2 Рефлекторлы сфераны тексеру әдістері


Бас миы ісінуі кезіндегі шұғыл көмек



бет4/8
Дата30.11.2023
өлшемі54.43 Kb.
#484999
1   2   3   4   5   6   7   8
Нурсулу невро чек лист

7.Бас миы ісінуі кезіндегі шұғыл көмек
1.Бас миы ісінуіне анықтама берді
Бас ми ісінуі ми немесе жұлынның және жасушааралық кеңістікке сұйықтықтың шамадан тыс жиналуымен көрінетін,ми көлемінің ұлғаюы мен бассүйек ішіліік гипертензиямен сипатталатын патологиялық процесс.

2.Бас миы ісінуі диагностикасының жетекші критерийлерін ажырата білді.


Диагностикалық критерийлері:
Прогрессирлеуші сана бұзылысы
Өмірге маңызды органдардың (Тыныс алу,Жүрек қантамыр жүйесі)прогрессирлеуші бұзылысы.
Айқын жалпы милық симптомдардың өршуі:өте қатты бас ауырсынуы,жүрек айну,жеңілдік әкелмейтін құсу.
Менингеальды симптомдар
Кейде ликворлық қысымның жоғарылауы.

3.Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын логикалық тұрғыда жүргізе білді.


Ажыратпалы диагностика: құрысулық синдром,эпилепсия,энцефалит,инсульт жүргіземіз.

4.Науқас балаға шұғыл көмек көрсету жоспарын негіздеді.Емінде міндетті түрде негізгі ауруды,яғни бас ми ісінуіне әкелген ауруға қарай ем жүргіземіз.


Өкпе вентиляциясы мен гемодинамиканы қалыпқа келтіру,ТЖ,АҚҚ бақылау.
Форсирленген диурез:20% маннитол 1-1,5г\кг\тәу; 10% альбумин 100мл;лазикс 40-80 мг в\в;
Қанның электролиттік құрамын реттеу:К,Мg
ГЭБ өткізгіштігін төмендету:преднизолон 60-90 мг в\в 2-3 рет\т;Дексаметазон 10-12мг в\в;
Психомоторлы қозуда:диазепам 0,5% 2 мл в\в;дроперидол 0,25% 2-5 мл в\в
Ноотроптар:пирацетам 20% 10мл
5.Тағайындалған дәрілік препараттардың әсер ету механизмін меңгере білді.
Бұл жағдайда негізгі патогенетикалық емді осмостық және ілмектік диуретиктер атқарады.
Ілмектік Диуретиктер Генле ілмегінің өрлемелі бөлігінің жуан сегментінде натрий және хлор иондарының реабсорбциясын тежейді.дереу басталатын қысқа мерзімдік диуретикалық әсер шақырады.Фуросемид айқын натрийуретикалық,хлоруретикалық әсер етеді,калий,кальций,магний иондарының шығарылуын арттырады.
Осмостық диуретиктер судың реабсорбциясын төмендетіп,канның осмостық қысымын жоғарылатады.
Маннитол плазманың осмолярлығын арттырады,сұйықтықтың тіннен тамыр ағымына ауысуын туындатады.Маннитолдың диуретикалық әсерінің принципі оның бүйрек шумақтарында жақсы сүзілуіне ,бүйрек өзекшелерінің саңылауында жоғары осмостық қысым туындатып және судың реабсорбциясын төмендетуге байланысты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет