2011 жылғы 15 желтоқсандағы №1539 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың



бет3/16
Дата09.07.2016
өлшемі0.54 Mb.
#186216
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың

ведомстволық наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі – Сипаттамалар)


4



Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің медалі

«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» (1-қосымша)


«Қазақстан Республикасының сыртқы саясатына қосқан үлесі үшін» медалі диаметрі 34 мм болатын шеңбер нысанындағы латуньнан дайындалады.

Медальдің бет жағында ортада Нәзір Төреқұлов портретінің барельефтік бейнесі орналасқан. Портреттің айналасында лавр бұтақтарынан тұратын десте бейнеленген. Медальдің ернеуі мен десте арасында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген жазу орналасқан. Медальдің төменгі бөлігінде Нәзір Төреқұловтың портретінің астында «НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ» деген жазу орналасқан.


Медальдің сыртқы жағында ортада «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ» деген жазу орналасқан, жазудың астында екі лавр бұтағы орналасқан. Төменгі бөлігінде медальдің реттік нөмірі орналасқан.

Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медальдің шеттері ернеумен жиектелген.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 30 мм және биіктігі 24 мм бес бұрышты тағанмен жалғанады. Тағанның тік бұрышты бөлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес ені 20 мм жібек қатқыл лентамен қапталған.

Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.



Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің медалі

«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» (2-қосымша)


«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі диаметрі 32 мм болатын шеңбер нысанындағы латуньнан дайындалады.

Медальдің бет жағында мұнай мұнарасының бедерлі бейнесі орналасқан, оң жағында мұнай өңдеу қондырғысының бедерлі бейнесі орналасқан, сол жағында сары металдан жасалған ұлттық ою түрінде безендірілген мұнай тамшысының бедерлі бейнесі орналасқан. Осы композиция күңгірттелген бедермен дөңгелек нысанды жолақпен жиектелген.

Медальдің бет жағында шеттерін бойлай шеңбер түрінде «МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген мәтін бар.

Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 26 мм және биіктігі 20 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.



Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің медалі

«Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»

(3-қосымша)


      «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі диаметрі 32 мм болатын шеңбер нысанындағы латуньнан дайындалады. Медальдің реңі күңгірттелген.
      Медалдің бет жағында шеңбердің жоғарғы бөлігінде күн сәулесімен жиектелген шаңырақ орналасқан. Шаңырақтың астында бидай масақтары орналасқан. Күн сәулелі шаңырақ бейнесі және бидай масақтары алтын түстес. Масақтардың орта бөлігінде «ЗАҢ» деген күміс түстес жазуы бар ашылған кітап орналасқан. Шеңбердің шетінде күміс реңде «ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ ҮШІН» деген алтын түстес жазу орналасқан.
      Сыртқы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ» деген жазу орналасқан.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы түстес жібек қатқыл лентамен қапталған, ені 26 мм және биіктігі 16 мм төрт бұрышты тағанмен жалғанады.
      Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін
мемлекеттік органдардың медалі (нақты салаға байланыстырмай)

«Еңбек ардагері» (3-1-қосымша)


      «Еңбек ардагері» медалі диаметрі 34 мм болатын шеңбер нысанындағы жезден жасалады. Фоны жылтырақ, медальдің бет жағында шеңбердің жоғарғы бөлігінде күн сәулесімен жиектелген шаңырақ орналасқан. Шеңбердің шетінде үстінде «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» деген жазу, астында лавр бұтақтары орналасқан. Медальдің фоны жылтырақ, әріптер мен бейнелер шығыңқы, күңгірттелген.
      Медальдің сыртқы жағында ортада «ИГІЛІК АБЫРОЙ ДАҢҚ» деген жазу орналасқан. Медальдің сыртқы беті күңгірттелген. Мәтін шығыңқы жылтырақ.
      Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм көк түсті жолақтары бар сұр түсті қатқыл лентамен қапталған алты бұрышты тағанмен жалғанады.
      Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің төсбелгісі

«Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi» төсбелгісi (4-қосымша)


      «Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметiнiң еңбек сiңiрген қызметкерi» төсбелгiсi диаметрі 35 мм болатын шеңбер нысанында латуньнен дайындалады.
      Шеңбер iшiнде көк түспен орындалған ендiктер мен бойлықтары сызылған диаметрi 23 мм жер шарының айшықты бедерлі бейнесі орналасады. Жер шарының фонында шеңбердің төменгі бөлігінде қалықтаған қыранның алтын түстес бейнесi орналасқан.
      Белгi шеңбер бойымен иiрiлiп келген және жер шарының астымен өтетiн енi 5 мм алтын түстес көлемдi көмкерме лентамен жиектелген. Лентаның жоғарғы бөлiгiнде қара-көк түстi эмальмен орындалған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ» мәтiнi орналасқан. Әрiптердiң биiктiгi лентаның жоғарғы бөлiгiнде 2 мм, төменгi бөлiгiнде 1,5 мм. Лента мен жер шарының бейнесi арасында енi 1,5 мм ақ түстi лента өтедi. Лентаның үстiнен жан-жағынан жасыл түспен орындалған лаврлар орналасқан.
      Белгiнiң сыртқы жағында оның реттiк нөмiрi орналасады.
      Белгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет