2 пән аж-дегі мәліметтер базасы Мәліметтер қорын жобалау


SQL сұраныстар тілінде МБ-нан ақпаратты таңдаудың SELECT операторы



бет13/20
Дата23.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474128
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
База Данных

SQL сұраныстар тілінде МБ-нан ақпаратты таңдаудың SELECT операторы. Қарапайым сұраныстар. All предикаты және DISTINCT параметрінің қолданылуына сипаттама беріңіз.

SELECT операторы – SQL – дің ең маңызды және ең көп таралған операторларының бірі. Ол кестеден мәліметтерді таңдауға және алынған нәтижелерді қажетті түрге қайта құруға рұқсат береді, яғни мәліметтер базасы кестесінен ақпаратты таңдау үшін арналған. Және де ол жалғыз орындалып жатырған команданың сыртында реляциялық алгебра операторының эквивалентті әрекеттерін орындай алады. Оның көмегімен әртүрлі кестелерден мәліметтерді сұрыптаудың күрделі және үлкен шарттарын жүзеге асыра алады.


SELECT операторы – мәліметтерді ұсыну сұрақтарына толықтай абстракцияланған, мәліметтерге қол жеткізу проблемаларына көңіл бөлуге көмектесетін құрал. Оны қолдану үлгілеріне үлкен (өнеркәсіптік) МББЖның негізі болатын принциптерінің бірі демонстрация жасайды: мәліметтерді сақтау және оларға қол жеткізу құралы, мәліметтерді ұсыну құралынан бөлінген. Мәліметтерге операция бөлек жазбалармен емес, мәліметтер жиынының масштабында өндіріледі.
SELECT операторы келесідей форматқа ие:
SELECT [ALL | DISTINCT ] {*|[баған_аты
[AS жаңа_ат]]} [,...n]
FROM кесте_аты [[AS] псевдоним] [,...n]
[WHERE <іздеу_шарты>]
[GROUP BY баған_аты [,...n]]
[HAVING <топтарды таңдау белгілері>]
[ORDER BY баған_аты [,...n]]
SELECT операторы сұраныстың орындалу нәтижесіне кіретін өрістерді (бағандар) анықтайды. Тізімде олар үтірлермен ажыратылады және сұраныстың нәтижесінде қалай болуы керек соған тура келеді. Егер бос орны бар немесе ажыратылған өрістің аты қолданылса, оны тік жақшамен жабу керек. * символымен барлық өрістерді таңдауға болады, ал өрістің атының орнына бірнеше аттарды қолдануға болады.
SELECT операторындағы сөйлемдер мен ұсыныстардың реті өзгертілмейді. Тек SELECT және FROM екі ұсыныстары міндетті болып табылады, қалған барлығын жібере беруге болады. SELECT – жабық операция: кестеге сұраныс нәтижесі басқа кестені көрсетеді.
WHERE – параметрінің көмегімен пайдаланушы, FROM кестесінің тізімінде келтірілген қандай мәліметтер сұраныстың нәтижесінде пайда болатынын анықтайды. WHERE кілттік сөзінен кейін сұраныстың орындалуы кезінде таңдалуы керек жолдарды анықтайтын шарттар тізімін іздеу жүреді. Іздеу (немесе предикат) шарттарының бес негізгі типтері бар:

  • Салыстыру: бір өрнектің есептеу нәтижелері екіншісінің есептеу нәтижелерімен салыстырылады.

  • Диапазон: өрнектің есептеу нәтижесі берілген диапазонның мәнімен сәйкес келуі тексеріледі.

  • Жиынға жататын: өрнектің есептеу нәтижесі берілген жиынның мәніне жататыны тексеріледі.

  • Үлгіге сәйкестік: кейбір жолдың мағыналарының берілген үлгіге жауап беруі тексеріледі.

  • NULL мәні: берілген баған NULL (белгісіз мағына) көрсеткішін құрайтыны тексеріледі.

DISTINCT - SELECT командасында екеулік мәндерді алып тастауды қамтамасыз ететін аргумент. Мысал үшін, қазіргі уақытта қандай студенттердің тым болмағанда бір бағасы бар екенін анықтау қажет делік: (бағанның өзі емес, тек студенттердің код тізімі қажет):


SELECT Peop_ID
FROM Evolution
Бұл команданы орындау барысында кодтар екі еселенеді. Дубликатсыз тізімді алу үшін былай енгізу қажет:
SELECT DISTINCT Peop_ID
FROM Evolution
DISTINCT SELECT командасында бір рет қана көрсетілуі мүмкін. Егер бірнеше бағандар таңдалатын болса, онда DISTINCT таңдалған өрістер ұқсас жолдарды қалдырып кетеді. Кейбір мәндері бірдей, кейбір мәндері әртүрлі жолдар сақталынып қалады.
Егер DISTINCT орнына ALL деп көрсететін болсақ, онда керісінше нәтиже беріледі, жолдардың екі еселенуі сақталады. Бұл да ешқандай аргумент көрсетілмейтін жағдай болғандықтан, ALL да тек түсіндіру аргументі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет