жүктіліктің 11 апта 0 күнінен бастап 13 апта 6 күнге дейін құйымшақ төбе 45 мм-ден 84 мм-ге дейін болған кезінде;
жүктіліктің 19 апта 0 күнінен бастап 21 апта 0 күнге дейін;
жүктіліктің 30 апта 0 күнінен 32 апта 6 күнге дейін.
13. Пренаталдық скринингтің бірінші кезеңінде ультрадыбыстық скрининг жүргізу кезінде ұрықтың хромосомдық патологиясының және (немесе) ДТК ультрадыбыстық маркерлері анықталған кезде жүкті әйел жүктілікті ұзартудың орындылығы туралы мәселені шешу мақсатында ұрыққа ультрадыбыстық зерттеу жүргізу және (немесе) ИПД жүргізу және (немесе) мультидисциплинарлық пренталдық консилиум жүргізу үшін көрсетілімдерді айқындау мақсатында "Медициналық генетика" мамандығы бойынша дәрігерге пренаталдық скринингтің екінші кезеңіне жіберіледі.
Бұл жағдайда облыстық деңгейде босандыру қызметтерін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің (объектілерінің) қашықтықтан медициналық қызметтерді пайдалана отырып, "Медициналық генетика" мамандығы бойынша дәрігердің және (немесе) қашықтықтан мультидисциплинарлық пренаталдық консилиумын жүргізуге жол беріледі.
14. Бірінші, екінші, үшінші триместрдің ультрадыбыстық скринингінен және бірінші триместрдің аралас тестінен өту және нәтижелері туралы ақпаратты "Акушерия және гинекология" немесе "Жалпы медицина" мамандығы бойынша дәрігер немесе "Акушерлік іс" мамандығы бойынша орта медицина қызметкері "Бекітілген халық тіркелімі" электрондық порталының "Жүкті және фертильді жастағы әйелдер тіркелімі" МАЖ-ға енгізеді.
15. Екінші кезеңдегі пренатальды скрининг шаралары мыналарды қамтиды:
туа біткен және тұқым қуалайтын аурулары бар балалардың тууы бойынша "қатер" тобындағы жүкті әйелдерге медициналық-генетикалық консультация беру;
"Ультрадыбыстық диагностика" мамандығы бойынша кемінде үш сараптамалық сыныпты және (немесе) дәрігерлер консилиумын растайтын ультрадыбыстық зерттеу жүргізу;
бірінші триместрдің аралас сынағы үшін АСМ талдау;
көрсеткіштер бойынша ИПД жүргізу;
Достарыңызбен бөлісу: |