«2008 жыл – информатигі»


ДНҚ-ның екіеселену ерекшеліктері, оның тұқымқуалаушылықты сақтаудағы рөлі тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар



бет18/34
Дата13.12.2022
өлшемі0.68 Mb.
#467164
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34
Биология пәнінен тест кітапшасы (6-9 сыныптар)

ДНҚ-ның екіеселену ерекшеліктері, оның тұқымқуалаушылықты сақтаудағы рөлі тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1.Матрица деген не?
2.Жасушадағы матрицалық үдерістен мысал келтіріңдер.
В
1.ДНҚ синтезін неліктен матрицалық үдеріс деп атайды.Репликация кезінде матрицаның мәнін атаңдар.
2.ДНҚ-дағы байланыс типтері репликация тетігіне қалай әсер етеді?
С
1.Репликация үдерісін егжей-тегжейлі түсіндіріңдер.Репликация болмаған жағдайда тіршілік қалай дамитынын ойланып көріңдер.
2.Матрицалық репликацияда жаңа ДНҚ биосинтезі үшін қолда бар ДНҚ молекуласы пайдаланылады. Ал нәруыз биосинтезі үшін қандай матрица болуы қажет?
Нәруыз биосинтез кезеңдері:транскрипция және трансляция тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1.Нәруыз биосинтездері қандай екі кезеңдерден құралады?
2.Транскрипция деген не?
3.Трансляция деген не?
В
1.Нәруыздар биосинтезі үдерісіндегі РНҚ-ның үш түрінің рөлін сипаттаңдар.
2.Транскрипция үдерісін сипаттаңдар.
3.Трансляция үдерісін сипаттаңдар.
С
1.Бактериялардың және эукариоттың транскрипциясының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
2.Бактериялардың және эукариоттың трансляциясының ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Жасушалардың бөлінуі.Митоз.Мейоз тақырыбына арналған деңгейлік сұрақтар.
А.
1.Жасушалардың бөлінуге даярлығы кезеңінде қандай үдерістер жүреді?
2.Мейоз деген не?Митоз фазаларын сипаттаңдар.
3.Митоздың биологиялық маңызын айтыңдар.
В
1. Ядроның қандай құрылымын хроматидті құрылым дейді?
2. Центромер қандай қызмет атқарады?
3.Жыныс гаметаларының даму үдерісі қалай аталады?
С
1.Эволюция үдерісінде мейоз қалыптаспаса, жер бетінде тіршілік қалай дамитын еді?
2.Кроссинговердің маңызын айтыңдар.Бір отбасында туған он баланың екеуі дәлме-дәл бірдей болуы мүмкін бе, егер олар бір жұмыртқадан тумаған болса?
3.Мейоздың биологиялық мәні неде?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет