Тірі жүйелердегі зат және энергия алмасу типтері тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1.Ғаламшарымыз биосфераның қай үдерісі арқасында сыртқы көздерден энергия алады?
2.Ғаламшарымызда қай ағзалардың арқасында тіршілік пайда болды? Өз ойларыңды айтып, негіздеңдер.
В
1.Тірі жүйелердің энергия алу үдерісінде барлық белгі топтардың қайсысы таптырмайтын топтар деп есептеледі?
2.Гетеротрофта дегеніміз не?
С
1.Хемосинтездің ерекелігі неде?Хемосинтетиктерге мысалдар келтіріңдер.
2.Өздігінен реттелу қалай жүзеге асады?
Тынысалудың кезеңдері тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1.Ағзалардың көпшілігінің энергия және АТФ синтезін алудың негізгі жолы ретінде тынысалу үдерісін пайдалануы неліктен?
2.Тынысалу үдерісін ойдағыдай жүзеге асыру үшін барлық қажетті құрамбөліктер мен жағдайларды атаңдар.
В
1.АТФ-ның қандай мөлшері тынысалудың қай кезеңінде түзіледі?
2.Митохондриялар мен жанудағы тынысалу үдерісінің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
С
1.Өсімдіктер тіршілігіндегі өтем нүктесі деген не?
2.Эукариоттардың барлығына дерлігіне Кребс айналымының, прокариоттар мен эукариоттардың барлығына гликолиздің лайық болуы неліктен?
Фотосинтез тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар
А.
1.Фотосинтез үдерісінің биосферадағы рөлі қандай?
2.Фотосинтез қандай мөлшерде және қандай органоидтарында жүзеге асырады?
3.Фотосинтез үдерісіне қай сатылары қамтылады, олардың әрқайсысында не өтеді?
В
1.Фотолиз үрдісін сипаттаңдар.
2.Егер сынауықта фотолизді жаңадан өндірсе, оны қалай қолдануға болар еді?
3.Қараңғы сатыны сипаттаңдар.
С
1.Қараңғы сатыда жарық сатысының қай заттары пайдаланылады?
2.Фотосинтез үдерісінің қарқындылығына қандай жағдайлар ықпал етеді?
3.Фотосинтезді оқытып үйретудің іс жүзіндегі маңызы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |