Ұйымның атауы
|
Келісу күні
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
|
Осы кәсіби стандарт _______________________________ тіркелген.
Кәсіби стандарттардың тізіліміне енгізілген, тіркеу № __________________.
Хат (хаттама) №____________________ күні ____________________ .
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2013 жылғы 18 желтоқсандағы №296 бұйрығына 5-қосымша
Палеограф мамандығы бойынша
кәсіби стандарт
1. Жалпы ережелер
1. Палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандарт (бұдан әрі – КС) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және «91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі» кәсіби қызмет саласындағы біліктіліктің, құзыреттіліктің, мазмұнының, сапасы мен еңбек жағдайларының деңгейіне талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы және кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеу;
2) кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеу;
3) персоналды аттестациялау және сертификациялау кезінде қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау үшін талаптарды регламенттеуге арналған.
2. КС-тың негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйым басшылары, персоналды басқару ұйымы бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) мемлекеттік білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласының мамандары.
3. КС негізінде ұйымның біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік білім бағдарламалары, үлгілік оқу бағдарламалары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС-та төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заты – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында қызметкердің әрекеті бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде қызметкердің қолданатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығы мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерден құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
7) кәсіби қызметтің саласы – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар салалық үйлес еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерді шамалайтын еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарт бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
9) кәсіп, мамандық– арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, дағдысы мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық құзіреттілік пен лауазымдық міндеттер жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асыруға және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
13) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен қызметкерлердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдардың жиыны;
14) салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
16) функционалдық карта – белгілі бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Бұл КС мынаны айқындайды:
1) экономикалық қызметтің түрі (кәсіби қызметтің саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – ҚР МЖ 03-2007 «91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі»;
2) экономикалық қызмет түрлерінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты:
құжаттық жарияланымдар, оқу құралдары, ақпараттық сипаттағы материалдар үшін ертеректегі тарихи кезеңдердің құжаттарын анықтауды, оқуды, датасын қоюды, сипаттама жазуды жүзеге асыру, құжаттардың түпнұсқалылық, палеографиялық, тілдік және өзге ерекшеліктерін белгілеу;
3) біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (мамандық) түрлері осы КС 1-қосымшасына сәйкес.
3. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы
6. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы :
1) Біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5.
2) ҚР МКС 01-2005 – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы: 2431 «Мұрағатшылар, мұражайлар сақтаушылары және ұқсас кәсіп мамандары»;
3) лауазымдардың (мамандық) мүмкін атаулары: ғылыми қызметкер;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпы сипаттамасы:
құжаттық жарияланымдар, оқу құралдары, ақпараттық сипаттағы материалдар үшін ертеректегі тарихи кезеңдердің құжаттарын анықтауды, оқуды, датасын қоюды, сипаттама жазуды жүзеге асыру, құжаттардың түпнұсқалылық, палеографиялық, тілдік және өзге ерекшеліктерін белгілеу;
5) жұмыс жасауға болатын орындар, қызметкердің кәсіби біліміне және оқытуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттың қажеттілігі, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа қол жеткізудің ерекше жағдайлары осы КС 2 қосымшасында берілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі
7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасында көрсетілген және КС бірлігінің шифры мен атауы бар.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен осы КС негізінде сертификаттар беріледі.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері, сертификатты алу үшін осы КС 3-қосымшасында көрсетілген меңгерілуі міндетті КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. Әзірлеушілер, келісу парағы, КС сараптама жасау және тіркеу
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.
12. КС келісу парағы осы КС 5 қосымшасында көрсетілген.
Палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 1-қосымша
Біліктілік деңгейі бойынша қызметтердің (мамандықтардың) түрлері
№р/с
|
Қызмет түрлерінің атауы
|
Еңбек нарығында танылған мамандар атауы
|
ҚР КС 01-2005 сәйкес кәсіптер атауы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
|
БТБА бойынша дәреже
|
1
|
Құжаттық жарияланымдар, оқу құралдары, ақпараттық сипаттағы материалдар дайындау үшін жазба тарихи деректерді анықтау, оқу, датасын қою, сипаттау.
Құжаттардың түпнұсқалық, палеографиялық, тілдік және өзге ерекшеліктерін нақтылау.
|
палеограф
|
палеограф
|
5
|
-
|
Ескерту: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 2-қосымша
1. Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар. Палеографтың еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар
|
Ұлттық мұрағатта, орталық мемлекеттік мұрағаттарда, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарында және олардың филиалдарында
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы
|
Ескі (шаң-тозаң басқан) құжаттармен жұмыс
|
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары
|
Араб, латын графикасындағы құжаттарды, түркі, орыс тілдеріндегі қолжазбаларды оқу (тиісті дипломы, сертификаты болуы шарт)
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
|
Кәсіби білім және оқу деңгейі
|
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
|
5.4
(санатсыз)
|
Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
|
жұмыс өтілі талап етілмейді
|
5.3
(екінші санатты палеограф)
|
Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
|
Мұрағат ісі саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 1 жыл
|
5.2
(бірінші санатты палеограф)
|
Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
|
Мұрағат ісі саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 2 жыл
|
5.1
(жоғары санатты палеограф)
|
Тарих, мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, заңгер, филология мамандықтары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
|
Мұрағат ісі саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл
|
Палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа
3-қосымша
КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек қызметінің түрі (мамандығы) палеограф
еңбек функциясының №
|
Еңбек функциясының атауы
|
Ф 1
|
Ескі мұрағаттық құжаттармен жұмыс
|
Ескерту: Ф - функция
Палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)
1. Палеографтың еңбек қызметінің (мамандығының) түрі
Шифр
|
Еңбек құралдары
|
Еңбек жабдықтары
|
Міндеттер
|
Білу және дағдылану
|
Білім
|
Ф 1
|
Мұрағат-тық құжаттар
|
Ескі қолжазба
және баспа құжаттар, лупа, жеке компьютер, кітапхана, интернет-ресурстар
|
3.1.1. Істер тізімдемелері бойынша нақты құжаттарды іріктеу, құжаттардың сыртқы белгілерін (жазба белгілерін, жазу материалын, сәуле белгілерін, түптеуін, нышанын) сипаттауға қатысу, өше бастаған мәтіндерді микрофильмдеу және цифрлау үшін құжаттарды айқындау;
3.1.2. Істерді айқындау және іріктеу, құжаттардың сыртқы белгілерін (жазба белгілерін, жазу материалын, сәуле белгілерін, түптеуін, нышанын) сипаттауға қатысу, өше бастаған мәтіндерді микрофильмдеу және цифрлау үшін құжаттарды айқындау, құжаттар құндылығын сараптауға қатысу, құжаттарға аннотация жасау, ғылыми-анықтамалық аппаратты әзірлеу;
3.1.3. Істерді айқындау және іріктеу, құжаттардың сыртқы белгілерін (жазба белгілерін, жазу материалын, сәулебелгілерін, түптеуін, нышанын) сипаттауға қатысу, өше бастаған мәтіндерді микрофильмдеу және цифрлау үшін құжаттарды айқындау, құжаттар құндылығын сараптауға қатысу, құжаттарға аннотация жасау, ғылыми-анықтамалық аппаратты әзірлеу, құжатты палеографиялық сипаттауға (сыртқы белгілері, авторын, уақытын, олардың пайда болған орнын және тарихын анықтау, түпнұсқалығын нақтылау, жалғандығын айқындау) қатысу;
3.1.4. Істерді айқындау және іріктеу, құжаттардың сыртқы белгілерін (жазба белгілерін, жазу материалын, сәулебелгілерін, түптеуін, нышанын) сипаттауға қатысу, өше бастаған мәтіндерді микрофильмдеу және цифрлау үшін құжаттарды айқындау, құжаттар құндылығын сараптауға қатысу, құжаттарға аннотация жасау, ғылыми-анықтамалық аппаратты әзірлеу, құжатты палеографиялық сипаттауға (сыртқы белгілері, авторын, уақытын, олардың пайда болған орнын және тарихын анықтау, түпнұсқалығын нақтылау, жалғандығын айқындау) қатысу, жазба тарихи деректер шеңберін кеңейту, Қазақстан тарихы бойынша шетел мұрағаттарындағы құжаттарды анықтау, жазба тарихи деректерді талдау және ғылыми сынау, палеография мәселелері бойынша кеңес беру, палеография бойынша ғылыми-әдістемелік құжаттар әзірлеу.
|
Қосымша тарихи пәндерге қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу. Жазба тарихи деректерді оқудың жолдары мен әдістері.
Қосымша тарихи пәндер бойынша теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып кәсіби проблемаларды шешу. Жазбалардың белгілерін анықтай білу және дағдылану.
Мұрағат саласындағы білімді ықпалдастыру процедурасын дамыту бойынша ғылыми зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыра білу және дағдылану.
Ғылыми зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыруды білу және дағдылану.
|
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер.
Мұрағаттың құжаттарды сақтау мен топтастыру жүйесі, құжаттардың құрамы мен мазмұны және ақпараттық іздестіру жүйесі, анықтамалық-ақпараттық қоры.
Қосымша тарихи пәндер.
|
Палеограф мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 5-қосымша
Келісу парағы
Ұйымның атауы
|
Келісу күні
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
|
Осы кәсіби стандарт _______________________________ тіркелген.
Кәсіби стандарттардың тізіліміне енгізілген, тіркеу № __________________.
Хат (хаттама) №____________________ күні ____________________ .
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 24 қаңтарда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9089 болып енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |