2 хирургиялық аурулар, урология кафедрасы Е. М. Тұргынов, А. Б. Баширов, А. М. Балықбаева, Д. К. Калиева Хирургиялық стационарда ауру тарихын құрастырып толтыру туралы



бет3/3
Дата11.07.2016
өлшемі241.5 Kb.
#190789
1   2   3

Нәжіс микроскопиясы

Ет талшықтары болмайды немесе бірлі жартымды қорытылмаған талшықтар

Жалғам тіндер болмайды

Бейтарапты майлар болмайды

Май қышқылдары болмайды

Сабындар өте аз мөлшерде

Өсімдік клетчаткалары:

Қорытылудағы бірлі жарымды торшалар немесе торшалар тобы

Қорытылмағандар әртүрлі мөлшерде болады

Крахмал болмайды

Иодифильдік флора болмайды

Шырыш, эпителий болмайды

Лейкоциттер препаратта біреуден

Химиялық құрамы (бір тәуліктегі көлемде)

Азот 0,25-2,0 гр

Белок болмайды

Билирубин болмайды

Су 48-200 мл

Майлар 2,10 гр

Калий 7-12 мэкв

Кальций 400-900 мг

Копропорфирин 200-300 мг

Натрий 1-5 мэкв

Стеркобилин 40-280 мг



Коагулограмма

Квик уақыты 19-25

ПТИ 80-100%

Фибриноген 2,2-4,4 г/л

Фибриноген В 0

Этанолдық тест Теріс мәнді

Тромбиндік уақыт 14-18 сек

Гепаринге төзімділігі 8-11 сек

АПТГ 32-42 сек

РФМК 4-ке дейін

Тромбоциттер агрегациясы 14-180 сек

Фибринолиз 7-150 сек

Ұю уақыты 5-10 мин

Қан кету уақыты 3-15 сек



Қанның биохимиясы

Билирубин

Жалпы билирубин 6,2-20,5 мкмоль/л

Тура билирубин 1,6-5,1 мкмоль/л

Тимолдық сынақ 0-4 ЕД - күнгірт

АлАТ 28-189 нмоль

АсАТ 28-129 нмоль

Жалпы белок Ересек 65-85 г/л

Бір жасқадейін 51-73 г/л

Бір жастан жоғары 60-80 г/л


Белок фракциялары

Альбуминдер 54,2-60,9%

Глобулиндер Альфа 1 – 2,4-4,0%

Бетта 10,9-13,0%

Альфа 2 – 2,9-9,7%

Гамма 15,2-20,9%

Мочевина Сарысуда 2,5-8,3 ммоль/л

Зәрде 333,0-583,0 ммоль/л

Креатинин сарысуда

ерлер – 0,053 – 0,095 ммоль/л

әйел – 0,053-0,095 ммоль/л

зәрде


ерлер – 7,1 – 17,1 ммоль/л

әйел – 5,3 – 15,9 ммоль/л

Холинэстераза 76-230 мккат/л

Сілтілік фосфотаза Ерлер – 0,9 – 2,29 мккат/л

әйел – 0,74 – 2,1 мккат/л

ГГТП ерлер - 0,25-1,77мккат/л

әйел - 0,17-1,1мккат/л

Амилаза сарысуда - 4,4-8,3 мг/с-л

зәрде 7,8-44,4 мг/с-л

Сиалдық қышқыл 130-220 ЕД

Серомукоид 0,13-0,2 ЕД

Гексозалар 1,0-1,15 г/л

Антистрептолизин «Э» 250 МЕ/мл дейін

Латекс-тест Теріс мәнді

Жалпы липидтер 4,0-8,0 г/л

Бета-липопротеидтер 4,0-6,4 г/л

Жалпы холестерин 3,0-6,26 ммоль/л

Альфахолестерин 0,91-1,95 ммоль/л

Бетта холестерин 1,29-4,9 ммоль/л

Пребетта холестерин 0,13-0,903 ммоль/л

Триглицеридтер 0,45-1,86 ммоль/л

Фосфолипидтер Ересек 48,0-88,0 ммоль/л

Балалар 86,6-106,3 ммоль/л

Атерогендіктің коэффиценті 3,5 – ға дейін

Калий 3,6-5,5 ммоль/л

Натрий 135-150 ммоль/л

Кальций сарысуда 2,2-2,9 ммоль/л

зәрде 2,5-7,5 ммоль/л

Хлоридтер сарысуда 95-110 ммоль/л

зәрде 200 ммоль/л дейін

Фосфор жұлын сұйығында 120-128 ммоль/л

ересек сарысуында 0,81-1,48 ммоль/л

жаңа туған бала сарысуында 1,13-2,78 ммоль/л

мектепке дейінгі балада 1,45-2,16 ммоль/лмектеп жасындағыбалада 1,45-1,78 ммоль/л

зәрде 19,0-38,0 ммоль/л

ОЖСС ерлер 45-75 мкмоль/л

әйел 40,5-67,5 мкмоль/л

Сарысу темірі 10-27 мкмоль/л

НТЖ 20-50%

Мыс сарысу

ерлер 11,0-22,0 мкмоль/л

әйел 13,4-24,4 мкмоль/л

жаңа туған бала 1,9-10,5 мкмоль/л

3-10 жаста 4,2-24,0 мкмоль/л

Зәрде 6-100 мкг/сут

Бурштейн сынағы 0,35-0,55 ЕД

Зәр қышқылы сарысуда

ерлер 0,24-0,5 мм/л

әйел 0,16-0,4 мм/л

зәрде 2,36-5,9 л/сут


Жұлын сұйығын зерттеу

Көлемі 100-150 мл

Салыстырмалы тығыздығы 1003-1008

Қысымы


Отырғанда 300-400 су бағ б.мм.

Жатқанда 150-200 су бағ б.мм.

Түсі түссіз

1 мкл дегі цитоз:

Вентрикулярлық сұйық 0-1

Цистернадағы сұйық 0-1

Люмбальдық сұйық 2-3

рН реакция 7,35-7,8

Жалпы белок 0,15-0,45 г/л

Люмбальдық сұйық 0,22-0,33 г/л

Цистернадағы сұйық 0,10-0,22 г/л

Вентрикулярлық сұйық 0,12-0,20 г/л

Глюкоза 2,78-3,89 ммоль/л

Хлор иондары 120-128 ммоль/л



Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу үшін ұсынылатын дәрістер тақырыптары

  1. Дәрігерге кеш қаралу және өз бетімен емделу – қауіпті

  2. Өмір сыйлайтын тамшы (донорлық туралы)

  3. Маусымдық ауру – ГРИПП

  4. Кір қолдың аурулары (ішек инфекциялары).

  5. Іштің жедел хирургиялық ауруларының белгілері

  6. Қатерлі ісікті анықтау мен емдеудегі медициналық ғылымның жетістіктері

  7. Уланғанда, күйгенде, жарақаттанғанда көрсетілетін алғашқы көмек

  8. В, С гепатиттердің жұғу жолдары

  9. Алкоголь мен травматизм

  10. Тиімді тамақтану – іш қуысындағы органдардың ауруларының алдын алу

  11. Жүрек пен тамырларды сақтау - өмірді ұзарту

  12. Сүт безінің ауруларын болдырмау жолдары

  13. Темекі шегу мен тамыр аурулары

  14. Қант диабеті, оның асқынуларының алдын алу

  15. Қала тұрғындарының арасындағы эхинококкоз

  16. Туберкулез - ғасыр эпидемиясы

  17. АИВ (ВИЧ), жұғу жолдары, алдын алу

  18. Ине үшіндегі өмір (нашақорлық)

  19. Қазақстан медицинасындағы инновациялық технология

  20. Хирургиядағы деонтология


Тәжрибелік дағдылар тізімі

  1. Медициналық құжаттарды толтыру (ауру тарихының барлық тарауларын – алғашқы зерттеу, күнделіктер, кезеңдік, шығару және өлгенде жазылатын эпикриз, МСЭК – ға жолдама)

  2. Клиникалық – лабораториялық зерттеулер әдістерінің нәтижелерін талқылау

  3. Инструментальдық зерттеу әдістерінің нәтижелерін талқылау

  4. Қан тобы мен резус қатыстылықты анықтау

  5. Донор мен рецепиенттің жекелей бірлестігін анықтау

  6. Донор қанның жарамдығын анықтау

  7. Парэнтеральдық қоректендіру және шоққа қарсы терапияны жүргізу үшін ертінділерді таңдау

  8. Тіндерді ажырату және қосу үшін қолданатын саймандарды іріктеп алу.

  9. Хирургиялық тігіс салу, тігіс жібін алу.

  10. Трахеостомияға және лапароцентезге саймандар топтамасын жинау

  11. «Ақтару қатетерімен» диагностикалық лапароцентез жасау техникасы

  12. Пневмоторакс және гидроторакс болғанда плевральдық пункцияның техникасы

  13. Торакоцентез бен плевра қуысын дренаждау техникасы

  14. Белгенді аспирация жасау үшін Бобров аппаратын және Бюлау әдісімен дренаждау саймандарын жинау

  15. Қабырға аралық нервтерге блокада жасау техникасы

  16. Қол саусақтарын жансыздандыру үшін Оберт- Лукашевич әдісімен жасалатын өткізгіш анестезиясының техникасы

  17. Бауырдың жұмыр байламының блокадасын жасау техникасы

  18. Паранефральдық блокаданың техникасы

  19. Панкреатит болғанда Роман әдісімен жасалатын блокаданың техникасы

  20. Лорин-Эпштейн әдісімен шәуһет бауына жасалатын блокада. Диафаноскопия әдісі

  21. Жұмсақ тіндердің іріңдігін ашуға сайман топтамасын жинаңыз

  22. Қан тоқтататын резеңкені салу, оны дұрыс салғанының бағалау өлшемі (критериі)

  23. Қуыққа металлдан жасалған катетер қою

  24. Аяқ артериялары мен көк тамырларын зерттеу

  25. Перифериялық тамырлардың соғуын анықтау



Тесттік тапсырмалар

1. Өмір анамнезіне не кіреді:

А). бұрынғы болған аурулар. Қазірғі кездегі қосымша аурулар. Аллергиялық анамнез. Негізгі ауруды ауруханаға түскенге дейінгі емнің сипаты. Шағымдарды қысқаша жазу

B). гинекологиялық анамнез, әлеуметтік- тұрмыстық жағдайы, мекен жайы, жұмыс орыны

C). шағымдарды қысқаша жазу. Клиникаға түскен күні және сағаты

D). қосымша аурулары. Бұрын болған операциялар зиянды әдеттері

E). ауру этиологиясы мен патогенезінің кейбір жақтары
2. Омыртқаның қай бөлігінде қалыпты жағдайда лордоз бар:

А). бел


B). мойын, кеуде

C). кеуде, бел

D). мойын, бел

E). қалыпты жағдайда лордоз болмайды


3.Тілме болғанда терідегі жергілікті өзгерістер:

А).Өте айқын тіл тәріздес жиегі бар қызыл

B).Шекарасы дұрыс айқындалмаған қызыл

C).Қызыл қошқыл түсті тері

D).Мәрмәр түсті тері

E).Тері бозғыл әр бір жерде қызыл дақпен


4. Бауырға перкуссия жасағанда бауырдың тұйық дабысының орнына тимпаникалық дыбыс айқындалса нені сипаттайды:

А). іш қуысында бос газдың жиналғанын сипаттайды

B). гепатомегалияны сипаттайды

C). асқазан ойық жарасының пенетрациясын

D). көкеттің өңеш бөлігінің жарығын

E). бауыр абсцессін сипаттайды


5. Орындау уақытына қарай операция түрлері:

А). шұғыл, жоспарлы, кейінге қалдырылған

B). жоспарлы, жедел, мәжбүрлік

C). шұғыл, жедел, жоспарлы

D). жедел, кейінге қалдырылған, ниеттелген

E). мәжбүрлік, жоспарлы


6. Ересек адамның қалыпты жағдайдағы тәуліктік диурезі:

А).1600-1800

B). 2000-3500

C). 160-200

D). 240-290

E). 1000-1200


7. Өт қабының пальпация нүктесі:

А). іштің сыртқы қиғаш бұлшық еттің тік бұлшық ет апоневрозымен қиылысқан жері

B). іштің колденең шандыры мен иықтың екі басты бұлшық етінің қиылысқан жері

C).12-қабырға мен іштің тік бұлшық етінің қиылысқан жері

D). 6-қабырға мен іштің тік бұлшық етінің апоневрозы қиылысқан жері

E). 6-қабырға мен іштің тік бұлшық етінің қиылысқан жері


8 Шап жарығының түрлері:

А). қиғаш, вертикальды

B). тік, қиғаш

C). вертикальды, горизонтальды

D). вертикальды, қысылған

E). жылжымалы, вертикальды


9 Қалыпты жағдайда АлАТ молшері:

А). 28-189 нмоль

B). 28-129 нмоль

C). 3-4 нмоль

D). 0,5-1,0 нмоль

E). 189-356 нмоль


10. Жедел аппендицитте Волкович-Кохер симптомының мәні:

А). аурудың жоғарғы құрсақ тұсында болып оң жақ мықын тұсына ауысуы

B). аурудың сол жақ мықын түсында пайда болып оң жақ мықын тұсына ауысуы

C). аурудың оң жақта пайда болып сол жаққа бұрылғанда ығысуы

D). бауырға пальпация жасағанда оң жақ мықын түсының ауруы

E). оң аяқты көтергенде оң жақ мықын тұсының ауруы


11. ПТИ-дің қалыптағы мөлшері:

А). 80-100%

B). 20-30 мл

C). 80-100 мл

D). 50-150 %

E). 50-150 мл


12. Калийдің қалыптағы мөлшері:

А). 3,6-5,5 ммоль/л

B).50-100 ммоль/л

C). 3,4-6,6 ммоль/л

D). 5,5-6,6 ммоль/л

E). 9,3-6,7 нмоль/л


13. Тамыр соғуының сипаты:

А). жиілігі, ырғағы, толуы, кернеулігі

B). жиілігі, үнділігі, кернеулігі

C). екпіндігі, кернеулігі, үнділігі

D). толуы, күші, жиілігі

E). ырғағы, кернеулігі, тамыр соғуының күші

14. Қанның үю уақыты қалыпты жағдайда:

А). 5-10 мин

B). 5-10 сек

C). 30-45 сек

D). 15-20 мин

E). 1-2 мин


15. Артқы тесік арқылы зерттегенде бағалайтыны:

А). сфинктердің жағдайы, қабырғаларының ауырсынуы, геморрой түйіндерінің болуы

B). тік ішектің ішіндегісін, күмбездің салбырауын, асқазанның тесілуін

C). сфинктердің жағдайын жылжымалығы, қабырғаларының ауырсыну

D). сфинктердің жағдайы, ампуланың үңіреюі, жамбас сүйектерінің сынуы

E). қабырғаларының ауырсынуы, геморрой түйіндерінің болуы, сан артериясының соғуын


16. Анальдық жарық жиі орналасады:

А). артқы тесіктің артқы жартылай шеңберінде

B). артқы тесіктің оң жақ жартылай шеңберінде

C). артқы тесіктің сол жақ жартылай шеңберінде

D). артқы тесіктің алдыңғы жартылай шеңберінде

E). артқы тесіктің алдыңғы және артқы жартылай шеңберінде


17. Көк еттің кеуделік және қабырғалық бөлігінің арасы оң жақта қалай аталады:

А). Морганьи үшбұрышы

B). Бохдалек үшбұрышы

C). Гессельбах үшбұрышы

D). Ларрей саңлауы

E). диафрагмалық үшбұрышы


18. Қалыпты жағдайдағы бауырдың секторлық қысыми:

А). 150 мм су бағанасыма

B). 200 мм су бағанасыма

C). 250 мм су бағанасыма

D).300 мм су бағанасыма

E). 350 мм су бағанасыма


19. Төменгі аталған симптомдардың қайсысы жедел аппендицитке тән емес:

А). Ситковский симптомы

B). Образцов симптомы

C).Курвуазье симптомы

D). Бартомье-Михельсон симптомы

E). Ровзинг симптомы


20. Оң жақ мықын түсына перкуссия жасағанда ауырсыну пальпация жасағанда күштірек. Бұл қай симптом:

А). Крымов симптомы

B). Мондор симптомы

C).Ситковский симптомы

D). Ортнер симптомы

E). Образцов симптомы


21. Негізгі зат алмасудың қалыптағы мөлшері:

А). +45%-+60%

B). +15%-+25%

C). -10%-+15%

D). +25%-+35%

E). -35%--10%


22. Бұйрек безінің ми қабатында білінетін гармондар:

А). альдостерон, дезоксикортикостерон

B). адреналин, норадреналин, изопротеренон

C). кортизон, гидрокортизон, кортикостерон

D). пролактин, вазопрессин, АКТГ, ТТГ

E). эстрогендер, андрогендер


23. «Жуан мойын» ұғымы жемсаудың қай дәрежесіне сәйкес келеді:

А). 1 дәрежесіне

B). 2 дәрежесіне

C). 3 дәрежесіне

D). 4 дәрежесіне

E). 5 дәрежесіне


24. Өт қабы қайда орналасқан:

А). сол жақ бойлық сызықта

Б). оң жақ бойлық сызықта

В). оң жақ көкеттік кеңістікше

Г). портальдық бауыр қақпағында

Д). кавальдық бауыр қақпағында


25. Гартман қалтасы өт қабының қай бөлегінде:

А). тұбінде

Б). денесінде

В). мойыншақ тұсында

Г). өт қабы орналасқан жерде

Д). өт қабының өзегінде


26. Өт қабының артериясы қай артериядан тікелей шығады:

А). жалпы бауыр артериясы

Б). оң жақтық бауыр артериясы

В). сол жақтық бауыр артериясы

Г). құрсақ бағанасы

Д). жоғарғы панкреатодуоденальдық артерия


27. Жедел холецистит болған қай жағдайда өт қабы пальпацияға келеді:

А). оң жақ бауыр өт жолының таспен бітелуінде

B). өт қабының өзегі таспен бітелгенде

C). үдеріске ұйқы безі іліккеде

D). бірінші реттік гангренозды холециститте

E). барлық жағдайда пальпация жасауға келеді


28. Жедел холецистит болғанда хирургиялық тактика қандай:

А). шұғыл операция

B). белсенді күтү

C). тек қана консервативті

D). консервативтік ем шаралары 2 сағат ішінде нәтиже бермесе хирургиялық ем

E).жедел түрде гемодиализ жүргізу


29. Төмендегі аталған дренаждардың қайсысы өт қабы өзегінің тұқылы арқылы холедохқа енгізіледі:

А). Вишневскийдікі

B). Кердікі

C). Холстед-Пиковскийдікі

D). Долиоттидікі

E). Прадер-Смиттікі


30 Тік шап жарығында шап каналының қай қабырғасының әлсіздігі болады:

А). алдыңғы

B). артқы

C). жоғарғы

D). төменгі

E). бүйірлік



Жауаптар үлгісі

1.4

11.1

21.3

2.4

12.1

22.2

3.1

13.1

23.3

4.1

14.1

24.2

5.3

15.1

25.3

6.1

16.1

26.2

7.3

17.1

27.4

8.2

18.4

28.2

9.1

19.3

29.3

10.1

20.2

30.2

Әдебиет:

1. Анализы. Полный справочник. М.: Изд-во: Эксмо, 2006.-768 с.

2. Биохимия: Учебник/ Под ред. Чл.- корр. РАН, проф. Е.С. Северина. М.: ГЭОТАР-Медиа. 2008.-768 с.

3. Мухин Н.А., Моисеев В.С. Пропедевтика внутренних болезней: Учебник. М.- ГЭОТАР-Медиа. 2002.-768 с.



4. Рахимбекова Г.А. Принципы диагностики и лечения патологий гемостаза в клинике внутренних болезней. Астана. 2005.- 50с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет