2 Рефлекторлы сфераны тексеру әдістері


Іріңді менингит кезіндегі медициналық көмек



бет8/8
Дата30.11.2023
өлшемі54.43 Kb.
#484999
1   2   3   4   5   6   7   8
Нурсулу невро чек лист

14. Іріңді менингит кезіндегі медициналық көмек
1 Іріңді менингит анықтама берді.
Ми қабықтарының бактериялы қабынуы ( стертококк, стафилококк, пневмококк )

2 Іріңді менингит диагностикасының жетекші критериилерін ажырата білді.

Жалпы милық симптомдар
Ошақтық симптомдар
Менингеалды синдромдар
Ми, жұлын сұйықтығы өзгеруі

3 Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын логикалық тұрғыда жүргізе білді.


Біріншілік менингит, энцефалит, вирустық менингит,

4 Науқасқа шұғыл көмек көрсету жоспарын негіздеді.


Антибиотик: ампициллин цефолоспарин тобы
Аминогликозидттер: канамицин
Гидроцефалия алдын алу үшін: диуретик фуросемид
Глюкокартикоид: преднизолон
Құрысуға: диазепам
Инфузионды терапия

5 Тағайындалған дәрілік препараттардың әсер ету механизмін меңгере білді.



12 жұп нерв
1. Бас сүйек ми нервтерін тексеру әдістері
1.І жұп бас ми нервтерін тексеру nervus olfactorius
Иіс сезуін нақты әтір, спирт т.б. тұрмыста кездесетін иісті заттар арқылы әр танауын бөлек, бірін жауып екіншісін жеке-жеке тексерді. Иіс сезудің гипосмия, аносмия не гиперосмия бар екенін анықтады.

2.II жұп бас ми нервтерін тексеру nervus opticus


Көру өткірлігін Сивцов таблицасындағы әртүрлі мөлшерлердегі таңбаларды (әріптерді, цифраларды, балалар үшін ойыншық фигураларды т.б.) көру мүмкіндігі.Таблица үлгі бойынша 12 қатарға орналастырылған. Көру өткірлігінің төмендегенін (амблиопия) анықтады.
Көру аумағын периметр арқылы әр көз жеке-жеке зерттеледі.Битемпоральды, биназальды,
оң жақтық не сол жақтық гемианопсияны анықтады.
Түрлі түстерді ажырата алуын Рабкин полихромдық кестесі арқылы зерттейді.
Дисхромотопсия, монохромотопсия, ахромотопсияны анықтады.

3. III, IV, VI жұп бас ми нервтерін тексеру nervus oculomotorius


, nervus trochlearis
nervus abducens
Көздері мен қарашықтардың үлкен-кішілік мөлшерін және олардың теңдігінде анизокория, сол жаққа не оң жаққа қылилық бар-жоғын анықтады.
Қарашықтың жарыққа тікелей реакциясын зерттеу үшін зерттелуші жарық жерде электр шамына не терезеге қаратып отырғызды. Дәрігер алақанымен оның көздерін бірнеше секундқа жауып, әрі қарай алма-кезек бір көзін ашып қарашықтардың жарыққа әсерлескен (кішірейген) мөлшерлерін ескеріп, екінші көзінде солай зерттеді. Миоз не мидриаз бар екенін анықтады.
Қарашықтың сыбайлас реакциясын зерттеу үшін дәрігер зерттелушінің бір көзін алақанымен жауып, жабылмаған көзінің қарашығының мөлшерінің өзгергендігін (үлкейгендігін) есепке алады. Осыдан кейін жабылған көзін ашып тағы да алдындағы ашық көздің қарашығының енді кішірейген мөлшерін көреді. Қарашықтың сыбайлас реакциясының жойылуын анықтады.
Көздерінің жан-жаққа қозғалуын көздің қозғалысының барлық жағына мүмкіндігі зерттеліп шектелгендерінің бағыты мен мөлшерін анықтады, нистагм болса оның бағыты, ірі не ұсақ бұлқынуы, көзқарасының горизонтальдық не вертикальдық бағытта салдануы анықтады.
Конвергенцияны зерттеу үшін зерттелушіні көз алдындағы 40-50 см қашықтықтағы балғаға қаратады да, оны біртіндеп жаймен мұрнының қырына жақындату кезінде көздерінің ішке қарай жылжуын және қарашықтарының өзгергендігін бақылайды. Конвергенцияның әлсізденуін анықтады.
Аккомодацияны зерттеу үшін зерттелушінің көзін шексіз алысқа қаратып, содан кейін балғаны не басқа затты алма-кезек әр көз алдына бірнеше сантиметр қашықтықта ұстап, соған тесіле қарауын талап етеді. Бұл кезде көз бұршағы арқылы, алыс-жақынды айқын көру үшін айнала көлемінің (сферасының) өзгерту уақытында аккомодация кезінде көз қарашығының кішірейгендігі көрді. Аккомодацияның әлсізденуін анықтады.

4.V жұп бас ми нервтерін тексеру nervus trigeminus


Үш тармақты нервтің бетке шыққан нүктелерін (f. supra-infraorbitalis және f.mentalis) пальпациялау арқылы, олардың ауыртып және ауыртпайтындығын анықтады. Үш тармақты нервтің невралгиясы кезінде бір жақты беттің ауырсынуы. Беттегі беткей сезімді нервтің тармақтары бойынша тексеру.
Беткей сезімнің жанасуын мақта, қылқалам т.б. арқылы беттің екі жағына жанасып салыстыру арқылы анықталады. Әрбір жанасуға «сездім» деп жауап беруі керек, жанасуды сезбесе ол үндемейді.
Ауырту сезімі үшкір заттар арқылы түйреуіштің ұшы, арнайы неврологиялық инелер, тіс шұқитын ағаш жаңқасы т.б. арқылы зерттеледі. Әрбір тиілген ұшты заттың «өткір» не «тұйық - өткір емес» деп жауап береді немес өткірлеу, тұйықтау деуі де мүмкін. Өткір заттарды сезбесе үндемейді. Кейде өткір сезілген жерді «көрсетіңіз» деп те пысықталады.
Температуралық сезімін зерттеу үшін екі пробирка не басқа заттар қолданылады, бірі жылы 40º деңгейінде, екіншісі 18-20º деңгейде болу керек. Бетіне әрбір жанасқанда ол «салқын» не «жылы» деп жауап беріп отырады
Беттегі меншікті сезімді тексеру зерттеу үшін дәрігер саусағымен зерттелушінің бетін басып-қысады. Қалыпты кезде ол жанасып қысқандығын сезеді де «басып тұр», «қысты» деп айтып отырады.
Кинестетикалық сезімін зерттеу үшін дәрігер бет терісін саусақтарымен жоғары-төмен және оң-сол жақтарына ығыстырады. Қалыпты кезде ол бағытын дұрыс анықтайды.
Вибрациялық сезімін дірілдеген камертон арқылы бет, жақ сүйектеріне тақап анықтайды.

5.VII жұп бас ми нервтерін тексеру


nervus facialis
Пациенттен қастарын көтеру арқылы қозғалыс әрекеттерді орындау кезіндегі қимылдардың бұзылғандығы бақылады. Маңдай қатпарының зақымдалған бет бөлігінде тегістелуін анықтады.
Қабағын түюін сұрап қозғалыс әрекеттерді орындау кезіндегі қимылдардың бұзылғандығы бақылайды. Қабақ түю кезінде зақымдалған бет бөлігінде тегістелуін анықтады.
Көздерін қатты жұмуын талап етіп, зерттеуші оны ашу арқылы, қабағының күшін байқап, лагофтальм бар-жоғын анықтады. Зақымдалған бет бөлігінде көзді жұма алмауын (лагофтальм) анықтады.
Ұрттарын томпайтуын сұрау арқылы, аузында ауаны ұстап тұру қабілетін анықтады. Зақымдалған бет бөлігінде ауаны ұстап тұра алмағандығын анықтады.
Тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің дәм сезуін анықтау үшін зерттелушіге қант және тұз ертінділерін тілдің ұшының оң және сол жағына жеке-жеке тамызып зерттеді. Бет нервісінің зақымдалғанда тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің дәм сезуі жойылды.

6.VIII жұп бас ми нервтерін тексеру nervus vestibulocochlearis


Құлақтарының есту қабілетін зерттеу үшін сыбырланған сөздерді қандай қашықтан еститінін анықтайды (қалыпты кезде 6 метр). Әр құлақ жеке жеке зерттеді.Тексеру барысында дауысты «о» және дауыссыз «м», «н», «р», «в» дыбыстары аралас сөздер қолданды. Бет нервісінің зақымдануынан гиперакузияны анықтады.
7. IX жұп бас ми нервтерін тексеру
nervus glossopharyngeus
Жұту және жұтыну әрекетін «жұтынуыңыз қалай», «жұтыну кезінде қиындық болмай ма» деген сұрақтар қою арөылы зерттеді Жұмсақ таңдай әлсізденсе, жұтылған тамақ мұрнына өтеді.
Фонацияны аурумен сұхбаттасу кезінде дауысының үні мен әуеніне, тембріне көңіл аударып сипаттамама жасады. (Дауысының үні қалыпты немесе Жұмсақ таңдайы салбыраса үні мыңқылдап-мұрнынан сөйлейді. Дыбыс жалғамасының иннарвациясы әлсіресе немесе екі жағы бірдей зақымдалса дауысы әлсірейді не үнсізденеді)
Көмей рефлексін зерттеде шпательді оң және сол жақ жұтқынқыншағына жанастырған кезде қалыпты жағдайда ол лоқсиды кейде жөтеледі.
Жұмсақ таңдай қозғалысын зерттеу үшін жұмсақ таңдайға штапель тигізгенде жұмсақ таңдай көтеріледі,
Тілдің артқы бөлігінің дәм сезуін зерттеу үшін тіл түбіріне қышқылды, ащы заттарды тамызды және гипогевзия, агевзия, гипергевзия немесе қалыпты екендігіне баға берді

8.X жұп бас ми нервтерін тексеру nervus vagus


Басты жан-жаққа бұруды «басыңызды оңға бұрыңыз», «басыңызды солға бұрыңыз» деп сұрады. Бұлшық еттердің трофикасына, тонусына, фибрилярлық және фасцикулярлық бұлқыныстарының бар-жоғы ескеріледі де бұлшық еттері пальпацияланады.

9.XI n. accessorius


Қолдары мен иығын жоғары көтеріп, жауырындарын біріне-бірін жақындатуын талап етті. Бұлшық еттерінің әлсіздігін (парезін) білу үшін әлгі қозғалыстар кезінде қарсы әрекеттер жасалынып, күші 5 баллдық жүйемен бағалады.

10.XII жұп бас ми нервтеnervus hypoglossus


Тілін сыртқа шығаруын және оның қозғалысын, трофикасын зерттеді. Зерттелуші аузын ашып, тілін шығарған кезінде оның трофикасы мен екі жағының симметриялылығын және фибрилярлық не фасцикулярлық бұлқынуларының бар жоғын бақылағаннан кейін, тілдің барлық бағытта қозғалысын зерттеді. Сөйлеген сөзіне, аузындағы тағамдарды шайнап жұтуының ақаулануларының бар-жоғына көңіл аударды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет