2005 жылы берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы



Дата04.07.2016
өлшемі65.82 Kb.



«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру» жобасын іске асыру үшін «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамына республикалық бюджеттен

2005 жылы берілген бюджеттік кредитті

қайта құрылымдау туралы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 193-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамына 041 «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құруға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша берілген бюджеттік кредит Тараптар келіскен эскизді жоба сараптамасының нәтижелері бойынша бюджеттік кредиттің сомасын нақтылай отырып, негізгі борышты өтеу және 2019 жылға дейін жылдық 0,5 пайыз сыйақы мөлшерлемесі бойынша сыйақы төлеу бойынша жеңілдікті кезеңнің мерзімдерін өзгерту және бюджеттік кредит бойынша берешектерді капиталдандыра отырып (сомалау), кредит бойынша сыйақы және өзге төлемдер, сондай-ақ 2016 жылғы 30 маусымға дейін бюджеттік кредитті игеру кезеңін ұзарту бөлігінде қайта құрылымдалсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тиісті қосымша келісім жасасуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жүктелсін.


  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов


«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру» жобасын іске асыру үшін берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА





Р/с



Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 447 қаулысымен «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру» жобасын іске асыру үшін берілген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау жүргізілді.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 193-бабына сәйкес бюджеттік кредитті қайта құрылымдау бір реттен астам емес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 1-бабы 2-тармағында, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартпен осы Кодекстегіден өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылатындығы белгіленген. Бюджеттік кредитті қайтадан қайта құрылымдауды жүргізу мақсатында 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2014 жылғы 9 желтоқсандағы хаттамаға қол қойылды, 2015 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланды.

Ратификацияланған Хаттама «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру» жобасын іске асыру үшін берілген бюджеттік кредитті қайтадан қайта құрылымдауды жүргізуге мүмкіндік береді.


3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық

және/немесе құқықтық салдар



Қаулы жобасын қабылдау «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру» жобасын одан әрі іске асыру үшін қажетті экономикалық жағдай жасайды және теріс әлеуметтік-экономикалық

және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді



4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру қосымша қаржылық шығындарға әкелмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын

тиімділігі



Жобаның мақсаты «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамына 041 «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құруға кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша берілген бюджеттік кредиттің негізгі борышын игеру және сыйақыны төлеудің жеңілдік мерзімін 2019 жылғы дейін ұзарту, сондай-ақ 2016 жылғы 30 маусымға дейін бюджеттік кредитті игеру кезеңін ұзарту арқылы қайта құрылымдау болып табылады;

Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру» стратегиялық жобасын қаржыландыруға мүмкіндік береді



6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісім жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1350 қаулысы;

«Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бiрлескен кәсiпорны» акционерлiк қоғамына бюджет кредитiн берудiң негiзгi шарттарын белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1140 қаулысы;

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру» жобасын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 447 қаулысы;

«2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» 2015 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы



7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Жоба әлеуметтік маңызды болып табылмайды

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ



Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму

министрі



Ә. Исекешев

2015 жылғы «___» ___________







Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет