2012 жылда Зубовск кентінің әкімі М. Н. Жунусов атқарған жұмысы туралы есебі Зубовск кенті 2013 жылдың 17 қаңтары «Зубовск орта мектебі»



жүктеу 86.6 Kb.
Дата03.03.2016
өлшемі86.6 Kb.
2012 жылда Зубовск кентінің әкімі М.Н. Жунусов атқарған жұмысы туралы есебі
Зубовск кенті 2013 жылдың 17 қаңтары

«Зубовск орта мектебі» КММ


Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен барлық деңгейлі әкімдердің халық алдында есеп беруі дәстүрге айналды.

2013 жылы әкімдердің халық алдында есеп беру кездесулері Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты деген кезекті жолдауынан кейін өткізіледі.

15 жыл бұрын «Қазақстан – 2030» деген Стратегия қабылданған. Халқымыздың алдына үлкен міндет қойылды – жаңа экономика, жаңа ел құру.

Енді біздің жігерлігіміздің арқасында еліміз өзгерді, танылмайтындай қайта құрылды.

Бүгін Қазақстан өзінің ерекшілігі және өзінің позициясы бар табысты, жемісті мемлекет.

Еліміз 20 жыл бойы егемендікті және саясаттық салмақты нығайтуға жұмыс жүргізді. 20 жылдан кейін бұл мақсат орындалды, құрылу кезеңі сәтімен аяқталды.

2050 жылға дейін мықты мемлекет негізінде берекелі қоғам құру, экономика және Жалпыға Еңбекке мүмкіндіктер дамыту біздің ен басты мақсатымыз.

Қазақстанда Тәуелсіздік жылдары бойы саясаттық шешімдерді жүзеге асыру және қабылдауға тұрақты жүйе құрылды, демократиялық институттар бекітілді, азаматтық қоғам дамытылуда. Республиканың егемендігі халықаралық аренасында танылды, жылдан жылға оның беделі аймақтық және дүниежүзілік ауқымы өсуде.

Салық жүйесіне және кәсіпкерлік қызметіне керекті жағдайлар жасалды.

Қазақстанның Бірінші басшысы өзінің құжатында дүние жүзілік азық-түлік нарығында аграрийдерді жетекшілікке әкелетін: егіс көлемін көбейту, егіннің шығымдылығын көтеруін қамтамасыз ету және басқа да ең керекті шараларды белгіледі.

2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 «Халықпен жергілікті орындау органдардың басшыларының есеп беру кездесуі туралы» мемлекет Елбасының Жарлығын іске асыру мақсатында барлық деңгейлі әкімдердің халық алдында есеп берудері өткізіледі.

Міне бүгін де біздің кездесуімізде 2012 жылда жүргізілген жұмыстар туралы есеп беру кезек келді.

2013 жылдың 01 қаңтар айының жағдайы бойынша кент ұйымдарында, кәсіпорындарда былтырғы жыл мен салыстырғанда жұмысшылар саны азайған жоқ, жұмысшылар саны 800-ден астам адам құрады.

Оқушылар Ұлы Отан соғыс ардагерлерімен және тылдағы еңбеккерлер мен кездесулер өткізді. Медициналық жұмысшылары және кеңес ардагерлер мүшелері Ұлы Отан соғысына қатысқандардың үйлеріне жие-жие барып қал жағдайларын біліп тұрды, имандылық көмек көрсетті.

«Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» деген бағдарламалық бабында Президент Н. Назарбаев келесіні белгіледі: «XXI ғасырда әлеуметтік жұмыспен қамту жай ғана жұмысқа орналасу емес. Әлеуметтік жұмыспен қамту – қоғам күшімен жергілікті өкіметінің органдарының үйлестіруімен ұйымдастырылатын жалпы шаралар».

9 Мамыр Күні Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға ардагерлер ескерткіштеріне гүл қойылып, жас әскершілердің шеруі және митинг өткізілді.

30 тамызда кент күнін тойлауында «Досуг» КМҚК мамандары қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

Конституция – азаматтардың бостандығы және құқықтық кепілі. Ата заңнында бекітілген ережелердің арқасында, біз азаматтық қоғамды дамыту және демократияны нығайту бойынша жұмыс жүргіземіз.

Еліміздің Ата Заңын сақтау әр қайыссымыздың жалғыз отаншылық қарызымыз емес, бұл сақтау жемісті әлеуметтік- экономикалық дамуының жалғастыруы және ұлтаралық келісімдіктің негізі.

Кентте Ұлы Отан соғыс ардагерлер және еңбек кеңесі жұмыс атқарады. Қараша айында ардагерлер жиналысы өткізілді.Кеңес ардагерлердің төрағасы В.Н. Семенов және кеңес ардагерлер ұжымы әр түрлі сұрақтарды шешуге белсенді қатысты, әсіресе Жеңіс күнін өткізуінің дайындығына және кентте қайырымдылық қорын құруға көмек көрсетті.

Әскери міндеттілік заңнамасын орындау бойынша шаралар жүргізілді. Әскерге шақырылатындардың, боз балалардың, әскери міндеттілердің тізімі анықталды. Әскери міндеттілерден -346, әскерге шақырылатындардан – 122 адам құрды.

Кентте 28 көше бар, барлық ұзындығы 50 км астам. 2012 жылы «автокөлік жолдары жұмыс істеуі» бағдарламасына 150 мың теңге бөлінді. Жолдардың жазғы мезгілдегі ұстауына (Железнодорожная, С.Лазо көшелеріне ұсақ тас төгу) «Плюс» ЖШС-мен шарт бойынша – 795 мың теңге пайдаланды. Бюджеттік қаражатынан қыс мезгілінде автокөлік жолы ұзындығы 18 км., қардан тазаланды. Қардан тазалау жұмысына «Серебряный ключ» ӨК-тің (В.А. Босяков) техникасы шарт бойынша сомасы 795 мың теңгеге жол тазалады. Кент аумағында орналасқан кәсіпорындардың күшімен және қаражатымен кент көшелері қардан тазаланды. Қыс мезгілінде қалын қар басу жағдайына байланысты көше комитеттерін қайта қалпына келтіру туралы сұрақ қойылды.Тұрғындардың өзін-өзі ұйымдастырудың төмендігі және ештене қаламайтыны көп мәселенің ішіндегінің бірі, бұл мәселені жақын уақытта шешу керек.

«Зубовск кентінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аумағынан және бұлақ маңайынан қоқысты шығару үшін 39 мың теңге бөлінді.

Көктем және күзгі мезгілдерінде өрт қауіпсіздік туралы сұрақ қойылады. Өрт шығудың ең бірінші себебі: үй- жайлардың маңайдары өте қоқыстанғаны.

Қысқы мезгілде көшкі түсу қауіп-қатер бар. 2012 жылдың жазында Зубовская тауына 30 қар ұстайтын, көшкі түсуге қарсы қалқа орнатылды. «Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Казселезащита Министрлігі» мемлекеттік мекемесінің тапсырмасы бойынша 2 млн. теңгеге жұмыстар жүргізілді.

Төтенше жағдайдың болмауының ең бастысы – алдын алу. Төтенше жағдайдың басталуында қандай іс әрекет жүргізу қажет екенің бәріміз дайын болып, білуіміз керек.

2012 жылы «Елді мекендерді жарықтандыру» бағдарламасына 1700 мың теңге қаражаты бөлінді. Железнодорожный көшесіне 21 жарықтандыру тірегі орнатылды, жұмыс істеуі желтоқсан айынан басталды. Бірақ бұрынғы жылдардан бері пайдаланған көше жарықтандыруларды жөндеу керек деген мәселе бар.

Жыл бойы ай сайын халықпен жиналыстар, кездесулер өткізілді. Кент тұрғындарында әкімге сұрақ қоюға, жеке қабылдауына келуге, әкім аппаратының қызметкелеріне үндеу түсіруге мүмкіндік бар. Әр азаматтың үндеуіне назар аударылады. 2012 жылы барлығы 15 үндеу түсті, заңнамамен қойылған мерзімде әр үндеу қаралады. Біреулеріне бұл сұрақ қалай шешілу қажет екенің түсіндіру керек, ал басқалары шешімі қажет сұрақтар қояды.

Бір неше жыл бойы Березовская және Лазо көшелерінің тұрғындарында энергиямен жабдықтандыру бойынша әр түрлі мәселелер болды. Олардан берілетін электр энергияның сапасын көтеру бойынша шараларды қабылдау туралы ұжымдық хат түсті. Зырян аумақтық электр тораптарының басшысымен кездесу өткізілді. Берілетін электр энергияның сапасы көтерілді, 2013 жылға электр энергиянын сапасын көтеру бойынша шаралар жоспарда.

Былтырғы жылдың күзінде Өскемен қаласындағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне қатыстық.

«Элеватор» ЖШС-нің басшысы В.А. Босяков, «Данияр» қожалық шаруашылығының бастығы И.И. Мусин жәрмеңкеге қатысып, ұйымдастыру жұмыстарын өте жақсы өткізді. Зубовск мектебінің ұжымына да алғыс білдіремін. Бұлар өздері өсірген жемістерін сатуға әкелді. Ауыл тұрғындары өздері өсіріп-өндірген жемістерінің артығын сату үшін және қала тұрғындарымен араласу үшін жәрмеңкелер өткізіледі.

2012 жылы жұмыспен қамту орталығына 42 адам үндеу түсірді, 23 адам жұмыспен қамтамасыз етілді, қоғамдық жұмыстарына 18 адам қатысты, 1 адам оқыту өтті. Жылдың аяғында есепте 10 адам тіркелді.

Қоғамдық жұмыстарына қабылданған жұмысшылардың көмегімен Проходной Ключ өзенінің арнасындағы тұрмыстық қоқыстарды, арам шөптерді тазалау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді және автокөлік жолдардың шетіндегі талдар, бейіт аумағында өскен шөптер шабылды. Повилика деген арам шөптің карантинлық орындары анықталып, жойылды. Кенттегі қоқыстарды төгетін орынның маңайы жиналды. Жұмыссыздар қатысуымен кент көшелерінің санитарлық жағдайын тексеру бойынша рейдттер жүргізілді. Үйлердің маңайын тазалау мәселесі өте қиын жағдайда, тұрғындардың талайы қашадан кейін біздің жер емес деп, ешқандай жауапкершілікке тартылмаймыз деген ойда. Бұл дұрыс емес ой. 2013 жылы бұл сұраққа бөлек назар аударылатыны жоспарда.

«Мемлекеттік тұрғын үй көмегі туралы», «18 дейін балалары бар отбасыларға мемлекеттік жалақы туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын жүзеге асыру мақсатында жас аналармен, тұрмыстары төмен отбасылардағы аналармен кездесулер өткізілді. 18 жасқа дейін балалары бар отбасыларға мемлекеттік жалақыны алуға рәсімдеу тәртібі түсіндірілді. Мемлекеттік жалақы төлену үшін өтініш түсірген азаматтың үй тұрмыстық жағдайы қаралып, акт құрылып, әлеуметтік картасы толтырылады.

2012 жылы 18 жасқа дейін балалары бар 9 отбасына мемлекеттік көмек көрсетілді, бұл отбасыларда балаларды жалғыз ана тәрбиелейді.

Құқық бұзушылықты алдын алу сұрақтарына назар аударылды. «Қиын» жасөспірімдер үйлеріне, қараңғы кез тәулігінде кент көшелерінде тексерулер жүргізілді. Әкім аппаратында әр жұма сайын заң бұзушылармен алдын алу сұхбаттар жүргізіледі.

Салық төлеушілерді анықтау үшін 739 үйдің, 371 га жер телемінің жалпы көлемінің, көліктердің жыл басында тексеруі, сәйкестендіруі жүргізілді.

Шығарылған өзгерістер салық есебінің кітабына тіркелді. 2012 жылы міндетті төлемдерді бәрі салық төлеушілер төледі. Барлық салық жинауы 100 пайызды құрады, сомасы 340985 теңге.

2012 жылы электрондық әр шаруашылық кітаптарді құру бойынша жұмыс басталды.Бұл өте үлкен және жауапты жұмыс. Жеке үй жайлардағы құстар мен ауыл шаруашылық малдардың, тұрғылықты тұрғындардың санағы жүргізілді. Зубовск кентінде 739 үй, 2282 адам, 300 отбасы бар. Жеке қосалқы шаруашылығы 40 пайызды құрайды. (Кенттің төлқұжаты)

Білім беру, тәрбие беру ролін Зубовск орта мектебі орындайды. Зубовск орта мектебінің директоры В.А. Лысенко, мектепте 262 оқушы бар және мектепке дейін балаларды дайындау сынып бар, 25 баладан тұратын кіші орталық бар. Мектепте спорт секциялары, би тобы жұмыс жүргізуде. Жаз мезгілінде Зубовск орта мектебінде 30 бала аз қамсыздырылған отбасылдардан тұратын сауықтыру алаңы жұмыс істейді. Мектепте өзін-өзі тану бөлмесі ресімделді, интерактивтік тақтасы бар биология бөлмесі құрылды.

Демалуға арналған мекеме жоқтығына байланысты кенттің әкім аппаратының жұмысына халықты шараларға қатыстыруын ұйымдастыруы қосылады. Бұл жалғыз мемлекеттік мейрамдарға арналған шаралар емес, бұл сенбіліктерді өткізу, үй жайдың аумақтарын тазалау, спорттық шараларды өткізу жұмыстары.

Сонымен 2013 жылдың жоспарында спорттық алаң салуы. Спорттық алаңды салуға кәсіпорындар демеуші көмек түрде қаражат бөледі. Бұл шара жұмыссыздарды, жастарды тартады, әр түрлі шараларды өткізуге мүмкіндік береді.

«Наурыз», «Жеңіс Күні», «Жаңа жыл», «Денсаулық күні» мейрамдарді өткізуге мұғалімдер, оқушылар, кент белсенділер мүшелері қатысты. «Наурыз» мейрамын өткізуге мәдениет бөлімінің қызметкелері көмек көрсетті.

Кент тұрғындары және оқушылар арасында ақпараттық жұмыс, мәдениет шаралар жүргізуіне қатысқан кент кітапханасының кітапханашысын атап өтемін.

Зубовск кентінде Г.С.Толмачева басқарған 10 адамнан тұратын медициналық жұмысшылар қызмет көрсетеді.

10 дүкен саудамен айналысады. Дүкендерде азық- түлік, күнделікті сұраныс тауарлары бар. Апта сайын бағаларға бақылау жүргізіледі. Зырян аудан кәсіпкерлік бөліміне бағалар туралы ақпарат ұсынылады.

Жыл бойы телефон байланысы қызметін кеңейту бойынша Зырян қалалық телекоммуникация торабы жұмыстар жалғастырады. Қазір кентте 300-ге таяу телефон, ұялы байланыс бар. Кентте 200-ге таяу компьтерлік техника бар. Интернет байланысын жүргізу туралы сұрақ түсті, бірақ ақырын жылдамдығына байланысты интернетке шығу өте қиын.

Жазғы мезгілде футбол, волейбол ойнауға арналған алаңдарды, жеңіл атлетика кросстарды, қысқы мезгілде шаңғы тебу, шанамен сырғанауды ұйымдастыруға болады. Жастар, оқушылар қатысатын әр түрлі спорттық жарыстар өткізуге болады, табиғат жағдайы бұған келеді, осының бәрін ұйымдастыру біздің қолымызда. Бірақ әр қайыссымыздың жеке қатысуы және талабымыз өте аз.

2012 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп беруінде айтып кетейін, талай сұрақтарды шешуге болысқан тұрғындар өте жақсы біледі, қалай бәрі оңай және жылдам бола қоймайды. Әр адамның бүгінге деген көз қарасы әр түрлі, біреулер бәрі әлі алда, бәрі нәрсе жақсы болады деген ойға сенбейді, бірақ бәрі жаман болады деп ойлауға да болмайды. Қазірғы заманда ешкімге шек қойылған жоқ, әр адам өзінің пікірін білдіруге тиісті, бірақ кейде аса айтып салу зиян келтіреді. Өз ойымызды дұрыс жеткізуге үйренуіміз керек. Бәрі ғана жаман деп айтпай, жақсылыққа жатқан өзгерістерді көруіміз қажет және әр қайыссымыз не істедік бәрі жақсы болу үшін – осыныда сезуіміз керек.
2013 жылға қойылған міндеттер
Әр көшелердің, әр тұрғын үйжайлардың маңайларын тәртіпке келтіру(тазалау жұмыстары бойынша). Көктем мезгілінде гүл және ағаштар отырғызу жұмыстарын ұйымдастыру.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру және ақпараттау бойынша еңбектік ұжымдармен, жастармен, тұрғындармен жиналыстар, кездесулер өткізу. Тұрғылықты жер бойынша пайда болатын сұрақтарды барлығымыздың күшін салып шешуіміз, келісімді және бейбітшілікті нығайтуға жәрдемдесуіміз керек.



2013 жылы кент көшелерін жарықтандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарлама бойынша сұрақтарды шешу керек. Өзін-өзі басқару бойынша кентте көше комитеттерінің жұмысын қалпына келтіру керек. Кәсіпорындар және тұрғылықты құрылыстардың маңайдарының аумақтарын тазалау керек. Жастарға демалыс орталығына арналған үй-жай орнын іздестіру жұмысты жалғастыру. Күнделікті сұраныстағы азық-түлік тауарлардың бағасына бақылау жүргізу. Зубовск кентінің әкім аппаратына және әкімге заңнамамен салынған өкілеттерді орындау бойынша шараларды қолдану.

Зубовск кентінің әкімі М. Жунусов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет