2-модуль. ТҰЛҒаның мотивациялық сферасының теориялық негіздері 2-ДӘріс. ТҰЛҒаның мотивациялық сферасы оқытушы Айдосова Ж



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата07.02.2024
өлшемі378.02 Kb.
#491016
1   2   3   4   5   6   7   8
2-дәріс

Мотивация теориялары 
Мотивацияның мазмұндық теориялары бірінші кезекте адамдарды 
әрекеткеитермелейтін қажеттіліктерді анықтауға бағытталған. Мотивацияның 
қазіргізаманғытұжырымдамаларының ең негізін қалаушылардың ішінен үш 
адамды 
атапайтуға 
болады. 
Олар: 
Абрахам 
Маслоу, 
Фредерик 
ГерцбергжәнеДэвидМакКлелланд. 
1. Маслоудың қажеттілік теориясы (иерархиясы) 
Американ психологы Абрахам Маслоу жасап шығарған кең танымал 
және көп қолданылатын қажеттіліктер теориясы мына негізгі идеялардан
және алғышарттардан тұрады: 
- Адамдар үнемі белгілі бір қажеттіліктерді сезінеді; 
- Адамдар қатты сезілетін қажеттіліктердің жиынтығын байқайды; ол
қажеттіліктер бөлек топтарға бірігуі мүмкін; 


- Қажеттіліктер топтары бір – бірімен иерархиялық қатынаста
орналасады; 
- Қажеттіліктер қанағаттанбаған жағдайда олар адамдарды белгілі
бір іс–әрекеттерге итермелейді; 
- Егер де бір қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнына 
қанағаттандырылмаған басқа қажеттілік пайда болады; 
- Жоғары деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер 
жалпы түрде қанағаттандырылған соң белсенді түрде адамға әсер ете
бастайды; 
- Жоғары деңгейдегі қажеттілік тертөменгі деңгейдегі қажеттіліктерге 
қарағанда амалдардың көп мөлшерімен қанағаттандырылуы мүмкін; 
Маслоудың теориясы бойынша қажеттіліктерді бес топқа бөлуге болады: 
1. Физиологиялық қажеттіліктер: тамақ, демалыс, баспана және тағы 
басқалар. Оларды қанағаттандырудың негізгі құралдарының бірі- ақша, 
жоғары еңбек ақы болып табылады. Бұл ең негізгі қажеттіліктер, себебі 
олар өмір сүруге қажет. Бұған тамақ ішуге, суға, ауаға, ұйқы, тыныштық 
қажеттіліктерін жатқызуға болады. Кейбір қоғамдарда бұл қажеттіліктер 
жеткіліксіз түрде, ал индустриалды дамыған елдердегі тұрғындардың бөлігі 
осы қажеттіліктерін қанағаттандыруы туралы көп абыржымайды. Осы 
қажеттіліктер қанағаттандырылған кезде олар енді негізгі мотиватор рөлін
жоғалтады да, адам өзінің назарын басқа қажеттіліктерге аударады.
Осылайша, негізгі физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырудың 
негізгі құралдары–бұл материалдық ынталандырулар: еңбекақы, әлеуметтік 
игілік. 
2. Қауіпсіздікжәнеболашаққадегенсенімқажеттілігі(өмірді,денсаулықтыс
ақтау, ертеңгі күнге және зейнет ақымен қамтамасыз етуге деген
сенімділік және тағы басқалар). Ал бұл топқа қоршаған ортадағы физикалық 
және психологиялық қауіптерден қорғану және физиологиялық қажеттіліктер 
болшақта қанағаттандырылуына деген сенім жатады. Маслоу қауіпсіздік 
дегенде тек жауға қарсы тұру ғана емес,сонымен қатар ауа райының
жағымсыз салдарынан қорғану, киім, техникалық құрал–жабдықтармен, 
транспортқа байланысты, өрт, су тасқыны сияқты қауіптерден қорғануды 
жатқызады. 
Ал психологиялық қажеттіліктер де өте маңызды мотиваторлар болып 
табылады. Психологиялық қажеттіліктерге болашақта адамдардың зейнет ақы 
алуына сенім, медициналық сақтандыру және жұмыссыздыққа берілетін жәрдем 
ақылар жатады. 
3. Әлеуметтік қажеттіліктер (ұжымға қабылдануы, олардың қадірлеуіне 
және қуаттауына, адамдардың жылы лебізді қатынастарына ие болу). Осы топқа 
адамдардың күшті, өзіне сенімді, қабілетті, бәрі жайлы хабардар болуы, 
сонымен қатар, оны басқалардың қабылдауы, түсінуі, қолдауы – осы 
қажеттіліктердің барлығы жатады. Адамдар оларға қатты әсер ететін осы 


қажеттілік тері арқылы көшбасшы болуға немесе міндеттерді шешуде
пайдалы, беделді болуға ұмтылады. 
4. Құрметке ие болу қажеттілігі –кәсіпорын үшін өзінің қажеттілігі мен
маңыздылығын сезіну, айналасындағылардан құрмет көрутілегі, әлеуметтік
жоғары мәртебиеге ие болу. Адамның өзін – өзі сыйлауы, жеке басының
жетістіктері, басқалардың көрсететін қызметі мен құрметін жатқызуға 
болады. 
5. Өзін – өзі көрсете білуге деген қажеттілік (өзінің қабілеттерін
ашуға, шығармашылыққа, дамуға, өз өмірінің мәнін түсінуге деген ұмтылыс). 
Бұл топ адамның өзінің білімін, қабілеттілігін, біліктілігін анағұрлым
толығымен қолдануға тырысатын қажеттіліктер жиынтығын біріктіреді.
Бұл қажеттіліктер басқа қажеттіліктерге қарағанда көбінесе жеке сипатта
болады, себебі адамдар өзінің әлеуетті мүмкіндіктерін пайдалануға
ұмтылады және тұлға ретінде дамуына мүмкіндік туады.
Осы қажеттіліктері бар адамдар көбінесе, өзін және басқаларды 
қабылдауға ашық, бірнәрсе жасағыш, ойлап тапқыш және тәуелсіз болады. 
Осындай адамдарды басқару барысында оның қабілеттіліктерін толығымен іс
жүзіне асыруға мүмкіндік беретін ерекше тапсырмаларды берген дұрыс. 
Маслоудың қажеттілік тертеориясы қажеттіліктердің табиғатын 
анықтайтын сұрақтарға жауап бере алмады. Осы теорияның негізгі міндеттері 
адамның жұмысқа деген мотивациясына белгілі бір қажеттіліктер қалай әсер 
ететінін, 
адамдарға 
олардың 
қажеттіліктерін 
белгілі 
бір 
сипатта 
қанағаттандыруына мүмкіндік бере отырып, оларға әсер етуге тырысуды
көрсету болып табылады. 
Маслоу теориясы бойынша бұл айтылған қажеттіліктерді қатаң 
иерархиялық құрылым ретінде орналастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет