17. МСАК ұйымдары жүргізеді:
1) балаларға консультациялық, диагностикалық, емдік көмек көрсету, динамикалық байқау;
2) патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделіне сәйкес жүкті әйелдердің, жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балалардың патронажы және белсенді қарап-қадағалау;
3) "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысымен бекітілген профилактикалық егулердің мерзімдеріне сәйкес вакцинациялауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;
4) көрсетілімдері болған жағдайда балаларды бейінді мамандардың консультациясына жіберу;
5) жіті және созылмалы ауруларды анықтау, шұғыл және жоспарлы емдеу іс-шараларын уақтылы жүргізу;
6) көрсетілімдері болған жағдайда балаларды тәуліктік стационарларға, күндізгі стационарға жіберу және үйде стационар ұйымдастыру;
7) диспансерлік есепте тұрған созылмалы аурулары бар балаларды динамикалық бақылау, емдеу және сауықтыру;
8) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
9) № 704 бұйрыққа сәйкес жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балалардың скринингін жүргізу;
10) мектепке дейінгі немесе мектеп мекемелеріне барар алдында балаларды сауықтыруды ұйымдастыру;
11) дұрыс тамақтану, балалар ауруларының профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ата-аналармен және отбасы мүшелерімен немесе баланың заңды өкілдерімен ақпараттық жұмыстар жүргізу.
35. Жүкті әйелдерді амбулаториялық жағдайда бақылауды регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері (НҚА).
Амбулаториялық жағдайда акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету МҰ меншік нысанына қарамастан жүзеге асырылады.
15. МҰ акушер-гинеколог дәрігері жүктілік кезінде, босанғаннан кейін (антенатальды және постнатальды бақылау) әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмекті, диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес барлық жас топтарындағы гинекологиялық аурулардың диагностикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады және көрсетеді, репродуктивтік денсаулығын нығайту және отбасын жоспарлау жөніндегі іс-шараларды, сондай-ақ профилактикалық тексеріп-қарап, бақылауды жүргізеді.
16. Кодекстің 81-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әйел жүктілікке байланысты бірінші рет жүгінген кезде және оны сақтауға тілек білдірсе, акушер-гинеколог дәрігер жүкті әйелдің немесе оның заңды өкілінен ерікті келісімін алғаннан кейін:
1) жүкті әйелде немесе оның туыстарында "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) әлеуметтік мәні бар және соматикалық аурулардың болуын, көп ұрықты жүктілікті, дамудың туа біткен ақаулары мен тұқым қуалайтын аурулары бар балалардың туылуы туралы мәліметтерді анықтауға, анамнезді мұқият жинайды;
Достарыңызбен бөлісу: |