Дәріс бойынша ағымдық бақылау сұрақтары:
Дін дегеніміз не және оның адамзат қоғамы үшін маңызы неде?
Тарихи-мәдени құбылыс ретіндегі діннің ерекшелігі қандай?
Орта ғасыр философиясының діни мазмұны.
Араб-мұсылман философиясының қалыптасуындағы діннің ықпалы.
Дін философиясының негізгі бөлімдері.
Дәріс бойынша тест тапсырмалары:
Әлемді құдіретті және осы дүние деп бөлетін дүниетанымның тарихи түрі
А) Философия
В) Ғылым
С) Дін
Д) Әлеуметтану
Е) Мифология
2. Діннің ең көп қолданылатын анықтамасы
А) Адамның Жаратушымен байланысы
В) Психикалық аурудың бір түрі
С) Қарапайым ғылым, ақыл-ойды дұрыс пайдаланбаудың нәтижесі
Д) Құдіретті күшке деген сенімге негізделген көзқарастар мен іс-әрекеттер жүйесі
Е) Әлемнің және адамның жаратылуы туралы аңыздар жүйесі
3. Мына функциялар қоғамдық өмірдің қай саласына қатысты: дүниетанымдық, иллюзорлы - компенсаторлық, коммуникативтік, біріктіруші әрі реттеуші
А) Идеология
В) Саясат
С) Билік
Д) Дін
Е) Экономика
4. Ибн-Рушд теориясындағы «Ақиқаттың екі жағы»
А) ғылым
В) дін
С) тәжірибе
Д) сенім
Е) сезім
F) ақыл-ой
5. Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастарының едәуір зерттелген тұстары:
А) таным теориясы
В) аксиология
С) логика
Д) гносеология
Е) дін философиясы
Ғ) онтология
G) фольклор
6. Орта ғасырлық араб-мұсылман философиясына тән белгі:
А) политеизм
В) монотеизм
С) пантеизм
Д) атеизм
Е) деизм
Ғ) шейзм
Дәріс бойынша қорытынды бақылау сұрақтары:
Дін - әлеуметтік-мәдени феномен және философияның пәні.
Дін философиясының даму кезеңдері: антика, орта ғасырлар, қайта өрлеу және жаңа заман.
Суфизм - араб-мұсылман философиясындағы мистикалық ағым.
ХІХ-ХХ ғ. философиясындағы діни-филоссофиялық тұжырымдамалар.
Дін жалпыадамзаттық және мәдени құндылық ретінде.
Діннің жеке адам және қоғам өміріндегі маңызы мен рөлі.
|