2-модуль. ТҰЛҒаның мотивациялық сферасының теориялық негіздері 2-ДӘріс. ТҰЛҒаның мотивациялық сферасы оқытушы Айдосова Ж



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата07.02.2024
өлшемі378.02 Kb.
#491016
  1   2   3   4   5   6   7   8
2-дәріс



2-МОДУЛЬ.ТҰЛҒАНЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СФЕРАСЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
2-ДӘРІС. ТҰЛҒАНЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ СФЕРАСЫ 
 
Оқытушы Айдосова Ж. 
 
Мотив (латын тілінде movēre - қозғаушы, итермелеуші) - адамды белгілі бір 
іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіліктері мен 
мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, 
мақсат ұғымдарымен үндес. Мотивті жүзеге асыру тұлғалық әрекетке бағыт 
береді. Табиғи және қоғамдық ортаның талаптары адамның мотивтерін жүзеге 
асыру кезінде ерік-жігер жұмылдыруды қажет етеді. 
Мотив - адамды айқын әрекеттерге шақырады. Мотив адамның ішінде 
болады, "арнайы " мінез-құлығы болады, адамның сыртқы және ішкі күшіне 
әсер ететін факторларға тәуелді, сонымен қатар оған параллель әрекет ететін 
басқа мотивтерге де тәуелді. Адам өз мотивіне ықпал ете алады, ол оны 
көтермелей алады немесе кейбір бәсекелестіктерді алып тастай алады. 
Мотивация ұғымы бұл басқарушылық әрекет мәселесімен өте тығыз 
байланысты. Жаңа экономикалық қатынастар өткен кезеңдерге байланысты 
жұмыскерлерге жаңа талаптар қояды. Бұл тек қана таңдау емес, бұл кадрларды 
оқыту және орналастыру,және де жаңаша ойлау қабілеті. 
Мотивация - бұл жеке тұлғаны немесе топтың ішкі немесе сыртқы әсерлер 
ықпалынанөз қажеттіліктерін қанағаттандыру жәнеұйымның мақсатына жету 
процесі. Бұл міндеттерді шешу үшін мотивацияның әр түрлі әдістері 
қолданылады. Ең бірінші және ең көп тараған әдіс бұл жазалау және кешіру 
әдісі. Бұл әдіс көбінесе өзқажеттіліктерін қанағаттаныру үшін қолданылады. 
Мысалы, жұмысты кешке қарай бітіру өте қажет болса, онда бұл сізге стимул 
береді немесе сіз бәрібір кешке қарай кетіп қаламын, ал жұмысты сосын 
аяқтаймын десеңіз, стимул одан да күштірек болады. 
Бірақ бұл әдіс уақыт өтісіменәкімшілік жүйе мен экономикалық мақұлдауға
және стимулға айналып кеткен. Адамдық фактордың көтерілуімен 
психологиялық мотивация әдістері пайда болады. Психологияның көз қарасы 
бойынша, мотивация - адамды белгілі бір мақсатқа тарту күші немесе 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет