2 Рефлекторлы сфераны тексеру әдістері


Қозғалыс сферасын тексеру әдістері



бет2/8
Дата30.11.2023
өлшемі54.43 Kb.
#484999
1   2   3   4   5   6   7   8
Нурсулу невро чек лист

3.Қозғалыс сферасын тексеру әдістері
1.Жүрісін тексеру
зерттелуші бөлме ішінде бір сызық бойымен көзін ашып, одан кейін жұмып, алға-артқа, көлденең жүреді.
2.Активті және пассивті қозғалысты тексеру
Активті дәрігер айтқан қозғалысты орындау қолыңды көтер,айналдыр т,б, пассивті дәрігер өзі бүгіп жазып көреді
3.Бұлшық ет тонусын тексеру
пассивті қозғалыс жасау арқылы зерттеді, қол аяқ жазып бүгіп көру
4.Бұлшықет күшін тексеру
Науқасқа екі қолымызды барынша қысуын өтінеміз, 5баллдық жүйе бойынша баға береміз

5.Бұлшықет трофикасын анықтау


Науқастың екі қолын салыстырып қараймыз, сантиметрдік өлшеуішпен өлшейміз, зақымдалған жағында өлшемі аз; тері түсіне, ылғалдылығы, құрғақтылығын салыстырамыз.

6.Ромберг сынамасын тексеру


науқас табандарын қатарластырып, екі қолын алдына алақанымен төмен созып, әуелі көзін ашып, одан кейін жұмып тік тұрады. Ромберг сынамасына баға берді: Ромберг қалпында мишық зақымдалған жағына қарай оңға немесе солға ауытқиды.

7.Саусақ-мұрын сынамасын тексеру


науқас көзін ашып, одан кейін жұмып, сұқ саусағының ұшымен мұрнының ұшын табуы керек. Баға берді: интенционды тремор, гипометрия, гиперметрия бар-жоғын анықтады.

8.Тізе-өкше сынамасын тексеру


науқас бір аяғының өкшесімен екінші аяғының тізесін тауып, төмен қарай жіліншік бойымен аяғының ұшына дейін, одан жоғары тізесіне дейін жылжыту керек. Баға берді: өкшесін тізесіне жеткізе алмады.

9.Диадохокинезді тексеру


тексеру үшін науқас екі қолын алға созып, саусақтарының арасын кезекпе-кезек жылдамырақ темппен супинация және пронация қимылдарын жасайды. Баға берді: қимылы бытыраңқы, баяу, қолайсыз.

10.Дисметрияны анықтау


бір затты тұрған жерінен алып, қайтадан орнына дәл қою қәбілетін зерттеді. Баға берді: мишық зақымдалған жағына қарай оңға не солға ауытқыды.
4.Сезімталдық сферасын тексеру әдістері
1.Ауырсыну сезімталдығын тексеру
тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, аяқ-қолдың әрбір жерін симметриялық шамада екі жағынан жеңіл түртеді. Науқас түрткілеудің «өткір» немесе «өткір емес» екендігін айтып отыруға тиіс. Егер түйреуішпен түрткен кезде сырқат адам нерв жүйесі зақымданған аймақтарында ауырсынбаса (аналгезия), немесе сау жағымен салыстырғанда сәл ғана сезінсе, (гипалгезия) әйтпесе қатты ауырсына сезінсе (гипералгезия), «өткір», «тұтқыл» немесе «өте өткір» екендігін білдіріп отырады.

2.Жанасу сезімталдығын тексеру


тексеру кезіндс дәрігер бір шоқ мақта немесе қыл шашағын алады да сырқаттың бас, дене, аяқ-қол терілсрінің әр түрлі жерлеріне тигізсді. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны «иә» деп мақұлдап отырады. Дененің сезімталдығы жойылған тұсында сырқат жанасу әсерін сезбейді.

3.Температуралық сезімталдығын тексеру


тексеру үшін бір пробиркаға қызуы 40 градустай, екінші пробиркаға 18-20 градус шамасыңда су құйып алған дәрігер пробиркалардың түбін адамның бетіне, денесіне, қол-аяғына симметриялы қашықтықта әр жерден тигізеді. Сонда тек-серілуші «жылы» немесе «салқын» деп өзінің нені сезгенін білдіріп отырады. Егер тигізген тұсында ыстық немесе суықты сезбесе (термогиперестезия), әйтепесе күштірек сезінсе (термогиперестезия), сезімталдық жолдарының осы аймақтарға қатысты құрылымдары зақымданған болып табылады.

4.Бұлшықет-буындық сезімталдығын тексеру


Дәрігер сырқаттың қол-аяғының буындарын бүгіп, жазып, екі жағына қарай қайырып байқайды. Тексеру саусақ ұштарынан басталады, соңынан жоғарғы буындарды қозғалтуға кіріседі де сырқаттан «қай саусағыңды немесе қай буыныңды ұстап отырмын», «қай жаққа қарай козғап (қимылдатып) отырмын» деп сұрайды. Егер сырқаттың нерв жүйесінің сезімталдыққа қатысты құрылымдары зақымданбаса ол дәрігердің әрекеттерін дұрыс бағалайды. Ал жауап дұрыс болмаса тексерілушінің сезімталдыққа қатысы бар нерв жүйесінін, белгілі бір құрылымдары зақымданған болып есептеледі. Тексеру арқылы алынған деректерге сүйене отырып, дәрігер сырқатта бұлшық ет-буын сезімталдығы қол немесе аяқ ұшы саусақтарында немесе иық, жамбас-сан буынына т. б. дейін бұзылғандығы туралы тұжырым жасайды.

5.Қысым сезімталдығын тексеру


Дәрігер сырқаттың денесі мен аяқ-қолдарының әрбір бөлшектерінің симметриялы тұстарын саусағымен немесе барэстезиометр деп аталатын арнайы аспаппен батыра сығып байқайды. Адам қалыпты жағдайда батырудың әр түрлі деңгейін ажырата алады.

6.Стереогностикалық сезімталдықты тексеру


Тексерілуші адамның алақанына ұсақ-түйек бүйымдарды (кілт, қарындаш, түйме т. б.) ұстатып, оларды сипап білуі өтініледі. Егер бір қолымен сипау арқылы аталған бұйымдарды анықтай алмаса, онда оларды екінші қолына ауыстырып сипатады (ұстатады). Сонда тануы мүмкін. Ұстатылған бүйымдарды сипау арқылы ажырата алмауды астереогнозия дейді.

7.Екі өлшемді кеңістіктік сезімталдығын тексеру .


Дәрігер көзі жұмулы науқастың терісіне цифрларды немесе қарапайым геометриялық кескіндерді (крест, шеңбер) салады. Сау адам денесіне жазылғанын айнытпай айтады. Сырқат цифралар мен фигураларды шатастырып ажырата алмауы (графанестезия) немесе оларды қиналып анықтауы (граф-гипестезия) мүмкін.

8.Орналасу сезімталдығын тексеру


Дәрігер қолына бір шөкім мақта немесе шашақша алып сырқат денесінің симметриялы тұстарын нұқу арқылы аталған тітіркендіргіштердің нақтылы әсері сезілген нүктені дәл анықтауы керек. Дені сау адам белгілі нүктені дәл көрсетеді. Ал дертке шалдыққан болса тітіркенген жерін дәлдеп ажырата алмайды, тіпті мүлде баска нүктелерді нұсқауы мүмкін. Мұндай ауытқушылықтар топанестезия немесе топгипестезия деп аталады. Кейбір жағдайда сырқат тітіркенген жерін көрсетем деп, мүлде қарама-қарсы жақты нұсқайды. Бұл құбылыс сирек кездеседі. Мұндай ауытқушылық аллохейрия немесе синестезия деп аталады.

9.Тері-кинестетикалық сезімталдығын тексеру


Дәрігер саусағымен сырқаттың терісін әр тұсынан қатпарлап ұстап, жоғары-төмен, оңға-солға қозғайды. Сырқат тері қатпарының қозғалу бағытын ажырата білуге тиіс.

10.Салмақ сезімталдығын тексеру


Дәрігер сырқаттың екі қолын алдына созғызып, алақанына әр түрлі салмақтағы таразы тастарын қойып бақылайды. Қалыпты жағдайда салмақтың 15-20 г шамасында айырмашылығы анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет