Дәріс бойынша ағымдық бақылау сұрақтары:
Адамның болмыстық категориялары қандай?
Өмір туралы тұжырымдамалар ұқсастығы мен айырмашылығы: салыстырмалы талдау.
Философия тарихындағы «өмірдің мәнін іздеуге» берілген жауаптар.
Қазақ философиясындағы «өмірдің мәні» категориясының мазмұны қандай?
«Парыз және махаббат» ұғымдарының адам өміріндегі мәні қандай?
Қазіргі заман адамының өмірмәндік құндылықтар жүйесі қандай?
Дәріс бойынша тест тапсырмалары:
Экзистенциализм философиясының дамуына үлес қосқан:
А) Хайдеггер
В) Сартр
С) Камю
D) Фромм
Е) Леви-Стросс
Өмірлік логикалық конструкциялардан бас тартуға және өмірдің өзіне көңіл аударуға шақырған:
А) Огюст Конт
В) Чарльз Пирс
С) Фридрих Ницше
D) Джон Дьюи
Е) Герберт Спенсер
Альбер Камю экзистенциалистік философиясында қолданған:
А) «абсурд» ұғымын
В) «монада» ұғымын
С) «субстанция» ұғымын
Д) «мен» ұғымын
Е) «бүлік» ұғымын
Адамның өзіндік құндылығын мойындайтын көзқарас жүйесі:
А) материализм
В) гуманизм
С) антропоцентризм
Д) идеализм
Е) социализм
Өте жігерлі болу адамның негізгі ізгілігі:
А) Ницшеандықта
В) Абай философиясында
С) Конфуцийде
Д) Марксизмде
Е) Кантиандықта
6. Буддаға сәйкес, адам өмірінің мәні:
А) Азап шегуде
В) Қоғамдағы өмірде
С) Қарым-қатынастарда
Д) Ақитатқа бейімделуде
Е) Еңбекке
Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары:
Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.
Өмірдің мәні және оны іздеу: философия тарихына шолу.
Өмірдің құндылығы және өлім мәселесі.
Қазақ философиясындағы өмірдің мәні туралы тұжырымдар.
ХХ ғ. адамы және өмірдің мәні мәселесі.
Өмірмәндік сұрақтар және олардың адам үшін маңызы.
|