2012 жылы Қалалық мәдениет және демалыс саябағында бір қатар жұмыстар атқарылды



Дата05.07.2016
өлшемі4.84 Mb.
#179202
«Балаларға соғыс туралы оқимыз»,- атты халықаралық акциясына белсене қатысқаны үшін Орал қалалық ОКЖ мен бір топ кітапханашылары РФ Самара ОБК Дипломымен марапатталды.
2012 жылғы Қалалық мәдениет және демалыс саябағында мемлекеттік және халықтық «Крещение», «Масленица – Қысты шығарып салу», “Наурыз” мейрамы, «Қазақстан халықтарының бірлігі күні», «Жеңіс күні», «Халықаралық балаларды қорғау күні», «Қала күні-2012» мерекесі аясында облыс аудандары өнерпаздарының мерекелік концерті, кәсіби мерекелерге арналған түрлі шаралар, акциялар өткізілді. Барлығы 90 мәдени-көпшілік іс-шара өткізіліп, бұл шараларға 70 000-нан астам адам қатысты. Жазғы маусымның ашылуынан бастап қалалық мәдениет және демалыс саябағында 730 000 астам демалушылар болды.

2012 жылы Қалалық мәдениет және демалыс саябағында бір қатар жұмыстар атқарылды:



  1. Саябақ аумағын абаттандыру:

Саябақ аумағын абаттандыру жұмыстары әрі қарай жалғастырылды. Жалпы санитарлық тазалау айлығында 10 жоғары сенбілік ұйымдастырылды. Оның ішінде қалалық 3 сенбілік, қалған сенбіліктер саябақ қызметкерлері күшімен өткізілді. Сенбіліктерге барлығы 1000-нан астам адамдар тартылды.




Жаңадан 85 ағаш көшеттері отырғызылды. Атап айтсақ: шынар түсті үйіңкі – 21 түп, Шаған - 24 түп, ақ қайың - 26 түп, қара ағаш – 26 түп, қарағай – 6 түп, емен – 2 түп.

Орындықтар, қоқыс салатын жәшіктер, әткеншектер сырланып қалпына келтірілді;








  1. Көпшілік мәдени іс-шаралар:

4 наурыз - "Масленица – қыспен қоштасу" қалалық мейрамы Мәдени ағарту бірлестігі мекемесінің қолдауымен өткізілді.Оған 4500-ден астам адам қатысты.


22 наурыз - «Наурыз» мейрамына байланысты іс-шаралар ұйымдастырылып, оған 5000-нан астам адамдар қатысты.

1 мамыр – «Қазақстан халықтарының бірлігі» күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараларларға, 5200 жуық адам қатысты.

9 мамыр - «Жеңіс күніне» арналған кездесу кешіне Орал қаласының соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері арнайы шақырылып, емен тоғайында солдат ботқасы берілді және концерттік бағдарлама өткізілді. Жастар мәдениеті үйі көркем өнерпаздарының Ұлы Отан соғысы туралы патриоттық әндері орындалды. Бұл шараға 6000-ға жуық адам қатысты.



31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне арналған іс-шараларға қалалық ішкі саясат бөлімінің мамандары, Батыс Қазақстан корей ассоцияциясынан В.Н. Хон және қаланың барлық мектептерінен оқушылар мен мұғалімдер, сонымен қатар қаладағы соғыс және еңбек ардагерлері қатысып, саяси құғын-сүргін құрбандарын бір сәт үнсіз еске алып, болашақ жастарға осындай іс-шараның маңызын түсіндіріп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бұл іс-шараға 800-ден астам адамдар қатысты.



1 маусым күні- «Балаларды қорғау күніне» арналған «Бақытты балдаурен»,- атты театрланған бағдарлама ұйымдастырылды. Балаларға арналған әр түрлі ойын сауықтар және іс-шаралар өткізілді. Демалуға келген адамдар саны 7000 –нан астам.

«Мәдени ағарту бірлестігі» МКҚК-ның қатысуымен Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған концерт өткізілді. Соған қоса қаламыздың бірқатар ұйымдарының (Онур Трэвел, Тұрғынүйқұрылысжинақ банкі, Цеснабанк) ұйымдастырумен балаларға арналған түрлі ойын-сауық бағдарламалар өткізілді.

02.06.2012 ж – «Урбан стайл» жастар би тобының, қатысушылары арасында жарыс түрінде ұйымдастырылған есеп беру кездесуі өтті. Бұл шараға адам 2000 адам қатысты.

06.06.2012 ж «Облыстық эколого-биологиялық орталығы» МҚКМ-мен бірлесіп «Халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні» және «Гүлдер әлемі» атты облыстық фестиваль өтті. Фестивальдің мақсаты жас ұрпақты табиғатты қорғауға және сүюге тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген қызығушылығын дамыту. Бұл фестивальге облыс аудандарынан және қала мектептерінен оқушылар, өздерінің қолдан жасаған туындыларын ұсынды. Аталған фестивальге 2500 жуық адам қатысты.

09.06.2012 ж - «Жаса Қазақстан» атты Ақсай қаласының бірқатар әншілерінің ұйымдастырумен концерттік бағдарлама өтті. Демалуға келген адамдар саны 2500 адам қатысты.

17.06.2012 ж – БҚО Ішкі саясат басқармасы, «Нұр Отан» ХДП БҚОФ ұйымдастыруымен «Жастар күніне» арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Демалуға келген адамдар саны 5000 адам.



22.06.2012 ж – Облыстық ортандырылған кітапхана жүйесінің қатысуымен «Кітап – өмір бер!»,- атты акциясы өтті. Қатысқан адамдар саны 2000 –ға жуық.

23 маусымда - №5 балалар саз мектебінің «Горохи» вокалдық ансамблінің концерті ұйымдастырылса, 1 шілде күні «Сабантуй» татар ұлттық мейрамы атап өтілді. «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен мерекесі өтті. Шараға облысымыздан және Татарстан Республикасынан арнайы шақырылған әртістер қатысты. Онда татар халқының ұлттық тағамдары, ойындары (арқан тартыс, күрес, күш сынасу) сияқты т.б. дәстүрлі өлеңдері шырқалды. Аталған мерекеге 6000 адам қатысты.




06 шілде - «Астана күні» мерекесіне арналған «Мәдени ағарту бірлестігі» МКҚМ-нің қатысуымен мерекелік концерт өтті. Демалуға келген адамдар саны 3000 адам қатысты.

12 шілде - «Молодежь за творчество» атты Орал қаласының жастар тобының ұйымдастырумен рэп-концерт өткізілді. Демалуға келген адамдар саны 2000 адам қатысты.
21 шілде - №10-шы мектебінің КТК құрама тобының қатысуымен көпшілікке арналған сауық-думанды бағдарламасы өтті. Демалуға келген адамдар саны 2500 адам қатысты.

07 тамыз – «Көлік және байланыс қызметкерлері күні» мерекесіне орай Орал жол бөлімшесі мен оның аумағындағы кәсіпорындар ұжымдары өздерінің төл мерекесін саябақта концерт ұйымдастырды, Аталған мерекелік шараға 8500 адам қатысты.



11 тамыз - Орал қаласының «Батыс Қазақстан инженерлік- технологиялық колледжі» әкімшілігінің қатысуымен саябақ демалушыларына арналған «Олимпиада жеңімпаздарына сәлем» атты промо-концерт өтті. Демалуға келген адамдар саны 2500 адам қатысты.

24 тамыз - БҚМУ-і Өнер институтының «БатысСтар» тобының қатысумен көпшілікке арналған концерт өтті. Демалуға келген адамдар саны 2500 адам қатысты.

25 тамыз – «Заман» ЖҚБ-нің Қазақстан Республикасының конституция күніне арналған іс-шараларының қорытынды концертін өткізді. Демалуға келген адамдар саны 2000 адам қатысты.

12 қыркүйек - Қазақстан студенттер альянсының ұйымдастыруымен «Студенттік қатарға қабылдау - 2012» атты мерекелік шара және би кеші өтті. Демалуға келген адамдар саны 5000 адам қатысты.

24 қыркүйек - «ЗКО Новая волна» ЖҚБ-мен бірге Тіл күніне арналған «Мемлекеттік Тіл- мемлекеттік символ» атты шара өткізілді. Демалуға келген адамдар саны 2500 адам қатысты.

30 қыркүйек – «Қала күні» мерекесі кеңінен аталып өтті. Саябақ аумағында «Кіші жүз» вокалдық тобының және де облыс аудандарының мәдениет қызметкерлерінің қатысумен бірқатар мерекелік бағдарламалар өткізілді. Демалуға келген адамдар саны 4000 адам қатысты.






13 қазан – «Денсаулықтың күні» оқы- мектептің және қаланың оқу мектебінің маңызды саны саябақта, өткіздір-өткізу ықылас білдір-. Бағдарламада конкурстар на канаттың тартуының, армрестлингті, гіртастың өрлеуінің және спорттың сырттың көріністерінің болды. "Денсаулықтың күнінің" және арада келесі жылда бол- саябақта еңсеріледі, сияқты жастың предостережение жаман әдеттерден. Демалуға келген адамдар саны 500 адам қатысты.

Сонымен қатар саябақта әр түрлі мерекелік шараларға арнап ағаш түбірлерін отырғызу, соның ішінде (жас жұбайлар, туған күн, зейнеткерлер т.б.) шараларға арнап 12 шырша отырғызылды.

Оған қоса саябақ келушілеріне арналған апта сайын үрмелі аспаптар оркестрінің ойыны және саябақ әкімшілігінң ұйымдастырумен «Халықтық таланттар», «Көңілді кеш» атты ойын-сауық бағдарламалары, билет өткізіліп тұрды.



1 тамыздан бастап тұрғындардың, кәмілетке толмаған жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мақсатында саябақ аумағындағы сауда орындарында алкоголь өнімдерін сатуға тиым салынды.



  1. Демеушілік пен қайырымдылық көмек.

Саябақ әкімшілігі тарапынан облысымыздың түрлі мекемелеріне және «Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі» мемлекеттік мекемесіне, «Диабет» ҚБ, Ата-анасынан қамқорсыз қалған және жетім балаларға арналған №15 облыстық көмекші мектеп –интерантынан келген балаларға, «Бәйтерек» мүгедек баларын және жетім балаларға ойын-сауық аттракциондарына тегін көмек көрсетіліп, зейнеткерлерге, сонымен қатар, қарттар үйіндегі тұрушыларға демеушілік және қайырымыдылық көмек көрсету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Саябақта 2012 жылдың қаңтар айынан бастап жыл аяғына дейін жалпы қалалық және жоспарланған кәсіптік мейрамдарға арналған шаралар және әр түрлі акциялар өткізілді. Өткізілген іс-шаралар саны 90-ға жуық, оларға қатысушылар мен демалушылар саны 730000 астам адам болды.


Соңғы 3 жылда атқарылған жұмыстардың салыстырмалы көрсеткіші




2011 жылғы саябақтың атқарылған есебі бойынша 2010 жылмен салыстырғанда өткізілген мәдени іс шаралар, демалушылардың саны, түскен қаражат екі есе азайып отыр.Мәдени-шараларды өткізудің басты себептерінің бірі 2011 жылғы жалпы су тасқыны салдарынан саябақ өз жұмысын 1,5 ай кеш бастады. Сонымен қатар саябақ аумағынан Шаған өзені арқылы салынып жатқан жаяу жүргіншілер құрылысы да саябақ территориясының, яғни демалушылар жүретін негізгі жолды құрылыс қажеттілігіне байланысты қоршауланған қоршау да келушілерге кедергі келтірді. Сонымен қатар 2011 жылдың қыркүйек айында күнделікті жауын-шашын болып, ауа райы қолайсыз болды. Аталған жағдайлардың барлығы да жоспарланған мәдени шаралардың өз уақытысы өткізуге кедергі болған мән-жайлар болды.



Қызметкерлер саны

2012 жылғы қызметкерлердің орташа тізімдік санын 2010-2011 жылдармен салыстырғанда қызметкерлер саны азайып отыр. Себебі 2012 жылдың 3 ақпанында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің (шаруашылық жүргізу құқығындағы) «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны болып қайта құрылды, сол себепті қызметкерлер саны қысқарды.

2012 жылы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Атап айтсақ, 2012 жылы 18 сәуір күні Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияның кіші залында Орал қаласының әкімдігі Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Бүкілдүниежүзілік кітап күні қарасаңында алғашқы рет Қазақстанның Халық Жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Қадыр Мырза Әли шығармаларын оқырмандар жадында жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған «Қадыр оқулары» байқауы өтті. 12-22 қазан аралығында Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты қалалық тіл онкүндігі өтті. Онкүндік аясында 13 қазан күні Орал қаласындағы Жұбан Молдағалиев атындағы шағын бақта Қазақстан Республикасының тіл саясаты, тілді құрметтеу мақсатында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің бірігіп ұйымдастыруымен Орал қаласы тарихында қазақ мектептерінің ашылуына бастау болған ақын, қоғам қайраткері С.Сейфулиннің туғанына 118 жыл толуына орай «Сәкен оқулары» байқауы оздырылды 15-қазан күні №1 жалпы білім беретін орта мектептің акт залында Қоғам қайраткері, ақын әрі жазушы М.Шахановтың 70 жасқа толу мерейтойына арналған «Халық мүддесіне жаралған қаламгер» атты әдеби-сазды кеш, 17-қазан күні Орал гуманитарлық колледжінің акт залында Оралхан Бөкейдің шығармашылығы бойынша «Алтайдың асыл жыршысы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференция Оралхан Бөкейдің «Кербұғы» романы желісі бойынша жүргізілді. 19-қазан күні Мемлекеттік қызметте – мемлекеттік тілмен» атты мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байқау оздырылды. 22-қазан күні Жастар мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты қалалық тіл онкүндігін қорытындылау кеші өтті. Бұл кеште «Бүлдіршіндерге қазақ тілін оқыту әдістемесі» байқауының қортындысы да жарияланды.
Сонымен қатар шешімін таппай жатырған мәселелер де бар.

Қаланың жаңа шағын аудандарында балалар мен жасөспірімдерге және әлеуметтік топтарға мәдени-көпшілік шаралар мен ақпарат жұмыстарын ұйымдастыру жеткіліксіз.

Қала тұрғындарын сапалы және кең көлемді мәдени - көпшілік жұмыстармен қамтамасыз ету үшін, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне шығармашылық ұжымдардың жұмысын жандандыру үшін, аппаратуралар мен көліктер және шығармашылық ұжымдарды қаржыландыру қажет.
Мәдениет мекемелерінің одан әрі тиімді жұмыстар жүргізуі үшін ет комбинаты, 4,6,9 шағын аудандарда, Желаев, Серебряково, Круглоозерное, Зачаганск кенттік округтерінде кітапханалар, мәдениет үйлері, балалар аула клубтары жүйесін кеңейту және олардың материалдық-техникалық базасын жақсарту қажет.




Материалдық-техникалық базаны нығайту:
- кітапханаларды компьютерлермен жабдықтап, ғаламтор жүйесіне қосу;

- кітапханалық арнайы жиһаздар алу (сөрелер, кітап беру кафедралары, картотека, көрме сөрелері, т.б.);

- музыкалық және дыбыс күшейткіш аппаратуралар алу; қалалық үрмелі аспаптар оркестріне аспаптар алу;

- кітапханалар мен аула клубтарын ағымдағы және күрделі жөндеулерден өткізу;

- қаланың мәдени ұжымдарына автокөлік алу (орыс халық аспаптары оркестріне, әуенді аспаптар ансамбліне, скрипкашылар ансамбліне);
2013 жылға жоспарланған:

- Горький атындағы қалалық кітапхананы күрделі жөндеуден өткізу;

- Круглоозерное ауылындағы жаңа саябақты абаттандыру;

- Қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шаған өзені арқылы арқылы өтетін көпір жұмысын аяқтау.



Мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімінің бастығы С.Дүйсентегі

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет