2 практиткалық сабақтың тақырыбы


Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды



бет2/2
Дата18.02.2022
өлшемі23.45 Kb.
#455483
түріСабақ
1   2
Мәд. Семинар 2-апта.

Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:

тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);

этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);

коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).

Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.

Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде. Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды.

2. Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде қарастырылып жүрген жаңа бағыттың бірі тіл мен мәдениет байланысына арналған. Көптеген зерттеу еңбектерінде тілдегі ұлттық танымды, ұлттық рухты, ұлттық құндылықтарды дамытуға бағытталған жұмыстар сөз болып келеді.

Бірқатар зерттеушілер тіл – мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойын­да оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда тіл – ұлттық болмысымен қалыптасқан төл мәдениетіміз сақталған негізгі көздердің бірі екенін айтады.

Біздіңше, сонымен қатар тіл – мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырушы құрал. Тілші-ғалым Ә.Қайдар: «Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі – коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі. Оның екінші қызметі – көркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы ерекше әсер ететін, ләззат сыйлайтын эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине қаламгердің шеберлігіне, сөз саптау мәдениетіне тікелей байланыс­ты. Ал тілдің үшінші бір қызметі, ғылыми терминмен айтқанда аккумулятивті қызметі деп аталады. Ол – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сөйтіп оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын қасиеті…тіл фактілері мен деректері – тұла бойы тұнып тұрған тарих. Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз ең алдымен содан іздеуіміз керек» дейді.

Қандай да бір халықтың болмысы, өр­кениеттілігі, саналылығы және сауат­тылығы оның тіл мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымының кеңдігімен, орам­дылығымен және ұтымдылығымен өлше­неді. Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай бола қалатын іс емес. Себебі ол тіл сол мемлекеттің иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт. Өнер, әдебиет, мәдениет, баспасөз, радио, теледидар, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, өндіріс, ресми іс қағаздар, т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қажетті құралына айналуы керек. Есеп-қисап, қаржылық және техникалық құжаттамалар да осы тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары, Қарулы Күштер, ғылым және білім беру салалары, халықаралық қызмет те осы талаптарға толық жауап беруге міндетті. Тілдерді дамыту – еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл мәселелерін оңтайлы шешу – ұлтаралық, қатынастар үйлесімділігінің, халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың да алғышарты. ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы жанартау болған жұрт жүрегінің жалыны бүгінде бәсеңдеген жоқ. Ұлтының тілін ұлықтаған ұрпақтың ұмтылысы ұдайы ұрандаудан тұрмайтыны хақ. Бұған сол жылдардағы жағдай мен қазіргі күйді салыстыра қарасақ, көзіміз жетеді. Әрине, әлі де алаңдатып отырған мәселе аз емес, алайда ауызды қу шөппен сүртуге де болмайды. Қоғамда тіл тағдырына деген түсіністік орныға бастады. Бұл осы уақытқа дейін барлық мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі. Олай болса, тілді өзінің қарым-қатынас тілі ретінде қолданатын халық мәдениетінен бөлек үйрету дұрыс емес деп ойлаймыз.

Кез-келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының айнасы. Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үрдісте зерттеу қажеттігі туып отыр. Бұл үрдіс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальді құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сана қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады.

Жоғары да атап өткенімдей, біз өмір сүріп жатқан заманда тек тілді үйренумен шектеліп қалу мүмкін емес. Бүгінгі тіл үйрету әдістемесінде үйреніп отырған тілді сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетімен байланыстыра оқыту қажеттілігі туындап отыр. Әлемдік байланыста қарым-қатынасқа түсу үшін саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тұрғыдағы таным-түсініктердің болуы маңызды рөл атқарады. Үйреніп отырған тілде сөйлеуші елдің тарихын, дәстүрін, мәдениетін үйрену – тіл үйретудегі маңызды элементтердің бірі. Халық тарихын да, ұлттық мәдениеттің дамуын да, тіпті халықтық ойлаудың қалыптасуын да біз тек тіл арқылы анықтай аламыз.



3. Когнитивтік лингвистика өз бастауын философиядан алатыны мәлім. Себебі бұрын тіл және ой, ой жүйесі мәселелері біріктіріле қарастырылған. Когнитивтік тіл білімі мәселелері шығыс ойшылдары Әл-Фараби және көне грек ойшылдары Аристотель, Платон, Сократ еңбектерінде алғаш қарастырылған. Бүгінгі таңда қазіргі тіл білімінде соны ғылыми бағдарлар мен жаңа бағыттағы зерттеу жұмыстары белсенді сипатқа иеленіп отыр. Сондықтан лингвистика ғылымында когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттану, антрополингвистика, психолингвистика тәрізді бағыттардың қарқынды дамуы тіл мен сөйлеу фактілерін халықтың ұлттық рухани құндылықтарымен, дүниетанымы, ой әлемі және психикалық ерекшеліктерімен тығыз байланыста алып қарауға кең жол ашады. Тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің тиімді саласы – когнитивтік лингвистика. Оның маңызды ғылыми сала ретіндегі мәнін белгілі ғалым Ж.А.Манкеева: «Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б. салалары өріс алып отыр» деп анықтайды. Осымен байланысты әлемнің тілдік бейнесін түсінуге, зерделеуге жетелейтін, оның бір бөлшегі танылатын концепт ұғымы тілдің танымдық мазмұнын, күй-қалпын айқындаушы ғылыми лингвистикалық категория ретінде қалыптасуда. Әлемнің тілдік бейнесінің бір бөлшегі болатын концептілердің адам танымында алатын орны зор. Негізінен осы күнге дейін концептілер ретінде адамзат өмірінде үлкен рөл атқаратын ұғымдар алынады. Яғни, шындық өмірдегі белгілі бір мәдениет үшін құнды әрі көкейкесті мәні бар мәдени атаулар ғана концепт дәрежесінде танылады. Сонымен, концепт-адамзаттың әлем бейнесі туралы жинақталған түсініктерін беретін тірек ұғымдар деп түсінуге болады. Мәселен, Ислам Айбарша «Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті», Қ. Жаманбаева «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана», Э.Оразалиева «Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы» т.б. Ш.Елемесова «Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің тілдік релеванттары» еңбегінде «концепт» термин түсінігін үш топқа бөліп жүйелейді: 1.Концепт ұғымға синоним ретінде қолданылады. 2.Концепт – тіл иесі халықтың жеке тұлғаның (индивидуалдық) және ұжымдық санасындағы ұғымдардың орнын алмастырушы. 3.Концепт салт-дәстүр, ауыз әдебиеті үлгілері, дін мен идеология, адамның өмірлік жеке тәжірибесі мен мәдени маңызды құндылықтар жүйесінің өзара әрекетінің нәтижесінде қалыптасатын «әлем бейнесінің» ментальді құрылымын көрсетеді.

Сонымен концепт туралы ойларды қорыта айтқанда, концепт жайлы А.Вежбицкаяның анықтамасын келтіргенін дұрыс деп есептеуге болады: «Адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі».



4.Қай ұлтты, халықты алсақ та, бәрінің де өзіне лайық тілі бар. Халық өзінің тілін ең ардақты нәрсе деп санайды, сүйеді. Ана тілін сүймеген адам, қырғыз ақыны Сарноғаев айтқандай, халқын сүйіп те жарытпайды. Тілді жасаушы – халықтың өзі. Сондықтан тіл халыққа қызмет етеді. Ана тілін қадірлемеген халықтың болашағы жоқ. Ал әдебиетті мәдениет қаймағы деп қана қою жеткіліксіз. Ол халықтың, ұлттың кескін-келбеті деуге болады. Өйткені шынайы көркем шығарма халықтың тұтас тарихын, өткен-кеткен не қилы тағдырын суреттеп бере алады. Қазақ тілі – дамыған, жетілген, бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікіріміздің растығын кезінде кемеңгер Абай дәлелдеген болатын. Ол Пушкин, Лермонтов, Крыловтардың шығармаларын аударып бір дәлелдесе, солардай етіп, сөздің майын тамыза жазу арқылы екінші рет дәлелдеді. Қазір қазақ тілі мейлінше дамып, байып, жетілді. Нақты әдеби тіл жасалды. Орта мектептер үшін барлық пән қазақ тілінде жазылып жүр. Демек, саяси экономия сияқты өте қиын ғылымдардың өздері де қазақ тілінде зерттеледі, жазылады. Міне, мұның бәрі қазақ тілінің бай тіл екенін, ол тілде не алуан ғылымға байланысты жаңа сөздер, терминдер, фразалар пайда болғанын білдіреді.

Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біздің Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады деп ойлаймын.



Қолданылған әдебиеттер:

1.Ғабитов. Т.М. Мәдениеттануға кіріспе. Алматы қ. 1996ж.



2.Маданов. Х.М. Қазақ мәдениетінің тарихы. Алматы қ. 1998ж.

3.Алтаев. Ж. Философия және мәдениеттану. Алматы қ. 2000ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет