2 I. Негізгі бөлім


Тамақтың құрамындагы заттардың



бет10/16
Дата19.01.2023
өлшемі322.32 Kb.
#468545
түріҚұрамы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Ас орыту физиологиясы

Тамақтың құрамындагы заттардың физикалық және химиялық қорытылуының нәтижесінде олар жай және еритін заттарға айналады да, ас қорыту мүшелерінің қабырғасы арқылы қанға сіңіп, қанмен күллі клеткаларға тасылады. Организмде түрлі ас қорыту сөлдерінің катысуымен белоктар амин қышқылдарына, майлар -глицерин мен май қышқылдарына, ал күрделі көмірсулер жай қанттарға (глюкоза және басқалар) ыдырайды. Мұндай химиялық өзгерістер ас қорыту сөлдерінің құрамындағы ферменттердің әсерінен болады. Ферменттер — адам организмнің өзінде түзілетін биологиялық катализаторлар. Олар өте белсенді белоктардан тұратын ерекше заттар. Олардың әрқайсысы белгілі бір арнайы қасиетті заттарға, заттар тобына, молекуладағы химиялық байланысқа ғана әсер етеді. Ферменттердің әсерінен еіңбейтін, ерімейтін күрделі заттар еритін, оңай сіңетін жай заттарға айналады.


3-сурет. Қарын

Ас қорыту жүйесінің мүшелеріне: ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, ас қазаны (қарын), ащы ішек пен тоқ ішек, бауыр мен ұйқы (қарын асты) бездері жатады.




ІІ. Ауыздағы ас қорыту және оның жас ерекшеліктері

Ауыз қуысындағы ас қорыту, оның маңызы. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады, мұнда тамақтың дәмі, температурасы, басқа да қасиеттері анықталады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақ талады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Астың әрі қарай қорытылуы оның шайналу дәрежесіне сай болады. Егер ас жеткіліксіз шайналса, онның құрамындағы қоректік заттар толық қорытылмайды, сіңуі де нашар болады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады. Сондықтан тамақты мұқият ұзақ шайнайтын адамдарға азғантай тамақ жеткілікті болады да, шала шайнайтын кісіге ондай мөлшер жеткіліксіз болады. Тамақты шайнап, ұсату — ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және үрт қатысады. Тістер тамақты шайнап ұсақтайды, тіл шайналған асты қозғалтып, сілекеймен араластырады да, жұтқыншаққа қарай жылжытады. Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың алғашқы уақытша, яғни сүт тістері шыға бастайды да, 3 жаста 20 сүт тісі түгел шығады. Сүт тістер ұсақ және борпылдақ келеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістері шыға бастайды. Тұрақты лары 32 тіс, 28 тіс 15-16 жаста, ең соңғы 4 ақыл тісі 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет