2 I. Негізгі бөлім



бет13/16
Дата19.01.2023
өлшемі322.32 Kb.
#468545
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Ас орыту физиологиясы

2.2. Ішектегі ас қорыту

12 елі ішектегі астың қорытылуы. Лайықты мөлшерде қорытылған ас қоймалжыңы қарынның ет қабатының және арнайы қарын сфинктерінің босап ашылуымен қарын қуысынан аш ішектің алғашқы бөлімі он екі елі ішекке жылжытылады. Он екі елі ішек ас қорыту жолының аса маңызды бөлігі. Оның ұзын дығы 25-30 см. Мұнда екі үлкен бездерден сөл құйылып, асты қорытуға қатысады. Олар бауырдың өті мен ұйқы безінің сөлі. Сонымен қатар, он екі елі ішектің өз бездері де ішек сөлін өндіреді. Ішек сөлінде белоктарға, майға және көмірсуға әсер ететін барлық ферменттер бар. Бауырдың өті ішектің ішінде майды эмульсияға, яғни өте ұсақ май тамшыларына айналдырады. Бұл май бөлшектерінің ферменттермен жанасу ауданын көбейтеді де қорытылуын тездетеді. Өттің, ұйқы безі мен ішек бездерінің сөлдерінің әсерінен белок, май, углеводтар организмге сіңетіндей түрге ыдырайды.


Ұйқы безі сөлінің құрамындағы трипсиноген ферменті, ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналады. Ұйқы безінің сөліндегі л и п а з а ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахаридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің құрамындағы лактаза ферменті сүттің қанты лактозаны моносахарид лактозаға ыдыратады. Он екі елі ішектегі сөлдің рН 7,5-8,5 тең. Бірақ қарыннан келген ас қоймалжыңы оның белсенді реакциясын рН 4-6-ға дейін төмедетеді.
Ащы ішектегі ас қорыту. Ащы ішектің ұзындығы ересек адамда шамамен 3 м, Асты қорытатын ферменттер ащы және мықын ішектердің кілегейлі қабатының либеркюн бездерінде де өндіріледі. Ішек сөлінде энтерокиназа, аминопептидаза, дипептидаза, белсенділігі аз протеолит тобына жататын липаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза тобына жататын мальтаза, амилаза, лактаза және инвертаза ферменттері бар. Бұлар ащы ішектің қабырғасында ғана әсер етеді де ішек қуысына құйылмайды.
Ұйқы безі балаларда 1 жастан 5-6 жасқа дейін жақсы дамиды. Мұның көрсеткіштері физикалық көрсеткіштері 11-13 жаста, ал қызметі 15-16 жаста ересектермен теңеседі. Осындай өсу және даму қарқындары бауырда да байқалады.
Ішек бүрлерінде астың қорытылуы. Ішектің қабырғасының кілегейлі қабатында
биіктігі 1-2 мкм цилиндр іспетті ішек эпителиінің микробүрлері болады
Олардың саны оте көп — 1 мм ішектщ қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлері болады. Микробүрлердің арасындағы қуыстарда ішек сөлінің ферменттері көптеп шоғырланған, олардың концентрациясы ішек қуысындағы сөлдегіден анағүрлым жоғары, сондықтан мұнда ас қорыту өте күшті жүреді. Сонымен қатар, микробүрлердің беті астың қорытуынан пайда болған заттардың қанға және лимфаға сіңуін жеңілдетеді. Ас қорытудың осы ерекшелігін мембрандық ас қорыту дейдій Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады. Тоқ ішек кілегей шырыш өндіреді. Аш ішектің сөлінің ферменттері аттас белсенділігі аз ферменттер тоқ ішектің ащы ішекпен шектес жерінде аздап өндіріледі.
Тоқ ішекте бактериялардың әсерінен көмірсу мен белоктар шіриді. Белоктардың шіруінен бірнеше улы заттар — индол, скатол, фенол т. б. пайда болады да, қанға сіңеді. Ішектен шыққан қан тамырлары алды-мен бауырға барады да, онда улы заттар усыздандырылады, яғни бауыр кедергілік қызмет атқарады. Мұнда улы заттардан организмге қажетті усыз заттар түзіледі.



Сіңу. Белоктар пептидтер, амин қышқылдары, нуклеозидтер мен нуклеотидтер түрінде қанға сіңеді. Сіңгек заттар қан арқылы клеткалар мен ұлпаларға тасылады. Май аз мөлшерде түйіршіктері мейлінше ұсақ эмульсия ретінде лимфа тамырына сіңеді. Май тамшыларының үлкендігі 0,5 мкм-ден аспауы тиіс. Ал майдың көбі липаза ферментімен ыдыратылғаннан кейін глицерин мен май қышқылдары ретінде сіңеді. Майдың сіңуінде бауырдың өтінің маңызы үлкен. Ол майды ұсақ май тамшыларына айналдырады да, ішек қабыр-ғасынан өтуіне мүмкіндік жасайды. Және май қышқылдары мен глицерин өттің құрамындағы заттармен қосылып мицеллаға айналады, олар ішек эпителиінен оңай өте алады. Осы құбылыс кезінде босаған өт қышқылдары қанға сіңеді де, қан тамыры арқылы бауырға барады. Сөйтіп май өнімдерін тасуға көмектескен өт қышқылдары қайтадан өз қызметін орындауға дайын болады. Мөлшері аз болғанымен (3,0-3,5 г) өт қышқылдары бір тәулікте 70-100 г май қышқылдарын тасуды қамтамасыз етеді. Ішектің бүрлерінде нейтральді майлар өндіріледі де, олар ішек қабырғасындағы лимфа жүйесіне хиломикрон түрінде өтеді.
Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары
4-сурет. Улы саңырауқұлақ.

Сапасы төмен және көп тұрып бүліне бастаған азық-түліктерді пайдалану тамақтан улануға соктыруы мүмкін. Мұндай жағдай көбіне тұрып қалған шұжықтарды, сүрлемелерді, улы саңырауқүлактарды пайдалану кезінде байқалады. Қарын және ішек аурулары кейде ауру қоздырғыш микробтар арқылы да таралады. Ондай микробтар кайнамаған су ішкенде, таза жуылмаған көкөністер мен жемістерді жегенде ағзаға түседі. Таза жуылмаған ыдыстарды пайдаланғанда немесе қолды таза жумаған кезде де микробтар ағзаға түсуі мүмкін. Ішекке түскен микробтар тез көбейін, өздерінен улы заттар бөледі де, ағзаны улайды. Қарын мен ішектің қауіпті ауруларына - дизентерия (сатқақ), іш сүзегі, тырысқақ және т.б. аурулар жатады. Бұл аурулардың көпшілігінде дене қызуы көтеріледі, құсады, ішек қызметі бұзылып, іш өтеді. Бұл кезде адам өздігінен емделмеуі тиіс. Ауру белгілері біліне бастағаннан-ак дәрігерге көріну қажет. Кейбір ауру қоздырушы микробтар көбіне сілекейдің, қарын сөлінің, өттің әсерінен тіршілігін жояды. Тіршілікке ерекше бейім микробтар ішекке түсуі де мүмкін. Мұндай микробқа тырысқақ ауруының қоздырғышы - тырысқақ вибрионын жатқызуға болады. Оның пішіні үтірге ұқсас. Ол сулы ортада ұзақ уақыт тіршілік етуге әбден бейімделген және тіршілігін ұзақ уақыт жоймайды. Тырысқақ вибрионына хлорлы әк тез әсер етеді. Сондықтан да тырысқақ індеті таралған жерде алдымен қолды сабынмен жуады. Одан кейін арнайы дезинфекциялық ерітіндімен қолды шайып, артынан таза сумен жуады. Тырысқақ ауруының микробтары аш ішекті, сатқақ микробтары тоқ ішекті зақымдайды. Ішек-қарын ауруларын көбіне тағам қалдықтарымен қоректенетін шыбындар, тарақандар таратады. Олар тағамдарды әр түрлі ауру қоздырғыш микробтармен, ішек құрттарының жұмыртқаларымен ластайды. Сондықтан да тағамдарды тоңазытқышта, арнайы ыдыстарда, қораптарда сақтау керек. Бунақденелілердің жаппай көбеймеуі үшін пәтерлерде, үйлерде, аулаларда гигиеналық ережелерді қатаң сақтау қажет.
Ішекте болатын құрт аурулар Адам ағзасында пішіні мен мөлшері түрліше ішек құрттардың тіршілік етуі мүмкін. Ішек құрттарының көпшілігі жабайы және үй жануарларының ішкі мүшелерінде тіршілік етеді. Ішек құрттары өз иелеріндегі дайын тағамдық заттармен қоректеніп, у бөледі. Бөлінген у ағзаны улап, түрлі ауруға шалдықтырады. Ішек құрттарымен зақымданган ауруларға тән белгілер: тез шаршайды, басы ауырады, лоқсиды, құсады. Кейде қаназдық ауруына да шалдығуы мүмкін. Ішек құрт аурулары кейде сырттай білінбегенімен, адам ағзасына көп нұқсан келтіреді. Адам ағзасы көбіне таспакұрттар, ішексорғы, қылқұрттар, эхинококкпен зақымданады. Ішек кұрттар өте өсімтал келеді. Олардың жұмырткалары көбіне шыбындар арқылы таралады. Қолды таза жумау, көкөністер мен жемістерді жумай жеу де ішек құрттарының таралуына себеп болады. Ішек құрттары жабайы және үй жануарлары арқылы да таралады. Етті, балықты шала пісірген кезде де, ішек құрттары тіршілігін жоймайды. Балаларда қылқұрттар кір қол, тырнақтары, лас киім, төсек-орын арқылы таралады. Ішек құрттарынан сақтану үшін әрбір адам өзінің жеке басының тазалығына зор мән беру қажет. Сонымен бірге көпшілік орындарда (мектепте, аулада және т.б.) да гигиеналык талаптар катаң сақталуы тиіс.




Тағамнан улану
5-сурет. Эхинококк.

Тағаммен улану тез арада байкалады. Тамақпен уланудың басты белгілері: іш ауырады, локсиды, құсады, іш өтеді, жалпы әлсіздік байқалады. Кейде адамның дене кызуы көтеріледі. Тамақпен уланған кезде алғашқы көрсетілетін жедел жәрдем - ішекті, қарынды жуып тазалау. Ішті тазалау үшін жылы суға ас содасын (кейде марганцовка ерітіндісін) косып ішкізеді. Бұл кезде бір стакан суға толық бір шай қасық ас содасы араластырылады. Ішті тазалауды бірнеше рет қайталау керек. Іш тазаланғаннан кейін ауру адамға қою шай беріп, төсекке жатқызады. Тамақтан уланудан сақтану үшін: тағамдық заттарды көбіне тоңазытқышта ұстау; жылы жерде сақталған шұжық, қалбырлы ыдыстағы сүрлемелерді пайдаланбау керек. Кейде білместіктен улы саңырауқұлақтарды пайдаланудан да уланып калады. Сондықтан да саңырауқұлақ жинағанда өте абай болу керек. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды алдымен тазалап, жуып, содан кейін қайнатады. Қайнатылғаннан кейін ғана қуыруға, тұздауға болады. Кейде балалардың білмегендіктен улы өсімдіктердің тұқымдары мен жемістерін жеп улануы да мүмкін.


Асқорыту.
Қоректік зат клеткалардың өсіп-өнуі мен дамуы үшін және организмнің тіршілік әрекетіне қажетті энергия көзі. Азык-түлік өсімдіктер мен жануарлардан алынып, өңдеу нәтижесіндегі адам керегіне айналатын заттар.Ас қорыту мүшелерінің жүйесі ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерінен тұрады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ұлтабар ас қорыту жолы болып табылады. Ас қорыту жүйесінің қызметі: секреторлық- ас қорыту сөлін шығару (сілекей, қарын сөлі, қарын асты сөлі, ішек сөлдері); қозғалыс ас қорыту жолдары арқылы қоректі ұстау) және араластыру; сіңіру - қоректік заттардың, судың, минералды заттардың қан мен лимфаға өтуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет