11. Уәкілетті орган аумақтық және облыстық атқарушы органдар беретін ормандар мониторингiнің деректерiн қорытындылайды және оларды пайдаланушыларға ұсыну үшiн талдау жасайды.
12. Ормандардың мемлекеттік мониторингi бойынша деректердi пайдаланушылар:
1) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiндегі бағдарламаларды жоспарлау және әзiрлеу мәселелерi бойынша, орман ресурстарын басқаруға байланысты басқа да мәселелер бойынша - мемлекеттiк атқарушы және өкілдiк органдар;
2) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн жүргізу мәселелерi бойынша - деректердiң жиынтық банкін жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган;
3) өзге де жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
№5- ДӘРІС
Мемлекеттік орман кадастры. Ормандардың экономикалық бағалануы
317. Орман орналастыру материалдары бойынша орман иеленушілер орман кадастры кітабын жүргізеді.
Орман орналастыру жұмыстары кезінде бұл кітаптардың формалары мен тарауларының дұрыс толтырылуы тексеріліп, қажет болған жағдайда, орын алған ауытқулар көрсетіледі.
318. Экономикалық бағалау өкілетті орган бекіткен әдістеме мен нормативтер бойынша жүргізіледі.
Экономикалық бағалау нормативтері табиғи-экономикалық аймақтар мен МОҚ санаттары бойынша жасалады (мақсаты мен шаруашылық маңыздылығына байланысты).
Бұл нормативтерде ормандардың саны мен сапасы (тұқымдық құрамы, жастық пен тауарлық құрылымы, өнімділігі), ормандардың табиғи пайдалы қасиеттері, аудандардың шаруашылық игерілуі мен орман учаскелерінің көлік үшін қолайлығы ескеріледі.
319. Таксациялық телім алғашқы бағалау бірлігі болып табылады. Орман орналастыру объектіндегі орман қорының экономикалық бағалануы пайдалану түрлері бойынша келтіріледі.
320. Экономикалық бағалаудың мәліметтері жобаланатын шараларды негіздеу мен тиімділігін болжау үшін қолданылады. Орман иеленушісі оларды тексеру кезеңі бойы орман қоры жерлерін қайтып алу үшін өтемақы мөлшерін, жалға беру (алу) төлемін және орман заңдарын бұзу үшін айыппұл мөлшерін анықтауда қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |