2. Сабақтың барысы: а Ұйымдастыру кезеңі


) оқиғаның техногендік сипаты, яғни оның адам қызметінің техникалық, өндірістік саласымен байланысы



бет2/9
Дата21.12.2023
өлшемі2.33 Mb.
#487406
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
842359.pptx

3) оқиғаның техногендік сипаты, яғни оның адам қызметінің техникалық, өндірістік саласымен байланысы.

Шығу тегіне және нысандық белгісіне байланысты тетенше жағ айлар төмендегідей бөлінеді:

1) көлік апаттары: тауар, жолаушылар, метрополитен пойыздарының апаттары; теңіз, өзен жүк және жолаушылар кемелерінің апаттары; әуе апаттары; автожолдардағы апаттар: көпірлердегі, теміржол өтпелеріндегі және тоннельдердегі көлік апаттары: магистральдық құбыр жолдарындағы алаттар;

2) өрт, жарылыс, жарылыс қаупі: ғимараттардағы, коммуникациялардағы және өнеркәсіптік нысандардың технологиялық жабдықтарындағы өрт, тез тұтанатын, жанғыш және жарылғыш заттарды өндіру қайта өңдеу және сақтау нысандарындағы, көліктегі, шахталардағы, жерасты және тау кен қазбаларындағы, метрополитендегі өрт; тұрғын үй, әлеуметтік тұрмыстық, мәдени мақсаттағы ғимараттардағы өрт;

химиялық қауіпті және радиациялық қауіпті нысандардағы өрт; жарылмаған оқ-дәрілердің табылуы;

3) химиялық қауіпті заттардың (ХҚЗ) шығарындыларынан болатын апаттар: химиялық қауіпті заттардың шығарындыларын өндіру, қайта өңдеу немесе сақтау (көму) кезіндегі апаттар; ХҚЗ шығарындылары бар көліктегі апаттар, апат нәтижесінде басталған химиялық реакциялар процесіндегі ХҚЗ-дың пайда болуы және таралуы; химиялық оқ-дәрлерге қатысты апаттар;

4) радиоактивті зат шығарындыларына байланысты апаттар: атом электрстансаларындағы радиоактивті заттардың (Р3) шығарылуымен өндірістік және зерттеу мақсатындағы атом энергетика қондырғыларындағы апаттар; ядролық-отын циклы кәсіпорындарында P3 шығарылуына байланысты апаттар; көлік құралдарының және ядролық қондырғылардың немесе бортында PЗ бар ғарыш аппараттарының апаттары; РЗ шығарылуымен болатын өнеркәсіптік және ядролық сынақ жарылыстары кезіндегі апаттар; ядролық оқ-дәрілер сақталатын, пайдалануға берілетін немесе қондырғы орындарындағы апаттар;

5) биологиялық қауіпті заттардың шығарындыларынан туындайтын апаттар: кәсіпорындар мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде (зертханаларда) биологиялық қауіпті заттардың (БҚЗ) шығарындыларынан болатын апаттар; БҚЗ шығарындыларын тасымалдау кезіндегі көліктегі апаттар;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет