201-стом Тексерген: Есимова Р. Ж


Тегіс салалы бұлшықет тінінің регенерациясы



бет3/7
Дата21.04.2023
өлшемі0.8 Mb.
#472545
1   2   3   4   5   6   7
Бұлшықет тіндері

Тегіс салалы бұлшықет тінінің регенерациясы

\

Эпидермалық тегіс бұлшықет тіні.

  • Құрылымдық қызметтік бірлігі – миоэпителиоциттер. Олар терілік эктодермадан бастау алады. Көп өсінділі жасушалар. Бұлар базальді мембранаға бекінеді. Пішіні жұлдызша тәрізді. Ядро мен органеллалары жасуша орталығында орналасады. Регенерациясы аз маманданған жасуша түрінен қалыптасады. Миоэпителоциттер экзокринді бездердің секреторлық бөлігін сыртынан себет тәрізді қоршап, механикалық қызмет атқарады. Тер, сүт, сілекей және жас бездерінде орналасқан. Құрамында жиырылғыш элементтері болады.

Нейральдық тегіс бұлшықет тіні.

  • Бұл тіннің миоциттері – нейральді өсінділерден дамиды. Көз бокалында орналасқан. Миоцитер құрамына жырылғыш апараттар кіреді. Олар көздің 2 түрлі бұлшықеттері құрамына кіреді.
  • Жүрек бұлшықет тіні.
  • Көлденең жолақты бұлшықет тіні.

Қаңқалық бұлшықет тіні

  • Гистогенезі. Көлденең жолақты бұлшықет тінінің шығу көзі миотомның жасушалары – миобласттар. Дифференциялану кезінде екі түрі жасушалық топтар қалыптасады.
  • 1-ші жасушалардан симпласттар(миотубулалар), бұлардың цитоплазмасында арнайы органеллалары миофибриллалары пайда болатын миосимпластар.
  • 2-ші жасушалар жеке дифференцияланып миосателиоциттерге айналады. Миосателиттер миосимпласттардың үстінде орналасады.
  • Қаңқалық бұлшықет тінінің құрылымдық элементтері – ет талшығы. Ол миосимпластан және миосателлилциттерден құралған. Талшықтың сырты сарколеммамен қапталған. Ол базальді мембрана және симпласт плазмалеммасынан тұрады.
  • Миосимпласт – плазмолеммамен қапталған. Мұнда мембраналық потенциал бар, ол мембрана арқылы Т- түтікшесіне беріледі. Плазмалемма астында сопақша келген көп ядролары болады. Сонымен қатар, Гольджи апараты, агранулярлы ЭПТ, митохондриялары болады. Гранулярлы ЭПТ нашар жетілген. Арнайы органелласы – миофибриллалар. Миофибриллалар миосимпласттың бойында ұзынша созылып орналасқан.
  • Миофибриллалардың құрылыс қызметін атқаратын бірлігі – саркомер. Саркомер- көлденең жолақты ет талшықтарының құрылыс қызметін атқаратын бірлігі. Әр бір ет талшықтарының бойында жарықты бірдей сындырып, өткізбейтін ашық түсті – изотропты И дискісі, күңгірт түсті – анизатропты А- дискісі болады. Изотропты дискілердің құрамында жіңішке актин миофибриллалары болады. Олар арасында түйіршіксіз ЭПТ түтікше каналдары орналасады. Ет талшықтарының бойында орналасқан көршілес саркомерлер арасында Z-сызығы болады. Бұл сызыққа актинин белогы арқылы – актин филаменттерінің бір ұшы бекінеді, екінші ұшы саркомерлердің ортасына бағытталады. Саркомердің ортасындағы М-сызығы немесе мезофрагмаға миозин филаменттері миомиозин белогының көмегімен бекінеді. Миозиннің екі ұшы актин миофибриллаларына бағытталған.
  • Босаңсу кезінде
  • Жиырылған кезінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет