2 пән аж-дегі мәліметтер базасы Мәліметтер қорын жобалау



бет4/20
Дата23.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
База Данных

Мәліметтер моделі – деректер құрылымы мен оларды өңдеу операциялары жиынтығы.
ДББЖ иерархиялық, тораптық немесе реляциялық модельдерді пайдалануға негізделген. Деректер моделінің негізгі үш типін қарастырайық: иерархиялық, тораптық және реляциялық.


Деректердің иерархиялық моделі
Иерархиялық құрылым анықталған ережелер бойынша өзара байланысқан элементтер жиынтығы. Иерархиялық қатынастармен байланысқан объектілер қалыптанған графты құрады, оның жалпы түрі суретте көрсетілген.


Иерархиялық құрылымның негізгі түсініктеріне: деңгей, элемент (торап), байланыс жатады. Торап – қандайда бір объектіні сипаттайтын деректер атрибуттарынының жиынтығы. Иерархиялық тоғай схемасында тораптар граф төбесімен көрсетілген. Өте төменгі деңгейдегі әрбір торап одан жоғары деңгейде орналасқан бір тораппен ғана байланысқан. Иерархиялық тоғай ешқандай басқа төбеге бағынышты емес және ең жоғарғы деңгейде тұрған тек бір ғана төбесі (тоғай түбі) бар. Қатысты (бағынышты) тораптар екінші, үшінші және т.с.с. деңгейлерде орналасқан. Деректер базасында тоғайлар саны түбірлік жазбалар санымен анықталады.


Деректер базасының әрбір жазбасында түбірлік жазбада тек бір ғана жолы бар. Мысалы, суреттен С4 жазбасы үшін жол А мен В3 жазбалары арқылы өтетінін көреміз.
Деректердің тораптық моделі
Тораптық құрылымда осы негізгі түсініктер (деңгей, торап, байланыс) арқылы әрбір элемент кез келген басқа элементпен байланысуы мүмкін.
Суретте деректер базасының тораптық құрылымы граф түрінде көрсетілген.


Деректердің реляциялық моделі
Реляциялық (ағыл. relation – қатынас) түсінігі Е.Коддтың деректер базасы жүйесі облысында белгілі американдық маманның құрастыруымен байланысты.
Бұл модельдер деректер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға ыңғайлы және деректерді өңдеуге арналған реляциялық есептеулерді жүргізу мүмкіндігімен сипатталады.
Реляциялық модель екіөлшемді кестелер түріндегі деректерді ұйымдастыруға бағытталған. Әрбір реляциялық кесте екі өлшемді массивті көрсетеді және келесі құрамнан құрады:

Қатынастар кесте түрінде көрсетілген, жолдар жазбаларға, ал бағандар – қатынас атрибуттарына, домендерге, өрістерге сәйкес келеді.
Әрбір мәні сәйкес жазбамен анықталатын өріс қарапайым кілт (кілттік өріс) деп аталады. Егер жазбалар бірнеше өрістердің мәнімен анықталса, онда деректер базасының мұндай кестесінің құрама кілті болады.
Екі реляциялық кестені байланыстыру үшін бірінші кестенің кілтін екінші кестенің кілті құрамына (кілттер бір-біріне сәйкес келуі мүмкін) енгізу қажет, кері жағдайда бірінші кесте құрылымына сыртқы кілт - екінші кестенің кілтін енгізу керек.
Деректер базасы бірнеше байланысқан кестелерден тұруы мүмкін. Қатынастармен байланысқан кестелер келесі принцип бойынша іс-әрекет етеді: бастапқы және бағынышты. Бастапқы кестені ата-аналық (родительский) деп, ал бағыныштыны – аналық (дочерний) деп те атайды.
ДБ кестелері келесі принциптердің біреуімен қатынасады:

  • "один – к - одному";

  • "многие – к - одному";

  • "один – ко - многим";

  • "многие – ко - многим".



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет