ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ҚАУІПТІЛІК
1. Сабақтың мақсаты: Білімгерлерді техногендік сипаттағы қауіптіліктермен таныстыру. 2. Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі: Взвод командирі білімгерлерді сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, білімгерлердің сырт көрінісін тексеру. ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі: - Электр тогымен қауіпсіз жұмыс істеу кезіндегі шараларды атаңдар. - Тұрмыстық газбен қауіпсіз жұмыс істеуде кандай шаралар қолданылады? - Тұрмыста қолданылатын химиялық кұралдарды пайдаланудың қауіпсіздік шараларын сипаттап айтыңдар. б) Негізгі бөлім: Өнеркәсіптік апаттар, олардың қысқаша сипаттамасы. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға адамның өндірістік немесе шаруашылық қызметіне байланысты апаттар немесе қираулар жатады. Олар нысандық, жергілікті, аймақтық жаһандық болып бөлінеді. Aпат – машинаның, станоктың, жабдықтың, ғимараттың, қандай да бір қурылыстың зақымдануына, бұзылуына әкеп соқтыратын жойқын кұбылыс. Мысалы, күнделікті өмірде автокөліктер, ұшақтар мен пойыздардың апаттары жиі кездеседі. Сондай-ак апатқа электр энергиясын, су, жылу мен газды беру кезіндегі ереже бұзушылықтарды да жатқызуға болады. Қирау – адам құрбандарының саны көп іpi апат. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қандай да бір оқиғаны жатқызуға мүмкіндік беретін мынадай үш белгі сипатталады: 1) апат немесе өзге де қирау нәтижесінде қалыптасқан жағдай (апат көбіне төтенше жағдай болып табылмайды, тек оның көзі болуы мүмкін); 2) ауыр зардаптардың болуы немесе туындау мүмкіндігі (адамдардың қаза табуы, денсаулыққа және қоршаған ортаға зардабы, материалдық шығын және тіршілік әрекетінің бұзылуы); 2) ауыр зардаптардың болуы немесе туындау мүмкіндігі (адамдардың қаза табуы, денсаулыққа және қоршаған ортаға зардабы, материалдық шығын және тіршілік әрекетінің бұзылуы);
Достарыңызбен бөлісу: |