2 тақырып. Саяси ғылымның ҚҰрылуы мен дамуының негізгі кезеңдері



бет5/5
Дата12.10.2024
өлшемі33.12 Kb.
#504619
1   2   3   4   5
2 ТАҚЫРЫП.Саясаттану (2)

2.5 XX ғасырдағы саяси ілім



  • ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л. Дюгидің (1859-1928) пікірінше əрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі кажет. Ол еңбектің қоғамдық бөлуіне байланысты таптардың бірлесіп жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл жағдайда капитализмнің қолайсыз жақтарын революциясыз, бейбітшілік жолмен жеңуге мүмкіндік жасайды деп санады.

Біздің ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теорияның бірі – элитаризм. Жаңа жағдайда оны жаңғыртып, толықтырып жеткізгендер италияндық саясаттанушылар Г. Моска мен В. Парето болды. Олардың ойынша халық өзін – өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.


Г. Моска (1856 - 1954) «саяси ілімінің негіздері» кітабында саясат қарама


–қарсы екі таптың – үстемдік жүргізуші элитаның жəне оған бағынышты – күресінің айналасында болатын жағдай деп түсінді. Ол демократияға қарсы шықты.

В. Парето (1848-1923) «Жалпы социология жөніндегі трактат» деген еңбегінде элита деген атауда, саяси өмір дегеннің өз таңдаулар (элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамда саясат, экономика жəне ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар билейді. Бірақ олар билікті алған біршама уақыттан кейін тынышталады. Өздерінің алғашқы сапасын, іздемпаздылығын, шығармашылық жігерін жоғалтады. Осы кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге асады деп қорытады.





  • ғасырда саяси ілімге айтарлықтай із қалдырған немістің көрнекті саясаттанушысы, фəлсафашысы, тарихшы, əлеуметтанушысы М. Вебер (1864 - 1920) болды. Ол өзінің зерттеу принципі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мəселелері – қоғамның шаруашылық өмірінің, əр түрлі əлеуметтік топтардың материалдық жəне идеологиялық мүдделері мен діни

23


сананың араларында қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Дінді капитализмді тудыратын белсенді күш ретінде санады.

Вебер əлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Бұл орайда Маркстің көзқарастарына қарсы шығып, таптық ерекшеліктер мен жағдайлардың көпқырлы болатындығына назар аударды. Билікке қатынасына, мəртебесіндегі айырмашылықтарға жəне жекелеген топтардың абыройына, діни жəне идеологиялық белгілеріне қарай бөлуді меншік қатынастарынан туатын өзгешеліктер сияқты өте маңызы бар деп есептеді.


Жалпы М. Вебер қоғамның саяси қозғалыстарын терең зерттей отыра қазіргі əлеуметтанудың дамуына айтарлықтай ықпал етті.


Сыртқы саясатқа байланысты фашизм ерекше жағымсыз орын алды. Басқа елдерді басып алу, қатаң бақылауға бағытталған. Бұл мақсатты іске асыру үшін Ф. Ратцель геосаясат деген теориясының негізін салып кетті. Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік, жер қажет. Ал ол болмаса сондай жерді қарудың күшімен қамтамасыз етуі керек.





  • ғасырда біздің елге қырғындай тиген, көп қайғы əкелген тоталитаризм теориясы дамыды. Ол – мемлекет тарапынан қоғамның жəне əр азаматтың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік – саяси құрылыс. Бұл жүйе қоғаммен тұтасып кетеді. Бір партия, бір идеология үстемдік етеді.




  • ғасырда либералдық жəне консервативтік идеялар одан əрі дамиды. Өткен ғасырлармен салыстарғанда мұнда жаңа қағидалар енеді. Ол «аралас экономиканы», саяси əділеттілікті орнатуға, орташа тапты қалыптастыруға елеулі көңіл бөледі. Консерваторлар болса мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бəсеке бостандығы берілгені дұрыс деп санайды. Əр адам мемлекетке сенбей өз тіршілігін өзі ойлау керек. Тегін қызметті азайтуды жақтайды. Сонда адамдар ізденіп, іскерлігі артып, жағдайын түзейді деп тұжырымдайды.

Саясаттанудың тарихын біз қысқаша түрде қарастырып шықтық. Саясаттанудың тарихын, шығу тегімен даму жолдарын білмей біздің бұл ғылымды тереңірек түсінуімізге қиындығын туғызады. Оны оқып – білу қазіргі қоғамдық жəне саяси құрылыстың мəнін түсінуге, онда əркім өз орнын анықтауға, егемендігіміздің құрылуын сақтап қалуына септігін тигізері сөзсіз.




24


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет