екінші фолликул) – ішінде профазаның І мейоз кезеніндегі ооцит бар. Фолликулдың бидай жасушалары бар қабаттардың арасында сұйықтықпен толтырылған бос орын жаратылады (antrum). Сол сұйықтықты фолликулярлық сұйықтық деп атайды. Осы сұйықтық жаратылуға эстроген гормондары әсер етеді.  Грааф фолликулы. – ол фолликул, ішінде үлкен антрум және ІІ мейоз кезеніндегі ооцит бар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет