2. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері



бет7/8
Дата06.11.2023
өлшемі0.57 Mb.
#482431
1   2   3   4   5   6   7   8
ДҚБЖ

1-қадам: Ашылған сұхбаттық терезеде кестелер үлгісі тізімінен таңдалған өрістер үлгісіндегі тізімінен жаңа кестеге қажетті өрістерді таңдап Әрі қарай (Далее) батырмасын шертеміз (11-сурет);
2-қадам: Ашылған сұхбаттық терезеде кестеге жаңа атау беріп, оның кілттік өрісін анықтау режиімдерінің бірін таңдап Әрі қарай батырмасын шертеміз. Кілттік өрісті анықтау режимінің екі жағдайы бар: автоматты түрде анықталатын; құрастырушының өзі анықтайтын. Яғни біріншісінде, үнсіздік бойынша программаның өзі анықтайды, екіншісінде құрастырушының өзі сұхбаттық терезе сұрақтарына жауап бере отырып анықтайды (11- ә) сурет). Кілттік өрісті автоматты түрде анықтауға мүмкіндік берейік, ал өрістің атын Байланыстар деп өзгертейік;


а)Кесте шеберінің 1-ші қадамы. ә) Кесте шеберінің 2-ші қадамы.


б) Кесте шеберінің 3-ші қадамы. В) Кесте шеберінің 4-ші қадамы.
11-сурет. Кесте шеберінің көмегімен кесте құру.

3-қадам: Кестені басқа кестелермен байланыстыру мүмкіндігін беретін сұхбаттық терезе ашылады.Программа барлық өрістерге кілттік өрістері бойынша талдау жасайды. Егер олардың ішінде осы құрылып жатқан кесте өрістерімен аттас өрістері бар кестелер кездессе, онда оларды осы жаңа кестемен байланыстырады. Ал, егер ондай кестелер табылмаса, онда бұл терезеде олардың атаулары алдына байланыспаған сөзі тіркелген тізім көрінеді (мысалы:не связана с «Таблица 1» және т.б.). Кестелер арасындағы байланысты қолданушының өзі анықтауына болады. Ол үшін Байланыстар (Связи) батырмасын шерту керек. Байланыс жұмысы аяқталған соң Әрі қарай батырмасы басылады;
4-қадам: Шебер жұмысы аяқталғаннан кейін орындалатын мынадай үш режимнің бірі таңдалады:
1) кестелер құрылымын өзгерту – жаңа кесте үшін құрастырушы режимі ашылады;
2) берілгендерді кестеге тікелей енгізу – жаңа кесте кесте түрінде ашылады;
3) берілгендерді Шебер көмегімен құрылған форма арқылы кестеге енгізу – жаңа кесте үшін шебер қарапайым қалып (форма) құрастырады.
Терезеде осы режимдердің қажеттісі таңдалған соң Дайын (Готово) батырмасы басылады (12-сурет).

12-сурет. Шебер көмегімен құрылған Байланыстар кестесі.

Кестелерді сырттан әкелу (импорттау) режимі – MS Access программасының әр түрлі форматтағы басқа файл мәліметтерін ДҚ мәліметіне айналдыру. Берілгендерді импорттау арнайы Шебер арқылы орындалады (13-сурет).

13-сурет. Кестелерді сырттан әкелу (импорттау) режимі.

Бұл режим параметрлерді анықтаудан бастап алты қадамнан тұратын Шебер терезелерінде қажетті таңдауларды орната отырып, ең соңғы терезедегі Дайын (Готово) батырмасын басумен аяқталады. Сонда бастапқы алынған файлдағы мәліметтер MS Access ДҚ-ның мәліметтеріне айналады. Сонымен, импорттау процесінде Access кестесінің өрістері анықталып, ондағы мәліметтер сырттағы басқа файлдан алынады.


ДҚБЖ-нің негізгі артықшылығы жеке кестелермен емес, өзара байланысқан кестелер тобымен жұмыс істеу кезінде көрінеді. Access–те кестелер арасындағы байланыстарды құру үшін Берілгендер схемасы (Схема данных) деп аталатын арнайы сұхбаттық терезе бар. Бұл терезені СервисБерілгендер схемасы (Схема данных) командасымен немесе саймандар тақтасында батырмасын шерту арқылы ашуға болады (14-сурет).

14-сурет. Берілгендер схемасы терезесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет