Оқушыларды бағалау кезінде мыналар ескеріледі:
оқуға қатысу (қатысу);
оқудағы белсенділік пен шығармашылық;
шағын топтарда және ынтымақтастықта жұмыс істеу;
негізгі және қосымша оқу материалдарын меңгеру;
өз бетінше оқу тапсырмаларын уақытылы орындау;
бақылаудың барлық түрлерін уақтылы орындау.
Академиялық және этикалық талаптар:
бақылау тапсырмаларын орындауда көшіру тәсілі (плагиат) жол қойылмайды.
тест, оқу жобалары, өзіндік жұмыстар, аралық, қүнделік, қорытынды бақылау тапсырмаларды басқа тұлғалардан көшіруге болмайды, басқа студенттердің орнына емтихан тапсыруға тыйым салынады.
курс бойынша әр қандай қадағалау тапсырмасын өзлестірмеген талаба “пәнін өзлестірмеген” (“F“) есептеледі.
Жаттығулар кезінде ұялы байланыс және басқа электрондық құрылғылардан пайдалануға рұқсат етілмейді.
оқу кезінде аудиторияда (виртуалды аудиторияда) талаптарға қайшы әрекет жасауға болмайды.
басқаларға және әртүрлі пікірлерге төзімділік қажет.
Аралық, күнделікті және қорытынды қадағалау бойынша өздестіру көрсеткіштері 60 балл және одан жоғары жинаған студенттерге кредиттер беріледі. Пәнді меңгеру көрсеткіші 59 балл және одан төмен балл бар студенттерге кредит берілмейді.
Семестр ішінде бір пәнге бөлінген аудитория (лекция, семинар, практикалық, зертханалық) себепсіз 25% және одан да көп сағаттарды жіберіп алған студент осы пәннен шығарылады және қорытынды емтиханға қосылмайды және осы пән бойынша тиісті кредиттерді меңгермеген деп есептеледі.
Аралық және күнделікті бақылау түрлерінен біліктілік балын (30 ұпай) жинай алмаған студент(тер) қорытынды емтиханға кірітілмейді. Қорытынды бақылау түріне енгізілмеген немесе кірмеген, сондай-ақ басқарудың осы түрі бойынша (F)Қанағаттандырылмаған баға алған студент академиялық қарыздар болып саналады.
Аралық және күнделікті бақылау түрлерінен біліктілік балын (30 ұпай) жинаған, бірақ қорытынды бақылау түрінен өтпеген студенттерге каникул уақтында немесе келесі семестр ішінде 1рет тегін қарыздарлықты тапсыруға рұқсат етіледі. Бұл мүмкіндікті пайдаланбаған студенттер өз есебінен қайта оқуға құқығы бар.
Күзгі семестрде кезінде пән(дерді) игермеген студенттер көктемгі семестрде оқуын жалғастырады.
Академиялық қарызы бар студенттер каникулда кезінде немесе одан кейінгі семестрде тиісті пәндерден игерілмеген кредиттер сомасына сәйкес базалық төлем-контракт сомасынан келіп шыққан түрде төлемді жүзеге асырудан соң игерілмеген пәндерді өз есебінен қайта оқуға құқығы болады. Ол үшін тағы да оқуға ниет білдірген студенттер тиісті кредиттер үшін төлемдер жасаған кезде оқуға тіркеледі.
Каникул кезінде бір пәнді қайталап оқуды ұйымдастыру пәнді оқу үшін тіркелген студенттердің саны (POTC) кемінде 8 кұрайды. Игерілмеген және таңдау болып табылатын модуль (пән) ді каникул уақтында қайта оқу үшін ROTS 7 немесе одан төмен болған жағдайда, осы студенттер үшін оқу келесі семестрде кезінде жүзеге асырылуы мүмкін.
ЖОО-дағы қайта оқу үшін ROTS 8-ден аз болса, ЖОО ректор сабақтас ЖОО ректорымен академиялық мобилдік бағдарламасына сәйкес қайта оқуды ұйымдастыра алады. Бұнда қайта оқуға жіберілген студент кредиттер үшін төлемді қайта оқу ұйымдастырылған ЖОО орнына төлейді. Басқа ЖОО қайта оқудан нәтижелі өткен студенттердің кредиттері студент оқитын ЖЖОО жағынан тән алынады және курстан курсқа өткізу үшін негіз болады.
Студенттерді курстан курсқа өткізу тәртібі екі рет шығарылуы мүмкін. Бірінші бұйрық оқу кезеңі аяқталғаннан кейін 1 апта ішінде ресімделеді. Екінші бұйрық тек жазғы оқуға қалған нәтижелері бойынша күзгі семестрдің басталуына 2 апта қалғанда шығарылуы тиіс.
Студенттердің курстан курсқа өткізу GPA (Grade Point Average - бағдарлама бойынша оқудың орташа игеру көрсеткіші) 2,8 балл болып белгіленді. GPA көрсеткіші осы Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2020 жыл 31 декабрь 824 – санды қарары 1- қосымшамен бекітілген «Жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінің кредиттік-модульдік жүйесі енгізу тәртібі туралы заңы”ның 4-тармағында көрсетілген формула жәрдемінде есептеледі.
Студенттерді курстан курсқа өткеру минимал кредиттер сомасы 50-ден кем емес және барлық міндетті пәндерді меңгеру керек.
Қайта тапсырғаннан кейін де тиісті курс бойынша білім алушының GPA 2,8 мәніден, минимал кредиттердің ең аз саны 50-ден аз болса және міндетті пәндер игерілмесе, студент курстан шығарылады.
Курстан курсқа қалған студенттер тек академиялық қарызы болған пәндерді меңгеру үшін осы пәндердің кредиттеріне сәйкес келісім-шарт бойынша қаражатты төлейді.
Жалпы білім алу мүддеті бакалавриат үшін 1 курсқа қабылданғаннан бастап 8 жылға дейін, магистратура үшін 1 курсына оқуға түскен күннен бастап 4 жыл деп белгіленді. Осы мүддеттерде тиісті кредиттерін төлемеген студенттердің барлық кредиттері күйіп кетеді және студенттер қатарынан шығарылады. Осы бұйрықпен ол студенттер қатарынан шығарылған студенттердің оқуы қайта қалпына келтірілмейді.
Кредиттік-модуль жүйесінде оқитын студенттер үшін стипендия Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2020-жылғы 31-қаңтардағы 59 – сан қарарының 1- қосымшасымен бекітілген «Жоғары білім мекемелердің студенттеріне стипендиялар тағайындау және төлеу тәртібі жайында»ғы заң негізінде жүзеге асырылады.
Осы тәртіпке өзгерту, толықтыру және жою институт кеңесінің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |