2 жастағы баланың тілін қалай дамытуға болады?


«Жаңбыр» өлеңдерін жатқа айтуға үйрету. «Бауырсақ», «Шұбар тауық»



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата23.03.2024
өлшемі0.86 Mb.
#496335
1   2   3   4   5
2 жастағы баланың тілін қалай дамытуға болады

«Жаңбыр» өлеңдерін жатқа айтуға үйрету. «Бауырсақ», «Шұбар тауық»,
«Шалқан», «Түлкі мен тауық», «Үш аю» атты ертегілерді тыңдап
сахналауға баулу.
Тәрбиеші балалармен заттармен, үстел үсті және сөздік ойындарды
әртүрлі бағытта түрлендіріп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын
ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы:
«Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың
жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз».
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады.
Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет
тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер»,
«Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта».
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап
айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз
ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш
сөз ата».
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына
ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде
сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді
таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз
нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік
қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін
дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу,
ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал,
заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып
табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі,
балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет