ҚР Парламетінің
2011 ж. 20 маусымдағы
№ 121-IV ҚРҮ қаулысымен
бекітілген
2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп
2010 – 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет
2010–2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», 2009 жылғы
6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға», 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауларына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік өлшемдерінің негізінде әзірленген болатын.
2010 жылы Қазақстан экономикасының өсуінің оң қарқыны байқалуда. Экономиканың орнықты дамуына сыртқы конъюнктураны тұрақтандыру және әлемдік экономиканың жандануы аясындағы сыртқы факторлармен қатар, ішкі сұранысты кеңейту де, сондай-ақ экономикадағы ісркелік белсенділікті Үкіметтік қолдау мен дағдарыстан кейінгі даму базасын құру ықпал етті.
Қазақстанның 2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының түйінді индикаторларын сипаттайтын статистикалық деректер кестеде келтірілген.
Атауы
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Жалпы ішкі өнім, млрд.теңге
|
16 052,9
|
17 007,6
|
21 647,7 1
|
өткен жылға нақты есептеудегi %-бен
|
103,3
|
101,2
|
107,0
|
Өнеркәсіптік өндіріс көлемі, млрд.теңге
|
10 196,2
|
8 925,2
|
11 757,0
|
өткен жылға %-бен
|
102,1
|
101,7
|
110,0
|
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млрд.теңге
|
1 384,2
|
1 620,3
|
1 441,0
|
өткен жылға қарағанда %-бен
|
93,6
|
113,8
|
88,3
|
Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау, млн.тонна
|
2 188,7
|
2 104,3
|
2 430,1
|
өткен жылға %-бен
|
103,0
|
96,0
|
115,5
|
Байланыс қызметтерінің көлемі, млрд.теңге
|
415,5
|
441,4
|
477,0
|
өткен жылға %-бен
|
111,8
|
108,3
|
105,0
|
Тұтыну бағасының индексі
|
|
|
|
өткен жылдың желтоқсан айына, %-бен
|
109,5
|
106,2
|
101,7
|
өткен жылға қарағанда жылына орташа есеппен %-бен
|
117,0
|
107,3
|
107,1
|
Халық саны, мың адам
|
15 776,5
|
15 999,5
|
16 433,8
|
Орташа айлық атаулы жалақы, теңге
|
60 805,0
|
67 639,0
|
77 482,0
|
өткен жылға %-бен
|
115,9
|
111,4
|
114,6
|
Экспорт, млн. АҚШ долл.
|
71 183,5
|
43 195,7
|
59 216,6
|
өткен жылға %-бен
|
149,1
|
60,7
|
137,1
|
Импорт, млн. АҚШ долл.
|
37 889,0
|
28 408,7
|
29 760,0
|
өткен жылға %-бен
|
115,7
|
75,0
|
104,8
|
Сауда балансының сальдосы, млн. АҚШ долл.
|
33 294,5
|
14 787,0
|
29 456,6
|
АҚШ долларына шаққанда теңгенің ресми айарбас бағамы:
|
|
|
|
жылдың аяғына
|
120,8
|
148,4
|
147,4
|
жылына орташа алғанда
|
120,3
|
147,5
|
147,4
|
* - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері;
** - кедендік статистиканың ресми деректері бойынша
Республикалық бюджет кірістерінің атқарылуы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында қойылған барлық міндеттерді шешу үшін 2010 жылы бюджеттің кіріс бөлігін арттыру үшін шаралар кешені қабылданатын болады:
біріншіден, Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану жөніндегі жаңа тұжырымдама қабылданды, оған сәйкес Ұлттық қордан берілетін жыл сайынғы кепілдік берілген трансферт 8 млрд. АҚШ доллары немесе 1,2 трлн. теңге деңгейінде бекітілді.
екіншіден, салық саясаты саласында Салық кодексіне бірқатар ставкаларды сақтау жөнінде өзгерістер енгізілді (корпоративтік табыс салығы 20% деңгейінде, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық – 20%), нақты ынталандыру шаралар көзделді. Салық рәсімдері оңайлатылды, арнайы экономикалық аймақтар аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің есебін беру міндетінен босату жолымен арнайы экономикалық аймақтар аумағында салық режимі жақсартылды.
Қаржы құралы ретінде алтынның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жағдайлар жасау мақсатында инвестициялық алтынмен жасалатын операцияларды қосылған құн салығынан босату жөнінде түзетулер көзделді.
Осылайша республикалық бюджетке 3 729,2 млрд. теңге түсті немесе жоспар 211,4 млрд. теңгеге асыра орындалды. 2009 жылмен салыстырғанда өсім салыстырмалы жағдайларда 26,2%-ды немесе 711,1 млрд. теңгені құрады.
3 626,2 млрд. теңге сомасында кірістер түсті, оның ішінде салық түсімдері 2 083,6 млрд. теңгені немесе жоспарға 110,4%-ды құрады, 2009 жылмен салыстырғанда өсім салыстырмалы жағдайларда 23,5%-ды немесе 633,1 млрд. теңгені құрады.
Салықтардың негізгі түрлері (қосылған құн салығы, табиғи және басқа ресурстарды пайдаланған үшін резервтер, кеден төлемдері) артығымен орындалды, оған елдің экономикасын дамытудың оң серпіні, кеден одағына енуге байланысты кедендік баждарды бөлу механизмін енгізу, мұнайға салынатын экспорттық кедендік баж түсімдерінің ұлғаюы, жоспарланғанға қарағанда қосылған құн салығын қайтару сомасының төмендеуі және бір жолғы жоспарланбаған түсімдер әсер етті.
Корпоративтік табыс салығы және акциздер бойынша толық игеруге қол жеткізілмеді. Мәселен, корпоративтік табыс салығы 98,7 %-ға атқарылды.
Жыл бойындағы қызмет нәтижелері бойынша 2010 жылы жекелеген салық төлеушілердің аванстық төлемдерді азайтуы есебінен резидент емес заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша жоспар атқарылған жоқ (87,9%). Төлем көзінен ұсталатын резидент емес заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша банктер тартатын инвестициялардың және сыйақы төлемдері көлемінің азаюына байланысты банк секторы бойынша («БТӘ Банкі» АҚ, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ) түсімдердің азаюынан жоспар 95,9%-ға атқарылды.
Акциздер бойынша түсімдер 66,2 %-ға атқарылды, бұл жекелеген акцизделетін тауарлар (фильтрлі темекілер, сыра және автомобильдер) оның ішінде:
сыра бойынша импорт көлемінің қысқаруына өндіріс құрылымының өзгеруіне байланысты ішкі нарыққа қайта бағдарлау әсер етті;
жеңіл автомобилдерге берілетін акциздер бойынша жоспардың атқарылмауы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап «Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған жеңiл автомобильдердi өткiзу мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 1 шiлдедегi № 682 қаулысы өз күшіне енуіне байланысты болды, оған сәйкес жеке тұлғалар кедендiк баждарды бiрыңғай ставка бойынша төлейді және «Жеке тұлғалар әкелетін жеке пайдалануға арналған тауарларға кедендiк баждардың, салықтардың бiрыңғай ставкаларын қолдана отырып, салынатын кедендiк баждар, салықтар»;
фильтрлі темекілерге салынатын акциздер бойынша жоспардың орындалмауына акциз ставкасының 1000 дана үшін 750 теңгеден 950 теңгеге дейін көтерілуі нәтижесінде алыс шетелден келетін импорт көлемінің төмендеуі әсер етті.
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтар мен төлемдер бойынша бересі 199,0 млрд. теңгені құрады. 2010 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда бересі 98,7 млрд. теңгеге артты. Оның 89,5 млрд. теңгесі «қолма-қол ақшаға айналдыратын» фирмалардың және жалған кәсіпорындардың қызметінің жолын кесу бойынша жүргізілген салықтық тексерулер нәтижелері бойынша түгел есептелді, салықтық тексеру актілері бойынша және жалған кәсіпорындар контрагенттерінің берген қосымша декларациялары бойынша 9,2 млрд. теңге жете есептелді
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша бересі 3,4 млрд. теңгені құрады. 2010 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 30,0 %-ға немесе 1,0 млрд.теңгеге азайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2010 жылда 2 407,7 млрд. теңгеге толықты және 2011 жылғы 1 қаңтарға 5 704,4 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылғы түсімдер 4,8%-ға өсті. Ұлттық қорға түсетін түсімдердің негізгі үлесін (93,7 %) мұнайға бағаның тұрақты жоғары деңгейде болуының арқасында мүмкін болған мұнай секторы ұйымдарынан тікелей салықтардың түсімі құрады
Республикалық бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы
Республикалық бюджет шығыстары 2010 жылы 4 284,0 млрд. теңгені немесе жоспарға 99,1%-ды құрады, 2009 жылмен салыстырғанда есепті жылда 972,7 млрд.теңгеге көп жұмсалды.
Шығыстардың жалпы сомасында игерілмеген қалдық үлесі 0,9%-ды немесе 37,5 млрд.теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 22,6 млрд. теңгеге аз.
Бұл ретте игерілмеген сомаға жалпы мемлекеттік шығыстар бойынша пайдаланылмаған қалдық кіреді – бұл бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың шешімдермен бөлінбей қалған 7,1 млрд.теңге көлеміндегі қаражаты (бюджеттер бойынша қолма-қол ақша тапшылығын жабуға 0,6 млрд.теңгені қоса алғанда, Үкімет резерві бойынша -3,6 млрд.теңге; өкілдік шығындары бойынша - 3,0 млрд.теңге; техникалық –экономикалық негіздемелер әзірлеу және сараптау бойынша - 0,5 млрд.теңге) және 0,8 млрд.теңге шетел валюталарының бағамдары өзгеруіне байланысты үкіметтік борышқа қызмет көрсету бойынша, сондай-ақ 1,8 млрд.теңге – сомасында мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу.
Бұл ретте 10,4 млрд. теңге Бюджет кодексіне сәйкес ағымдағы жылы төленетін жалғастырылып жатқан инвестициялық жобалар бойынша 2010 жылы тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігі болып табылады.
Қалған 27,1 млрд. теңге бюджетті нақтылау кезінде Президенттің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында алдымызға қойған жаңа міндеттерге қайта бөлінді.
Түгел игерілмеген бюджеттік қаражаттың болуының негізгі себептері сіздерге мәлім. Бұл – мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлерді кеш өткізу, өнім берушілердің шарттық міндеттемелерін жосықсыз орындауы және орындалған жұмыстар актісін кеш ұсыну.
2010 жылдың бюджет саясаты әлеуметтік шығыстардың басымдылығына бағытталды. Соңғы 10 жылда білім беруге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік көмекке, мәдениетке, спортқа, туризмге жұмсалатын шығыстар оң серпінге ие, мәселен, 2001 жылы аталған шығыстар 197,2 млрд. теңгеге жүргізілген болса, 2010 жылы олар 1 622,0 млрд. теңгені құрады немесе 8,2 есеге ұлғайды.
2010 жылы білім беруге 263,7 млрд.теңге, денсаулық сақтауға - 370,8 млрд.теңге, әлеуметтік көмекке – 836,3 млрд.теңге, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке – 151,2 млрд.теңге жұмсалды.
Өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қорғау
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік қамсыздандыру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмалары іске асырылды.
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемдерін
9 %-ға, 25 %-ға арттыру жүргізілді, ортақ зейнетақы мөлшері ұлғайды, сондай-ақ зейнетақыларды есептеу үшін қабылданатын кіріске шектеу 28 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 32 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды.
Базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыруды ескере отырып
(2010 жылы – 5 981 теңге), 2010 жылы зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 18 325 теңгені құрады, орташа – 27 481 теңге, ең жоғары – 39 893 теңге.
Зейнетақы алушылардың іс жүзіндегі орташа жылдық саны 2010 жылы жоспарда 1 677 614 адам болған кезде 1 677 165 адамды құрады.
Базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 14 952 теңге сомасында белгіленді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша іс жүзінде қалыптасып отырған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы өткен жылы халықтың жан басына шаққанда орташа есеппен 13 487 теңгені құрады.
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 9 %-ға артты. Оларды алушылардың іс жүзіндегі саны 658 431 адамды құрады. Сондай-ақ, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 9 %-ға артты. Сонымен бірге, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң іске асырылуда, оған сәйкес 2010 жылы арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері ұлғайтылды:
-
Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі Даңқ ордендерінің игерелеріне 8,7 есеге 15 АЕК-ден 130-ға дейін (183 690 теңге);
-
Ұлы Отан соғысына қатысушылар арасындағы Социалистік Еңбек Ерлеріне 4,7 есеге 15 АЕК-ден 70-ке дейін (98 910 теңге);
- «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға 130 АЕК (183 690 теңге) мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу белгіленді.
Атаулы күн – Ұлты Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу шеңберінде соғыс ардагерлерін әлеуметтік қолдау үшін республикалық бюджеттен өкірлік бюджеттерге сомасы 4,2 млрд.теңгеден астам сомада ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді, оның ішінде 4,1 млрд.теңге – 295,8 мың соғыс ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне бір жолғы материалдық көмек төлеуге.
2010 жылы сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің ана мен баланы әлеуметтік қолдау деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасы іске асырылды.
2010 жылдан бастап:
-
төртінші және одан көп баланы туғаны үшін біржолғы жәрдемақының мөлшері 30 АЕК-ден 50-ге дейін ұлғайтылды (70 650 теңге);
-
бала бір жасқа толғанға дейін оның күту бойынша ай сайынғы жәрдемақылардың мөлшері ұлғайтылды, оның ішінде:
бірінші балаға – 5,0 АЕК-ден 5,5-ке дейін (7 772 теңге);
екінші балаға – 5,5 АЕК-ден 6,5-ке дейін (9 185 теңге);
үшінші балаға – 6,0 АЕК-ден 7,5-ке дейін (10 598 теңге);
төртінші және одан да көп балаға – 6,5 АЕК-ден 8,5-ке дейін
(12 011 теңге);
-
мүгедек бала тәрбиелеп жатқан адамдарға ең төменгі бір жалақы мөлшерінде жаңа жәрдемақы енгізілді.
Заңнамаға түзетулер енгізілді, оларға сәйкес «Алтын алқа» белгісімен енді жеті және одан да көп (бұрын – он және одан да көп) баласы бар аналар; ал «Күміс алқа» белгісімен алты (бұрын – сегіз және тоғыз) баласы бар аналар наградталады.
Бір мезгілде осы белгілермен наградталған көп балалы аналарға төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері де 3,9 АЕК-ден 6-ға дейін ұлғайды.
2010 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге республикалық бюджеттен 1,12 млрд.теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер жіберілді. Аталған көмекті алушылардың саны осы трансферттердің есебінен 92,6 мың адамды құрады.
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 2,97 млрд.теңге сомасында трансферттер бөлінген болатын, оларды игеру нәтижесінде 271,3 мың балаға жәрдемақы төленді.
2010 жылы «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде бес пилотық жоба іске асырылды (Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының Асар шағын ауданы, Солтүстік Қазақстан облысының Бәйтерек ауылы, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы, Маңғыстау облысының Құрық және Батыр ауылдары, Ақтөбе облысының Көктау ауылы).
Жалпы қаржыландыру көлемі 26,3 млрд.теңгені құрады, олар
97,7 %-ға игерілді немесе 25,7 млрд.теңге.
Бұл қаражат 1 418 тұрғын үй және барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар пәтер, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектісі мен жылыжай салуға жіберілді.
Бағдарламаның 2010 жылдың пилоттық жобаларына қатысуға барлығы 1 077 отбасы өтініш берді, олардың ішінде 913 – тұрғын үй комиссиясынан өтті, 242 – жергілікті атқарушы органдармен шарт жасасты. 312 үйге оралмандар қоныстанды.
Денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы
13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) аяқталды. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты – мемлекет пен адам арасында денсаулық сақтау үшiн ынтымақтасқан жауапкершiлiк принциптерiне, халық денсаулығын жақсартуға бағытталған бастапқы медициналық-санитарлық көмектi басым дамытуға негiзделген медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн құру. Мемлекеттік бағдарламаның барлық 149 іс-шарасы іске асырылды, оның ішінде 2010 жылы 38 іс-шараны іске асыру аяқталды.
Мемлекеттік бағдарламаның жалпы құны 2005 – 2010 жылдары
389 694,6 млн.теңгені құрады, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен – 286 564,5 млн.теңге,
- жергілікті бюджеттерден – 103 130,1 млн.теңге.
Мемлекеттік бағдарламаның міндеттерінің бірі саланы ресурстық толтыру болып табылды. Мәселен, денсаулық сақтауды қаржыландыру
2010 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 4,2 есеге ұлғайды және
555 млрд.теңгені құрады, бұл денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға мүмкіндік берді. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде 537 денсаулық сақтау объектісі салынды,
5 029 медициналық ұйымға жалпы сомасы 414,9 млрд.теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді, республикалық бюджет қаражаты есебінен 100,8 млрд.теңге сомаға медициналық жабдық сатып алынды, оның ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін 24,5 млрд.теңге сомаға, жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымдар үшін 76,3 млрд.теңге сомаға.
Әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсету сапасының деңгейі жақсарды. Мәселен, ана өлімінің көрсеткіші 1,6 есе азайып, 2010 жылы 100 мың тірі туылған балаға 2009 жылғы 36,8-ге қарағанда 22,7-ні құрады; сәби өлімінің көрсеткіші 8,2 %-ға азайып, 1 000 тірі туылған балаға 2009 жылғы 18,2-ге қарағанда 16,7-ні құрады.2010 жылы балалардың 96,2 % профилактикалық қараумен қамтылды, 26,8 % балада ауытқу анықталды, олардың ішінде науқастардың 68,3 % сауықты.
Әйелдерді жатыр мойнының ісігін анықтауға скринингтік қараудан әйелдердің жоспарланған мөлшерінің 98,8 % өтті, 7,3 % науқас анықталды, олардың ішінде 67,6 % сауықты; сүт безінің ісігін анықтауға 98,5 % әйел қаралды, 12,2 % науқас анықталды, олардың ішінде 64,2 % сауықты.
Негізгі әлеуметтік маңызы бар ауруларды: жүрек-қан тамыры ауруларын, онкопатологияларды, туберкулезді, АИТБ-ны диагностикалау, емдеу және оңалту әдістері жетілдірілді
Бүгінгі таңда елімізде тиімді кардиологиялық және кардиохирургиялық қызмет (8 мамандандырылған орталық, 25 кардиохирургиялық және 47 кардиологиялық бөлімшелер) құрылды.
2010 жылы қан айналымы жүйесінің аруларын (бұдан әрі – ҚЖА) анықтауға 1 610 014 адам (100 %), олардың ішінде 10 % астам ауру анықталды. Жіті миокард инфарктын алған және халықаралық стандарттарға сәйкес жүрегіне операция жасалған жүрек-қан тамыры ақауымен ауыратындарға уақтылы сауықтыруды ұйымдастыру және көрсету жөніндегі жұмыс жалғасуда. Қабылданған шаралар нәтижесінде ҚЖА-дан өлім 100 мың тұрғынға 2005 жылы 535,5-тен 2010 жылы 406,4-ке дейін жетті.
Онкопатологиялардан өлімді азайту үшін халықаралық талаптарға сәйкес келетін диагностика мен емдеу хаттамасы енгізілді, сәулелі аппараттар паркі жаңартылды, науқастарды химиялық препараттармен тегін қамтамасыз ету жүргізілуде.
Қатерлі ісікпен ауру 10 %-ға (100 мың тұрғынға 2004 ж. – 194,2; 2010 ж. – 174,2), онкопатологиялық өлім – 18 %-ға (100 мың тұрғынға 2004 ж. – 120,5; 2010 ж. – 98,4) төмендеді.
Туберкулезбен ауруды азайту үшін республикада мыналар қабылданды:
- 40-тан астам туберкулезге қарсы жаңа мекеме салынды;
- БМСК желісінде туберкулезді ерте анықтау мәселелері, аурудың алдын ау және қазіргі заманғы диагностикалау мәселелері күшейтілді;
- нозокомиальды туберкулездің таралуының алдын алу мақсатында туберкулезге қарсы мекемелерді қайта құрылымдау жөніндегі іс-шаралар жалғасты;
- туберкулезді және көптеген дәрі-дәрмекке төзімді туберкулезді (бұдан әрі – КДТ ТБ) жедел диагностикалауды жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар енгізілді;
- КДТ ТБ емдеу үшін мамандандырылған бөлімшелердің қуаты кеңейтілді, олар республикада 2100 орынға арналған кереует қуатымен
31 бірлік, бұл дәрі-дәрмекке төзімділіктің дамуы мен таралуы деңгейін азайтуға мүмкіндік береді;
- өкпесі деструктивті өзгерген туберкулезбен ауыратындар, әсіресе, КДТ ТБ және суперрезистентті нысандарымен ауыратындар ішінде емдеудегі хирургиялық белсенділік артты;
- халықтың әлеуметтік осал топтарына емдеудің қолдау сатысында әлеуметтік көмек көрсету көлемі ұлғайтылды.
Қабылданған шаралар нәтижесінде туберкулезбен ауру 1,6 есе (100 мың тұрғынға 2004 ж. – 154,3; 2010 ж. – 95,5), туберкулезден өлу 2 есе
(2004 ж. – 20,6; 2010 ж. – 10,3) азайды.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде аттас салалық бағдарламаның шеңберінде ЖҚТБ эпидемиясына қарсы іс-қимыл жөнінде іс-шаралар жүргізілді, нәтижесінде 2010 жылы АИТБ-инфекциясын жұқтырудың жаңа түрлеру 2010 жылға қарағанда 4,5 %-ға аз тіркелді. АИТБ-инфекциясының таралу деңгейі 0,5 % болжанған кезде 0,18 %-ды құрайды.
Қан қызметін жетілдірместен Адамның қорғаныш тапшылығының вирусы инфекциясының таралуын ұстау мүмкін емес. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 7 облыстық қан орталығы (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында) және Астана қаласында қан орталығы салынды.
«100 аурухана» жобасы шеңберінде 2008-2010 жылдары
50 денсаулық сақтау объектісі, оның 33 объектісі 2010 жылы аяқталды.
Білім беру мен ғылымды дамытудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы
№ 1459 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде республиканың мектепке дейінгі білім беру жүйесінде
2010 жылы желі 1 878 бірлікке арттырылған. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 446,4 мың бала баратын 6 446 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.
Балаларды қамту 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 41,6 %-ын құрайды, оның ішінде 47,5 – қалаларда және 20,1 – ауылдарда,
2009 жылмен салыстырғанда өсім – 4,6 %.
Бұл ретте мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен ең көп қамту Қостанай облысына келеді – 90,8 %, Ақтөбе облысы – 85,3 %, Қарағанды облысы – 81,1 %.
Есепті кезеңде мектепке дейінгі қамту 88,9 %-ды құрады (2009 жылы – 83 %). 6 515 жалпы білім беретін мектепте және 1 383 мектепке дейінгі ұйымда 293,7 мың баланы мектеп алдында дайындау ұйымдастырылған.
2010 жылы іске қосу жоспарланған, құрылысы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған 30 балабақшадан 19 балабақша пайдалануға берілді.
Республикада 7 755 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеуде,
2 525 514 оқушы білім алуда.
Зияткерлік әлуетті дамыту мақсатында мектептердің жаңа типтері құрылуда. Дарынды балаларға арналған әр түрлі бағыттар бойынша 115 білім беру ұйымы, дарынды балалармен жұмыс істеу мәселелері бойынша 8 өңірлік ғылыми-практикалық орталық жұмыс істейді.
«Тұңғыш Президенттің 20 зияткерлік мектебі» жобасы шеңберінде
3 681 баланы қамтыған 6 Зияткерлік мектеп жұмыс істейді:
- Астана, Семей, Көкшетау, Талдықорған қалаларында физика-математика бағытында;
- Астана, Өскемен қалаларында химия-биология бағытында.
Тұтастай алғанда, мектептердің жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен орташа қамтамасыз етілуі 2010 – 2011 оқу жылында мыналарды құрады: негізгі және орта мектептердің жалпы санының физика – 46,7 %, химия – 18,6 %, биология – 27,8 %.
3 571 мектепте интерактивті жабдық бар. Олардың ішінде 1 721 мектепте бес кабинеттен (2 әмбебап, 1-физика, 1-химия, 1-биология) белгіленген.
2010 жылы 27 жоспарланған және қаржыландырылған жалы білім беретін мектептердің 18 мектеп пайдалануға берілді, 5 объект 2011 жылға көшіріледі,
4 объекті бойынша пайдалануға беру мерзімінің бұзылуы орын алып отыр:
1 объект Ақтөбе облысында – құрылыс-монтаждау жұмыстарының кестесінен артта қалудан, 1 объект Қызылорда облысында – ЖБ-дан бірлесіп қаржыландыру қаражатын бөлмегендіктен, 2 объект Астана қаласында - электр энергиясының болмауынан және ЖСҚ-ны түзетуге байланысты.
77 % мектепте ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды, олардағы балалардың 80 % аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.
«Мектепке жол» және «Қамқорлық» атты акциялардың барысында әлеуметтік қорғалмаған санаттағы 374 655 балаға 1,7 млрд.теңгеге жуық сомаға (2009 жылы – 1 439 мыңға жуық балаға 6 млрд. тг. сомаға) көмек көрсетілді.
Мектебі жоқ елді мекендерде тұратын балалардың 76 %
(28 мыңнан астам) апарып-алып келумен қамтамасыз етілген, жоспардан 19 %-ға көп.
Атырау қаласында 700 оқушы орнына арналған Мұнай-газ саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықты салу аяқталуда (беру мерзімі 2011 жыл).
Астана қаласында 800 оқушы орнына арналған, Оңтүстік қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Шаян ауылында 360 оқушы орнына арналған кәсіптік лицейді, Екібастұз қаласында Отын-энергетика саласы үшін техникалық еңбек қызметін көрсетуші кадрларды даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталықты салу жүргізілуде.
Өскемен қаласында Машина жасау саласы үшін техникалық еңбек қызметін көрсетуші кадрларды даярлау және қайта даярлау жөнінде өңіраралық орталық салу басталды.
2009 – 2010 оқу жылында 125 мамандық бойынша 105,5 мың адам біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалаудан (БТБ) өтті (2008 – 2009 оқу жылында – 70 мамандық бойынша 65,2 мың адам). БТБ тапсыру сапасының көрсеткіші 65,1 %-дан 77,7 %-ға дейін ұлғайды.
Жоғары дайындық деңгейін Батыс Қазақстан облысының –
93,4 %, Шығыс Қазақстан облысының – 91,3 %, Қарағанды облысының – 90,2 % түлектері көрсетті.
2010 жылы 1 ЖОО (Л. Гумилев атындағы ЕҰУ – 431-орын) Times Higher Education (Ұлыбритания) халықаралық жоғары оқу орындарының рейтингі бойынша әлемнің үздік 500 университеті тобының қатарына кірді.
60 ЖОО «Русский Регистр» АҚ, IQNet Қазақстандық сапа орталығы, Bureau Veritas Certification, «Moody International Sertification» халықаралық компаниясы, «Сараптама мен сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ және басқалары сияқты әр түрлі агенттіктерде сапа менеджменті жүйелерінің сертификатталған аудитінен өтті.
2 ЖОО (әл-Фараби атындағы ҚазМУ, Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ) білім беру бағдарламаларын халықаралық мамандандырылған аттестаттаудан өтті.
24 қазақстандық жоғары оқу орны ұлттық институционалдық аккредиттеуден өтті.
135 ЖОО-да оқу кредиттік технология бойынша жүзеге асырылады.
38 ЖОО шетелдік университеттермен әріптестікте екі дипломдық білім бағдарламасын іске асыруда. 16 ЖОО-да докторлық бағдарламалар енгізілуде.
Жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемі 2010 – 2011 оқу жылында 35 425 грантты құрады, оның ішінде 1 000 грант педагогикалық мамандықтар бойынша сырттай оқу. 2009 – 2010 оқу жылымен салыстырғанда мемлекеттік тапсырыс 1 085 бірлікке ұлғайды.
Магистратураға мемлекеттік тапсырыстың көлемі 2 739 орынды құрады, бұл 2009 жылдың деңгейінен 100 орынға жоғары (2009 – 2010 оқу жылында – 2 639 орын).
Доктурантураның білім беру бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқу Қазақстанның 13 ЖОО-да жүргізілуде. 2010 – 2011 оқу жылына докторантурада кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс 200 орынды құрады.
Шетелдің жетекші жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау жалғасуда. Есепті кезеңде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша 933 стипендия тағайындалды.
Дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар балаларды білім берумен қамту 2009 жылмен салыстырғанда арнайы топтар мен сыныптар ашу есебінен
1,2 %-ға өсіп, 42,6 %-ды құрады.
Арнайы түзету ұйымдарының желісі 101 бірлікті құрайды.
Мектептердің жанындағы арнайы сыныптардың саны 57 бірлікке ұлғайды (2009 жылы – 1 098, 2010 жылы – 1 155).
Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 62 бірлікке көбейді.
57 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 17 оңалту орталығы, 124 психологиялық-медагогикалық түзету кабинеті, 402 логопед пункті жұмыс істейді. Арнайы жабдықпен қамтамасыз етілу 42 %-ды құрайды.
Инклюзивті білім беру дамуда.
98 (4,3 %) мектепке дейінгі мекемелерде және 1 286 мектепте (17,1 %) инклюзивті білім алу үшін жағдай жасалған, онда 17 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала өздерінің қалыпты дамып келе жатқан құрдастарымен бір ортаға біріктірілген, оның ішінде 1 429 бала (3,9 %) – мектепке дейінгі жастағылар және 15 721 (14,1 %) мектеп жасындағылар.
Қосымша білім беру ұйымдарының желісі мектепте оқитын балалардың жалпы санының 21,6 % жеке, әлеуметтік, дене және шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді.
Республикада 84 570 оқушы баратын балаларға арналған 328 музыка және көркемсурет мектебі; 163 оқушылар шығармашылығы орталықтарының сарайы – 179 854 бала; 54 техниктер, туристер мен натуралистер станциясы 3 316 баланың ғылыми-техникалық шығармашылықпен айналысуын қамтамасыз етеді.
737 аула клубы 101 244 оқушының демалысын қамтамасыз етеді.
Балаларды дамыту және шығармашылық қабілетін бағалау үшін
2 857 адам қатысатын 36 республикалық шығармашылық конкурс, фестиваль өткізілді, олардың ішінде – 600 әр түрлі атаулар бойынша жеңімпаздар.
1 млн. 953 мың 351 оқушы жазғы демалыс кезінде демалыстың, сауықтыру мен жұмыспен қамтудың барлық нысандарымен қамтамасыз етілген, бұл оқушылардың жалпы санының 83 %-ын құрайды. 219 балалар сауықтыру ұйымдарының қызметі ұйымдастырылды, оның ішінде 7 жыл бойы жұмыс істейді, 886 222 оқушыны сауықтыру демалысымен қамтамасыз ету үшін 5 900 мектеп жанындағы лагерь (38 %).
Өткен оқу жылымен салыстырғанда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының желісі 12 бірлікке артты: 26 оқу орны ашылды, оның ішінде 2 мемлекеттік кәсіптік лицей (Астана қаласындағы № 7 кәсіптік лицей, Қостанай қаласындағы № 18 кәсіптік лицей), Павлодар қаласында 1 жеке кәсіптік лицей және 23 жеке колледж (Алматы облысы – 3, Ақтөбе – 1, Атырау – 1, ШҚО – 3, Жамбыл – 4, Қостанай – 2, Қызылорда – 2, Астана қаласы – 4, Алматы қаласы – 3).
Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыстың көлемі 2010 жылы республикалық бюджеттен 1 781 орынды құрады, олардың ішінде техникалық мамандықтар бойынша, оның ішінде жоғары технологияларға байланысты кәсіптер бойынша – 1 005 орын.
Жол картасы шеңберінде 2010 жылы шетелдік жұмысшы кадрларды алмастыру үшін еңбек нарығында қажет етілген мамандықтар бойынша
2 700 адам қайта даярланды, іс жүзінде 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3 712 адам оқытылды.
Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2010 жылы жоспарланған 14 іс-шараның 10 іс-шарасы іске асырылды.
6 іргелі бағдарлама және 34 қолданбалы зерттеулер бағдарламасы бойынша ғылыми зерттеу жүргізілуде, оларды іске асыру қорытындысында іргелі зерттеулер бойынша 577 ғылыми-техникалық, қолданбалы зерттеулер бойынша 129 есеп қабылданды.
Қазақстанның және шет елдердің кәсіпорындарында 30-дан астам әзірленім енгізілді.
Мемлекет басшысының мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында 2010 жылы «Балапан» бағдарламасы қабылданды.
2010 жылы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде 90 460 орынға арналған 1 878 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 344 балабақша мен 1 534 шағын орталық іске қосылды.
Желі 35 балабақша салу, 1 534 мектепке дейінгі шағын орталық құру есебінен ұлғайтылды.
Тұтастай алғанда, білім беру органдарының деректері бойынша
2009 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі шағын орталықтардың және олардағы балалардың саны 1,5 есе артып, 115 645 адам баратын 4 185 бірлікті құрады.
Бұдан басқа, бұрын жекешелендірген мектепке дейінгі ұйымдарды қайтару, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында ашу, коммуналдық меншіктің жалға берілген жеке тұрған ғимараттарын босату, өзге де ғимараттар мен
үй-жайларды беру есебінен 172 балабақша ашылды.
Жеке мектепке дейінгі ұйымдар желісінің өсу серпіні байқалады.
2011 жылдың басында 31 291 бала баратын 347 жеке балабақша жұмыс істейді. 2009 жылмен салыстырғанда жеке мектепке дейінгі ұйымдар желісі
137 бірлікке өсті.
Заңды және жеке тұлғаларды жеке мектепке дейінгі ұйымдар ашуға тарту проблемасы Алматы (23 бірлік), Оңтүстік Қазақстан (23 бірлік), Қызылорда
(21 бірлік) облыстарында және Астана (10 бірлік), Алматы (10 бірлік) қалаларында тиесілі деңгейде шешілуде.
Балаларды «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету мақсатында 1 347 шағын орталық пен 144 жеке мектепке дейінгі ұйым мен білім беру бөлімі басшыларының арасында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға шарттар жасалды. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарында мемлекеттік тапсырысты орналастыру есебінен республикалық бюджеттен 90,8 мың орын іске қосылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2011 жылдың басында
6 446 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 2 261 балабақша және 4 185 мектепке дейінгі шағын орталық. Балабақшалар мен шағын орталықтардың қызметтері 446,4 мың балаға көрсетіледі.
Тұтастай алғанда, 2010 жылы 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту
2009 жылғы 36 %-ға қарағанда 55 %-ды құрады.
Бұл ретте қамтудың ең жоғары көрсеткіштері Қостанай (90,8 %), Ақтөбе (85,3 %) Қарағанды (81,1 %), төмен көрсеткіштер – Алматы (25,1 %), Оңтүстік Қазақстан (17,7 %) облыстарында.
5 – 6 жастағы балаларды мектеп алдындағы даярлықпен қамту есепті кезеңде 88,9 %-ды құрады.
Топтардың толуының орташа көрсеткіші 26 адамды құрайды.
«Балапан» бағдарламасының 2010 жылы іске асырылуы
Мектепке дейінгі ұйымдардың саны ұлғайтылды
Бала бақшаларда мемлекеттік тапсырысты орналастыруға
Шағын орталықтар
Орта жалпы білімнің қол жетімділігі деңгейін анықтау, сондай-ақ ата-анаға практикалық көмек көрсету мақсатында «Қамқорлық», «Мектепке жол» акцияларына бастамашылық жасалды. Осы акциялардың шеңберінде әлеуметтік қорғалмаған санаттағы 374 655 балаға 1,7 млрд.теңгеге жуық сомаға (2009 жылы - 439 мыңға жуық бала 1,6 млрд.теңге сомаға) көмек көрсетілді. Әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек көрсетуге «Жаппай оқыту қорларына» аударымдар сомасы 5,5 млрд.теңгені құрады немесе мектептерді күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасының 1,7 % (2009 жылы –
4,6 млрд.теңге немесе 1,6%).
Есепті кезең ішінде балаларды тасу және тамақтандыру сапасын жақсарту жөніндегі қажетті шаралар қабылданды, олар жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы жұмысын едәуір жандандырды.
Тамақтандыруды ұйымдастыруға арналған шығыстар өсті:
- ыстық тамақтандыру ұйымдастырылған мектептердің саны 231 бірлікке артты (2010 жылы – 5 777 (77 %), 2009 жылы – 5 546 (74 %) мектеп);
- 2009 жылмен салыстырғанда оқушыларды тамақпен қамту 3 %-ға өсті (2009 жылы – 1 658 416 (67 %), 2010 жылы – 1 741 822 (70 %) оқушы);
- 2009 жылмен салыстырғанда тегін ыстық тамақпен қамтылған аз қамтылған отбасылар балаларының саны 3 %-ға өсті (2009 жылы –
172 269 немесе 77 %), 2010 жылы – 204 875 немесе 80 %).
Тегін ыстық тамақ Астана, Алматы қалаларындағы, Ақтөбе және Қарағанды облыстарындағы бастауыш сыныптардың барлық оқушылары үшін ұйымдастырылған.
Бұдан басқа, айрықша білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық және медициналық алып жүру мәселелерін шешу мақсатында Семей қаласында «мектепке дейінгі балалық» республикалық орталығының филиалы құрылды, ол мектепке дейінгі жастағы дамуында ерекшелік бар балаларды білім беру ортасына қосу жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз етті.
Балалар демалысын қызық және денсаулығына пайдамен өткізу үшін Сәтпаев қаласында 8 аулы клубтарын қамтитын «Мәдени-сауықтыру және спорт орталығы» КМҚК, бұл көптеген оқушылар үшін қосымша білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етті. Аулаларда жасанды көгалы бар
8 алаң пайдалануға берілді.
Ақсу қаласында 300-ден астам ауыл баласын қамтитын 5 мектепке дейінгі шағын орталық ашылды, аула клубтары жұмыс істейді, мемлекеттік тілде оқытатын 175 орынға арналған сәбилерге арналған балабақша ашылды, балаларға арналған жаңа қалалық емхана, 75 орынға арналған мектепке дейінгі шағын орталығы бар 1200 оқушыға арналған мектеп пайдалануға берілді.
Оқу жылы ішінде жаппай оқу қорынан халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобының балаларына көмек көрсетіледі. 2010 жылы жаппай оқу қорынан қаржыландыру 179 164 мың теңгені құрады (2009 жылмен салыстырғанда 1,05 %-ға өсу).
2010 жылғы 10 желтоқсандағы жағдай бойынша мектеп жасындағы 23 578 бала 147 922 мың теңге сомаға материалдық көмек алды, оның ішінде: тегін тамақтандыру – 9 128 адам, киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз ету – 9 403 адам, сауықтыруға – 4719 адам, ақшалай көмек – 195 адам, мәдени бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысу үшін 133 адам.
Индустриялық-инновациялық даму
Әлеуметтік шығыстармен бір қатарда бюджет шығындарының жоғары деңгейі сол сияқты отандық кәсіпорындардың өніміне сұранысты және экономикадағы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін инфрақұрылымдық және индустриялдық жобаларға, ауыл шаруашылығын дамытуға келеді.
Осылай Үдемелі индустриялдық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының шараларын іске асыру үшін экономиканы жедел әртараптандыруға және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға өткен жылы республикалық бюджеттен 921,5 млрд. теңге бағытталды, оның 912,2 млрд. теңгесі игерілді.
Бағдарлама шеңберінде 2010 жылы елімізді индустриялдық-инновациялық дамытуға мультипликативтік әсері бар ірі инфрақұрылымдық және стратегиялық маңызды жобаларды (Балхаш ЖЭС, «Шар-Өскемен», «Қорғас-Жетіген» және «Өзен – Түркменстанмен мемлекеттік шекара» темір жолдары, «Бейнеу-Шымкент» магистралдық газ құбырын салу басталды) іске асыру жалғастырылды.
Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторларына сәйкес елімізді шикізат ресурстарымен қамтамасыз ету үшін геологиялық жұмыстар жүргізілді, олардың қорытындысы бойынша алтын, қорғасын, қалайы, көмір, мұнай және газ қорларының өсімі алынды.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Ауыл шаруашылығын дамытуға 309,6 млрд. теңге бөлінді, осыған байланысты белгіленген тұтыну нормативтеріне сәйкес іс жүзінде азық-түліктің барлық түрлері бойынша ішкі нарықтың мұқтаждығын толық жабуға қол жеткізілді.
Мәселен, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2010 жылы 1 441 млрд. теңгені құрады, бұл 2005 жылмен салыстырғанда 2 есе артық, тиісінше ауыл шаруашылығында бір жұмыспен қамтылған қызметкерге еңбек өнімділігі шашамен 4 284 АҚШ долларын құрады, бұл 1,7 есе артық.
Мал шаруашылығында да дамудың тұрақты қарқыны сақталған. Малдың барлық түрлерінің саны орташа 2-3%-ға өсті, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі өсті. Қайта өңдеу саласында өндіріс қарқыны 13%-дық өсімге жетті.
2010 жылы Ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру аяқталды. Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің саны 1548 бірлікке, ал онда жасайтын халықтың үлес салмағы 22-ден 52%-ға ұлғайды. 2010 жылы бағдарлама іс-шараларын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 99,0 млрд.теңге бағытталды.
2002 жылы басталған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталды. 3417 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау жақсартылды, 13 288 км су өткізу желілері құрылды. Тасып әкелінетін судан пайдаланатын ауыл тұрғындарының саны 445 мыңнан 83 мыңға дейін қысқарды. Бағдарламаны республикалық бюджеттен қаржыландырудың жалпы көлемі 150,6 млрд.теңге бағытталды.
2010 жылы 22 гидротехникалық құрылғыны реконструкциялау аяқталды және олардың нормада жұмыс істеуі қамтамасыз етілді, төтенше жағдайлардың туындау тәуекелі төмендеді.
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһанды бәсекеге қабілеттілігін бағалау бойынша «Ауыл шаруашылығы саясатына арналған шығындар» көрсеткіші бойынша Қазақстан 2010-2011 жылдары өз позициясын 2008–2009 жылдардың (93-орын) есебімен салыстырғанда 31 тармаққа жақсартып, 62-орынға ие болды.
Инфрақұрылымды дамыту
Көлік-коммуникация кешені үшін соңғы 10 жыл жақсы жағынан өсу жылдары болды.
Көлік-коммуникация кешенінің жұмысын талдау 2010 жылы жүктерді тасымалдау көлемі, тұтастай алғанда, 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 15,7 %-ға ұлғайып, 2 243,0 млн. тоннаны құрады. Жүк айналымы 12 %-ға ұлғайып, 294,2 млрд. ткм құрады. Тасымалданған жолаушылардың саны 11,7 %-ға өсіп, 13 179,0 млн. жолаушыны құрады. Жолаушылар айналымы 148,0 млрд. жкм құрады және өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13,8 %-ға өсті.
10 жылда көлік инфрақұрылымына 1,5 трлн.теңге шығындалған. Бұл ретте дағдарыс жылдарына қарамастан көлік секторына165,2 млрд.теңге көлемінде халықаралық қаржы институттарының қарыздары тартылды.
2010 жыл ішінде көлік секторы бойынша көзделген негізгі стратегиялық мақсаттар мен міндеттер орындалды.
740 км жаңа темір жолдар салынды, жалпыға бірдей пайдаланылатын автомобиль жолдарының 39 км қанағаттанарлық және жақсы жай-күйге келтірілді.
2010 жылы жалпы ішкі өнім құрылымындағы көлік үлесінің өсуі 2009 жылмен салыстырғанда 7,5 %-ға қамтамасыз етілді. Көліктегі еңбек өнімділігі 13 %-ға өсті.
2010 жылдың басты жобасы Мемлекет Басшысының «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін реконструкциялау жөніндегі ойын жүзеге асырып бастау болып табылды
2010 жылы 3 өңірде жаңа автожолдың алғашқы 417 км реконструкцияланды және онда жол жүру қамтамасыз етілді.
Осы ауқымды жобаны іске асыру кезінде жаңа кәсіпорындар ашылғанын, елдің ондаған жол-құрылыс компаниялары жұмыспен қамтамасыз етілгенін, шағын және орта бизнестің, оның ішінде қызмет көрсету, тауарлар мен материалдар жеткізу саласында тартылғанын атап өту маңызды. Аралас салаларды ескере отырып, жобаға 34 мыңнан астам адам жұмылдырылды, 4,5 мыңға жуық жол-құрылыс техникасы тартылды. Тұтас алғанда жобаға 50 мыңнан астам адам мен 10 мыңнан астам жол –құрылыс бірлігі жұмылдырылатын болады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы
20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аяқталды.
Бағдарлама шеңберінде 19,6 млн. шаршы м тұрғын үй пайдалануға берілді, олардың ішінде 2010 жылы 6,4 млн. шаршы м.
Республиканың алты өңірінде барлық қаржыландыру көздері бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 2010 жылы 2009 жылдың деңгейіне жеткен жоқ. Сонымен бірге бұл көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысында
1,3 есеге өсті.
Республикада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлеміндегі ең көп үлестік салмақты Астана (21,6 %) және Алматы (16,5 %) қалалары мен Алматы облысы (9,7 %) алады.
Мемлекеттік меншік кәсіпорындары мен ұйымдары тұрғын үй салуға 2010 жылы 69 354,4 млн.теңге инвестиция игерді, 1 085,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік сектор республикадағы тұрғын үйдің жалпы көлемінің небары 16,9 %-ын алады.
Жеке меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдар және халық есепті кезеңде жалпы алаңы 5 090,5 мың шаршы метр тұрғын үй салды. Олардың ішінде халықтың қаражаты есебінен 2 976,2 мың шаршы метр немесе республикада берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің 46,4 %.
Жалға берілетін тұрғын үй салуға 2010 жылы Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге және Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 10 766,9 млн.теңге сомада нысаналы трансферттер бөлінді. 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша
10 707,4 млн.теңге игерілді (99 %).
2010 жылы жалға берілетін тұрғын үйлердің жалпы алаңының 189,6 мың шаршы метрі, алаңы 150,0 мың шаршы метр пәтер, 2 478 пәтер пайдалануға берілді.
2010 жылға пайдалануға беру тапсырмасы жалға берілетін тұрғын үй пәтерлерінің жалпы алаңы 181,1 мың шаршы метр болған кезде жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру пайызы 83 %-ды құрайды.
Жалға берілетін тұрғын үй бойынша 2008 – 2010 жылға арналған жоспар 78 %-ға орындалды. Жалға берілетін тұрғын үйді берудің төмен пайызы Шығыс Қазақстан (85 %), Маңғыстау (46 %), Павлодар (87 %), Солтүстік Қазақстан (29 %), Оңтүстік Қазақстан (74 %) облыстарында және Алматы қаласында (80 %) байқалады. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беру қамтамасыз етілген жоқ, сонымен бірге астананың құрылысы аяқталмаған объектілерінде тұрғын үй сатып алу есебінен жалға берілетін тұрғын үйәге мұқтаж азаматтар қамтамасыз етілді.
Кредиттік қаражат есебінен тұрғын үй салуға республикалық бюджеттен 2010 жылы жергілікті атқарушы органдарға 17,5 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде:
- Астана қаласына бюджет саласының қызметкерлеріне тұрғын үй салуға – 9,3 млрд.теңге, олардың ішінде 4,4 млрд.теңге (48 %) игерілді;
- барлық өңірлерге (Астана қаласынан басқа) салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлеріне тұрғын үй салуға – 8,2 млрд.теңге, олардың ішінде 7,8 млрд.теңге (96 %) игерілді.
Астана қаласының бюджет саласының қызметкерлері үшін тұрғын үй салу 2010 жылы тұрғын үйлердің жалпы алаңының 131,1 мың шаршы метрін, пәтерлердің жалпы алаңының 99,4 мың шаршы метрі (2 293 пәтер) немесе жылдың жоспардың 87 %-ын құрады. Астана қаласының бюджет саласының қызметкерлері үшін кредитті тұрғын үй бойынша үш жылға арналған жоспары 23 %-ға орындалды. 2010 жылы салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламаның шеңберінде тұрғын үйлердің жалпы алаңының 218,1 мың шаршы метрі, пәтерлер алаңының 169,3 мың шаршы метрі, 2 547 пәтер пайдалануға берілді.
2010 жылға салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлері үшін кредиттік тұрғын үй пәтерлерінің жалпы алаңы 118,3 мың шаршы метрін пайдалануға беру тапсырылған кезде кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру пайызы 143 %-ды құрайды.
Салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлері үшін кредиттік тұрғын үй бойынша үш жылға арналған жоспар 101 %-ға орындалды.
Тұтастай алғанда салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлері үшін және Астаа қаласының бюджет саласының қызметкерлері үшін 2008 – 2010 жылдары бөлінген кредиттік қаражаты есебінен кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру жөніндегі үші жылдық жоспар 60 %-ға орындалды.
Пайдалануға берудің төмен пайызы Ақмола (70 %), Жамбыл (77 %) облыстарында және Астана (23 %) және Алматы (66 %) қалаларында байқалады.
Бұдан басқа, 2010 жылы қайталап пайдаланылатын қаражат есебінен тұрғын үйлердің жалпы алаңының 118,1 мың шаршы метрі, пәтерлер алаңының 87,1 мың шаршы метрі, 1 292 пәтер пайдалануға берілді.
Кредит қаражатын қайталап пайдалану есебінен кредиттік тұрғын үй бойынша үш жылға арналған жоспар 92 %-ға орындалды.
Пайдалануға берудің төмен пайызы Алматы (82 %), Атырау (57 %), Батыс Қазақстан (76 %), Оңтүстік Қазақстан (88 %) облыстарында және Астана қаласында (56 %) байқалады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері берген деректер бойынша 2010 жылы 2008 – 2010 жылға арналған мемлекетік бағдарламаны іске асыру басталғаннан бастап азаматтардан кредит қаражаты есебінен салынған тұрғын үйді сатып алуға 85 262 өтініш түсті. Екінші деңгейдегі банктерден төмен қабілеті туралы растаманы 36 578 әлуетті сатып алушы берді.
2008 – 2010 жылдары салынған 15 385 кредиттік пәтердің ішінде
(2005 – 2007 жылдардағы мемлекетік бағдарламасы бойынша Астананы қоспағанда) қазірдің өзінде халыққа 12 243 пәтер сатылды (80 %). Халықтан жергілікті атқарушы органдардың есебіне 53,7 млрд.теңге түсті.
2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған кредиттік тұрғын үйлердегі пәтерлерді сату жалғасуда.
2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру басталғаннан бастап пайдалануға берілген 26 609 пәтердің ішінен халыққа 26 502 пәтер кредитті тұрғын үй сатылды (99,6 %).
Республикада тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізілуде.
2010 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметінің басынан бастап 167 мыңнан астам қатысушы жалпы жинақтау сомасы 39 миллиардтан астам теңгеге тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасасты. Тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы жасалған шарттардың ең көп үлесі Алматы (14 %), Астана (14 %) қалаларына келеді. Ақтөбе (8,4 %), Шығыс Қазақстан (9,9 %), Қарағанды (6,4 %) облыстары Тұрғынүйқұрыысжинақбанкінің қызметтерін белсенді пайдалана бастаы.
2008 – 2009 жылдары барлығы 13 672 қарыз алушыға жалпы сомасы
43 миллиардтан астам теңгеге тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздары берілді, оның ішінде 2005 – 2007 және 2008 – 2010 Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 5 773 қарыз алушыға (қарыз алушылардың жалпы санының 42 %) жалпы сомасы 20 056,2 млн.теңгеден астам.
2010 жылы 9 736 қарыз алушыға жалпы сомасы 28 767 миллионнан астам теңгеге тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй қарыздары берілді, олардың ішінде 2008 – 2010 Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде –
6 279 қарыз алушыға (қарыз алушылардың жалпы санының 64 %) жалпы сомасы 20 775 миллионнан астам теңгеге.
Жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру жылжымайтын мүлік нарығын дамыту саласындағы кезеңді саясаттың неізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Республиканың барлық өңірлерінде негізінен энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газ беру, сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу, сондай-ақ тұрғын үй салу аудандарында кіреберіс жолдарды салу аяқталды. 2010 жылы іс жүзінде 1 264,8 км электрмен жабдықтаудың, 54 км жылумен жабдықтаудың, 391,1 км сумен жабдықтаудың, 126,2 км кәріздің инженерлік желілері, 184,6 км газ құбыры және 118,8 км жол төселді.
2008 – 2010 жылдары 94 530 жер учаскесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді, оның ішінде 80 147 – республикалық бюджет қаражаты есебінен және 13 906 учаске жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен. Олардың ішінде 2010 жылы 28 102 жер учаскесі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді, оның ішінде
24 608 – республикалық бюджет қаражаты есебінен және 3 131 учаске жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен.
Қазақстан Республикасы Статистика агентітгінің ақпараты бойынша
2010 жылы пайдалануға берілген жеке тұрғын үйлердің жалпы көлеміндегі ең көп үлестік салмақты Алматы (14,7 %), Маңғыстау (11,4 %), Атырау (16 %), Ақтөбе (8,5 %) облыстары мен Алматы қаласы (7,7 %) алады.
Достарыңызбен бөлісу: |