2004 жылғы және 2005 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары Макроэкономикалық үрдістер



Дата23.02.2016
өлшемі33.98 Kb.
#8562
2004 жылғы және 2005 жылғы қаңтардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары
Макроэкономикалық үрдістер. 2004 жылғы жедел деректер бойынша, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі ағымдағы бағамен 5542,5 млрд. теңге болды. Нақты ЖІӨ 2003 жылмен салыстырғанда 109,4%-ға өсті. ЖІӨ құрылымында тауар өндірісінің үлесі ЖІӨ-ден 45%, қызмет көрсетуде – 50,6% құрады.

2004 жылғы желтоқсанда тұтыну бағасының индексі 2003 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 106,7% құрады, жылына орта есеппен - 106,9%. 2005 жылғы қаңтарда тұтыну тауарлары мен қызметтеріне бағалар мен тарифтер 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,8%-ға, азық-түлік тауарлары мен ақылы қызметтерге - 1,0%-ға өсті. Азық-түлік емес тауарларға индекс бағасы 100% құрады. 2005 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағасы 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,8%-ға төмендеді.

2004 жылы, сараптық бағалау бойынша, жұмыссыздар саны 657,4 мың адамды, 2005 жылғы қаңтарда - 660,0 мың адамды құрады. 2004 жылы жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына 8,4%-ды, 2005 жылғы қаңтарда - 8,6%-ды құрады. 2004 жылғы желтоқсанның соңына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны 117,7 мың адамды, 2005 жылғы қаңтардың соңына – 120,1 мың адамды құрады, экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы олардың үлесі тиісінше 1,5%-дан болды.

Экономиканың нақты секторы. 2005 жылғы қаңтарда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 347,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтардағыдан 9%-ға артық. Өндіріс көлемі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібінде 12,8%-ға, өңдеу өнеркәсібінде 4,8%-ға, электр энергиясын, газ бен су өндіруде және бөлуде 8,6%-ға өсті.

2005 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағамен 21,0 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,8%-ға өсті.

2005 жылғы қаңтарда жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тасымалдаған жүк көлемінің бағасын есепке алғанда) 131,0 млн. тоннаны құрап, 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,5%-ға өсті.

2005 жылғы қаңтарда бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 92,5 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтармен салыстырғанда 9,9%-ға артты.

2005 жылғы қаңтарда негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 97,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы қаңтардағыдан 61,2%-ға көп.

2005 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша республикада 209884 шаруашылық жүргізуші субъект (заңды тұлға) тіркелді, соның ішінде жұмыспен қамтылғандардың саны 50 адамға дейінгі – 196925. Жұмыс істейтін заңды тұлғалар - 157843. Заңды тұлғалардың ішіндегі шағын кәсіпорындар саны - 145796, олардан шағын бизнес кәсіпорындары – 104556.



Сыртқы сауда. 2004 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (Қазақстан Республикасы Қаржы Министрілігінің Кедендік бақылау агенттігінің деректері бойынша ұйымдаспаған сауданы есепке алмағанда) 32877,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2003 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 54%-ға өсті, соның ішінде экспорт – 20096,2 млн. АҚШ доллары (56%-ға өсті), импорт – 12781,3 млн. АҚШ доллары (52%-ға өсті).

Қаржы. 2005 жылғы 1 қаңтарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен түсімдер көлемі 1305,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы 1 қаңтардағыдан 27,7%-ға артық, шығыстар мен кредит беру – 1323,8 млрд. теңге (24,6%-ға артық).

Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2004 жылғы желтоқсанда салық салғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен алынған қаржылық нәтиже табыс есебінде 105,7 млрд. теңге сомасында анықталды, бұл 2003 жылғы қаңтардағыдан 2,1 есе артық. Пайдалылық деңгейі – 23,6%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан залалды кәсіпорындардың үлесі 40,8% құрады.



2005 жылғы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 1484,3 млрд. теңгені құрады. Олардың көбеюінде тұрақты серпін байқалады. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттер үлесі 65,7%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі 51,9% құрады. 2005 жылғы 1 қаңтарда банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 1255,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы 1 қаңтарға қарағанда 71,2%-ға көп, соның ішінде халық депозиттері (салымдары) тиісінше 441,2 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылғы 1 қаңтардағыдан 31,5%-ға көп.

Халық табысы. 2004 жылғы желтоқсанда, бағалау бойынша, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 14876 теңгені құрап, 2003 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 20,4%-ға, ал нақты ақшалай табысы – 12,8%-ға өсті.

2004 жылғы желтоқсанда қызметкерлерге бөлінген орташа айлық атаулы жалақы 35652 теңгені құрап, 2003 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 26,5%-ға өсті. Нақты жалақы 18,5%-ға өсті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет