6) уақтылы вакцинациялау жүргізуге жәрдемдеседі;
7) баланың өміріне, денсаулығына, қауіпсіздігі мен дамуына қауіп төнгенде әлеуметтік тәуекелдерге бастапқы баға береді және тәуекелдер анықталған жағдайда ол туралы МСАК көрсететін МҰ-ның әлеуметтік қызметкерін хабардар етеді;
8) қосымша көмекті қажет ететін нәрестелерді анықтайды және олар үшін жеке баруларды жоспарлайды (туған кездегі дене салмағы төмен балалар, АИТВ-мен ауырған немесе жұқтырған аналардан туған балалар).
27. МСАК қызметкерінің немесе жалпы дәрігерінің ерте жастағы балаларға үйге патронаждық бару кезіндегі іс-қимыл алгоритмі
45. Ерте шақтағы балаларға патронаждық бару кезінде мейіргер ісінің маманы:
1) қауіптіліктің жалпы белгілерін, аурудың негізгі симптомдарын бағалайды (жөтел, диарея, қызу көтерілу және басқалар), анемияның бар болуын немесе салмақтың төмендігін тексереді; депрессияны анықтау мақсатында ананың (ата-анасы немесе заңды өкілінің) көңіл күйіне, жасына байланысты баланың қажеттіліктеріне баға береді; жарақаттану мен жазатайым оқиғалар тұрғысында үй жағдайының қауіпсіздігіне баға береді, баланы жақтырмаушылық белгілері мен оған қатал қарау, зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты белгілерге баға береді;
2) табиғи, моторлық, психоәлеуметтік дамуына мониторинг жүргізеді;
3) жаңа босанған әйелден хал-жайы туралы сұрайды (шағымы, сүт безінің жағдайы, физикалық белсенділігі, тамақтануы, ұйқысы, контрацепция), одан 6 айға дейін тек қана емшекпен қоректендіру, қосымша тамақ беруді 6 айында енгізу мәселесі бойынша сұрайды;
4) ата-ананы немесе заңды өкілін баланы ойын, сөйлесу, оқу арқылы дамуына көмектесуге үйретеді; гигиена мәселесі, бала тәрбиесіне ата-анасының екеуінің (бар болған жағдайда) де бірлесе қатысуына, медициналық көмекке шұғыл жүгінуі қажет аурудың қауіпті белгілерін білуге үйретеді;
5) балалар жасындағы аурудың белгілері туралы (жөтел, диарея, температура және басқа) ата-ананы немесе заңды өкілін хабардар етеді және олар туындаған жағдайда консультация береді;
Достарыңызбен бөлісу: |