2013 ж. ХалықҚа кітапханалық Қызмет


кітапханалар телефондандырылған



бет5/5
Дата09.06.2016
өлшемі405.5 Kb.
#126123
1   2   3   4   5

кітапханалар телефондандырылған,

/ауылдық кітапханаларда/

ОКЖ-де 5 кітапхана ғана телефондалған ОАК, Жолымбет қалалық кітапханасы, Пригородный және Новокубанка ауылдық кітапханалары. IV тоқсанда Петровка ауылының кітапханасына телефон орнатылды.



9. Инновациялық - әдістемелік қызмет

Өткен жылда әдістеме-библиографиялық бөлімінің жұмысы ОКЖ бөлімшелердің инновациалық қызметінің көмегімен, қызықты тәжірибе таныстыруымен , жаңадан келген қызметкерлерді оқытуымен болды. Осы жұмысты орындау үшін жүйелі жұмыс жүргізілді. «Кітапхана», «Мектептегі жұмыстантыс жұмыс» атты әдістемелік басылымдар болды.

2013 жылда «Кітапхана ісінің хабары» бойынша жұмыс жүргізілді, «Шортанды ОКЖ кітапханалардың мәлімет базасы» және «Ауданның кітапхана өмірі» атты стендті жаңарттық.



2013 ж. кітапхана қызметінің анализін дайындадық: қызметкерлердің мамандықтарын жоғарылату анализі, өткізілген сабақтардың оқу нәтижелілігі, мамандықтарын жоғарылату перспективалары, еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік бойынша өткізілген іс-шара туралы ақпарат.
Кітапхана қызметінің әр бағытпен Жумабаев атындағы ОӘҒК, ішкі саясат бөліміне, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне, Шортанды әкімшілік сайтына ақпарат дайындадық.

Келесі материалдарды дайындап жарияладық: оның 11 қазақ тілінде.

«Балалар кітабының апталығы – 2013»

«Бір ел- бір кітап» акциясы - «Одна страна – одна книга» «Мұхтар Әуезовты оқимыз» (2012 ж. 28 қыркүйегінен бастап 2013 ж.28 қыркүйегіне дейін)



Фәриза Оңғарсынованың өленінің кітабы бойынша «Дауа» /қазақ және орыс тілінде/

  • «Жаз әлеміне саяхаттау»

  • «Ақмола облысының және Шортанды ауданының мерейтойына қарсы» қазақ және орыс тілінде

  • ҚР мемлекеттік рәміздер /қазақ және орыс тілінде/

  • Компьютерлік әдісімен Орталықтағы балалар кітапханасының жұмысы туралы «Оқиға калейдоскопы» атты бюллетень шығардық

ӘББ тақырыптық папкаларын жаңарттық.

  • Шортанды жерінің атақты есімдері

  • Шортанды кентінің тарихы

  • Шортандылықтардың ерлік атағы

  • Шортанды кенті. Тарихы мен қазіргі кез.

9.1.Мамандықты жоғарылату. Кәсіби қайта даярлауы.

Кітапхана қызметкерлердің мамандығын жоғарылату бойынша 2 семинарлық сабақ, 5 практикумдар өткізілді.



9.2. Кітапханаларға бару саны, ОКЖ кітапханаларына әдістемелік көмек көрсету, мамандықты жоғарылату (семинарлар, байқаулар, жаттықтыру сабақтары,сынақ істері, қызметкерлердің аттестациясы)


  • 2013 жылдың 25 шығуы, 40 келіп-кетуі жүзеге асырылды, нәтижесінде ОКЖ кітапхана бөлімшелерінде болдық. Әр кітапханаға нақты мақсат қойылды: кітап қорының тексерісі, жаңа кітапханаларды ашу туралы, істен шыққан әдебиетті таңдап алуға көмектесу, іс-қағаздарды тексеру, мақсатты бағдарламаны орындау жұмысы, кітапхананы дайындауға көмек көрсету, қысқы жағдай жұмысына кітапхананың дайындалуы, кітапхананың материалдық-техникалық базасының жағдайы туралы.

Кітапханалық қызметкерлердің мамандықтарын жоғарылату бойынша мәдениет кеңесінің 2 отырысында 2 семинар-кеңесі өткізілді:
Мамыр айында кітапхана «Халықтың экологиялық ағарту жүйесіндегі кітапхана» атты семинар өткізді.

Семинар ОБК оқырман залында өтті.


Аудандық семинардың бағдарламасы:

  1. Кітапхана жұмысының түрі: 2012 жылдың және 2013 жылдың I тоқсандағы атқарылған жұмыс туралы.

У.Кулекин – ОКЖ ММ директоры

  1. Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы бойынша «Бір ел – бір кітап» атты республикалық акция туралы ақпарат /«Дауа», «Откровение» - өлеңдерінің жинағын оқимыз.

З.Заремба - ӘББ әдіскері

  1. Кітапхана және халықтың экологиялық мәдениетінің қалыптасуы.

/Кеңес/ С.Кашубская – ӘББ меңгерушісі

  1. «Менің шығармашылық жаңалығым» өзара ақпарат сағаты /ОБК, Жолымбет қалалық және балалар кітапханалары, ауылдық кітапханалар: Новокубанка, Андреевка, Бозайғыр, Октябрьский, Петровка кітапханалары./

  2. Балалардың жазғы демалысының ұйымдастыруы.

С.Кашубская –

  1. Кәсіпшілік білім – уақыттың әмірі.

Л.Сломинская – ОАК қызмет көрсету

бөлімінің меңгерушісі

Ж.Тынынбаева – ОБК кітапханашысы
2013 жылдың 28 мамыр айында келесі күн тәртібімен мәдениет кеңесінің отырысында келесі сұрақтар талқыланды:


  • 2012 жылдың және 2013 жылдың I тоқсандағы мәдениет мекеменің атқарылған жұмыс туралы

/С.Абилов - АМҮ директоры, У.Кулекин – ОКЖ ММ директоры/

  • Әдістемелік бөлімінің жұмысы туралы (ауыл округтарының қарым-қатынастары)

/Е.Неверова – АМҮ әдіскері, С.Кашубская – ОАК - ӘББ меңгерушісі/

  • Ақы төленетін қызмет туралы.

/Т.Амосова – АМҮ бас есепшісі/
2013 жылдың 30 қазан айында келесі күн тәртібімен мәдениет кеңесінің отырысында келесі сұрақтар талқыланды:

  • 2013 жылдың 9 ай бойынша мәдениет мекеменің атқарылған жұмыс туралы анализі. У.Кулекин – ОКЖ ММ директоры/

  • 2013 жылдың 9 ай бойынша мәдениет мекеменің атқарылған жұмыс туралы анализі. (үйірме бойынша жұмыс) С.Абилов – АМҮ директоры

  • ОАК қызмет көрсету бөлімінің жұмысы туралы. Л.Сломинская – ОАК қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі

  • Әдіскерлік кабинетінің жұмысы – Оракбаева А.А – АМҮ әдіскері

  • 2013жылдың 28 мамыр айындағы тапсырылған протоколдың орындалуы

  • Басқа сұрақтар



2013 жылдың 30 қазан айында «Кітапхананың жоспарлауы және есеп беруі» атты семинарын өткізді.

Семинар бағдарламасы:

  • Кітапхана жұмысының түрі:2012 жылдың және 2013 жылдың I тоқсандағы атқарылған жұмыс туралы.

У.Кулекин – ОКЖ ММ директоры

  • «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясы / кеңес / С.Кашубская – ӘББ меңгерушісі

  • 2014 жылға арналған актуалдық есептер мен кітапхана жұмысының бағыты. З.Заремба – ӘББ әдіскері

  • Статистикалық есеп: өзгерістер мен қосымшалар

С.Кашубская – ӘББ меңгерушісі

  • Оқырмандармен көптеген жұмыс жүргізу /әдіскерлік кепілдеме/

Т.Нестеренко – ОБК меңгерушісі

  • Ақмола облысының және Шортанды ауданының мерейтойына қарсы

/әдіскерлік кепілдеме/ З.Заремба

  • 2014 жылдың атаулы күндер күнтізбесі

С.Кашубская – ӘББ меңгерушісі

ОКЖ кітапханаларына оқырмандардың анкеталаудың ұйымдастыруына көмек бердік, Мақсатты комплексті бағдарламаны пайдалануға, жұмыс күнделігін толтыру жөңінде, жаңадан келген кітапханашыларға жоспармен есептерді қалай істейтінің көрсеттік.



«Кәсіптелген бейсенбі» деген күнді ОАК,ОБК мамандарына өткіздік, онда кітапханашыларды кәсіби басылым шолуымен таныстырды: «Кітапхана», «Әлем кітапхана көз қарасымен», «Мектептегі класстантыс жұмысы».

Ауыл кітапханашыларға жеке және топтық кеңестер өткізілді, мәлімдеме бойынша сценарийлар жинап жетілдірді, жеке кеңестер, жаңа қызметкерлерге практикумдар өткізілді. Жаңадан келген 5 қызметкерлерге барлығы өткізілген кеңестер саны – 145.

10. Мекеме. Экономика. Басқарма. Кітапханалық кадрлар.

10.1 Экономика. 2013 жылдың қаражат пайдалануы.

Өткен 2013 жылда қаражат пайдалануы 24893,7мың теңге болды.

Оның ұстап қалған қаражаты:


  • жаңар жағармай – 0 м.т

  • кеңсе тауарлары - 100,2 м.т

  • шаруашылық тауарлары – 80,0 м.т

10.2.Кадр бойынша өзгерістер. Қызметкерлердің қабылданған және жұмыстан босатылған саны.
2013 жылда өзгерістер болды: қабылдаңған қызметкерлердің саны 2 /Пригородный а/к (Горюшина Елена Владимировна), және Конкрынка а/к (Березанская Наталья Эдвардовна), Жолымбет балалар кітапханасы – (Чикунова Анастасия Валерьевна), қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы - Байжанова Алия Муратқызы декреттік демалыстан шықты.

Жұмыстан босатылғандар саны – 4



    • зейнеткерлік жасқа байланысты жұмыстан босатылғандар – Заремба Л.А., Кулакова Н.Г., Летава Л.А.; Тимофеева Л.В – өз қалауымен жұмыстан босатылды.


10.3. Стаж бойынша қызметкерлердің құрамы.
Кітапханалық қызметкерлердің саны – 40 адам,

Жұмыс стаж бойынша: 5 жылға дейін – 14; 5-тен 10-ға дейін -7; 15-тен жоғары – 17;

оның жоғары біліммен – 3 адам, кітапханалық – 0, арнайы орта біліммен - 25 адам, кітапханалық біліммен — 15 адам, орта біліммен – 12 адам.

10.4. Кітапхана қызметкерлердің жастық ерекшеліктері
ОКЖ жастың ерекшеліктері бойынша жұмыс істейтындер:

30 дейін – 3

30 дан – 40 дейін - 5

40 тан – 50 дейін - 16



50 ден жоғары - 16

10.5. Ставка бойынша қызметкерлер құрамы.

ОКЖ ставка бойынша жұмыс істейтіндер- 12 адам, 0,5 ставкаға - 14 адам, 0,25 ставкаға – 14 адам.



10.6. Арнайы білім алған кітапханалық қызметкерлер.

Қызметкерлерден кім оқуын жалғастырып жатыр?
2013 жылда Кокшетау қаласындағы Ақан Сері атындағы колледжін қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Л.Г.Сломинская және ОБК кітапханашысы Ж.И.Тынынбаева оқуларын бітіріп мамандық иеленіп сертификат алды. Осы сетификаттар (0401000) мамандығы бойынша берілді, оларға «Кітапханашы» атты мамандық иеленді.
Шортанды ауданының кітапхана қызметкерлері сайлауларға, халық санағына, аудан мен ауыл қоғам өмірлеріне белсенді болып қатысады.

Аудан мамаңдарына көптеген мәдени іс-шараларын ұйымдастырып, өткіземыз;



  • Ұжым мүшелерін туған күнімен, мерейтоймен құттықтау

  • кітапханашы-ардагерлер адамдарды қарттар күнімен кұттықтау

  • Халықаралық әйелдер күні

  • Мерекелік жаңа жылдық кеші



11. МАТЕРИАЛДЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ
2013 жылдың шортанды ОКЖ кітапханалардың жалпы қаражаттылығы 24893,7 мың теңге болды.

Кітапхана қорының жинақтауына жергілікті бюджеттен 940,9 мың теңге жұмсалды, сонымен бірге кітап алуына 305,0 м.т, мерзімді басылымдардың жазылуына 635,9 м.т.

2013 жылдың Шортанды ОКЖ-нің материалды-техникалық базасының жағдайы. Шортанды ауданында мемлекеттік жүйесінде 30 кітапхана бар, барлық 30 кітапхана бейімделген ғимараттарында орналасқан, оның 29 жалға берілген ғимараттарында, ал Ново-Графск ауылының кітапханасы жекеменшікті ғимаратта орналасқан.

Степной ауылының кітапханасында ғимарат жоқ, (Степной ауылындағы мәдениет үйі жанып кетті) – құжаттары жоқ.


Жылуы жоқ ғимараттарда – 0 кітапхана. (саны мен атауы)

Пештің жылыумен 4 кітапхана істейді: Гуляй-Поле, Конкрынка, Новоселовка және Новопервомайская ауылының кітапханалары.

Телефондалған кітапханалар – 5: (Орталықтағы аудандық кітапханасы 3-51-54; Жолымбет қалалық кітапханасы 27-7-59; Пригородный 24-2-45; Новокубанка 24-7-92; Петровка ауылдық кітапханалары. Есеп беру жылында Петровка ауылының кітапханасы телефондалған.

ОКЖ-де УАЗ автокөлігі бар, қазіргі ол апатты жағдайда және қазіргі кезде пайдаланбайды.

Есеп беру жылында Петровка ауылының кітапханасына телефон қойылды.



Ағымды жұмыстарға жергілікті бюджеттен - 0 мың теңге бөлінді.

Пешті жағатын кезіне жергілікті бюджеттен 1035,7 мың теңге бөлінді.

ОКЖ спонсорлық көмек

Новокубанка ауылының кітапханасында өткізілген іс шараға ЖШС «Новокубанское» спонсорлық көмек көрсетті. ЖШС «Петровское» Петровка ауылының кітапханасына. Жолымбет қалалық және балалар кітапханасына ісшараларды өткізу үшін Жолымбет ауылының жеке кәсіпкер кеңесінің төрайымы, аудандық маслихат депутаты Г.Муканова спонсорлық көмек көрсетті.

АҚЫ ТӨЛЕНЕТІН ҚЫЗМЕТТІ ОРЫНДАУ

Кітапханалармен орындалатын барлық қызметтер, ТЕГІН.

ҚОРЫТЫНДЫ

Егер ауданның кітапхана қызметінің мағынасы туралы айтсақ, онда оның приоритеттік өрісінің лайықты шешімін шығаруға болады: Біріншіден: Кітапханалар — ақпараттық орталықтар. Ақпараттарды жинау, үйлестіру, тарату, ұсыну, насихаттау бұл барлығы кітапхананың негізгі міндетті іс.

Барлық бағыттағы кітапхана қызметінің жұмысы жалпы өзгермейді. Бұрынғыдай, негізгі тобының пайдаланушылары маңызды болып саналады, оған барлық жұмыс бағытталған. Пайдаланушы жүйенің оқуы олардың сұраныстары, жұмыс әдісі мен үлгілерін белгілейді. Пайдаланушы жүйенің анализін өткізуге жоспарлап отырмыз.

Бірақ, ауданның ауылдық кітапханаларында қызметтің тәжірибе жұмысына ақпараттық технология енгізуі әлі жаңадан басталған деңгейде, сондықтан жаңа жағдайдағы жұмыс кадрларын үйретуге қажет. Осының бәрін аудан кітапханаларының дамуы деп айтуға болады, бірақ бізде «РАБИС» толық бағдарламасын алуға қаражат жеткіліксіз.

Сонымен бірге, пайдаланушылардың жеке жұмысы, әсіресе жастармен оқушылар кітапхана қызметінің ерекше орнына ие болады.

Оқырмандардың көптеген жұмыстары әр-түрлі үлгілермен нәтижелі болады, олар: дискуссиялар, диспуттар, талқылау сағаттары, кеңестер, библиографиялық көріністер, патриотизм, ерлік, құлықтылық, экология, өлкетану сабақтары, саяхаттар, викториналар, дөңгелек үстелдер, ақпараттық күндер, әдеби кештер және тақырыптық кештер, пайдаланушылармен ашық диалогтары.



Кітапханалық жүйе жыл бойы Шортанды ауданының, Шортанды кентінің қоғамдық, әлеуметтік саяси өміріне белсенді қатысты.

Жыл сайын ОКЖ-де декорациялы-қолдаңбалы өнер көрмесін ұйымдастырады, оны аудандық және облыстық көркемөнерпаздар байқауына, аудандық іс-шараларға ұштастырады. 2013 жылда Кокшетау қаласындағы «Абылай ханға -300 жыл» облыстық гала-концерттке 5 шебер қатысты. 9 қатысушыны облыстық байқауының құрмет грамотасымен марапаттады. Кокшетау қаласына ұсынылған 9 шығармашылық жұмыстар: Тұрысхан Макер, Галамхан Бағлан, Заремба Надежда, №2 ОМ оқушысы -Коршунова Александра, Плахотнюк Татьяна, Минина Ксения -Клейвене Галина Николаевна(басшысы) және Карим Бектастың АМҮ суретшінің шығармашылық көрінісі.

Кітапханалар барлық аудандағы білім мекемелерімен қызмет істейді (мектептер, бала бақшалар, ПЛ-15 (Бозайғыр). Мәдениет Үйлермен, ауылдық округ әкімшілігімен бірлескен ісшаралар өткізіледі.

АЛДАҒЫ КЕЗДЕГІ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАР

Алдымызда біздің кітапханада көптеген жұмыстар, қызықты проектілер бар, оның ең басты мақсаты аудан мен ауыл тұрғындарының көңілін қазақ әдебиетінің үлгісіне аудару, кітап және оқу арқылы әр адамның құлықтылық және рухани бастауын ұйымдастыруға көмектесу.

  • Жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы және «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» бағдарламасының насихатына мүмкіндік тұғызу.

  • Қазақстандық патриотизмді нығайту үшін, қазақтың әдет-ғұрпының дамуына, мәдениетіне көмек беру.

  • Жұмыстағы ең маңызды халықаралық, республикалық және жергілікті акцияларды есепке алу.

  • Оқырмандарды салауатты өмір сүру үшін қалыптасуға, қазіргі оқушылардың экологиялық мәдениетін құрастыру.

  • Рухани-құлықтылық әдебиет насихаты жөнінде тұлғаның қалыптастырылуы мақсатымен жұмысты жандандыру

  • Оқырмандарға ұжымдық сырласуына, бос уақыттарын өткізу үшін мүмкіндік беру.

  • Оқырмандарды оқу мәдениетіне, кітапханалық-библиографиялық білімдеріне қалыптастыру.

  • Кітапхананың кітап қорының сақталуын ойлау, оның уақытындағы тазалауы және ашылуы.

  • ОКЖ кітапханаларын қажетті әдістемелік көмегімен барлық жұмыс бағытымен қамтамасыз ету.

  • Кітапхана мен мектептердің, әкімшілік пен ауыл тұрғындарының байланыстарын нығайту.

  • Жоспарланған іс-шараларда қазақ мәдениетін , сонымен бірге ауданымыздағы тұрып жатқан басқа халық мәдениетін қамтып көрсету

  • Аудан кітапханалары өз жұмыстарын негізгі бағыт бойынша жүргізеді, олар Ата Заңың қолданады, ҚР Заңын, Мәдениет Заңымен, ҚР жыл сайынға Жолдауымен, «Қазақстан – 2050» Қазақстан Стратегиясымен.

  • 2014 жыл – Ақмола облысының, Шортанды ауданының, Шортанды кентінің мерейтойы. Кітапхананың жұмыс приоритеті ол тарихқа деген, мәдениетке, әдебиетке, тілге, табиғатқа және оның сақталуына деген қызығушылығын тәрбиелеу, өз Отанының тарихын оқу.

  • ОКЖ кітапханаларда «Мәдени мұра» бағдарлама аясында келесі әдеби мұраны ұсыну: Әбдільда Тәжібаев (105 жыл) - Сабит Донентаев (120 жыл), - Махамбет Өтемісов (210 жыл) - Сакен Сейфуллин ( 120 жыл), - Беиімбет Майлин ( 120 жыл), Бердібек Соқпакбаев (90 жыл), - Әбдіжамил Нұрпеиісов ( 90 жыл) , -Фариза Өңғарсынова ( 75 жыл).

  • 2014 жылда әсіресе қарт адамдар оқырмандарына жеке түрінде көңіл бөлу, қарттар күніне арнап көптеген іс – шараларды өткізу.

  • Әлеуметтік – қорғаусыз оқырман тобына, мүмкіншіліктері шектеулі жандарға ілтипат білдіру

  • Шортанды ауданының саяси және әлеуметтік өмірінің барлық оқиғаларына көңіл бөлу.

ТҮЙІНДІ МӘСЕЛЕЛЕР
* Кітаптарды, мерзімділіктерді алатын қаржыландыру жеткіліксіз.

* Ауылдық кітапханаларда толмаған жұмыс күндері:

12 кітапхана -0,5 ст., 14 кітапхана – 0,25 ставкаға істейді.

* Одан арғы кітапханаларға компьютерлер, кітапханалық жиһаз

және аудиовизуалдық тәсілдер қажет.

* Ауылдық кітапханаларға телефон орналастыру.

* Кітапханалық көліктің жоқтығы.

* Бір-неше кітапханаларды жақсы ғимаратқа ауыстыру қажет.



* Степной ауылындағы кітапханаға арналған ғимарат жөнінде сұрақты шешу.
ОКЖ ММ директоры У.Кулекин

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет