2 пән аж-дегі мәліметтер базасы Мәліметтер қорын жобалау



бет11/20
Дата23.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474128
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
База Данных

Ақпараттық жүйелердің архитектурасы
Қосымшалар мен МБ‑ң орналасуына қатысты олар локалды және алыстатылған болады. Локалды МБ‑мен операторлар орындау үшін локалды қосымшалар қолданылады, ал жойылған МБ‑мен жұмыс үшін серверлік қосымшалар қолданылады.
Delphi‑қосымша МБ-на қол жеткізуді BDE арқылы орындайды (BDE–Borland DataBase Engine – Borland фирмасының МБ-ң процессоры). BDE мәліметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін динамикалық драйверлері мен кітапханалар қатынасын білдіреді. BDE МБ-мен жұмыс істеуді камтамассыз ететін Delphi‑қосымшалар орындалатын барлық компьютерларда қойылуы мүмкін. BDE-ні қолдану қосымшаға локалды және алыстатылған МБ-на қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
Локалды МБ, сонда жұмыс істейтін қосымшалар сол компьютерде орналасады. Бұндай жағдайда ақпараттық жүйе локалды архитектура түрінде болады (1.1‑сурет). МБ-мен жұмыс бірқолданушылық режимде орындалады. Қажет жағдайда компьютерде басқа сол мәліметтерге қол жеткізетін қосымшаны жүктейді. МБ-н басқару үшін мәліметтерді арнайы басқару мен бақылау құралдары қажет.
Локалды МБ-на қол жеткізу үшін BDE Paradox, dBase, FoxPro және мәтіндік файл форматындағы МБ-мен жұмыс істейтін стандартты драйверлер қолданылады.
Локалды МБ қолдануда желіде оған көпқолданушылық қол жеткізуді ұйымдастыруға болады. Ол үшін МБ мен қосымшалар файлдары желі серверінде орналасады. Әрбір қолданушы өз қалпында осы қосымшаны жүктей алады. Сол кезде онда осы қосымша көшірмесін алады. Бұндай МБ базасын қолданудың желілік нұсқасы «файл‑сервер» архитектурасына сәйкес келеді. Бұндай архитектурада қосымша әрбір компьютерде жазылуы мүмкін. Әрбір қолданушылық компьютерлік желіде мәліметтермен жұмыс кезінде оның көшірмесі коданылады. Ол әрқашан серверде орналасқан мәліметтермен жаңарып отырады.
«Файл-сервер» архитектурасы көбінесе көп емес қолданушылық желілерде колданылады. Оны іске асыру үшін Paradox және dBase МББЖ‑ң мәліметтер форматы жарайды. Оның артықшылығы – қарапайымдылық және қосымша бір қолданушыға құрылып, өзі орналасқан желідегі компьютерге тәуелсіздік.
«Клиент-сервер» архитектурасында алыстатылған МБ желінің компьютер-серверінде орналасып, ал қосымша қолданушы компьютерында орналасады. Компьютер-сервер клиенттен алыста орналасқандықтан, оны алыстатылған сервер деп аталады.
Клиент – бұл қолданушы қосымшасы. Клиент мәліметтерді алу үшін сұрау құрып оны жойылған серверге жібереді. Сұрау SQL тілінде жасақталады. Ол мәліметтердің реляциялық моделінде қолданушы серверге қол жеткізудің стандартты құралы болып табылады. Сұранымды алғаннан кейін жойылған сервер сұранымды SQL-серверге жібереді. Бұл сұраным орындалуын қамтамасыз ететін және қолданушыға нәтижесін беретін жойылған МБ-н басқаратын арнайы бағдарлама.
«Клиент‑сервер» архитектурасын іске асыру үшін көбінесе қолданушылық МББЖ колданады. Мысалы, Oracle, InterBase немесе MS SQL Server. Олар үлкен көлемді қолданушылармен организациялар немесе кәсіпорын ақпараттық жүйесін құруға мүмкіншілік беретіндіктен, өндірістік деп аталады. Бұл күшті есептеуіш техникасы мен арнайы қызмет көрсететін қиын жүйелер. Қызмет көрсетуді маман (немесе мамандар тобы) – МБ-ң жүйелік администраторы – орындайды.
Жүйелік администратордың негізгі тапсырмалары:
МБ қорғау (қолданушының тыйым салынған әрекеттерінен);
МБ бүтіндігін қолдау (оны бұзылудан қорғау);
Қолданушыларды әзірлеу мен оқыту;
Мәліметтерді тестілеу мен жүктеу;
МБ-ң қорлық (резервтік) көшірмесін жасау;
Ақпараттық жүйеге өзгерістер еңгізу.
Өндірістік МББЖ‑ға Delphi – қосымшалардың қол жеткізуі SQL Links драйверлері арқылы жүргізіледі. Delphi үшін «туыс» болып табылады. МББЖ InterBase‑пен жұмыс кезінде SQL Links драйверынсыз да жұмыс істейді.
Локалды МБ үшін қосымшалар бірдеңгейлі, ал «клиент-серверлік» – көрдеңгейлік деп аталады. Қаралаған «клиент-сервер» архитектурасы екідеңгейлі болып табылады: клиент‑қосымша мен МБ сервері. Онда мәліметтерді өңдеу мен қол жеткізуді ұйымдастыруға арналған құралдар мен код бөлігі клиент – қосымшадан қосымша серверіне ауыстырылады. Қосымша серверінде барлық клиенттік қосымшаға ортақ құралдар мен код орналасады.
Үшдеңгейлі «клиент-сервер» архитектурасының артықшылығы:

  • серверге ауыстырылған операция бөлігінің жұмысын жүкту;

  • жүктеу есебінен клиенттік қосымшалар көлемін төмендету;

  • клиентті келтірудің қарапайымдылығы – сервер кодын өзгерткенде клиент қосымша әрекеті де өзгереді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет