ең алдымен, ересек адамдармен әңгімелесуде қолдана бастайды. Бұл
жастағы балалар суреттегі өздеріне жақсы таныс қарапайым сюжеттерді
түсініп қана қоймай, сонымен бірге ересектердің кейбір сұрақтарына
жауап бере алады. Бала үшін тіл қоршаған ортамен қарым-қатынас
жасау құралы, ал ересектердің тілі балаларды тәрбиелеудің негізгі
құралы болып табылады.
Бала үшін ойынның және заттармен әрекет жасаудың алар орны ерекше.
1
Өмірінің екінші жылында бала ойында заттармен манипуляция жасаумен
айналысуды жалғастырады, мысалы, алмалы-салмалы ойыншықтармен
ойнайды, текшелерді бірінің үстіне бірін қояды, пирамида діңгегінен
шығыршықтарды алып, қайта кигізеді. Заттармен әрекет жасай отырып,
олардың қасиеттерімен танысады. Заттармен әрекет жасау еліктеу
қабілеттері мен қол қимылдарының үйлесімді дамуының арқасында
біртіндеп күрделі сипатқа ие болады. Бала кірпіштерді қырымен қояды,
«үй», «гараж» құрастырады, таныс заттарды (поезд, орындық) атайды
және тағы басқа заттарды қолдана отырып, салыстыруға, теңестіруге
үйренеді, яғни іс-әрекетті ойлана отырып жүргізеді. Балалардың тілін
дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде
ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы
нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір
ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына
ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала
болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен
байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол өзін еркін
ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін
білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген
Достарыңызбен бөлісу: |