19) келесі келу күнін жүкті әйел жүктілік бойынша есепке қойылған күннен бастап 7-10 күннен кейін белгілейді;
20) жүкті әйелді жүктілік бойынша есепке қойған күні терапиялық учаскедегі жүкті әйелдерді тіркеу журналына жазба түрінде учаскеге деректерді береді; жүкті әйелді терапевтке, жалпы практика дәрігеріне және патронаждық мейіргерге жібереді.
36. Оңалту (реабилитация), анықтама және кезендерінің сипаттамасы оңалту – пациент организмінің функцияларын сақтауға, бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені; Медициналық оңалту үш кезеңді қамтиды: 1) бірінші кезең – аурудың жіті, жітілеу кезеңдерінде, сондай-ақ, операциялық араласулар және жарақаттар кезінде медициналық оңалту реабилитолог дәрігердің консультациясынан кейін асқынулардың профилактикасы және функционалдық қалпына келтіруді жеделдету үшін клиникалық хаттамаларға сәйкес негізгі ауруды емдеу шеңберінде мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін стационарлардың құрылымдық бөлімшелерінде ( реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде немесе мамандандырылған бейінді бөлімшеде) жүргізіледі. Бірінші кезеңде іс-шараларды өткізуді медициналық оңалту мәселелері бойынша оқудан өткен реабилитолог дәрігер және (немесе) бейінді маман жүзеге асырады. Негізгі ауруды медициналық оңалту өмірлік маңызды функциялар тұрақтанғаннан кейін жүргізіледі.
екінші кезең – медициналық оңалту мамандандырылған бөлімшелерде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарынының оңалту төсектерінде, мамандандырылған оңалту орталықтарында, көп бейінді стационарларда жүргізіледі. Екінші кезең мультидисциплинарлық топ (бұдан әрі – МДТ) мамандарының қатысуымен өмір сүру мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектеулерінің халықаралық сыныптамасы (бұдан әрі – ҚХС) өлшемшарттарының негізінде нозология, пациент жағдайының ауырлық дәрежесіне, биоәлеуметтік функциялардың (бұдан әрі – БӘФ) бұзылуына байланысты емдеу ұзақтығымен аурудың басталуынан (операциялық араласудан) кейін 9 айдың ішінде өткізіледі. Бір емдеу курсының ұзақтығы және екінші кезеңнің еселігі реабилитолог дәрігердің немесе ОБШ бойынша МДТ қорытындысы, ҚХС өлшемшарттары бойынша, пациент жағдайының ауырлық дәрежесі бойынша анықталады. Екінші кезеңнің ішінде медициналық оңалтудың бірнеше курстарын өткізген кезде әрбір курс жаңа жағдай деп есептеледі. Екінші кезеңнің курстары арасындағы интервалдың ұзақтығы 30 күннен аспайды. Медициналық оңалтудың екінші кезеңіне жолдама жасау кезінде ақпараттық жүйеде қос кодтау пайдаланылады: негізгі диагноз ретінде негізгі диагноздың немесе операцияның коды көрсетіледі; диагнозды нақтылайтын – осы Қағидалардың 12- қосымшасына сәйкес XXI класс (Z) тізбесінен код.