Кіріс түсімінің болжамы.
2012-2014 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің кірісі Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен бюджеттік параметрлер негізінде, Қазақстан Республикасының Салық және Бюджет кодекстерінің, сондай-ақ өзге де нормативтік-құқықтық актілер ережелерін ескерумен белгіленді.
Жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджет кірісінің болжамын құрған кезде 2010 жылғы жергілікті бюджет кірісінің атқарылуы туралы есептік деректері, 2011 жылғы түсімнің бағасы ескерілді.
2012 жылға азаматтарға пәтер сатудан түскен түсімнің есебімен жергілікті бюджеттің жеке кірістерінің болжамы 85 079 234 мың теңге сомасында белгіленді, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 77 355 225 мың теңге;
Салықтық емес түсімдер – 882 912 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсім – 5 964 129 мың теңге;
Бюджет несиелерін өтеу – 876 968 мың теңге.
Жергілікті бюджет кірісінің ұлғаюына мына факторлар әсер етеді:
Қала экономикасының даму қарқынының болжамды өсімі, оның ішінде құрылыс материалдарының, өнеркәсіп өнімінің, негізгі капиталға құйылатын инвестицияның болжамды өсімі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және шағын кәсіпкерліктердің санын ұлғайту;
Экономикалық белсенді халықтың болжамды өсімі;
Барлық бағыттар бойынша салықтық әкімшілендіруді жақсарту;
Салықтық жүктемені төмендету нәтижесінде салық салынатын базаны кеңейту;
Салықтық берешекті төмендету және салықтық қызметтер сапасын арттыру.
2013 жылға азаматтарға пәтер сатудан түскен түсімнің есебімен жергілікті бюджеттің жеке кірістерінің болжамы 97 317 870 мың теңге сомасында белгіленді.
2014 жылға арналған болжам азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсімнің есебімен 86 498 007 мың теңге сомасында белгіленді.
Жергілікті бюджет кірістерінде жалпы үлеске (88%) салықтық түсімдер ие.
Салықтық емес түсімдерде 2012 - 2014 жылдар елеулі үлесті жалақы төлеу қорынан түсетін салық құрайды: төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығы - 39% , әлеуметтік салық – 35%.
Аталған салықтардың болжамын есептеген кезде жалақы төлеу қорында жалпы өңірлік өнімнің өсу коэффициенті ескерілді.
Төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығы түсімінің болжамды мөлшері 2012 жылы 30 156 961 мың теңге, 2013 жылы– 32 268 064 мың теңге 2014 жылы - 34 526 895 мың теңге болады.
2012 жылы әлеуметтік салық түсімінің болжамды мөлшері 27 127 579 мың теңгені құрайды, 2013 жылы – 29 026 509 мың теңге, 2014 жылы –31 058 365 мың теңге.
Сонымен қатар, салық салынатын базаның ұлғаюы және айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюы салықтық түсімдердегі үлесті салмағы 26% құраған мүлік, көлік, жер салығы, акциздер, төлемдер, алымдар және мемлекеттік баж бойынша болжамның өсіміне ықпал етті.
Салықтық түсімдерді және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді уақтылы қамтамасыз ету үшін мына шаралар қабылдануда:
-
Жеке тұлғалар мүлкінің деректер қорын көкейкесті ету жөнінде жұмыс тобы құрылды;
-
Көлік құралдарына салықты автоматты есептеу бағдарламасы құрылды;
-
Жер учаскелерін түгендеу жөнінде жұмыс тобы құрылды;
-
Уәкілетті органның базасын көкейкесті ету бойынша өткізіліп жатқан жұмыстың есебімен мүлік салығын есептеу бағдарламасы әзірленіп жатыр. Бұл бағдарлама Салық департаментінің және БЕО анықтамалығын бірыңғай жағдайға келтіруге және салық сомаларын БЕО коммуналдық төлеміне енгізуге мүмкіндік береді.
-
Жалға алынатын қызметкерлердің саны мен жалақы төлеу қорынын төмендету және көрсетпеу фактісін табу жөнінде жұмыс өткізілуде.
-
Қызметкерлеріне жалақыны белгіленген ең төмен мөлшерден аз төлейтін салық төлеушілермен жұмыс жүргізілуде.
-
Ықшамдалған декларацияға камеральдық бақылау өткізілуде.
-
Тақырыптық (рейдтік) тексерістер өткізілуде.
-
Сатушылардың нақты санын белгілеу мақсатында қала базарларында хронометражды зерттеулер және өзге іс-шаралар өткізілуде.
млн. теңге
Көрсеткіштердің атаулары
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Кіріс барлығы, о.і.
|
85 079,2
|
97 317,9
|
86 498,0
|
1) салықтық түсім
|
77 355,2
|
81 925,9
|
84 534,9
|
2) салықтық емес түсім
|
882,9
|
832,5
|
786,1
|
3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсім (азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсімді қоспағанда)
|
5 964,1
|
13 682,5
|
300,0
|
4) трансферттердің түсімі
|
|
|
|
5) бюджеттік несиелерді өтеу
|
877,0
|
877,0
|
877,0
|
4.1 Жергілікті бюджеттің болжамы
Жергілікті бюджет шығыстарының саясаты.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес 2010 жылдан бастап жергілікті бюджет жобасы үш жылдық кезеңге құрылатын болады.
2012-2014 жылдары бюджет саясаты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары мен міндеттерін кешенді түрде шешуге және бірге ағымдағы міндеттемелерді орындауға негізделеді.
Жалпы орта мерзімді кезеңде өткізілетін бюджет саясатының бағыты сақталып, мынаған бағытталатын болады:
- әлеуметтік сала мен адами капиталға құйылатын инвестицияны дамытуға;
- индустриялық-инновациялық дамуға;
- жаңа тұрғын үй саясатын іске асыруға;
- қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыруға;
- шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
- Астана қаласын дамытуға;
- көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға.
2012-2014 жылдарға арналған бюджеттік саясат жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамудың міндеттері мен мақсаттарын кешенді шешуге және сонымен қатар ағымдағы міндеттемелерді орындауға негізделеді.
Астана қаласының жергілікті бюджеті қаражаты есебінен білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларында жергілікті атқарушы органдар өткізіп жатқан мемлекеттік саясат міндеттерін іске асырудың тетіктері мен тәсілдерінің бірі заңды тұлғаларға субсидия беру болып табылады.
Алдағы орта мерзімді кезеңде шығыс саясаты мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыруға, бюджет заңнамасы нормаларын қатаң сақтауға, мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттың әлеуметтік-экономикалық маңыздығын және тиімділігін арттыруға бағытталады.
Астана қаласы бюджетінің мөлшері орта мерзімді кезеңде 2012 жылы – 85 079,2 млн. теңге, 2013 жылы – 97 317,9 млн. теңге, 2013 жылы – 86 498,0 млн. теңге мөлшерінде болжанады.
Білім беру. 2012 жылы білім шығындары 18381,4 млн. теңгені, 2013 жылы – 18753,9 млн. теңгені, 2014 жылы – 19112,9 млн. теңгені құрайтын болады.
Білім саласында мына міндеттерді шешу жоспарланады: жас балалар үшін, мектепке дейінгі даярлау топтарының санын ұлғайту, орындардың тапшылығын қысқарту жолымен жалпы білім беретін мектептер желісін дамыту және жетілдіру; үш ауысымдық сабақ берудің санын азайту; оқу кабинеттері үшін заманауи құралдар жасау және жарақтандыру жолымен білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту; техникалық мамандықтар бойынша даярлау жолымен жұмыс кадрларын қайта даярлау; халықтың еңбек нарығында қажетті мамандықтарды таңдау құқығын қамтамасыз етуге қабілетті бастапқы және орта кәсіби білім беру жөніндегі көпбейінді әрі көпфункционалды оқу орындары желісін дамыту; педагогикалық кадрларды қайта даярлау, сондай-ақ 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты педагогтарды даярлау; курстық даярлықтың заманауи технологиялармен қамтылуын қамтамасыз ету; жаңа дамытушы технологияларды әзірлеу.
Жалпы білім беру саласында мемлекеттік білім ұйымдарының желісін кеңейту және орындарды ұлғайту жолымен елордадағы білім берудің негізгі проблемасын – отырғызу орындарының тапшылығын шешу жоспарланады.
Қабылданған білім негізінде заманауи әлемде еркін өмір сүруге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін жалпы білімнің сапасын арттыру жөнінде шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру жөніндегі міндеттерді шешу жоспарланады.
Бұған мынадай қадамдар бағыттайды:
Білім беретін бағдарламалардың салауатты өмір салтына бағытталуын күшейту; барлық білім беру жүйесі мекемелерінің Интернет желісіне қол жетерлігін ұйымдастыру және оқыту; компьютер паркін жаңарту;
Қажетті әдістемелер мен оқыту бағдарламалары бойынша мемлекеттік емес білім беру желісін әрі қарай дамыту; көптілді оқытуды дамыту;
Кәсіптік мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту; кәсіптік шеберлікті құру; кәсіптік оқытудың мемлекеттік емес секторын сақтап қалу және кеңейту;
Білімнің мазмұнын жаңарту, авторлық бағдарламалар енгізу; жергілікті деңгейде мемлекеттік тапсырысты әрі қарай ұлғайту жолымен бастапқы және орта кәсіптік білімнің қол жетімдігін кеңейту.
Денсаулық сақтау. Денсаулық сақтау шығыны 2012 жылы 14156,1 млн. теңге, 2013 жылы – 14595,2 млн. теңге, 2014 жылы – 15115,8 млн. теңге мөлшерінде күтіледі.
Материалдық-техникалық базаны нығайту, тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемі шеңберінде медициналық қызметтердің сапасын жақсарту, АМСК деңгейінде сауықтыру іс-шаралары кешенін кеңейту, негізгі, өмір сүру үшін маңызды дәрілік құралдарға қол жетерлікті арттыру, азаматтардың медициналық көмекке тең қол жетерлігін қамтамасыз ету, ана мен баланыны қорғау, әлеуметтік маңызды ауруларды емдеу және сауықтыру жолымен халықтың денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ететін тиімді әрекет ететін денсаулық сақтау жүйесін құру жоспарланады.
Келесі қарастырылады:
5 жасқа дейінгі балаларды амбулаторлық емдеу кезінде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
Жүкті әйелдерді темір және йод қамтыған препараттармен қамтамасыз ету;
Бекітілген Тізбеге сәйкес диспансерлік емделудегі балалар мен жасөспірімдерді дәрілік қамтамасыз ету, созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
Амбулаторлық емдеу деңгейінде ересектерді жеңілдікті (50% өтеу) дәрілік құралдармен қамтамасыз ету; жекелеген азаматтар санатын кейін динамикалық қадағалаумен және сауықтырумен медициналық алдын алу тексерістерін жүзеге асыру;
Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.
Тегін медициналық көмектің кепілдікті көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді ұлғайтуға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың жан басына шаққан нормативін (диагностикалық тексерістер өткізу, оның ішінде АМСК мамандарын жолдау бойынша қымбат құнды тексерістер) ұлғайту, соматикалық аурулармен ауыратындарды дәрілік құралдармен қамтамасыз ету жолымен қол жеткізіледі.
Орта кәсіптік білімі бар медициналық кадрларды даярлауға жергілікті деңгейде қосымша: мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орта кәсіптік білім бойынша оқу құнын ұлғайту жөніндегі шығысты өтеу; мемлекеттік тапсырыс негізінде оқу орындарында оқып жатқан студенттерге стипендия мөлшерін ұлғайту.
Әлеуметтік сала. Әлеуметтік қорғауға арналған шығын 2012 жылы 4646,8 млн. теңге; 2013 жылы – 4864,5 млн. теңге; 2014 жылы – 5190,2 млн. теңге сомасын құрайды.
Қаланың әлеуметтік осал жіктерін әлеуметтік қамтамасыз ету және өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасау үшін ақылы кем балалар үшін Интернат-үйін ұстауға; қарт мүгедектер үшін интернат-үйін ұстауға; Психоневрологиялық интернат-үйін ұстауға; белгіленген тұрғылықты жері жоқ тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу орталығын ұастауға шығыстар көзделеді.
Кедейшілікті және жұмыссыздықты төмендету саласында қоғамдық жұмыстарға тарту, жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту және қайта оқыту, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар тәжірибесін құру, жастарды еңбек нарығында бейімдеу және сабақтан тыс уақытта оқып жатқан жастар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру арқылы халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге арналған шығыс қарастырылды, сондай-ақ атаулы әлеуіметтік көмекке, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы жәрдемақы мен тұрғын үй көмекіне арналған шығыстар көзделеді.
Жалпы білім беретін мектептерде оқылған жетімдерді, жас кезінен мүгедектерді және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында мемлекеттік жоғары оқу орындарында оқуды төлеуге қаражат жоспарланады (жалпы білім беру гранттары).
Мүгедектерді әлеуметтік қолдау үшін азаматтардың осы санатын сауықтыру және әлеуметтік қамтамасыз ету жөнінде шаралар кешені қарастырылды: біреудің көмекін қажетсінетін жалғыз басты мүгедектерді күтуге арналған мемлекеттік жәрдемақыға қосымша үстемелер; техникалық және өзге де құралдармен қамтамасыз ету; үйлерінде оқытылатын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету; мүгедектерді сауықтыру бағдарламасы бойынша оқыту.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілдікті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеңілдікті санатын тасымалдауға; зейнеткерлер мен азаматтардың өзге санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және тістерін протездеуге шығыс қарастырылды.
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік шығыны 2012 жылы 7570,6 млн. теңге, 2013 жылы – 7855,2 млн. теңге, 2014 жылы –8200,9 млн. теңге мөлшерінде күтіледі.
Мәдениет шығыстары елорданың мәдениетін дамыту үшін, Қазақстан аумағында тұрып жатқан халықтардың салт-дәстүрін, материалдық және рухани мәдениеттері ескерткіштерін сақтау, отандық және шетел өнер туындыларын насихаттау және халықтың оларға қол жетерлігі үшін жағдай жасауды көздейді.
Саланы әрі қарай дамыту жөніндегі міндеттер проблемаларға сәйкес қойылған: елорда мәдениетінің инфрақұрылымын әрі қарай дамыту, кадрлық қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру, кәсіптік өнерді дамыту үшін жағдай жасау, мәдениет объектілерін әрі қарай материалдық-техникалық жарақтандыру, қызмет көрсету сапасын арттыру, ақпараттық сауаттылықты арттыру, халықаралық ынтымақ және ең үздік өнер жетістіктерінің шетелде тұсау кесерін өткізу, мәдени мұраның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, шығармашылық одақтармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттесуді және ынтымақты нығайту.
Мәдениет саласында жұмыспен қамтылуды қамтамасыз ету үшін таланттарды қолдау және өз шығармашылық қызметі есебінен лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі бар.
Бұқаралық ақпарат құралдарында айдындарды, мақалаларды, хабарларды мемлекеттік тапсыру жолымен халыққа Астана қаласында әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беру деңгейін арттыру жұмысы жалғастырылуда.
Шетел және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қаланың ақпараттық-имидждік және жастар саясатын іске асыру жоспарланады.
Спорт саласында төмендегі бағыттарда жұмыс жоспарланады:
Дене тәрбиесі мен спорттың дамуын, халықтың белсенді демалысын ұйымдастыру үшін құрал ретінде дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз ететін спортты дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, кубоктық матчтарында және әр түрлі деңгейдегі өзге де жарыстарда Астана қаласының волейбол, хоккей, футбол, баскетбол, жеке алысу клубтарына жан-жақты көмек және қолдау көрсету;
бастауыш даярлау топтарында, оқу-жаттығу топтарында, спорттық жетілдіру және жоғары спорттық шеберлік топтарында оқушылар мен жастарға жаттығулар ұйымдастыру, даярлау жөніндегі мәселелерді шешу жоспарланады.
Қорғаныс. Қорғанысты дамытуға 2012 жылы 149,5 млн. теңге, 2013 жылы 156,4 млн. теңге, 2014 жылы – 162,6 млн. теңге бөлінетін болады.
Аталған шығыстарды жоспарлаудың негізі «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы», «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы», «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары болып табылады.
Құқық қорғау іс-шараларына арналған шығыс 2012 жылы – 6333,1 млн. теңге, 2013 жылы – 6522,4 млн. теңге, 2014 жылы – 6725,1 млн. теңге сомасын құрайтын болады.
Елордада қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар «Қазақстан Республикасындағы ішкі істер органдары туралы», «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес іске асырылады.
Жоспарлы кезеңде қоғамдық құқық тәртібін нығайту мақсатында ішкі істер органдарының барлық бөлімшелерін материалдық-техникалық жарақтандыру, құқық қорғау органдарының ақпараттық кешенін жетілдіру жөнінде жұмыс өткізу, ақпараттық деректер қорын, оның ішінде адамды биометрикалық сәйкестендіруді жетілдіру қарастырылады.
Ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау. Ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау шығындары 2012 жылы – 907,1 млн. теңге, 2013 жылы – 964,5 млн. теңге, 2014 жылы – 1027,5 млн. теңге сомасын құрады.
Бұл сала бойынша ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыру және қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар өткізу жоспарланады.
Мемлекеттік басқару. Мемлекеттік басқару шығыстары 2012 жылы 9640,3 млн. теңге, 2013 жылы – 18649,2 млн. теңге, 2014 жылы – 4331,7 млн. теңге мөлшерінде көзделеді.
Астана қаласының басқару органдарына арналған шығыстар басқару органдарының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі бюджеттік бағдарламалардың экономикалық тиімділігінің, іске асырылу сапасы мен нәтижелілігінің бағасына сүйене отырып есептеледі.
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жергілікті басқару органдарын кәсіптік кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі қажеттілігін қанағаттандыру жөніндегі бірыңғай мемлекеттік кадрлық саясатты іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін жоғарылату жұмысын жалғастыру қажет.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға 2012 жылы 18293,4 млн. теңге, 2013 жылы – 19577,1 млн. теңге, 2014 жылы – 20940,9 млн. теңге бөлінеді.
Шығыстардың өсуі қала шектерінің кеңеюімен байланысты: қала маңындағы кенттердің қосылуы, Есіл өзенінің сол жағалауында құрылыс салу. Осыған байланысты, кешенді абаттандырумен және көгалдандырумен, сондай-ақ қаланың санитариясын қамтамасыз етумен, жаңа құрылыс салу, коммуналдық шаруашылық пен сумен қамту жүйесін дамытумен қаланың орталық бөлігін қайта жаңартуға арналған шығыс ұлғаяды.
Қаладағы белсенді құрылысқа, сол жағалаудағы объектілердің қолданысқа енгізілуіне, саябақтар мен гүлзарлардың салынуына, жағалауларды жайластыруға, орталық көшелердің, сондай-ақ қаланың шет жақтарының абаттандырылуына байланысты көшедегі жарықтандыру желісінің ұзақтығы ұлғайды, саябақтағы жарықтандыру шамдарының саны ұлғайды, сәнді шамдармен қамтылған ғимараттар мен құрылыстардың саны өсе түсті.
Тротуарларды механикаландырылған және қолмен жинау, жолдың шет жақтарын қардан қолмен тазалау, жолдар мен тротуарларда көк тайғаққа қарсы материалдар шашу, контейнерлік алаңдарды орналастыру, қоқыс контейнерлерін дайындау және ауыстыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда. Көшелердің дамуының және енгізіліп жатқан сол жағалау аумақтарының есебімен тазаланатын аумақтардың көлемі өсе түсуде.
Астана қаласы дамуының Бас жоспарына сәйкес, шығыстар қаланы ауқымды абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталатын болады.
Қаланы көгалдандыру және абаттандыру, сондай-ақ елорданы сумен үздіксіз қамтуды қамтамасыз ету және су басудан қорғау мақсатында мына жобаларды іске асыру жоспарланады: жобаланып жатқан және салынып жатқан тұрғын үй кешендеріне инженерлік желілер мен жолдар салу, Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту, ішкі кварталдық кешенді абаттандыру, гүлзарлар мен саябақтар салу; индустриялық парктің инфрақұрылымын салу; қаланың сол жағалау аумағын су тасқынынан инженерлік қорғау, дренаж және жер асты суларының деңгейін төмендету; нөсер арнасы жүйесін дамыту.
Астананы елорда ретінде дамыту тек әкімшілік және іскерлік фунцияларды жүзеге асыру ғана емес, халықтың өмір сүруінің жоғары деңгейі мен сапасына қол жеткізуді да қарастырады. Осыған байланысты, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік саясатын әрі қарай іске асыру, жаңа тұрғын үй салу көзделеді.
Көлік және коммуникациялар. Көлік және коммуникация шығындары 2012 жылы – 1636,4 млн. теңге, 2013 жылы – 1748,2 млн. теңге, 2014 жылы – 1867,7 млн. теңге мөлшерінде болжанады.
Астана қаласының көліктік-коммуникациялық кешенін дамыту мәселелерін іске асыру үшін және елорданың көліктік инфрақұрылымын дамыту мақсатында көліктік айырымдар, көпірлер, жолөтпелерін, жер асты өтпелерін салу жоспарланады. Алдағы кезеңде ішкіқалалық жолаушылар көлігінің балама түрлерін енгізу, жаңа әкімшілік орталықта автомобиль жолдарын салу жоспарланады.
Астана қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджет жобасын есептеген кезде, 7% мөлшеріндегі тұтыну бағалары индексі қолданылды. Материалдық техникалық жарақтаныдурға және күрделі жөндеуге арналған шығыстар барынша қысқартылды.
Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге арналған шығыс ескерілді, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға, 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін бөлінген несиені өтеуге 2012 жылы – 7 800,0 млн. теңге, 2013 жылы – 16 520,5 млн. теңге, 2014 жылы – 2090,0 млн. теңге қарастырылды.
Бюджет шығыстарында елорда азаматтарының өмір сүру деңгейін жақсартуға (денсаулық сақтау, білім беру), әлеуметтік салаға, қаланы ұстап, дамытуға, мәдениет және спорт салаларында іс-шаралар өткізуге, қала тұрғындарының демалысын ұйымдастыруға шығын қарастырылды.
2012-2016 жылдарға арналған
Астана қаласының
әлеуметтік – экономикалық
дамуының болжамына
1-қосымша
2012-2016 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің тізімі
Көрсеткіштер
|
2011 жыл
баға
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
болжам
|
Жалпы өңірлік өнім, млрд. теңге
|
1949,0
|
2107,2
|
2250,7
|
2408,7
|
2556,1
|
2712,1
|
Нақты өсуі, % өткен жылға қарағанда
|
108,5
|
108,1
|
106,8
|
107,0
|
106,1
|
106,1
|
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің көлемі, алдындағы жылға қарағанда %-бен
|
103,7
|
104,0
|
104,0
|
104,8
|
105,2
|
106,0
|
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, алдындағы жылға қарағанда %-бен
|
115,4
|
105,8
|
106,3
|
106,6
|
106,8
|
105,8
|
Құрылыс жұмыстарының ФКИ, алдындағы жылға қарағанда %-бен
|
100,1
|
100,5
|
97,8
|
95,0
|
93,0
|
97,0
|
Сауда, алдындағы жылға қарағанда %-бен
|
115,0
|
113,2
|
112,0
|
110,5
|
111,0
|
107,0
|
Көлік қызметі, алдындағы жылға қарағанда %-бен
|
105,0
|
105,0
|
105,3
|
105,6
|
107,5
|
104,5
|
______________________________
Достарыңызбен бөлісу: |