2 I. Бөлім: Қарым-қатынас және зейін үрдістерін теориялық талдау


Гештальтпсихологиядағы зейін мәселесі



бет2/4
Дата13.06.2016
өлшемі465 Kb.
#133576
1   2   3   4

Гештальтпсихологиядағы зейін мәселесі. Гештальтпсихологиясындағы зейін мәселесіне келсек, олар зейін болмайды деп тұжырымдады. Шынындада бұл теория зейінді түсінуді керек етпеді және олардың шығарған қортындысы бойынша зейін өзіндік көрініс болып табылмайды. Гештальтпсихология қатынастағы фигуралар мен фондардың арасындағы қозғалыстарды зерттей отырып, зейін болмайды деген қортындыға келді. Сонымен Гештальтпсихология аймағында еріксіз зейін ғана ескерілді.(мысалы, мен аудиторияға бір қарағанда бірнәрсе бірінші көрінеді, ал бірнәрсе фон ретінде қызмет атқарады. Бұл менің кейбір перцептивтік белсенділігімнің еріксіз жағы). /39.263-265/.

Зейінге ақпараттық тәсіл. (Информационный подход к вниманию).

Қазіргі кездегі зейінді зерттеудің өте маңызды бағыттарына тоқталамыз.

Яғни, зейінді қазіргі шетелдік және советтік психологияның ақпараттық тәсіл контекстінде зерттеу жайлы айтылып тұр. Ақпараттық тәсіл аймағында зейін селективтілікпен, ақпаратты іріктеумен байланысады.

Зейінге ақпараттық тәсіл аймағында қолданылатын маңызды ұғымдарға «мәнді» және «мәнсіз» ақпараттар жатады. Ақпаратты мәнді және мәнсіз деп бөлу ақпараттық тұжырымдама аумағында зейін актісінің маңызды функциясы болып табылады.



Ауыстырып қосқыш пен оны күрделендіру нұсқауларының моделі.

Осыдан зейін актісіне қатысты көптеген әр түрлі схематикалық көріністерді ұсынады. Зейіннің бірінші сызбасы «ауыспалық үлгісі» деп аталады. Осы сызбаға байланысты субъектінің танымдық белсенділігі келесі жағдай бойынша ұйымдастырылған. Адам үшін ақпаратты бір уақытта түсіретін екі канал бар. Мысалы бұл сіздің жаныңызда тұрған екі адамның бір уақытта сөйлегенде, солардың әңгімесін қабылдауы болуы мүмкін. Бұл жүйенің бірінші звеносы. Яғни сол немесе басқа ақпарат ОЖЖ белгілі бір бөліктерінде бір уақытта әрекет етеді.

Сондай-ақ «ауыспалық» деп аталатын кейбір гипотетикалық қондырғыларда бар. Бұл қондырғы ақпарат келіп түскенде осы екі каналдың сол уақытта қайсысы негізгі болатынын анықтауға арналған. Басқаша айтқанда сол сәтте кімді сіз тыңдасаңыз – сол «ауыспалық» жұмысын қамтамачыз етеді.

Сонымен зейінді зерттеуде ақпараттық тәсіл жайлы айтқанда біз осы тәсілдің келесі өте маңызды ерекшеліктеріне тоқталамыз.

Біріншіден, ақпараттық тәсілдің теоретиктерніне ыңғайлы болатынзейіннің кейбір феномендеріне іріктеу жасалады.

Екіншіден,

Басқа танымдық процестермен салыстырғанда зейін материалдық әлемнің қандай да бір спецификалық формасы болып табылмайды, керісінше адамның маңызды психикалық іс-әрекетінің шарты, оның мақсатқа бағыттылығы мен артықтығы ретінде алға басып, адам іс-әрекетінің өнімділігі мен жемісті ағымына себепші болады.

Сондай–ақ зейін – адамның әртүрлі сенсорлық ақпаратты пайдалану мен қайта өңдеудің, қабылдаудың танымдылығымен қамтамасыз ететін, сондай–ақ адамдардың басқа адамдармен қарым – қатынасындағы іс- әрекеттің мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған танымдық психологиялық процесс.

Өзінің құрылымында зейін біржақты психологиялық көрініс болып табылмайды, ол психологияда қасиет немесе осы сана функциясының жағы деп аталатын әртүрлі көріністермен сипатталады.

Енді зейіннің қасиеттеріне келсек әдетте, оның тұрақтылығын, зейіннің бөлінуін және оның белгілі бір нәрсеге аударылуын, зейіннің көлемін, зейіннің шоғырлануын және т.б ерекшеліктерін айтады.



Зейіннің тұрақтылығы деп адамның белгілі бір іске назарын салып, оған ұзақ уақыт берілуін айтады.

Зейіннің орталық феномені ретінде С.Л.Рубинштейн (1946) психикалық іс-әрекеттің таңдамалылығын, мақсатқа бағытылығын, шоғырлануын бөледі. Психикалық іс-әрекет ретінде зейіннің шоғырлануы зейіннің басқа қасиеттерімен бірлікте болады, және де бірінші кезекте зейіннің көлемі мен шоғырлануын сипаттайтын, екінші комплекстердің қасиеттерімен – көлем мен ауыспалылық..

Сонымен зейіннің шоғырлануы дегеніміз адамның сол сәтте меңгерген немесе қабылдаған, басқаның барлығынан бас тартқан, қандай да бір нәрсеге шоғырлану процесі. Ал психологияда зейіннің көлемі адамның бір уақытта олардың қабылдауының зейініне бағытталған объектісінің саны сияқты анықталады.

Көлем мен шоғырланудың функционалдық өзара қатынасының сипаты өте күрделі болып келеді. Зейін полясының объектілері бір – бірімен өзара мәні бойынша байланысқанда зейіннің көлемі ұлғаяды да, өнімділігі сол деңгейде тұра беруі немесе жоғарлауы мүмкін. Зейіннің тұрақтылығы адам зейінінің шоғырлануын бір әрекет объектісінде ұзақ уақыт сақтаудан тұрады, бірақ зейін процесінің үзілісі болып табылмайды.

Әрекет объектісі мен әрекеттің өзі өзгеруі мүмкін, ал іс - әрекеттің жалпы бағыты сақталады. Зейін тұрақтылығының басқа ерекшелігі зейін тұрақтылығы мен шоғырлануының өзара байланысы болып табылады. «Зейіннің тұрақтылығы зейіннің шоғырлануы сақталатын, яғни оның уақытша экстенсивтілігінің ұзақтығымен анықталады». Зейіннің тұрақтылығы дегеніміз жеткілікті мөлшерде ұзақ уақыт немесе үнемі бір деңгейде көрінетін сақталу ағымы. Егер адамның зейіні тұрақты болса, онда олар ұзақ уақыт бойы өзінің жұмысқа деген қабілетін сақтап, қате жібермес еді. Зейіннің ауыспалылығы мен тұрақтылығы, орналасуы белгілі бір деңгейде зейіннің көлемін анықтайды.

Сондықтан да зейіннің қасиеттері психикалық іс - әрекет процесінде бір – бірімен байланысып, белгілі бір функционалдық бірлікте болады. Зейін қасиеттерін олардың даму деңгейі әр түрлі болған жағдайда ғана тәуелсіз қарастыру маңызды. Адамның зейіні басқа да барлық психикалық функциялар сияқты, сананың туа біткен функциясы болып саналмайды, ол адамның индивидуалды дамуының процесінде дамып, қалыптасады.

Психологиялық зерттеулер көрсеткендей зейіннің қалыптасуы адамның өнімді психикалық іс - әрекетінің реакциясы сияқты адамның онтогенезіндегі жастық кезеңдерімен өзара байланысатын бірнеше қатарлармен сипатталатын күрделі де, ұзақ даму жолынан өтеді.

Студенттер зейінінің ерекшеліктерін зерттеуге арналған мәселелерді А.П.Кашина (1977), В.А.Маликованың (1979) зерттеулерінен байқауға болады.

Қорыта келгенде зейіннің зерттеуімен байланысты теориялық сұрақтарды көптеген шетелдік және советтік авторлар өзінше қарастырды. Яғни осы теориялардан зейіннің психологияның көптеген салаларында маңызы өте зор, әрі адамның күрделі жүйесіндегі функционалдық іс-әрекетпен байланысы да зор екенін байқауға болады.

II Бөлім: Жасөспірімдердің өзін-өзі тану ерекшеліктерін қалыптастырудағы психологтың ролі.

2.1 Жасөспірімдердің өзін-өзі тану ерекшеліктері

Біріншіден адамдарда сыртқы қарым-қатынасты қалыптастыратын ерікті зейіннің жоғарғы формасы қалыптасады. Сондай-ақ осы кезде адам зейін актілерін реттеп отыратын белгілі нормаларды меңгереді. Өзінің жеке зейінін реттеу жайлы белгілі көріністері бар. Айталық көптеген бірлестіктерде қарсыласқа ұзақ уақыт көз аламай қарау әдепсіздік болып саналады. Бұл зейін, сондай-ақ ол үнемі еріксіз болады. Мысалы сіз метрода кетіп баражатырсыз, және ұзақ уақыт біреуден көз алмай қарап тұрсыз. Басқа адамның реакциясы немесе сіздің зейініңіздің объектісі – не ашулану, не түсінбеушілік болады. Неге? Өйткені адамның басқа адаммен қатынасқа түсуіне байланысты зейін салу не салмау жоспарына қатысты саналы қалыптасатын немесе тұрмыстық практикада жинақталатын нормалар бар. Зейін аудару адамдар арасындағы қарым-қатынастың бірінші алғы шарты болып табылады.дегенмен қарым-қатынасты ауқымдырақ қарастырсақ, онда зейінді қарым-қатынас процесіндегі маңызды компоненттердің бірі деп айтуға болады. Бұны қалай түсінуге болады? Яғни біз күнделікті әңгімеде адамдар арасындағы қатынасты жиі бейнелейміз, әсіресе зейін терминіне қатысты алғашқыны. Ол біреуге зейінін «аударады» немесе «аудармайды». Бұл қатынас формасының бірден-бір алғашқы формасы. Немесе керісінше, «өзіне зейін аудару» немесе «аудармау» - бұл да белгілі бір тұлғалық позицияның сипаттамасы. Біреулер мынандай норманы ұстанады, яғни өзіне шамадан тыс зейін аудару жақсы емес, ал басқалары керісінше ойлайды, яғни айналадағы адамдардың зейінін өзіне кез келген құндылықпен аудартуға тырысу керек – киіммен, мініз-құлқымен т.б. Демек, зейін қарым-қатынас процесін сипаттайтын өте маңызды жақ болып табылады.

Адамның қасиеттерін, оның жеке ерекшеліктерін сипаттауда біз үнемі «зейінділік» терминін қолданамыз. Бұл да адамдардың басқа адамдармен әдеттегі қарым-қатынас тәсілінің жалпыланған сипаттамасы. Бұл жағдайға байланысты емес, сол адамның басқа адамдармен қарым-қатынас тәсілінің күнделікті сипаттамасы, демек, тұлғалық ерекшелік.

Зейінсіздікте басқа субъект өте сирек сол адам үшін фигура болып қалыптасады, және жиі бұл фигура сол адамның өзі болады, ал қалғанының бәрі ол үшін фон болып табылады.

Сондықтанда зейін мәселесі тұлға мәселесінің аймағына да қатысты – бұл фигураның фоннан жай ғана бөлінуі сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынас тәсілінің сипаты емес.

Зейін материалдық әлемнің қандай да бір спецификалық формасы болып табылмайды, керісінше адамның маңызды психикалық іс - әрекетінің шарты, оның мақсатқа бағыттылығы мен артықтығы ретінде алға басып, адам іс - әрекетінің өнімділігі мен жемісті ағымына себепші болады.

Сондай –ақ зейін – адамның әртүрлі сенсорлық ақпаратты пайдалану мен қайта өңдеудің, қабылдаудың танымдылығымен қамтамасыз ететін, сондай –ақ адамдардың басқа адамдармен қарым – қатынасындағы іс- әрекеттің мақсатқа бағытталған және ұйымдастырылған танымдық психологиялық процесс.

Қорыта келгенде, зейін адамдардың барлық іс - әрекет түріндегі қарым –қатынасының және күнделікті қарым–қатынасының маңызды психологиялық факторы болып табылады. Зейіннің қасиеттері қарым –қатынас пен адамдардың өзара қатынасының қажетті психологиялық компоненті бола отырып, айналадағы адамдармен байланысының тереңдей түсуіне мүмкіндік туғызады.

Қарым–қатынас процесінде өз ойын жеткізу мен басқа адамның ойын жеткізуде зейіннің маңызы өте зор.


2.2. Студенттік шақтағы зейін мен қарым-қатынастың психологиялық сипаты

Студенттерде зейін дамуының бағыттылығы олардың болашақ мамандығына деген талаптарына сәйкес көрінуі керек. А.И.Богословский зерттеген бірінші курс студенттерінің кейбір психикалық сапаларын бірнеше жылдың ішінде әр түрлі әдістемелермен арнайы зерттелген көрсеткіштері бойынша мектептен студенттер ұжымына көшкен жеткіншектердің зейін ерекшелігіне қарағанда, қызығушылықтары мен дағдылары тез өзгереді. Осы жағдай жоғарғы оқу орнының оқытушыларын бірінші курс студенттерінің жақсы оқуы үшін қажетті сапаларын қалыптастыруға міндеттейді. Зерттеуде студенттердің зейін диапазонының күштілігі 0,7-10-нан 700-900шартты бірлікке тең болды (Добрынин әдістемесі бойынша). Сондықтанда студенттер лекцияны тек тыңдап,жазбайды немесе берілген материалдың мәнін түсінбей, барлығын қатарынан жазып алады. Зейінді қалыптастыруда зейінге сияқты оның қасиеттерінің де кәсіби талаптары ескеріледі. Мысалы оқытушының зейіні жеткілікті түрдегі тұрақтылық, көлем, шоғырланумен сипатталып, жеңіл ауысып, орналасуы мүмкін. Студенттердің іс-әрекетінде әр түрлі зейін қасиеттері көрінеді: тұрақтылық, көлем, шоғырлану, орналасу, ауыспалық. Олардың әрқайсысы өзінше маңызды. Мысалы, тұрақтылық пен шоғырлану студентке сыртқы ортадан кедергі болса да ұзақ уақыт өз жұмысына шоғырлануға мүмкіндік береді. Ал зейіннің тұрақсыздығы мен алаң болушылығы қабылдаудың анықтығын, нақты есте сақтауды, реакция жылдамдығын төмендетеді.

Кейінгі мәліметтер бойынша 18 жастан кейін зейіннің дамуында бірізділік байқалмай, үнемі өзгерістер болып жатады. Зейін функциясындағы бұл өзгерістер оның әр түрлі қасиеттерінде көбінесе эволюциондық сипатты иемденеді. Зейіннің интеллектуалдық және басқа да психикалық процестермен байланысы күшее түседі.

Студенттерде зейін және оның қасиеттерінің қалыптасуы олардың тұлғалыққа, ерікке, еңбек қатынасына бағыттылығының өзара әрекетін болжайды. Ол үшін оларға алдыларында тұрған кәсіби міндетін анықтап алғызу керек. Студенттерде зейін мен зейінділік барлық сабақтарда ұйымшылдық пен дисциплинаны сақтауына байланысты белсенді оқу іс-әрекет процесінде қалыптасады. Яғни зейін студенттердің қоғамдық жұмыстарды, оқу міндеттерін орындауына байланыстыбарлық іс-әрекеттерінің эффективтілігін жоғарлатады.

Ал студенттік шақтағы қарым-қатынас мәселесіне келсек, өзінің жоғарғы көрсеткіштерінде қарым-қатынас айналадағылармен контактқа түсудің рухани қажеттілігі сияқты ілгері басады,сондай-ақ адамдар арасындағы басқа адамдарға оның қоғамдық маңызын айқын көрсетеді.

Оны Ж.Ж.Руссо өзінің «Исповеди» атты еңбегінде бейнелейді: «Менің бірінші ең үлкен, ең күшті қажеттілігім тұтастай менің жүрегімде қортындыланды: бұл мүмкін болатын интимдік жағдайда тығыз қарым-қатынастағы қажеттілік».

Шарты түрде қарым-қатынастағы қажеттіліктің негізгі екі формасын бөлуге болады:


  1. Қарым-қатынас сі-әрекетті ұйымдастырудың тәсілі ретінде;

  2. Қарым-қатынас адамның басқа адамның рухани қажеттілігіне қанағаттануы ретінде;

Ол жастық аспекттеде әр түрлі кезеңдерден өтеді және ол жүйелік тәсіл аймағындада өте қажет. Жастық аспектіні қарастыруда қарым-қатынас қажеттілігінің дамуы әсіресе тәсіл мен «көлем» оның тұлғаны қалыптастыруда қанағаттануы да маңызды.

Әсіресе қарым-қатынастағы қажеттілік студенттердің төменгі курстарында, бірінші курстарда көрінеді. Олардың көпшілігінде жоғарғы оқу орнына түскенге дейінгі жеке контакттар үзіледі (жанұямен, достармен). Үйренбеген жаңа ортада интенсификация (күшейту) болады. Яғни тек басқаны ғана танып қоймай өз-өзін тану да қатар жүреді.

Айналадағылармен үйреншікті өзара қатынастың бұзылуы сирек невротикалық бұзылыстардың көрінуіне әкеледі. Психологиялық кеңес беруде, психотерапияда жұмыс істейтіндердің айтуынша оларға көмек сұрап баратындардың көпшілік проценті 17 ден 25 жасқа дейінгі жастар. көптеген адамдар дәл осы студенттік шақта пайда болған қарым-қатынастың стихиялы стильінің түзетуді қажет ететінін түсіне бастайды. Оларға айналадағылармен өзара қатынастың міндеттерін қайта құруға тура келеді.

Бұл өз кезегінде көп ойланатын жастарды өзін терең түсінуге, өзінің жеке сапаларын, жетістіктері мен жеткіліксіз жақтарын түсінуге, өз-өзін тәрбиелеумен айналысуға итермелейді.

Қарым-қатынастың студенттер өмірінің барлық сферасында, тіпті олардың профессионалдық және әлеуметтік-психологиялық бейімделуіндеде маңызы өте зор. Ерекше зейінді авторлар студенттік шақтағы қатынас пен қарым-қатынас белсенділігіндегі өзара байланыс қажеттілігіне аударды.

Олар әділетті түрде студенттік шақтағы маңызды әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерге міндетті түрде іс-әрекеттің ұжымдық формасына тырысудан туындаған, құрдастарымен интенсивті қарым-қатынас қажеттілігі кіретінін белгілейді.

Сондықтанда студенттердің арасында студенттердің топтық қызығушылықтырын қорғаумен байланысты сондай-ақ хабарлай отырып орындауға болатын ұжымдық бағытта жүретін тапсырмалардың маңызы өте зор. Студенттер коммуникативтік дағдылар қажеттілігінің маңыздылығын, қатынастың дамуын анық меңгереді.

Жоғарғы оқу орнына келген студенттер алғашқы кездерде әр түрлі жағдайлық сензитивті кезеңдерді, жаңа талаптар мен ықпалдарды жоғары қабылдауды басынан өткізеді.

Студенттердің қарым-қатынас стильін қалыптастыруда осы кезеңнің маңызы өте зор, бірақ жиі оны ешкім ешқалай ескермейді. Осы кезеңде ойластырылған педагогикалық өзара әрекеттер маңызды түрде студенттердің әлеуметтік өмірдегі тәжірибелерді меңгеруі, көптеген әр түрлі әлеуметтік топтармен байланысты құру қаблетілікті, жолдастықты, достықты дамытуы, тәжірибемен, ақылымен, мұңымен, көңіл-күйімен бөлісе білуі эффективтілікті жоғарлатады.

Сондықтанда қарым-қатынастың студенттер өмірінің барлық сферасында, яғни олардың профессионалды қалыптасуы, тұлғалық қасиеттерінің дамуы, топта және студенттік ұжымның қалыптасуындағы тұлғааралық қатынастың қалыптылығы, әлеуметтік-психологиялық бейімділігі жағынан алатын орны өте үлкен.



III. Бөлім: Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерінің деңгейін эксперименталды зерттеу

3.1. Эксперименталды зерттеу әдістемесіне сипаттама

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануын) эксперименталды зерттеу. Зерттеу жұмысының міндеттері:



1. Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануын) эксперименталды зерттеуге әдістемелерді таңдап алу.

2. Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттерін (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануын) анықтайтын таңдалған әдістемелерді жүргізетін студенттер тобымен танысу.

3. Зейіннің қасиеттерін (көлемін, тұрақтылығын, шоғырлануын) анықтайтын әдістемелерді таңдалған топтарға жүргізу.

4. Әдістеменің көмегімен алынған эксперименттің нәтижелерін талдау, өңдеу.

Зерттеу жұмысының объектісі:

Қарым-қатынас және зейін теорияларын зерттеу. (Орталық Азия Университетіндегі шет тілдері мамандығының I-ші курс студенттері).



Зерттеу жұмысының болжамы:

Қарым-қатынас үрдісінде зейін қасиеттері (көлемі, тұрақтылығы, шоғырлануы) эффективті түрде орын алғанда қатынас нәтижелі болады.



Жеке болжамдар:

  1. Жасөспірім жасындағы сыналушыларды констатациялы эксперименттен алынған мәліметтері бойынша салыстырғанда зейін қасиеттерінің (көлем, тұрақтылық, шоғырлану) арасында өзгешеліктер бар.

  2. Болашақта жоғарыда аталған зейін қасиеттеріне дамытатын жаттығуларды таңдауға мүмкіндік туғызылады.

Зерттеу жұмысының әдістемелері: 1. Зейіннің көлемін зерттеу.

2. Зейіннің тұрақтылығын анықтау.(Бурдон кестесі)

3. Мюнстерберг әдістемесі.
3.1. Эксперименталды зерттеу әдістемелеріне сипаттама. Әдістеме 1. Зейіннің көлемін зерттеу.

Зерттеуді орындау үшін топ парларға бөлінеді. әрбір зерттеуге қатысушылар мен экспериментатордан тұратын

Соңғысының функциясы хронометриялық пен сыналушылардың мінез құлқын бақылаумен қортындыланады.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін зерттеуге қатысушылардың рөлдері ауысады. Тапсырманы орындау уақыты екі минут.



Нұсқау:

Сіздердің алдарыңызда тестік кесте, онда 25 ерікті орналасқан сандар. Сіз ол сандардыөсу ретіне қарай аналогиялық жұмыс кестесіне жазуыңыз керек. Уақыт шектелгендіктен жылдам жұмыс жасауға тырысыңыз.



Тестік кесте

16

38

98

29

54

80

92

46

56

35

43

21

8

40

2

65

84

99

7

77

13

67

60

34

18



Жұмыс кестесі






















































Әдістеме 2. Зейіннің тұрақтылығын анықтау.

Тәжірибе 1.

Мақсаты: Бурдонның корректуралық кестесінің көмегімен зейіннің тұрақтылығын анықтау.

Материал: Бурдон кестелері.

Тәжірибе жүрісі: тәжірибенің мақсатымен таныстыра отырып, сыналушыларға алдын ала жасалған екі Бурдон кестесі таратылады (пробалық және негізгі тәжірибе үшін).

Бурдон кестесі (пробалық тәжірибе үшін).
Г Х Б П К Ш З П Ю В Р Б Х П А Е Т Д Д Ж С Г Р В Х С Г И К В

Р Г М А И Т К О Б Е М Ф О И Ю Ш Л З Ж В В П Е П А Ч Н В С

Ю Р Х Б Я З Ш И О С В Ч Е Х Т Е С П М Н Н О Ж Х Ш Н А Е Ч

Ж В Л Ю Ф О В П А К Ч М К Ч З Ш А Ж К Я Д Х И С В П Б Ю

П В У Ю ША Т Х С Г М К Р А Т Ю Д Д Р Г Р Л В Р Г Г А М К Е

З О У Б Х Ф П Л Ж Ш Я И С Ю Д Ю Х В Т У Ч П Я И Х Н Л У Т

В Б К О ГЗ М Х Я Я Р Д А Ч Ю Ж С Ф Н П Д С Р К Г А О Ю Д Я
Одан кейін алда тұрған жұмысты хабарлайды: кестенімұқият қарай отырып, тік сызықпен А, М, К, З әріптерін сызыңыз.

«Бастадық» деген бұйрықта барлық сыналушылар жұмысқа кіріседі. «Болды»! деген сөзде оны аяқтайды. Пробалық тәжірибе бір минут жүргізіледі. Бұнда сондай-ақ тік сызықпен А, М, К, З әріптерін сызып шығу керек.Сондай-ақ сыналушыларға әрбір миуттан кейін «птичка қой»!дегенбұйрықболатыны жайлы да ескеру керек. Бұл белгі бұйрық қай әріптің жанында айтылса, сол жерге қойылады. Пробалықтан негізгі тәжірибенің айырмашылығы төрт минут беріледі. 2 және 4 минуттан кейін қосымша тітіркендіргіш енгізіледі. Мысалы метронмен 1минутта 60-80 қоңырау соғылады.



Бурдон кестесі (негізгі тәжірибе үшін)

А М К З

Ю Т Л Е Ф Г Ж И У П Щ С Р Д Е А Т Л Б З К И Н С Я В П М О З А ГН Б П С

ВИ О М Ш С Я С Н Л Ч О Ж В М Ф Е Ю З У Х Д Р Т Г К Б ИА Н Д К Х УТЦ

ГЗ Ш Я Н Б Х Ю А ВЧ Ю Ф Д П С З И Х П Ч Ж Г О Б Ш Ж С ВУА РЛ М ТП

Б Д К ОМ В З С Ю Х Н Г ЯЖ В С Ю И М П Е Т Р Ш У Х К П Л Ж И УЧФРТ

Е З Н Г А Р Х М Ф П У Ю Н К Я З Г Ш В Л П Т Е Б Р Ж Н Ч О К Б Р Ч М С

Д Л ОУ Ж А Г З Д В Ю Я И Ф М С Х У К Ш Л П Т Е Б Р Ж Н Ч О К Б РЧМС

З С Х И Г Х Л Я Ч З Д Е Ж О Ф О Н Б ГУШ Т ЮК М А П И Б Р В Е Н ПАКВ

К РА М О Ч Р П Д Х И Ю П Ж Ш Г В Ф С З Б О Я Ж Х Л Ю В ЕБ Д КТФСУ

Л ПЕ З Б У Т Н В С О Ю М Ю П Ж Е Ш Ж Н В Р Т Х СК Л П АХИ ШДАГЦ

М Т Р Г Ж М Ж У З Х Д Л П А ЕК БР Н Ю И Ч Б Ф Я О Г Т Ш С А Д КОЧХ

ИБ Ф С Е Н С М Ф ЮО Н Я ЯХ Л Р Е А У Д В Ж Т Г Ш В И К Б Л Н П В ЗФ

А У Р Г О Л К Ю Х У Ш ЮМ Н В П С Я С Х Е З Н П Ч О Ж Ф А Ж НТБКДВ

И РЧ З Е К М Н Х Т Ю Ж Ч Б Р В Г С Б Ж П И Ю У Д П Х А Е Н С Ш МЛЗД

Ж М П Д Ж У Ш С Е М П Т О Н Ю А В К Б И Ч Р Л Я У Д Ф З Г К О А Н ГБ

Н Л П Б З Я Ю Б О Ж Х М У Ф Д Т П А Ч Г З С К Е В Р Н Л И Ш И В ТФХЖ

Г А Ж М П Г Т К П У Р О И Д Н В Ч У Л С Я Е Х Ф Б З А Ш Ж М ДКОСШК

Ч Н Л Х Б Н Я О Ч Ш Л Ф Х М С З А Е В П Г Т К И ДЮРБУЮРБУЮРИЗУЯ

МД Т Ф Е К ИГ Ю СХ В ЯГС Ж Д Ж Т Е А П Х Б Р В Ю П З Ш А К О Ш ЯИ

Д В А К Н Х Ю Р Х Л У Ж С В Н Ч П Е П В Ж З Л Ш Ю И С Ф М Е Г И БМР

Б Д К ОМ ВЗ С Ю Х Н Г Я Ж В С Ю И М П Е Т Р Ш У Х К П Л Ж И Ч Ф Р К

И Р Ч З Е К М Н Х Т Ю Ж Ч Б Р В Г С Б Ж П И ЮУ Д П Х А Е Н С Ш ТМЛЧ

Г З Ш Я Н Б Х Ю АВ Ч Ю ФД П С З И Х П Ч Ж Г ОБ Ш З С В У А Р Л МТШ

Л П Е З Б У Т Н В С ОЮ М Ю П Ж Е Ш Ж ИВ Р Т Х С К Л П А Х И Ш Д АГ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет