№2 Дәріс. Табиғи ресурстар кадастры, түсінігі және жалпы сипаттамасы


Параграф. Орманды көп мақсатта пайдаланудағы жобалауды негізгі принциптері



бет13/20
Дата11.10.2023
өлшемі92.62 Kb.
#480485
түріМонография
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
ДӘРІСТЕР ТРК

5. Параграф. Орманды көп мақсатта пайдаланудағы жобалауды негізгі принциптері
334. Ормандарды сарқылтпай, үздіксіз және тиімді пайдалана отырып, олардың қорғаныштық қасиеттерінің артуының толықтай сақталуын қамтамасыз ету орманшылықтың негізгі принциптері болып табылады.

335. Орман қорында, оларды пайдаланудың мына түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.


1) ағаш сүректерін дайындау;
2) ағаш сүректерін дайындау және шырындарын алу;
3) қосалқы ағаш өнімдерін дайындау (қабақтарын, бұтақтарын, түбірлерін, жапырақтарын бүршіктерін);
4) орманды қосымша пайдалану (шөп шабу, мал жаю, маралдарды бағу, аңшылық, бал ара шаруашылығы, бау бақшалық және ауыл шаруашылық өнімдерін өсіру, дәрілік өсімдіктерді жинау және оларды техникалық шикізат ретінде пайдалану, жабайы жемістерді яғни жаңғақ, саңырауқұлақ, жидек және тағы басқа азықтық өнімдерді, мүкті, орман жамылғысын және түскен жапырақтарды, қамысты жинау);
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығына, ғылыми-зерттеу мақсатында, мәдени-сауықтыру, туристік және спорттық мақсаттарға пайдалану.
336. Орманды пайдаланудың басым түрі мемлекеттік орман қорына сәйкес: табиғат қорғау, экологиялық және әлеуметтік болады. Ормандардың функциясы мен жергілікті жер жағдайларына байланысты пайдалану тізімі бірінші орман орналастыру жиналысының шешімімен тағайындалады.
337. Көп мақсатты орман пайдалануды жобалаудың негізгі принципі ретінде орманның барлық жарамды түрлерінің кешенді пайдаланылуы (сүректі және сүрексіз өнімдердің анықталған түрлері мен пайдалану мөлшерін қоса) алынады.
Басты пайдалану үшін кесуге тыйым салынған ормандарда аралық пайдаланудың және басқа да кесу түрлерінің мөлшері мен түрі, олардың экологиялық-санитарлық жағдайы және алқаағаштардың өсімі мен сүректердің табиғи түсуін пайдалана отырып, олардың қорғаныштық қызметтерін арттыру арқылы анықталады.

Ғылыми мекемелер орман қорларын көп мақсатта пайдаланудағы іс шараларды, орналасу аудандарының негізіне сүйене отырып, анықтайды, ал өкілетті ұйымдар оларды бекітеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет