Ұйымның атауы
|
Келісу күні
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
|
Осы кәсіби стандарт _______________________________ тіркелген.
Кәсіби стандарттардың тізіліміне енгізілген, тіркеу № __________________.
Хат (хаттама) №____________________ күні ____________________ .
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы №296 бұйрығына
4-қосымша
Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша кәсіби стандарт
1. Жалпы ережелер
1. Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша кәсіби стандарт (бұдан әрі – КС) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және «91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі» кәсіби қызмет саласындағы біліктіліктің, құзыреттіліктің, мазмұнының, сапасы мен еңбек жағдайларының деңгейіне талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы және кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеу;
2) кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу үшін талаптарды регламенттеу;
3) персоналды аттестациялау және сертификациялау кезінде қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау үшін талаптарды регламенттеуге арналған.
2. КС-тың негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйым басшылары, персоналды басқару ұйымы бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) мемлекеттік білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) кәсіби даярлықты бағалау және мамандардың біліктілігіне сәйкестігін растау саласының мамандары.
3. КС негізінде ұйымның біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтары, үлгілік білім бағдарламалары, үлгілік оқу бағдарламалары, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
4. Осы КС-та төмендегі терминдер мен қысқартулар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір еңбек қызметі түрінің шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;
3) еңбек заты – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында қызметкердің әрекеті бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде қызметкердің қолданатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығы мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерден құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-процесс айқындайтын және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының кіріктірілген және салыстырмалы түрде автономды жиынтығын білдіретін еңбек қызметі түрінің құрамдас бөлігі;
7) кәсіби қызметтің саласы – жалпы интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын міндеттер, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар салалық үйлес еңбек функциялары мен оларды орындау үшін құзыреттіліктерді шамалайтын еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) кәсіби стандарт бірлігі – еңбек қызметінің аталған түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде автономды және елеулі болып табылатын нақты еңбек функциясының жан-жақты сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
9) кәсіп, мамандық– арнайы теориялық білім мен арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын практикалық білік, жұмыс тәжірибесі кешенін меңгеруді қажет ететін еңбек қызметі түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, дағдысы мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым – лауазымдық құзіреттілік пен лауазымдық міндеттер жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асыруға және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
13) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен қызметкерлердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдардың жиыны;
14) салалық біліктілік шеңбері (СБШ) – салада танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (ҰБШ) – еңбек нарығында танылған біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
16) функционалдық карта – белгілі бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Бұл КС мынаны айқындайды:
1) экономикалық қызметтің түрі (кәсіби қызметтің саласы):
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – ҚР МЖ 03-2007 «91.01 Кітапханалар мен мұрағаттардың қызметі».
2) экономикалық қызмет түрлерінің (кәсіби қызмет саласының) негізгі мақсаты:
мемлекеттік сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, қолданыстағы ережелер мен нормативтерге сәйкес құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және есепке алу;
3) біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (мамандық) түрлері осы КС 1-қосымшасына сәйкес.
3. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы
6. Еңбек қызметі (мамандық) түрлерінің карточкасы :
1) Біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5; СБШ бойынша – 5.
2) ҚР МКС 01-2005 – Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер сыныптауышы: 2431 «Мұрағатшылар, мұражайлар сақтаушылары және ұқсас кәсіп мамандары»;
3) лауазымдардың (мамандық) мүмкін атаулары: бас қор сақтаушы;
4) орындалатын еңбек қызметінің жалпы сипаттамасы:
мемлекеттік сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету, қолданыстағы ережелер мен нормативтерге сәйкес құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және есепке алу;
5) жұмыс жасауға болатын орындар, қызметкердің кәсіби біліміне және оқытуына қойылатын талаптар, біліктілігін растайтын сертификаттың қажеттілігі, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа қол жеткізудің ерекше жағдайлары осы КС 2 қосымшасында берілген.
4. КС бірліктерінің тізбесі
7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасында көрсетілген және КС бірлігінің шифры мен атауы бар.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен осы КС негізінде сертификаттар беріледі.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері, сертификатты алу үшін осы КС 3-қосымшасында көрсетілген меңгерілуі міндетті КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. Әзірлеушілер, келісу парағы, КС сараптама жасау және тіркеу
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі болып табылады.
12. КС келісу парағы осы КС 5 қосымшасында көрсетілген.
Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 1-қосымша
Біліктілік деңгейі бойынша қызметтердің (мамандықтардың) түрлері
№ р/с
|
Қызмет түрлерінің атауы
|
Еңбек нарығында танылған мамандар атауы
|
ҚР МС 01-2005 сәйкес кәсіптер атауы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
|
БТБА бойынша дәреже
|
1
|
Мемлекеттік сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын және жеке құрам бойынша құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету, қабылдау және құжаттарды есепке алу
|
бас қор сақтаушы
|
бас қор сақтаушы
|
6
|
-
|
Ескерту: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы
Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 2-қосымша
1. Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар. Бас қор сақтаушының еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Мамандығы бойынша жұмыс жасауға болатын орындар
|
Ұлттық мұрағатта, Орталық мемлекеттік мұрағаттарда, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарында және олардың филиалдарында, арнайы мемлекеттік мұрағаттарда
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы
|
мұрағат құжаттарын сақтаумен, пайдаланумен, жинақтаумен байланысты зиянды еңбек жағдайы бар
|
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары
|
құпия және таратылуы шектеулі басқа мәліметтері бар құжаттарға қол жеткізу мүмкіндігінің болуы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
|
Кәсіби білім және оқу деңгейі
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі
|
6.1
|
мұрағаттану, құжаттану және құжаттамамен қамтамасыз ету, тарих, мемлекеттік және жергілікті басқару, заңгер мамандықтары бойынша жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейін) білім
|
6.1
|
Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 3-қосымша
КС бірліктерінің тізбесі
1. Бас қор сақтаушының еңбек қызметінің (мамандығының) түрі
1.
еңбек функциясының №
|
Еңбек функциясының атауы
|
Ф 1
|
мемлекеттік сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын және жеке құрам бойынша құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету
|
Ф 2
|
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын және жеке құрам бойынша құжаттарды мемлекеттік есепке алу
|
Ф 3
|
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын және жеке құрам бойынша құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау
|
Ф 4
|
мұрағаттық құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және есепке алу мәселелері бойынша мониторинг және талдау жүргізу
|
Ескерту: Ф - функция
Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 4-қосымша
КС бірліктерінің сипаттамасы (функционалдық карта)
Бас қор сақтаушының еңбек қызметінің (мамандығының) түрі
Шифр
|
Еңбек құралдары
|
Еңбек жабдықтары
|
Міндеттер
|
Білу және дағдылану
|
Білім
|
Ф 1
|
Мұрағаттық құжаттар,
есептік құжаттар
|
Жеке жұмыс бөлмесі, стеллаждар, сейфтер, температуралық ылғалдылыққа бақылау жасайтын құралдар (термометр, гигрометр)
|
3.1.1. Сақтаудың, техникалық қауіпсіздіктің және өртке қарсы қауіпсіздіктің нормативтік режимдерінің сақталуын бақылау;
3.1.2. Мұрағаттық құжаттардың толықтығы мен жай-күйін тексеруді ұйымдастыру;
3.1.3. Мұрағат қоймаларынан істердің берілуін және олардың қайтарылуын бақылау;
3.1.4. Мұрағаттық құжаттардың физикалық жай-күйін жақсарту, қайта қалпына келтіру, бұзылудан сақтау, сақтық көшірмелеу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
3.1.5. Мұрағаттық құжаттарды уақытша пайдалануға беруді ресімдеу және олардың қайтарылуын бақылау.
|
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу;
2) технологиялық процесс құрауыштарын әзірлеу, ендіру, бақылау, бағалау және түзету;
3) мұрағат ісі саласындағы білімді ықпалдастыру процедурасын дамыту бойынша ғылыми зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыруды білу және дағдылану;
4) теориялық және практикалық білімді пайдалана отырып, кәсіби проблемаларды шешу.
|
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер.
Өндірістік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру.
Мұрағат ісінің теориясы мен әдістемесі.
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару саласындағы тәжірибемен ұштасқан кәсіби білім.
Қазіргі заманғы ақпараттық ресурстар.
Ақпаратты жинаудың, талдаудың және жүйелеудің әдістері.
|
Ф 2
|
Мұрағаттық құжаттар,
есептік
құжаттар
|
Жеке компьютер,
мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, деректер базасы, ғылыми-анықтамалық аппарат
|
3.2.1. Мұрағаттық құжаттарды мұрағаттық қорларға жүйелеу;
3.2.2. Мұрағаттық құжаттардың келіп түскенін және шығарылғанын есепке алу;
3.2.3. Алғашқы есептік құжаттарды жүргізуді бақылау;
3.2.4. Негізгі есептік құжаттарды жүргізу;
3.2.5. Мұрағат паспортын жасау;
3.2.6. Аса құнды және бірегей құжаттарды есепке алу;
3.2.7. Сақтандыру қорын және пайдалану қорын есепке алу.
|
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу;
2) технологиялық процесс құрауыштарын әзірлеу, ендіру, бақылау, бағалау және түзету;
3) мұрағат ісі саласындағы білімді ықпалдастыру процедурасын дамыту бойынша ғылыми зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыруды білу және дағдылану;
4) теориялық және практикалық білімді пайдалана отырып, кәсіби проблемаларды шешу.
|
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер.
Өндірістік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру.
Мұрағат ісінің теориясы мен әдістемесі.
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару саласындағы тәжірибемен ұштасқан кәсіби білім.
Қазіргі заманғы ақпараттық ресурстар.
Ақпаратты жинаудың, талдаудың және жүйелеудің әдістері.
|
Ф 3
|
Мұрағаттық құжаттар,
есептік құжаттар
|
Жеке
жұмыс бөлмесі, стеллаждар, сейфтер
|
3.3.1. Мұрағаттық құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдаудың жоспар-кестесін жасау;
3.3.2. Мұрағаттық құжаттарды, қолданыстағы қағидалар мен нормаларға сәйкес, мемлекеттік сақтауға қабылдауды ұйымдастыру.
|
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу;
2) технологиялық процесс құрауыштарын әзірлеу, ендіру, бақылау, бағалау және түзету;
3) мұрағат ісі саласындағы білімді ықпалдастыру процедурасын дамыту бойынша ғылыми зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыруды білу және дағдылану;
4) теориялық және практикалық білімді пайдалана отырып, кәсіби проблемаларды шешу.
|
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер.
Өндірістік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру.
Мұрағат ісінің теориясы мен әдістемесі.
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару саласындағы тәжірибемен ұштасқан кәсіби білім.
Қазіргі заманғы ақпараттық ресурстар.
Ақпаратты жинаудың, талдаудың және жүйелеудің әдістері.
|
Ф 4
|
Мұрағаттық құжаттар,
есептік
құжаттар,
ғылыми-анықтамалық аппарат, нормативтік және әдістемелік құжаттар
|
Жеке компьютер,
әдістемелік қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз ету, деректер базасы, кәсіби өзара іс-қимыл
|
4.4.1. Сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу мәселелері бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар дайындау;
4.4.2. Мұрағаттық құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бойынша автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды ендіру;
4.4.3. Мұрағаттық құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және есепке алуды жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау;
4.4.4. Мұрағаттық құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және есепке алу бойынша отандық және шетелдік озық тәжірибелерді зерделеу және практикаға ендіру;
4.4.5. Мұрағаттың дирекциясы, ғылыми кеңесі, сараптау-тексеру және әдістемелік комиссиялары жұмысына қатысу;
4.4.6. Конференциялар, семинарлар жұмысына қатысу, нормативтік және әдістемелік жұмыстарға пікірсарап;
4.4.7. Мұрағаттық құжаттарды сақтауды қамтамасыз ету және есепке алу мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету.
|
1) мұрағат ісі саласына қатысты технологиялық сипаттағы проблемаларды шешу;
2) технологиялық процесс құрауыштарын әзірлеу, ендіру, бақылау, бағалау және түзету;
3) мұрағат ісі саласындағы білімді ықпалдастыру процедурасын дамыту бойынша ғылыми зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыруды білу және дағдылану;
4) теориялық және практикалық білімді пайдалана отырып, кәсіби проблемаларды шешу.
|
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару бойынша нормативтік құқықтық актілер.
Өндірістік қызметті жоспарлау және ұйымдастыру.
Мұрағат ісінің теориясы мен әдістемесі.
Мұрағат ісі мен құжаттаманы басқару саласындағы тәжірибемен ұштасқан кәсіби білім.
Қазіргі заманғы ақпараттық ресурстар.
Ақпаратты жинаудың, талдаудың және жүйелеудің әдістері.
|
Бас қор сақтаушы мамандығы бойынша кәсіби стандартқа 5-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |